Болашақ музыка мұғалімдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыруда ақпараттық технологиялардан пайдалану

0

Болашақ музыка мұғалімдерінің білім мазмұнын жаңартудың негізгі аспектілерінің бірі ақпараттандыру болып табылады.

Оқытуды ақпараттандыру дегеніміз-бұл жоғарғы оқу орындарында оқу құралы ретінде және студенттерді тәрбиелеу,  дамыту үшін, сондай-ақ оқу процесі мен оқытушының кәсіби жұмысын талапқа сәйкес ұйымдастыру мақсатында оқу үрдісіне ақпаратты, инновациялық технологияларды енгізу.

Ғалымдардың зерттеу нәтижелері бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың ролі зор. Сондықтан қазіргі кезде жоғарғы оқу орындарының педагогикалық үрдісіне ақпараттық технологиялардың енуі  оқытушыларға электронды оқулықтарды дайындауды міндеттейді. Осы кезге дейін білім беру саласында тек оқытушының айтқандары немесе оқулықты пайдаланумен шектелу қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.

Өз тәжірибемізге сүйенсек музыкалық білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осыны негізге ала отырып, біздің “Ән және саз” кафедрасында болашақ музыка мұғалімдеріне арналып “Музыка өнеріне кіріспе”, “Музыкалық этнография”, “Музыка теориясының негіздері” пәндерінен электронды оқулықтар дайындалды. Электронды оқулықтардың мазмұны лекция, оқытушы басшылығымен студенттердің өзіндік жұмыстары, тест, кроссворд, видеоролик, аудиолекция, әуендер, бақылау сұрақтары, үй тапсырмалары сияқты бөлімдерден тұрады. Оқулықтарды пайдаланудың нәтижесінде студенттердің пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына  мүмкіндігі ашылды.

Электронды оқулық- бұл ғылыми- педагогикалық құрал. Электронды оқулықтың жасалуы модульдік оқудың педагогикалық теориясы болып табылады. Оқулықтар мемлекеттік оқу бағдарламасына сай жасалып, оған әрбір пәннің мамандары, көрнекті саланың ғалымдары мен әдіскерлері, сондай-ақ программист-дизайнерлер мен операторлар қатысады.

Электронды оқулықтармен жұмыс үш деңгейде атқарылады:

-“оқу”;

-“оқыту”;

-“бақылау және тексеру”. (……)

Жалпы электронды оқулық мынадай құрамдардан тұрады:

— модульдер;

— гипермәтін (гипертекст);

— интерактивті тапсырмалар мен бағалы қорытынды нәтижелер (тесттер) (…….).

Электронды оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен  түсіндіріледі. Теориялық материалды графикалық иллюстрация түріндегі  әртүрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды іске асады.

Электронды оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Кейін сынақ немесе емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда беруге болады.

Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте- график т.с.с. түрінде беріледі. Сонымен қатар мұнда анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтер болуы мүмкін.

Өзін -өзі бақылаудың тестік жүйесі оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбінесе алынған білім дәрежесін тексеруге арналғандықтан, студент үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін.

Схемакурс-оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтін, график түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді.

Электронды оқулықтарды білім беру жүйесінде пайдалану оқытудың дәстүрлі әдістерінен қол үзу деген сөз емес, керісінше мұндай формаларды ұйымдастыру студенттермен педагогикалық қарым — қатынасты қалыптастырады және оқу материалын меңгеруде уақытты үнемдейді. Мәдениетті болашақ музыка мұғалімін тәрбиелеп оқыту оқытушының өте күрделі де міндетті қызметі. Оқытушының студентпен кәсіби қарым -қатынасы педагогикалық процесте екі бағытта дамыған: студенттермен қарым- қатынасты ұйымдастыру және оны басқару.

 Осы мақсатта болашақ музыка мұғалімдерін ақпараттандыруға байланысты бүгінгі күні ерекше мәнге ие болып отырған мәселелердің бірі – бұл жоғарғы оқу орындарындағы музыкалық пәндерге қазіргі ақпараттық технологияларды енгізуде қажетті әдіс тәсілдермен оқытушылардың қарулану деңгейімен дайындықтары. Сол себептен музыкалық пәндер оқытушыларының әдістемелік дайындығына жете мән беру қажеттілігі өзінен-өзі туындайды.

Бүгінгі студент, яғни болашақ музыка мамандығының мұғалімі пәндік және жалпы оқу білімін, іскерлігін, дағдысын меңгерумен қатар, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғасын дамытуға, пәндік әлеуметтік, коммуникативтік, компьютерлік және ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыруға және осы мақсатта қазіргі ақпараттық технологияларды шығармашылықпен пайдалана білуге дайын болуы тиіс.

Болашақ музыка мұғалімдерінің ақпараттық технологияларды қолдануының қазіргі жағдайына талдау жұмысы төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

Болашақ музыка мұғалімдері қазіргі ақпараттық технологияларды төмендегідей бағытта қолдана алады:

— ақпараттық мәдениет негіздерінің мазмұны арнаулы компьютерде өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға және мәндік, графикалық редакторларының, оқыту бағдарламасымен жұмыс істеуді жетік меңгертуге құрылуы тиіс;

мұғалімнің сабақ жоспарын, конспект жазу, көрнекі -әдістемелік құрал дайындау, студенттердің өткен материалды меңгеруін тексеру;

пәндік сабақтарды ұйымдастыру және өткізу, студенттердің өзін-өзі бағалауы мен тестілеу үшін оқыту құралы;

оқыту дамытушы ойындар, компьютерлік тестілер, электронды оқулық негізінде жүзеге асады;

шығармашылық елестету жағдайға байланысты тез шешім қабылдау, қоршаған ортаны тану қабілеттерін дамытып, қалыптастыру болашақ музыка мұғалімдері үшін интеллектуальды дамыту құралы;

ақпаратты алу құрбыларымен, әріптестерімен Интернет арқылы қарым-қатынас жасау көзі.

Сауатты түрде іріктелген компьютерлік программаларды ойындық және оқу тапсырмаларының вариантивтілігі студенттің жұмыс істеуіне игі әсерін тигізеді.

Компьютерлік программада, электронды оқулықта берілген ойындық, оқу тапсырмалары проблемалық ситуация студенттердің көңіл-күйіне, ынтасына әсер етумен қатар, олардың шығармашылық және интеллектуальдық белсенділігіне кешенді түрде ықпал етеді.

Студенттердің жаңа материалдарды, жаңа техниканы меңгеру деңгейін және олардың жеке қабілеттерін, қабылдау темпін, қызығушылықтарын есепке ала отырып, ұйымдастыру барысында оқытудың жеке әдістерімен  формаларын қолдануға мүмкіндік береді. Өйткені қазіргі ақпараттық технологиялар ұжымдық іс- әрекетке құрылған оқу –тәрбие үрдісіне жеке оқытудың  ұйымдастыруға бағытталған.

Қортындылай келе электронды оқулықтарды оқыту үрдісінде дұрыс пайдалану арқылы сабақтың ауқымын кеңейтіп, қашықтан оқыту режимінде оқытушының ролі ақпарат беруден ұйымдастыру-басқару дейгейіне көшеді. Оқытушы оқу үрдісінің менеджері ретінде студенттерге танымдық жағдай жасайды. Егер де бұрын компьютер құралы дәстүрлі оқыту үрдісінде оқытудың обьектісі ретінде қолданылып келген болса, ал қазіргі таңда қашықтан оқыту барысында ол білім берудегі субьект ролін атқаруда. Сондықтан да осындай білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып жоғары санатты мамандардың педагогикалық қарым-қатынастағы мәдениеттілігін қалыптастыру, олардың біліктілігін көтеру басты міндетіміз болуы қажет.

Резюме

Информационные образовательные технологии в вузе могут выступать важнейшим средством формиравания культуры педагогического общения будущих учителей музыки.

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру.,Алматы., Типография на Ташкентской, 2006ж.
  2. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю., Педагогический словарь., Москва., Академия, 2000г.
  3. Кан-Калик В.А., Учителю о педагогическом обшении., Москва., Просвещение., 1987г.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ