«Жетісай сазы» ұлт-аспаптар оркестрінің құрылуы, өсу жолы

0

Жалпы халық өміріндегі оның белгілі аймақтарындағы елеулі мәдени құбылыстарды, бүкіл еліміздің саяси-экономикалық, қоғамдық-әлеуметтік салаларындағы табыстары мен өзгерістерін бөліп қарауға болмайды. Кешегі кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында-ақ бұрынғы бетбақ дала өңірі, Мырзашөл аймағындағы тың жерлерді игеру жұмыстары бірінші кезекте қолға алынып, арнайы комиссия құрылып, Мырзашөл даласындағы Қазақстан мен Орта Азияның жүздеген мың гектар жерлерін игеріп, суландыру жұмыстарын жүргізуге міндеттеді.

Содан бері бұл өлке адам танымастай дәрежеде өркендеп, гүлденді. Жыл сайын Отанымыз қоймасына мыңдаған тонна «ақ алтын», бау-бақша, жүзім өнімдерін тапсырып жатқан бай дәулеті тасыған аймаққа айналды. Осы жердің қаншалықты көркейгеніне, мәдениетінің өскеніне риза болған ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов: «Біз Мырзашөлдің Оңтүстік Қазақстанға қараған ұзын өлкесін түгел шолдық. Бәрінде де өнерлі еңбек тудырған: тоғайы сулы, мақталы, қалалы, қыстақты, берекелі, жемісті мәдениет орнатқан өлкелерді танисың» — деп сипаттаса, Ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жетісайға келген сапарында «Шынында да Қазақстанның, қазақтың жүрегі болып саналатын Оңтүстік өңірінде оның ішінде Мырзашөл халқымен бүгін қуанышты жағдайда кездесіп тұрмын. Мінекей үлкен тарихы бар заманында Жібек жолының үлкен тармағы болып саналатын Ескендір Зұлқарнайыннан бері қарай өнген, өркендеген мәдениетімен, ғылымымен әйгілі болған өңір кейінгі кездерде қуаңшылыққа ұшырап, 50-60 жылдан кейін қайтадан өркендеген, бүгін шылбыр тізгінін қолына алған кезде 70 жылдықты атап отырмыз» — деді [1, 76-б].

Ұлы жазушымыз М.Әуезов, Ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай осы бір жемісті мәдениет орнатқан өлке ақын мен жазушыларға, әнші-күйшілерге, суретші-сәулеткерлерге, дарынды өнерпаздарға толы еді. Соның нәтижесінде мәдениет ағарту орындарының көптігі, өнерпаздарға молдығы жөнінен бұл өлке  Республика көлеміне белгілі. Бүгінгі тақыры бымыздың негізгі арқауы Мырзашөл өңірінің алғашқы қарлығашы — өнер ұжымы «Жетісай сазы» ұлт-аспаптар оркестрінің құрылуы мен өсу жолы болғандықтан бұл тақырыптың әлқиссасын оркестрдің алғашқы ұымдастырушысы Бөрі Исадан бастасақ әділ де жөн болады. Қазіргі іріленген Мақтарал ауданы өткен ғасырдың 50-ші жылдары Қызылқұм, Ильич аудандары аталып, соның Қызылқұм ауданы Киров ауданы болып өзгертілген тұста 1959 жылы сол ауданның ХХ партсъезд кең шарының 1 май орта мектебінің 7-ші сыныпты бітірген жас өнерпаз Шымкенттегі енді ғана ашылған саз училищесіне білікті ұстаз Сәнен Анарбайқызы Әжиеваның домбыра сыныбына оқуға қабылданып, оны 1963 жылы үздік бітіріп шығады. Училищеде оқып жүрген кезінде-ақ 16 жасында бірде коперативтік техникумының, бірде қаладағы №33 СПТУ-дың оркестрін басқарып, оны 1963 жылдың мамыр айында Республикада бірінші орынды иелендіріп Алматыдағы опера және балет театрының сахнасында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Сонымен жастайынан аз да болса тәжірибе жинай бастаған Бөрі Иса Жетісайға келіп жаңа ұйымдастырыла бастаған ұлт-аспаптар оркестріне жетекші болады. Ол кезде оркестр мүшелігіне мектеп мұғалімдері, жоғары сынып оқушылары, дәрігерлер, механизаторлар т.б. мамандық иелері тартылатын. Ноталық – музыкалық сауаты жоқ дегенмен бәрі де шетінен шебер домбырашы музыканттар болатын. Олардың ішінде қазіргі кезде республикамызға белгілі өнерпаздар Ақбала күйшінің жиені Шағдар Ақылбеков, сазгер күйші Тойшыбек, сырнайшы Ізбасар Жауынбаев т.б. секілді шеберлерді айтсақ жеткілікті. Осынау талантты шеберлерден құралған әрі сол кездегі жанашыр басшылар Егемқұл Тасанбаев, Сартай Керимов, Хамби Апаев қолдауында болған 18 жасқа жаңа толған жас маман Бөрі Исаға оркестрге жетекшілік жасауға аса қиындық тудыра қойған жоқ. Бас аяғы үш ай көлемінде алға биік мақсат қойған оркестр өз репертуарын құрманғазының Ақбай, Балбыраун, Мусоргскийдің Сарочин жәрмеңкесінен «Хиври» әні т.б. шығармалармен толықты. Айта кететін жәйт, осы Жетісай аймағын 1962 жылдың қараша айында СССР орталық комитетінің І хатшысы Н.С. Хрушевтің жомарттылығымен Өзбек ССР-ның құрамына берген болатын. Алғашқы кезеңде мүмкін саяси оң әсерлеме ме қайдам, 1963 жылдың қараша айында оркестрге Өзбекстан мәдениет министрлігінің коллегия шешімімен «Халық оркестрі» атағы берілді. Ал 4-5 жыл көлемінде жемісті өнер көрсетіп келе жатқан халық оркестрі Мәскеудегі Кремль сахнасына шығуға шақырады. Осы тұста Бөрі Иса жетекшілігіндегі «Халық оркестріне» жуырда ғана берілген құрметті атақты ақтау, немесе тікелей орындау кезегі келеді. «Халық орестрі» сахнаға Ғабит Мүсіреповтың шғармас бойнша музыасын өңдп жазған Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» музыкалық қойылымын сүйемелдеу оркестрге жүктелсе, оны абройлы орындағанына айғақ Кремль сахнасында қойылымды биік дәрежеде орындап шығуы. Оған куә сол кездегі СССР мәдениет министрі Е.Фруцева, Қазақстаннан Ғабит Мүсірепов пен Құрманбек Жандарбековтың қатысуы. Осы сана нәтижесінде министрлік тарапынан 4 өнерпазға «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталғандар ішінде Бөрі Иса да бар. Бұл елеулі уақиға 14 сәуір 1964 жылы болатын. Осы жылдың соңында Киров өндірістік басқармасы таратылып, оның орнына Киров және Жетісай аудандары құрылды. «Халық театры» мен «Халық оркестрі» негізгі мұра ретінде Киров ауданында қалды. Есесіне 1965 жылы қыркүйек айында Жетісайда Қазақ педагогикалық училище ашылып, одан жаңадан оркестр құрылып, жұмыс күнен-күнге жандана түсті. Оркестр 2-3 жыл көлемінде өзіне көптеген биіктерді бағындырды. Қазан төңкерісінің 50 жылдық Бүкіл одақтық фестивальда лауреат атанды. 1968 жылы желтоқсан айының 11-күні Өзбек ССР мәдениет министрлігі ұжымының шешімімен училище  ұлт-аспаптар оркестріне «Халық оркестрі» атағының екінші рет берілуі тұсында Бөрі Иса айналасында білікті маман өнерпаздар Әріпжан Әміров, Абзал Балғынбаев, Төлеп Сыдықов топтасты [2, 112-б].

Оркестр осы жылдары күрделі шығармалар С.Мұхамеджановтың «Шаттық отаны», Мәкәлім Қойшыбаевтың «Советтік Қазақстан», Брамстың «№5 венгер биімен» қатар құрамы жағынан да толығысып жүйелі жұмыс істей бастады.

1970 жылы Жетісайда тағы бір оқу орны – Мәдени-ағарту техникумы ашылып Бөрі Иса сол техникумның оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарып, әрі оркестрді өзі қолға алды. Осы жылдары техникумда мұғалімдік жұмысқа білікті мұғалім ұстаздар – Ержігіт Ендібаев, мен Пұшпанов Өтебай, Мекемтас Маханов, Мұхан Сауран баев, Пернебек Кенжебеков, Арал Қожабеков, Абылай Әбдірахманов, Қабылбай Бердияров, Бөгенбай Сағындықов, Асылбек Жаңабаев, Сардар Байтеев сонымен қатар жас мамандар – Есіркеп Жолдасов, Ләйләхан Жолдасова, Мұхтар Отыншиев т.б.

Осынау аса қабілетті, білікті ұстаз оқытушылардың толығысуымен оркестрдің орындау шеберлігі мен репертуары аумақтала түсті.

Оркестр ұжымы 1971-1976 жылдар аралығындағы Бүкіл Одақтық халық творчествосы фестивалінің екі дүркін лауреаты атанып, 1976 жылы Шымкент қаласында өткен Республикалық оркестрлердің сайысында жүлделі ІІІ орынды иеленіп, оркестр мүшелері түгелімен лауреат төс белгісімен марапатталды. Қазақтың атақты дирижері, профессор Шамғон Қажығалиев төрелік еткен сол конкурсқа Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Семей, Қызылорда, Петропавл қалаларының қатарында қиырдағы кішкентай Жетісай қаласының «Халық оркестрі» осынау дәрежеге, атақ иеленіп жатуы жоғардағы аталған музыкант мамандар мен студенттердің, әсіресе ол тұста тәп-тәуір тәжірибе жинаған Республикамызға танымал болып келе жатқан сонау 1964 жылдры келешегіне аванс ретінде берілген «СССР мәдениет ісінің үздігі» белгісін ақтап жатқан Бөрі Исаның еңбегі жеке дара еді. 1977 жылы Жетісайдағы Құрманбек Жандарбеков атындағы музыка-драма театрының жаңа ғимаратының салынуына байланысты Бөрі Иса сол театрға бас дирижер болып толығымен ауысты. «Халық оркестрі» ұжымына жетекшілік жасауға жас маман ретінде Есіркеп Жолдасов пен Айнабек Құлбаевқа жүктелді. Осы тұста оркестр жаңа белеске көтерілгеніне сол кездегі әріптестер куә. Дегенмен Бөрі Иса кеңесші ретінде оркестрден бір сәт қол үзген жоқ. Оркестрге лайықтап шебер жаза алатын маестродан іс жүзінде талай көмек алып тұрды. Күрделі шығармаларды өзіміздің оркестрге қайта өңдеп жазу, жергілікті сазгерлердің әндерін оркестрге лайықтап партитура жасауды тек Бөрі Исаға өтінетін. 1980-1982 жылдары Жетісайға Шамғон Қажығалиев ағамызбен бірге Нұрғиса Тілендиев ағамыз оқтын-оқтын келіп, оркестрге өз кеңестерін беріп жатты, тіпті бірде, Нұрғиса ағамыз бір апта оркестрмен жұмыс істегені бар. Сол жылдары оркестрге «Жетісай сазы» айдары тағылып, Монғолияға Сухо-Батор аймағына гастрольдік сапармен барып, өте табысты болып қайтқанымызды мақтанышпен айта аламыз. Осы тұста оркестр репертуарына Нұрғиса Тілендиевтің ол жылдарға дейінгі оркестрге арнап жазған шығармалары, Кенжебек Күмісбековтің туындылары түгел орындалған еді. Оркестр репертуарында сондай-ақ орыс, шетел композиторларының танымал шығармалары Моцарттың «Түрк маршы», Брамстың «№5 Венгер биі», Бизенің «Антракт», Вердидің Травиата операсынан кіріспе, Будашкиннің «Концерт» т.б. бар еді. Оркестр шығармалар орындаумен бірге қазақ композиторлары мен халық әндерін орындауда көптеген жетістіке жетті. Оркестрмен бірге қосылып айтқан әншілердің көбісі қазір елімізде танымал өнерпаздар. Атап атар болсақ, Республикаға еңбегі сіңген әртістер – Жеңіс Қарғабаев, Құрман Шойынбаев, ҚР мәдениет қайраткері Асқар Әлихан, Сапаралы Серікбаев, Сәния Баймбетова, Құралай Сәтмұхаметова, Сұлтан Сапарқұлов, Үралхан Сейлбекова т.б. 1963 жылы құрылған «Халық оркестрі» осы оркестрдің шекпенінен шыққан «Мереке» халық ұлт-аспаптар ансамблі қазірге кезде жеке дара жұмыс істеуде. Жоғарыда айтқанымыздай «Жетісай сазы» айдарымен соңғы 12 жылдан бері Жетісайдағы «Сырдария» университеті студенттері мен оқытушылардың біріккен тобымен жемісті жұмыс істеп келеді. Жеткен жетістіктері де жетерлік – 2005 жылы Нұрғиса Тілендиевтің 80 жылдық мемрейлі тойы қарсаңында Ордабасыда өткен «Аққу» фестивалінде ба жүлдені иеленді. 45 жылдан астам тарихы бар Жетісай оркестрінің 1000-нан астам іс-шара, концерт, фестиваль, конкурсқа қатысқан осынау аяулы оркестр жайлы тарихты бір ғана мақалаға сыйғызу мүмкін еместігін айтпаса да түсінікті шығар.

Әлі талай рефереат тақырыбына сұранып тұрған «Жетісай сазы» оркестрінің айтылмай тұрған талай сазы, сыры бары даусыз. Сол саздың, сол сырдың басты кейіпкері 18 жасынан бүгінгі Пайғамбар жасынан асқанша талмай жемісті жұмыс істеп келе жатқан Бөрі Иса өз өлкесінің  сыйлы азаматы. ҚР мәдениет қайраткері, өнертану ғылымдарының профессоры, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі. Дарақ бір жерде көгереді деген сөз бар екені рас, дегенменде Бөрі Иса өз туған өлкесінің патриоты екені ешкімге даусыз ақиқат.

Резюме

В  статье  раскриваетция пути  становление , структура  народного  инстументального  оркестра «Жетысай  сазы»  —  первая  ласточка  в  мире  культуры  Мирзаултского  района ,  которые  покорил своим  высоким  исполнительским  профессионализмом.

В  их  репертуаре  такие  произведение  как  «Кыз Жибек»  Евгения  Брусиловского,  «Туретцкий  марш»  Моцарт,  «Антракт» Бизе и  многие  другие  известные  произведение  основателем  и  дирижером  которого  является  заслуженный  деятель культуре  РК  профессор  культуры  искусства ?  член  союза  композиторов  Бори  Иса.

Summary

The ways of formation , structure of folk instrumental orchestra , « Zhetisay sazu« the first fallow in the world of culture of Murzachul district which won the high level of professionalizm is considered in  his article. Theis repertoire includes the performances just of  «Kyz Zhibek« of E. Brusilovsky «Turkish March« of Mosart, «Intermission« of Bizet and many other famous and conductor, the honoured figure of culture of RK , art, the member of the Union of compositor is Bori Isa .

Пайдаланған әдебиеттер

1.И.Тасмағанбетов «Қазақтың мәдениеті». Алматы: «Аруана», 2005 ж.

2.М.Ерімбетов «Аманат». Алматы: «Қазақстан» 1991 ж.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ