Педагогикалық іс-тәжірибенің ролі және оның ұйымдастырылып өткізілуі.

0

Университет студенттерінің іс-тәжірибесі жоғары білімді мамандар дайындауда білім берудің ажырамас бөлігі болып есептелініп, мектептерде оқу бағдарламасы мен үрдісіне сай мамандықтарына байланысты іс-тәжірибені өтеді.

Студенттердің іс-тәжірибесі жоғары оқу орындарында теориялық оқу барысында алған білімін нығайтуға және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруге бағытталады.

Болашақ маманға университет қабырғасында білімділік және кәсіптік  бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді қалыптастыру қажет. Мұғалімге аса қажеттілігі: педагогикалық мамандыққа бейімділік, балалармен жұмыс істеуге айқын берілгендік, бейімділіктің көрінетін басты нәрсесі және мұғалім мамандығын тандай алудағы айқындаушы нәрсе балаларға деген сүйіспеншшік, т.б. қасиеттер.

Шынында да балаларға деген сүйіспеншілік және олармен жұмыс істеуге ынта-ықылас болмайынша нағыз мұғалім болу мүмкін емес және ол өзінің педагогикалық шеберлігін де шыңдай алмайды. Оның негізгі бастамасы болашақ мұғалімді дайындау, қалыптастыру кезеңінде басталады. Бұл орайда педагогикалық практиканың алатын орны ерекше, өйткені қазіргі студент — болашақ ұстаз өзінің бейімділігін, шеберлігін, ыңғайлылығын, алған теориялық білімдерін мектеп өмірімен байланыстырып отырғанда ғана жүзеге асырады. Тек сонда ғана мұғалімге тән педагогикалық шеберлікке, іскерлікке жетуге   жол ашылады [3. 26 б].

Педагогикалық практика кезінде болашақ мұғалімнің оқушы мұқтажын сезінуі, қарым-қатынас психологиясын меңгеруі, әр оқушымен жеке дара жұмыс тәжірибесінің дамуы, ата-анамен байланысының күшеюі, оқушылардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасай білуі, еңбекке қатынасын, үлкенді сыйлау, т.б. мінез-құлықтарының қалыптасуына ықпал ету әдістерін меңгеруі жүзеге асады. Осы бастама кейін тәжірибеде, мұғалімдік қызмет   барысьінда   өз   жалғасын   табады.

Болашақ мамандардың тұлға ретінде қалыптасуында педагогикалық практиканың мәнін қөтерудің бірнеше себебі бар: біріншіден, жоғары оқу орны қабырғасында өткізілген теориялық дайындықтар нәтижесі педагогикалық практика кезінде қолданылады да, оның жетістігі мен кемшілігі айқын көзге түседі. Екіншіден, педагогикалық практика кезінде студенттер оқушылармен тікелей қарым-қатынасқа түсу арқылы оның жеке дара ерекшеліктері мен қабілеттерін айқындайды, олардың мінез-құлықтарындағы кейбір кемшіліктерді түзетуге ұмтылады. Үшіншіден, педагогикалық практика кезінде студенттердің өзіндік «менінің» мәні арта түседі. «Мен білемін», «үйренемін», «үйретемін», «тәрбиелеймін», «қарым-қатынас жасай аламын» деген сияқты сенімі нығаяды. Оқушыларды тәрбиелеуге көңіл бөле отырып студент өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады, қиындықты жеңуге, сол сәтте кездескен проблемалардың шешеімін табуға үйренеді, педагогикалық ойлауы дамиды [6. 39 б].

Педагогикалық іс-тәжірибені ұйымдастыру кезінде негізгі талаптың бірі – тәжірибе өту мекемелерін таңдап алу. Біздің тәжірибе өтетін мектептер: Жетісай қаласындағы №6 Б.Момышұлы атындағы көп салалы мектеп гимназиясы, № 1 М.Горький атындағы мектеп гимназиясы, №2 Ш.Уалиханов, № 4 А.Құнанбаев, № 5 А.Байтұрсынов, №3 Ю.Гагарин  атындағы орта мектептер. Бұл мектептерде іс-тәжірибені нәтижелі, тиімді, педагогикалық ғылымының соңғы жетістіктерімен үйрететін білікті, маман ұстаздар бар.

Сондай –ақ оны ұйымдастыру кезеңіндегі басты мәселенің бірі – студенттерге тәжірибенің негізгі міндеттерін айқындап талдап жеткізу. Кафедрада жасалған «Бағдарламада» тәжірибе міндеттері атап көрсетілген.

  1. Студенттердің институт қабырғасында алған теориялық білімдерін тереңдету. Осы білімдерін оқушылармен жүргізетін оқу –тәрбие жұмысында қолдана білуге үйрету.
  2. Оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалана білу. Оларды сабақтың жоғары әсерлігіне жету үшін тиімді үйлестіре білуге үйрету.
  3. Студенттерде оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау іскерлігін қалыптастыру.
  4. Оқушыларды ойлау қызметін жандандырудың тәсілдерін зерттеп біліп, оларды қолдана білуге үйрету.
  5. Студенттерді балалар мен жасөспірімдердің психологиясы негізіне сүйене отырып, оқушылармен оқу – тәрбие жұмысын жүргізуге үйрету.
  6. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізудің элементтерін қалыптастыруға үйрету.

Студенттердің педагогикалық тәжірибесін өткізу кезеңінде оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын кешенді жүргізуге, оқу мен тәрбие жұмыстарының бірлігін іске асыруға, сонымен қатар оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбек сүйгіштікке баулуға, оларға эстетикалық, экологиялық және дене тәрбиесін беруге бірден бір ерекше көңіл бөлінеді.

Студенттердің мектептегі педагогикалық тәжірибесінің «Жұмыс бағдарламасы» кафедра оқытушыларының іс-тәжірибелеріне негізделіп, мемлекеттік стандартқа сәйкес жасалынған. Бұл бағдарлама факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітіледі. Бағдарламада педагогикалық тәжірибенің мақсаты, мазмұны, көлемі мен құжаттар үлгісі, сабақ жоспары, хаттама және талдау үлгісі көрсетілген. Бағдарлама кафедра отырысында талқыланған [7. 10-11 б].

Педагогикалық практиканы педагогика, психология және жеке әдістемелік  кафедралар  мен бірге факультеттің  деканаты ұйымдастырады.

Педагогикалық практиканың негізгі міндеті студенттердің жалпы теориялық, арнайы, психологиялық-педагогикалық әдістемелік жағынан дайындығы болып табылады.

Педагогикалық практика біртіндеп кезеңмен жүзеге асады.

Педагогикалық практикаға дайындық кезінде факультет басшылары кафедраның меңгерушсімен бірлесе отырып, коллоквиумға арналған тақырыптар және сұрақтарды анықтап, педагогикалық практиканың жоспарын құрып, оның өтілетін мектептерінің тізімін анықтайды.

Педагогикалық практика бастамас бұрын факультет деканаты педагогика, психология және жеке әдістемелік кафедраларымен бірге бағыт беруші конференция өткізіп, студенттерді мектепте жасалатын жұмыстардың мазмұнымен, міндетімен таныстырады.

Педагогикалық практиканың негізгі кезеңі бекітілген мектептегі студенттердің жұмысы болып табылады. Педагогикалық практиканың міндеті мен мазмұнына сәйкес студенттер бірінші аптасында мұғалімдердің сабақтарына және сынып жетекшілердің сыныптан тыс жұмыстарына қатысады, практика кезінде жасалынатын оқу-тәрбиелік жұмысының өзіңдік жеке жоспарын құрады.

Студенттер практика кезінде тәрбиелік және сыныптан тыс жұмыстар өткізіп, талқылауға және талдауға қатысады. Өткізілетін сынақ сабақтар саны және тәрбиелік іс — шаралар практиканың бағдарламасында және өткізу кестесінде анықталады.

Практика кезінде бітірер алдындағы және бітіруші курстың студенттері педагогика және психология кафедрасының оқытушылары басшылығымен жекеленген оқушыларға және сынып ұжымына психологиялық-педагогикалық мінездеме жасайды. Педагогикалық практиканың барысында студенттер педагогика және психология, жеке әдістеме пәндері бойынша дипломдық және курстық жұмыстарға қажетті материалдар жинайды, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының тапсырмаларын орындайды.

Педагогикалық практиканың үшінші кезеңіңде яғни, соңғы аптасында студенттер есеп беру құжаттарын дайындайды. Мектепте қорытыңдылаушы педагогикалық кеңес өткізіледі.

Педагогикалық практика университеттегі өткізілетін жалпы қорытындылаушы конференциямен аяқталады.

Мектептегі студенттердің педагогикалық практикасының тікелей басшылығын топтық жетекшілер (педагогика және психология оқытушылар мен бірге жеке әдістеме кфедраларының оқытушылары) атқарады[8. 14 б].

Педагогикалық практиканы бағдарлама бойынша орындау мақсатныда студенттерге тиісті кафедралардан топ жетекшілері, мектептен сынып жетекшілері бекітіледі.

Топ жетекшісінің міндеті:

— оқу-тәрбие мекемелерінің жетекшілерімен бірге студенттерді сыныптарға (топтарға) бөледі, ал пән мұғалімдерімен бірге сабақтардың тақырыбын және сыныптан тыс жұмыстарды бөледі;

— практика кезінде педагогика-психология кафедрасының оқытушыларымен бірге студенттерге жеке өзіндік жоспар жасауға көмектеседі және практиканттердың өзіндік жұмыстарының тақырыптарын бекітеді;

— студенттердің сабақтан және сыныптан тыс жұмыстарды өткізуін қамтамасыз етеді, сабаққа және пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарының дайындықтарына кеңес береді, сабақтың жоспарын және үлгісін тексеріп және бекітіп, сабақтарына және сыныптан тыс жұмыстарына қатысады, оларды талдайды және бағалайды, жеке өзіндік жұмыс жоспарларының орындалуын бақылайды;

— студенттердің өткізген құжаттарын жинайды және талдайды, практика қорытындысы бойынша есеп жасайды және онымен факультеттің басшылығын таныстырады;

— университеттің педагогикалық практика бойынша бағыт беруші және қорытындылаушы конференцияларына, сонымен бірге оқу-тәрбие мекемелерінің басшылары өткізген жиналыстарға қатысады;

— практика бойынша сынақ қоюға қатысады, педагогика және психология кафедрасы оқытушыларымен, бірге жалпы бағасы қойылады;

Сынып жетекшісінің міндеті:

—  студенттерді сыныптан жалпы ерекшеліктерімен, негізгі тәрбие міндеттерімен және өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады;

—    педагогика пәнінің оқытушысымен және топ жетекшілерімен бірігіп студенттерге тәрбие жұмысының жоспарын жасауға көмектеседі, жоспарды бекітеді, оның орындалуын қадағалап, кеңес береді;

— психологая пәнінің оқытушысымен бірге практиканттардың оқушыларды  және сынып  ұжымын  зерттеу жұмыстарына, психологаялық-педагогикалық мінездеме  жасауына жетекшілік, жасайды;

—  студенттердің өз бетінше жасаған тәрбиелік іс-шараларына және оны талдауға, баға қоюға қатысады;

—  студенттерді сыныптың (топтық) күнделікті тәрбие жұмыстарына тартады;

—    студенттерге мінездеме беріп, олардың тәрбие жұмысын бағалайды;

—    педагогикалық практика бойынша оқу-тәрбие мекеме жетекшілерінің өткізген жиналыстарына, сондай-ақ университеттегі бағыт беруші және қорытынды конференцияларына қатысады.

Педагогикалық тәжірибенің нәтижелерін мектеп мұғалімі мен тәжірибе жетекшілері (педагогика, психология пәндері оқытушылары) бірігіп, дифференциялдап бағалайды. Педтәжірибе аяқталған соң студенттер кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссия алдында педагогикалық тәжірибе өту туралы есебін қорғайды [8. 19 б].

Жалпы студенттердің тәжірибе кезіндегі жұмыстарын бағалау үшін рейтингтік бақылау жүйесі қолданылды. Қорытынды рейтинг балы педагогикалық тәжірибе бағдарламасында көрсетілген және оны кафедра оқытушылары студенттердің атқаратын жұмыстарын түгелдей ескере отырып алдын ала анықтайды.

Педагогикалық тәжірибені бағалау үшін жетекшілер төмендегі әдістерді қолданады: студенттердің оқу сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстар жүргізу үрдісіндегі қызметін бақылау; жеке сабақтарын талдау; студенттің пән мұғалімі, сынып жетекшісі, мектеп әкімшілігі берген мінездемелерін талдау, студенттердің әдістемелік, ғылыми – зерттеу, басқа да шығармашылық жұмыстарын талдау, студенттің оқытушы ретіндегі жұмысқа даярлығын өзіндік бағалауы, педагогикалық тәжірибе құжаттарын талдау (педтәжірибе мерзіміндегі өзіндік жұмыс жоспары, күнтізбелік жоспар, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының әдістемелік нұсқаулары, психологиялық тапсырмалардың материалдары, күнделіктері, жұмыс есебі).

Мақсатты ұйымдастырылған және тиянақты өткізілген педагогикалық тәжірибе студенттерді оқыту мен тәрбие жұмысының қазіргі өмірімен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен тығыз қарым – қатынаста болуына және студенттің пән бойынша психологиялық – педагогикалық білімінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Ы.Алтынсарин. Таңдамалы. Педагогикалық мұралары. Алматы, 1991ж.
  2. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Астана, 1998ж.
  3. Е.Әбілдаев. Педагогикалық практиканың ролі. Қазақстан мектебі, №11-12, 2005ж.
  4. Ж.Әбдиев, С.Бабаев, А.Құдияров. Педагогика. Алматы, 2004ж.
  5. Е.Сағындықұлы. Педагогика. Алматы, 1999 ж.
  6. Л.Омарова. Педагогикалық практиканың маңызы. Қазақстан мектебі. №11, 2008ж.
  7. С.Маусымбаев, Қ.Қасымханова. Пед.практика (тәжірибе): ұйымдастыру және өткізу. Қазақстан мектебі, № 7. 2005 ж.
  8. Типтік оқу бағдарламасы. Жоғары кәсіптік білім. Алматы, 2005ж.
  9. С.Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2004ж.
  10. С.Г.Губашева, А.Ж.Отарбай. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы, 2004ж.
  11. Ж.Қ.Қожахмедова. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі. Алматы, 1994ж.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ