Қазақстан республикасында ипотекалық несиелеудің сапасын арттыру.

0

Кеңес дәуіріндегі тұрғын үйді қаржыландыру жүйесі тұрғын үй саясатына толық сәйкес келді және мемлекеттік тұрғын үйлер құрылысын қаржыландыру үшін бюджет қаражаттарын орталықтан бөлу орын алды.

Нәтижесінде өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартуды қалайтын, не тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтарға үй тегін берілген болатын. Кеңес үкіметінің құлдырауы және тұрғын үй саласында нарықтық қатынастардың көрініс алуы тұрғын үй реформасын жүргізуге алып келді. Бұл реформаның алғашқы қадамдары 1993 жылы “Жаңа тұрғын үй саясаты мемлекеттік бағдарламалары және оның іске асырылу механизмдері” туралы ҚР Президентінің Жарлығымен жүзеге асты.

Бағдарлама мемлекеттің тұрғын үй саясаты саласында мынадай стратегиялық қадамдарын қарастырды: тұрғын үй саласына қатысты құқықтық нормаларға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу; тұрғын үй құрылысын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарды қаржыландыру жүйесін реформалау; монополиясыздандыру; тұрғын үй құрылысы құнын төмендету және оны халыққа арнап арзандату шараларын жасау; тұрғын үй құрылысынң процессіне қатысушыларға және бұл процеске көптеген азаматтар мен заңды тұлғалардың қатысуын мақсатында жеңілдік жүйесін жасау және пайдалану; тұрғын үй саласында жалға алуды кеңейту шараларын жүзеге асыру; құрылыс индустриясының базасын жаңғырту; тұрғын үй құрылысына арналағн жер телімшелерін бөлу және тіркеу процедураларын жасау; әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымының тұрғын үй құрылыстарын дамыту; мемлекеттің тұрғын үй саясатын жүзеге асыруы үшін тиімді ұйымдық құрылымдар құру; тұрғын үй және жылжымайтын мүлік нарығының инфрақұрылымын дамыту.

90 жылдардан басталған реформалардың алға басуы, қоғамдық және экономикалық өмірге жаңа инструменттер мен түсініктерді енгізді. Олардың қатарында ипотека түсінігі. Елімізде экономика дамуының қазіргі таңдағы жағдайлары нарықтық экономиканың қажетті инструменттерінің бірі – ипотеканы қайта өмірге әкелуге көмектеседі.

Ипотеканы ынталандыру бойынша шешілетін мәселелердің кешендігі, тұрғындар үшін тұрғын үй құрылысын ынталандыру барысында әлеуметтік рөлді орындаудан бастап және коммерциялық жобаларды қаржыландыру проблемаларын аяқтаумен оған үлкен салмақ береді. Ипотекалық қаржыландыру механизмдерінің жалпы экономикалық қарқынның ынталандыруымен байланысы маңызды. Олардың дамуынан ипотеканы ынталандыру қазір де құлдыраудың әр түріне төтеп берудің танымал әдістерінің бірі.

         Бүтіндей нақты сектордың және жекелей құрылыстың стагнациясы нәтижесінде қалыптасқан жағдайлар, құлдыраудан шығуға көмектесетін құрал ретінде де, еліміздің көптеген азаматтары үшін тұрғын үй проблемасын шешетін құрал ретінде де, тұрғын үйді ұзақ мерзімді ипотекалық несиелеудің қажеттігін арттырады. Ипотекалық несиелеу тұрғындардың тұрғын үйге төлем қабілеттілік сұранысын кеңейте отырып, тұрғын үй аясына, тұрғын үй құрылысына және құрылыс материалдар өндірісіне бюджеттен тыс қаражаттарды тартуға көмектеседі.

Елімізде тұрғын үй нарығы тұрғындардың төлем қабілеттілік сұранысын қолдайтын сәйкес несие-қаржы механизмдерімен қамтамасыз етілмеген.

Егер бұрынырақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту мүмкіндігі мемлекеттік тұрғын үй алу ғана болса, бүгінгі күні бұл мәселе тұрғындардың өз меншік қаражаттар жинақтары есебінен тұрғын үйді алу немесе оның құрылысымен шешіледі. Бюджеттік ресурстардың шектеулілігі, мемлекеттің көңілін, тұрғындардың жеке топтарының тұрғын үй мәселесін шешуіне аударды.Тұрғындардың негізгі бөлігі қажет жинақтарының және оларды жинау мүмкіндігінің болмауынан өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарта алмады.

         Тұрғындар үшін ипотекалық несиелеу тұрғын үйді сатып алу үшін қаражаттарды жинаудың ұзақ мерзімді альтернативасы болып табылады.

Ол пәтер алуды маңызды деңгейде қысқартуға көмектеседі, бұдан басқа, тұрғын үй бөлшектеп төлеумен алынады. Банктер үшін бұл ұзақ мерзімді инвестициялаудың перспективті аясы. Мемлекет немесе қалалық билікті алсақ, олар тұрғын үй құрылысының сұрақтарын шеше отырып, қоғамда әлеуметтік басымдылықты шешеді. Ипотека Қазақстан Республикасының экономикасын көтеру үшін фундамент бола алады және болуы тиіс. Көптеген дамыған елдердің мысалы көрсеткендей, тұрғын үй мәселесін шешумен қатар ипотека, мемлекетте сапалы жаңа қаржы-несие қатынастарының, кепілзат және бағалы қағаздардың жоғары дамыған нарығы есебінен қаржылық және экономикалық тұрақтылықтың туындауына көмектеседі.

“Ипотека” түсінігі өзара байланысты экономикалық және заңды қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Бұл әр түрлі мемлекеттің азаматтық заңнамасында және заңды тәжірибесінің негізінде, нарықтық экономикалық механизмін обьективті көрсететін және заңды рәсімдейтін, заңды категориялардың жүйесін сипаттайтын римдік жеке құқықтың бар екенімен байланысты. Екі мың жылдан аса римдік құқықтық түсініктер жүйесі және терминологиясы пайдаланылуда. Сондықтан ипотека туралы экономикалың заңды ғылымында, қозғалмайтын мүлікті кепілге алу арқылы қарыз деген түсінік дұрыс болып табылатын сияқты. Әлемдік тәжірибеде бұл түсінік жалпы қабылданған, бірақ әлі күнге дейін ипотеканың жеткілікті нақты және жалпы қабылданған критериелері табылмағанға ұқсайды.

Ипотека – басқа категориялардан ажыратуға көмектесетін түр сипаттары бар, мазмұнын, функциясын және механизмін сипаттайтын әр түрлі қоғамдық-экономикалық формацияларды әрекет ететін жалпы экономикалық категория болып табылады.

Ипотекалық несиелеу тұрғын үй аясына жеке инвестицияны тартудың әлемдік тәжірибеде тексерілген сенімді әдістердің бірі болып саналады. Ипотека тұрғын үй жағдайын жақсартуда тұрғындардың тиімді және пайдалы жұмыс аясында – коммерциялық банктердің және басқа да кредиторлардың, белсенді жұмыста – құрылыс ұйымдарының, сонымен бірге жалпы экономикалық өсімде – бүтіндей мемлекеттің қызығушылықтарын пайдалы үйлестіруге көмектеседі.

Ипотеканың басты міндеті – қарыз қаражаттарының қайтарымдылығына кепіл ретінде роль атқаратын қозғалмайтын мүлік дамуының инвестициялық қаржыландыруды қамтамасыз ету механизмін құру. Сондықтан ипотека экономикалық және әлеуметтік құлдыраудан шығу механизмдерінің бірі болуы мүмкін. Ипотека құлдырауға төтеп берудің бірнеше жолдарына әсер етуі мүмкін.

Біріншіден, ипотеканың дамуы өнеркәсіп салаларының қатарында өндірістің құлдырауына әсер етуі мүмкін, сонымен қатар экономиканың нақты секторының дамуына оң әсер етуі мүмкін. Бүгін кәсіпорындардың көбісі үшін айналым қаражаттардың жеткіліксіздігі нәтижесінде өндірістің тоқтап қалу жағдайы сәйкес. Бұл ресурстарды, өндірістің жаңғыруына мүмкіндік беретін және өнімнің сапасының жоғарылауы мен бәсеке қабілеттілікті болуына әкелетін қозғалмайтын мүлікті кепілге қою жолымен алуға болады. Мұның нәтижесінде бүтіндей мемлекеттің эконоикалық әлеуеті көтеріледі.

Екіншіден, ипотекалық несиелеудің дамуы әлеуметтік тұрақсыздыққа төтеп беруге оң ықпал етеді. Ипотекалық несиелеудің негізгі мақсаты – азаматтардың меншік қаражаттарының және ұзақ мерзімді ипотекалық несиелер есебімен тұрғын үй нарығында, тұрғын үй алудың нарықтық принциптеріне негізделген, орташа табысы бар азаматтарды тұрғын үймен қамсыздандырудың тиімді жұмыс жүйесін құру. Бұл жүйені құру тұрғындардың жинақтары және басқа бюджеттен тыс ресурстар түрінде тұрғын үй аясына қажетті қаржы құралдарын тартуға және тұрғын үй нарығын активизациялауға көмектеседі. Ипотекалық несиелер арқылы ғана, тұрғын үйді тек қамтамасыз етілген тұрғындар ғана емес, сонымен бірге қарапайым табысы бар азаматтардың да тұрғын үй алуға мүмкіндіктері бар. Өз кезегінде, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен жақсы қамтамасыз ету ұлттардың денсаулығын жақсартуға, өмірлік циклді ұзартуға әкеліп соғады, осының бәрі тұрғындардың еңбек қабілеттілігін көтереді.

Үшіншіден, ипотеканың дамуы жұмыссыздық салдарын жеңілдетеді: өндіріске құрылыстық қатаң территориялық байлануы нәтижесінде қосымша жергілікті еңбек ресурстары тартылады. Ипотека сондай-ақ, еңбек ресурстарын ынталандырады. Ипотекалық несиелеу дамымаған елдерде тұрғылықты орынды таңдау еркі жоқ. Сонымен ипотека жұмыссыздық мәселесін шешуге көмектеседі.

Төртіншіден, ипотека мемлекеттің қызметіне, тұрақтылықтың көтерілуіне және бактік жүйенің тиімділігіне әсерін тигізеді. Қозғалмайтын мүліктің нақты құнымен қамтамасыз етілмеген банктердің активтері өте қысқа мерзімде бағасын жоғалтады. Мұны 1998 жылдың екінші жартысында басталған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің қаржы-экономикалық құлдырауы растайды. Сондықтан нарықтық туындаулар жүргізілетін елдерде ипотека механизміарқылы қызғалмайтын мүлік құнын енгізу қажет.

Қозғалмайтын мүлік кез-келген мемлекеттің активтерінің маңызды бөлігін сипаттайды, ал ипотекалық капитал нарығы экономиканың барлық аяларына маңызды әсер етуі мүмкін. Кепіл обьектісі ретінде қозғалмайтын мүлік артықшылығы, орынның тұрақтылығымен, сонымен қатар оның көтерілуге беталыстармен жоғары және тұрақты бағасымен түсіндіріледі. Қозғалмайтын мүліктің физикалық сипаттамалары, обьектіні кепіл берушінің иелігінде және пайдалануында қалдыруға көмектеседі. Ипотекалық несиелеу тәртібі кепілге алынған мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, банк-кредиторға несиелік ресурстарды ұзақ мерзімді тарту үшін экономикалық базаны құруға көмектеседі.

Қазіргі таңда қаржы нарықтық интеграциясының және ипотека арқылы қозғалмайтын мүлік нарығының қажеттілігін түсіну, қаржыгерлер, банкирлер, заңнамалық және орындаушылық билік өкілдері, сондай-ақ ипотеканың дамуын қадағалайтын, оған нақты сенетін қарапайым азаматтар шеңберінде нақты орын алады.

Қазіргі кезде ипотека дәстүрлі дамыған экономикасы бар дамыған мемлекеттерде де, бастаушы нарықтары бар дамушы мемлекеттерде де қолданылады. Дамушы елдердегі ипотеканың қалыптасуына және қызметіне экономикалық, саяси, географиялық және кадрлық факторлар әсер етеді.

Ипотеканың дамуын тежейтін негізгі факторлар: саяси және экономикалық тұрақсыздық; инфляциялық процестер; мемлекеттік бюджет дефициты; шаруашылық процестердің өзара төлемсіздігі; құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік базаның жоқтығы; ипотекалық несиелеу сұрақтары бойынша тұрғындардың жеткіліксіз білімі.

Әр түрлі мемлекеттер заңнамасында бекітілген құқықтық формалардың, құрылдырдың және әдістердің әр түрлілігін есептей отырып, барлық заңнамалық жүйеде негізгі орынды меншік құқығы және оның кепілінің әдістері алады. Бұл құқықты өткізу әдәсә ретінде ипотека қолданылады. Сондықтан көптеген зерттеушілер ипотеканы, заңды қатынастарды, әсіресе, ипотекалық несиені алу мақсатымен ақша айналысын орындауды қамтамасыз ететін кепіл түрлілігін сипаттайтын категория ретінде қарастырады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»

            Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы

  1. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. –Алматы: ИздатМаркет, 2004.-248 бет.
  2. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. -Алматы: Экономика, 2006.-467 бет.
  3. Әкімбеков С.Ә., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. – Астана: Астана полиграфия, 2002.-398 бет.
  4. Әубәкіров Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжұмаев Е., Досқалиев С., Жәйшібеков Ж. Экономикалық теория негіздері. –Алматы: Санат, 1998.-479 бет.
  5. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Тәбеев Т.П. Экономикалық теория. –Алматы: Қазақ Университеті, 1999.-280 бет.
  6. Мақыш С.Б. Банк ісі. –Алматы: Қазақ Университеті, 2007.-469 бет.
  7. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. –Алматы: Экономика, 2000.-328 бет.
  8. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. –Алматы: Экономика, 2003.-432 бет.
  9. Нұрсейтова Р. Перспективы развития страхования экспортных кредитов и инвестиций в Казахстане. Қаржы қаражат. – 2004. –Вып.7., ч.1. с. 40-45.
  10. Мақыш С.Б. Жобалық несиелеудің ерекшеліктері. Вестник КазНУ.-2004. №6. -32-34 бет.
  11. Нурсейт Н. Расширение банковского кредитования. Аль-Пари-2002. №6. 60-65 бет.
  12. Нурсейт Н. Кредитование малого и среднего предпрнимательства. РЦБК.-2005. №3. — 2 бет.

14.Шыныбеков Н.С. “Қазақстандағы тұрғын үйді несиелеу жүйесі” //Хабаршы// №5(45), 2004ж., 40-43 беттер.

15.Мақыш С.Б. “Ипотекалық несиелеудің үлгілері” //Ақша айналысы және несие //, Алматы: ИздатМаркет, 2004 ж., 84-90 беттер.

16.Сагиндыкова М.О. “Реализация программы внедрения системы ипотечного кредитования в Казахстане: механизм реализации, условия, этапы” //Банки Казахстана// №6, 2001г., с.46-49.

17.Бисенова М. “Состояние и перспективы развития ипотечного кредитования населения в Республике Казахстан” //Аль Пари// №1, 2001г., с.50-54.

18.»Нестабильность мешает развитию ипотечного кредитования». Авторы: «Комкон-2 Евразия» — Интернет газета «Навигатор», 14 тамыз

19.Иванов М.М. “Ипотечные банки в Казахстане” //Рынок ценных бумаг Казахстана// №5, 2001г., с.20-22.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ