Мақтаарал өңірінде өсетін кейбір дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері

0

Республикамыз өсімдік түрлеріне бай. Олар бірнеше табиғи-географиялық өлкелерге тарқалған. Бұл өлкелердің өсімдіктерін ғалымдар түрлі мақсаттарда зерттеген. Мақтаарал өңірі табиғи-географиялық  жағынан дәрілік өсімдіктерге бай болмаса да, ауа райының климаттық ерекшеліктері жағынан, дәрілік өсімдіктердің құрамындағы заттардың жоғары концентрацияда жиналуы және әсер ету механизмінің жоғарылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрады.

Осыларға байланысты дәрілік өсімдіктерді егістік мәдени өсімдіктерге айналдыруда Мақтаарал өңірінен пайдалану маңызды. Мақтаарал өңірінің топырақ құрылымы, рельефі, суару жүйесінің қолайлылығы фармацевтика өндірісін жаңа өсімдіктер өнімімен қамтамасыз етуге ыңғайлы.

Біздер Мақтаарал өңірінде тарқалған дәрілік өсмдіктер: Polygonum persicaria L,  Rumex confertus Willd,  Artemisia  absinthium L,  Cichorium intubus L,  Celycyrrihiza  glabzal L –ның экологиялық ерекшеліктерін зерттедік.

Polygonum persicaria L – горец почечуйный, құмыздық біржылдық, бойы 20-50 см-ге жететін шөптесін өсімдік. Өркені тік өсуші, төменгі бөлігі бұтақталған. Жапырақтары қарапайым ланцет тәрізді, тегіс қырлы, қызыл-қоңыр реңді дақтары болып, өркенде бірінен соң бірі орналасқан. Жемісі қара реңді жұмыртқа тәрізді. Polygonum persicaria  негізінен Орталық Азияның таулы аудандарында, Қазақстанда: Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарында көптеп өседі. Олар гигрофильді сулы мекен жерлерде өсімдіктер қауымдастықтарын құрайды.

Мақтаарал өңірінде құмыздық  дария, каналдар, суландырушы арықтар бойларында кездеседі.

А.Ф.Гаммерианның (1954) берген мәліметтеріне қарағанда Polygonum persicaria  құрамында негізінен 1,5% танин, флабеноидтар 0,05% эфирмайлар, майқышқылдары бар. А.Д. Турованың жазуы бойынша онда флабефонды  заттардан гиперозид, авикулярин, кверцитриндер болады. Халық медицинасында қан тоқтатушы ретінде пайдаланады.

Rumex confertus Willd – щавел конский

Rumex confertus  көпжылдық, бойы 60-150 см-ге дейін баратын шөптесін өсімдік. Тамыр сабағы келте, жуан, көп басты, тамыры аз бұтақталған. Денесі тік өсуші, буынды, жоғарғы бөлігі бұтақталған. Тамыр алдында түп жапырақтары және денесінің төменгі бөліміндегі жапырақтары ұзын. Жапырақ пішіндері  үш бұрышты – жұмыртқа тәрізді негізгі бөлігі терең жүрек тәрізді. Жапырақтың төменгі бөлігінде жүйелер бойлап қысқа түктер жайласқан. Жапырақтары жоғарылаған сайын сиректей бастайды.

Денесінің жоғарғы бөліміндегі  жапырақтары жұмыртқа тәрізді болып, қысқа сағақтарымен өсімдік паясына  рет-ретімен жайласады.

Гүлдері майда, гүлқорғаны алты бөлектен тұрады, аталығы алты, аналығы бір үйлі жоғарыда жайласқан.

Rumex confertus  Мырзашөл аймағының ауылшаруашылығы егіндері арасында жабайы өсімдік ретінде өседі.

А.Д.Турованың  (1974) мәліметтері бойынша,  Rumex confertus –тың тамырларының құрамында  0,83-3,16% антрацен өнімдері (франгула, эмодин және оның өнімдері гликозидтері , алоэ-эмодин, хризофанол, флецион, хризофанин т.б) 4,6-17 % дейін, флавоноидтар (неподин, гиперин, рутин), антоциандар, лейкоантоциандар органик (оксолат, лимон) және фенол, карбон қышқылдары витамин С және К, қанттар т.б. кездеседі.

Т.А. Гончарованың  (2001) берген мәліметтеріне қарағанда тамырында макроэлементтерден (мг/г)-К-4.7, Са-37.1, Mg-4.3,  Fe -0.7,  микроэлементтерден (мкг/г)     Mn -0.19,   Cu-0.64,  Zn -0.39,  Co-1.16, Cr-0.07, Al-0.42, Ba-22.3,  Va -0.26, Se -1.25,  Ni-0.6, Sr-5.2,  Pb-0.05, J-0.09, B-3.5 мөлшерде бар.

Е.Ю. Шасстың (1952) келтірген мәліметтері бойынша Rumex-тің  тамырында негізінен 4% -ке дейін антрахинон  өнімдері, катрондар, эфирмайлар, темір және витаминдер кездеседі. Ұрықтарында антрахинондар және илеуші заттар болады. (Атлас лекарственных растений СССР).

Зарубинаның (1967) пікірінше Rumex confertus – ты егінге айналдыру оңай. Оның ұрығын топыраққа 1-2см тереңдікке егу керек. Олар ашық  жерлерде жақсы өседі, үшінші жылы гүлдеу дәуіріне енеді.

Artemisia  absinthium L – полын горкая, ермен

Көпжылдық, бойы 50-100 см-ге жететін шөптесін өсімдік. Тамыр-сабағы қысқа және бұтақталған, одан жапырақтар гүл түзуші бірнеше паялар және жапырақтары қысқа паялар өсіп шығады.  Паясы тік өсуші біраз  қырлы болып, жоғарғы бөлігі бұтақталған. Тамыралды жапырақтары ұзын сағақты үшбұрыш домалақ  пішінді, екі-үш рет қанат тәрізді. Паядағы қысқа сағақты жапырақтар әртүрлі пішінді: паяның төменгі бөлігіндегілер екі рет қанат тәрізді ажыратылған үшбұрышты. Жапырақтарының кейбір бөліктері ланцет тәрізді, толық үшті тегіс тік тәрізді қыралы. Ермен өсімдігінің пая және жапырақтарында түктері көп болғандығы себепті күміс реңді болып көрінеді.

Гүлдері майда диаметрі 3 мм, себетке жиналған. Себеттерде жиналған гүл бөліктері гүл жиындысын құрайды. Себеттердегі барлық гүлдер сары реңді, олардың саны 85-ке дейін болуы мүмкін. Гүлдері құбыр тәрізді,  аталығы 5, аналық түп гүлі бір үйлі  жоғарыда жайласқан. Жемісі өткір ұшты, көп қырлы, ұзындығы 1мм, 1000 дана ұрықтың салмағы орташа 0,1 гр келеді.

Artemisia  absinthium-ның дәрілік ерекшеліктері туралы мәліметтерді А.А.Гроссгейм (1952)Н.В.Павлов (1961) т.б. ғалымдардың зерттеулерінде кездестіріледі.

А.Д.Турованың (1974) зерттеу мәліметтеріне қарағанда Artemisia  absinthium-ның ең үстіңгі бөлігінің құрамында 0,5 % эфир майлары болады. Бұл эфир майы ақшыл жасыл реңде болып, құрамында 24,1-35,2% спирт, кетон-туйон, пинин, кодипин, феллодрен, кармофиллен,бизоболен, хамазулоноген, сірке, изовалериан және палмитин қышқылдары, эфирлер бар.

Недпанечтың  (1964) анализіне қарағанда  Artemisia  absinthium өсімдігінің гүлінде көп мөлшерде (151,0-292,0 мг%) хамазулен болады. Хамазулен әсіресе оның гүлдеу дәуірінен алдын (292,0 мг%) паясында аз мөлшерде (1-3 мг%) жиналады. Паяның жоғарғы бөлігінде орналасқан жапырақтарында (175,0 мг%) екі рет көп хамазулен болады.

Т.А. Гончарованың (2001) білдіруінше оның жер үсті бөлігінде макроэлементтерден -(мг/г) –К-35,1, Ca-10.2, Mg-2.0,  Fe-0.2   микроэлементтерден (мкг/г)-Mn-0.14, Cu-0.48,  Zn-0.62, Co-0.12, Mo-4.10,  Cr-0.02, Al- 0.07, Se- 5.9,  Ni-0.34,   Sr-0.03, Pb- 0.06,  Br- 98.7, B-88.8 мөлшерде болады.

Artemisia   жарық сүйгіш, орта ылғалдықта құмды топырақтарда жақсы өседі. Оның ұрықтары және вегетатив органдары арқылы көбейеді. Мақтаарал өңірінде мезофидті өсімдіктер қатарына қосылып, орта ылғалды топырақтарда өседі.

Cichorium intubus L- Цикорий обыкновенный,  шашыратқы.

Шашыратқы  бойы 120 см-ге жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Паясы тік, түктермен қапталған, көп өркендерге тармақталған. Паядағы жапырақтары ірі тіс тәрізді қырқылған, негізгі паяны орап тұрады. Паяның жоғарғы бөліміндегі жапырақтары тұтас, қырқылмаған себетшелері пая және өркендерінің жанындағы ұштарында топ-топ болып, немесе біреуден жайласқан, гүлтабаны қысқа. Гүлдерінің реңі ауа рең болып, 1,5 см ұзындықта, себетшесі гүл табанын құрайды. Жемісі қызыл немесе қызыл қоңыр болып келеді.

Х.Х.Холматов , Х. Ходжиматовтардың (1992) мәліметтері бойынша Cichorium intubus L тамырларының құрамында 56-65 %  инумин, интибин, гликозидтер 0,1-0,2 % ащы заттар 9-9,5 % фруктоза, 10-12 % левлоза 0,6 % май және В1 витаминдер бар. Гүлдерді цикорин гликозиді және С витанмины сақтайды. Жапырақтарында май, инулин, қант, азотты заттар, С,Д витаминдер, каротиндер бар.

Денесіндегі сүт шіресінде ащы заттар – лактуцин, лактукопикрин, тараксотерал сияқты заттар бар. Ұрықтары көп мөлшерде протокатехин альдегидін сақтайды.

Холматовтың (1964) көрсетуі бойынша шашыратқы жапырақтарымен жас өркендерінде витамин С, органикалық қышқылдар болса, гүлдерінде цикорин гликозиді, сүт шіресі және ащы заттар тораксастерал, каучук заттар бар. Х.Х.Холматов, Харламовтардың (1984) жазуы бойынша шашыратқы тамыралды жапырақтарында 780,92 мг%, гүлдерінде 173,17%, витамин С, флавоноидтар 0,24%,  кумариндер 2% бар.

Шашыратқы Мақтаарал өңірі жағдайында жарық сүйгіш, құрғақшылыққа шыдамды, суды көп талап етпейтін өсімдік.

Шашыратқыны дәндері жәрдемінде көбейтуге болады.

Celycyrrihiza  glabzal L- лакричник, мия

Мия көпжылдық бойы 50-100 см, кейбір жағдайларда 150-200 см – ге жететін, жер асты бөлігі күшті дамыған шөптесін өсімдік. Мияның тамыры көп басты, қысқа, жуан болып жер астында көлденең  жайғасады. Одан өркендер және төменге қарай бір негізгі тік өзек кіндік тамыр астынан шығады.

Негізгі кіндік тамырдың ұзындығы 4-5 м-ге  дейін жетеді. Паясы бірнеше тік өсуші бұтақталған түкті болып, майда нүкте тәрізді безшелер немесе майда түкшелермен қапталған.

Жапырақтары эллипс, жұмыртқа, ланцет тәрізді болып, олар қырлы жабысқақ безшелермен оралған қосымша жапырақтары майда ланцет тәрізді болып лезде төгіліп қалады. Гүлдері қисық жапырақ қолтығынан шыққан.  Гүлдері құбыр тәрізді, 5 ланцет секілді өткір тісті, гүлқорғаны ақ-сия көк  реңді. Аталығы 10, оның 9-ы бір-бірімен  бірлескен, қалған біреуі жалғыз, аналығы жоғарыда жайласқан. Жемісі піскенде ашылмайды немесе паясы құрғағанда ашылады.

Е.А. Круганов (1953) оның өркендерін жануарларға жеміс-азықтық ретінде пайдалануды айтады. Себебі оның құрамында салмақты мөлшерде протеинді бірікпелер, минерал тұздар, эфир майлары, үй жануарларына пайдалы, түрлі аурулардан сақтайды.

В.В.Похлебкин (1981) Celycyrrihiza  glabzal L Қытай және Монғолия аспаздары тамақ дайындауда қолданылатынын жазады. Монғолия жеңіл тамақ өндірісінде мияны  ішімдік –сусындарды дәмді ету үшін тамырынан пайдаланады.

И.А. Муравьев, В.С. Соколовтың (1966) жазуынша Celycyrrihiza  glabzal L –ның тамыры құрамында 24% гликоризин сақталады. Турованың (1974) анализдеріне қарағанда оның жер үсті  бөлігінде флавон гликозидтер көптеген мөлшерде болады. Олардан кверцетин, изокверцетин, астрагалин, фолирозид, гликофозид сапонаретин, витексин, глобраниндерге бай.

Т.А. Гончарованың (2001) берген мәліметтеріне қарағанда мия өсімдіктерінің жер үсті мүшелері макро және микроэлементтердің мөлшері төмендегіше болады: макроэлементтер-(мг/г) –К-14,5, Ca-11.5, Mg-2.4,  Fe-0.7   микроэлементтерден (мкг/г)-Mn-0.15, Cu-0.31,  Zn-0.33,  Cr-0.07, Al- 0.53, Bа-0.42,  Se- 12.4,  Ni-0.63,   Sr-1.01, Pb- 0.03,  Br- 98.7, B-54.8 мөлшерде кездеседі.

Celycyrrihiza  glabzal ауылды өлкелерде тамырлары жерасты сызат суларына жететін тереңдіктерде өсіп дамиды. Мақтаарал өңірі территорияларында су қоймалары, каналдар, суландырушы арықтардың жағалауларында өсіп, өсімдіктер қауымдастығын құрайды. Олардың тамырлары топырақ астында 50-70 см тереңдікке жайласқан болады.

Қорыта айтқанда, Мақтаарал өңірінде кездесетін дәрілік өсімдіктер негізінен мезофильді және гигромезофильді экологиялық топтағы өсімдіктер болып, аудан территориясында егістікке айландырып, фармацевтика өндірісінде дәрілер алу үшін өсімдіктер қорын ұйымдастыруға болады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ