Дәрілік түймедақ-martica l өсімдігінің морфологиялық, биологиясының ерекшеліктері

0

Дәрілік түймедақ (Martricarіa recutita) жабық тұқымдылар – Magnoliophita немесе Angiospermae  бөліміне , күрделігүлділер Asteraceca  тұқымдасына  жатады.

Түрлік атауы – Martricarіa chanimilla (recutita) грек сөздерінен төменгі алма деген мағынаны білдіреді .Ең алғаш рет Martricarіa деген ботаникалық атауды неміс ботанигі ұсынған .Ресейде бұл өсімдік Х‡ІІІ ғасырдан бастап белгілі бола бастаған .

Дәрілік түймедақ – бір жылдық аласа (35 см –ге дейін) шөптесін өсімдік.

Сабақтарының ұзындығы 10-60 см – ге дейін түп жағында және гүл шоғырларынды бұтақталатын сабақтарының іші қуыс, сайлары болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасқан , сопақша пішінді, ұзындығы 2-5 см және ені 0,5-1,8 см ,отырмалы, негізінде азғана кеңейген ,сызық тәрізді немесе жіп тәріздібөліктерге екі жақты қауырсынды тілімделген ұшында қысқа үшкірі болады.Себеттерінң диаметірі 1,5см-ге дейін қуыс жалаңаш гүлтұғырда орналасады,гүлдеудің бас кезеңінде жартылай шар тәрізді,ал кейінірек ұзынша конус тәрізді болады.Себетінің жалпы орамасы шатырша тәрізді.Ораманың жапырақшалары көп қатарлы ,доғал сарғыш жасылдау болады.Шеткі аналық гүлдердің ұзындығы 8-14 мм, ені 2,5-3 мм ақ түсті тілшелік күлтелерден тұрады,олардың саны себетте 12-17-ге дейін болады. Ортаңғы гүлдер екі жынысты , сары,түтікті тостағаншалары болмайды , күлтелері бес тілшелі болады.Гүл табаны конус тәрізді ,жалаңаш қабыршақсыз және тістесіз  ішкі жағы  қуыс.Құрғақ себеттердің диаметірі 5-8-ге тең болады.Жемісі- тұқымша ұзындығы 1-2 мм  және 0,2-0,30мм, жанынан сығылған болып келеді., түстері қоңырлау,жасыл түсті айдаршасыз  немесе әлсіз білінетін тісшелі тәждер болады.

Дәрілік түймедақтың табиғи өсіп  жетілуі иен далаларда адам қоныстанғн пунктерде,бақтарда ,бақшаларда , дәндік және мәдени егістерде кездеседі.

Топырақ құнарлығына аз талапшан , жеңіл құмдық топырақтарда жақсы өсіп өнеді, бірақ жарықтану режіміне өте талапшыл келеді,өсіп,өну мен дамуға оптималды орташа тәуліктік температура 19°с  және 21°с аралығында болады.Түймедақтың  өте үлкен тереторияларға кең таралуға мүмкіндігі бар.

Дәрілік түймедақ дизьюктивті ареалды голарктикалық түр. Ресейде бірнеше ареал үзінділері арқылы кең таралған, олардың ең үлкендеріне европалық бөлім аумағы жатады, солтүстік,тайгалық,тундралық және жартылай шөл далалы аудандарда ол кем кездеседі.

Көптеген басқа бір жылдық шөптесін өсімдіктер сияқты дәрілік түймедақ спорадикалық жолмен өз ареалын шектері жағынан пайда етіп тұрады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ