Халық ойындарын дене тәрбиесінің көп салалы құралы ретінде пайдалану.

0

Халықтық ойындар адамның ой-өрісінің, өмірге көзқарасының дамуына, сана-сезімінің өсуіне мол мүмкіндіктер туғызумен қатар, адамның дене дамуына және рухын көтеруіне көмектеседі.

Қазақтар ойын әрекеті кезінде, ойнап жүрген балалардың қимылдарында табиғатта кездесетін әртүрлі уақиғаны байқаған. Ойын түріне қарап алдағы уақытта ол баланың кім болатын анықтаған. Бұл әр адамның қабілетін байқауға, болжауға және тәрбиені белгілі бір бағытқа бағыттауға, қажетті мүмкіндікті және әлі ашылмаған қабілетін дамытудағы құнды арна. Сондықтан да, бұл тақырып қазақтың ауыз әдебиеті жанрларында орынды қамтылады. Болашақ ел билеушілер, ақылды сарбаздар, қорқынышсыз батырлармен бала күндерінен-ақ әртүрлі ойын үстінде танысады.

        Халық ертегілері мен әңгімелерде, батырлық және лирикалық эпостарды, ауыз әдебиетінде мұндайды жиі кездестіреміз.

Халықтық ойындарда адамгершіліктің, мінез-құлықтың нормасына бағыт беру — басты міндет. Олар осы ойынға қатысушылардың мінез-құлқына, әрқайсысының ерекшеліктеріне, адамгершілік принциптеріне бағытталған. Ойынның қатысушы-лардың ойын ережесін қалай түсінетініне байланысты, олар ойынның адамгершілік нормасының қоғамға, ал керісінше қоғамның ойынға бағытталуында. Халықтық ойынның құндылығы: ойын кезінде адамгершілік мінез-құлық, өзара сыйласу, татулық, ұжымда бір-бірімен тіл табысу сияқты мінездер қалыптасады. Жарыс ойындары кезінде алдына жеңуге мақсат қойып, сол мақсатқа жетуге құлшынады. Ол үшін ойын ережелерін сақтау, бұзу кездері және ойынға қатысушылар арасында бәсекелестік те кездеседі.

Халықтық ойындарда ойынға қатысушылардың бойында әділдік, бәсекелестікпен қол жеткен мақсат, абырой, адалдық, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттер дамып, қалыптасады. Сондай-ақ, жарысқа қатысушылар ойын ережесін бұзған кезде ойнаушылар арасында өзара келіспеушілік туып, соңы даумен аяқталуы да мүмкін. Мысалы, ережені бұзғандықтан «соқыр-теке», «орамал тастау», «күшің жетсе-үзіпкет» және тағы басқа да ойындар адамгершілік қасиетті қатаң талдауы талап етеді.

Барлық халықтық ойындар белгілі дәрежеде ойнаушылардың бір-бірімен адамгершілік қарым-қатынаста болуында. Әсіресе, ойын ережесінің бұзылмауына және жеке бастың ар-намысына тимеу қатаң сақталады. Ойындарда, жарыстарда, жекпе-жектерде жығылып жатқан қарсыласының үстінен аттау — өрескел әдіс болып табылады. Бұл талап, әсіресе, ересектерге қойылады, үнемі болмағанмен кейде шайқас кезінде әртүрлі жас аралықтардың өкілдері кездеседі.

Халық ойындарында адамгершілік талаптарының сақталуы мақсатқа жетуге үлкен әсер етеді.  Бұл бір жағынан ойынға қатысушылардың адамгершілік тұрақтылық талаптарын арттырса, екінші жағынан жеке бастың (ойнаушының) адамгершілік қасиеттерінің дамуын күн ілгері болжауға мүмкіндік береді. Халық ойындарының адамгершілік тәрбие берудегі ең негізгі мақсаты осында.

Адамгершілік нормалары мен бағыттарын іске асыру — ойынға қатысушылардың әрқайсысының қасиеті. Адамгершілік мәдениеті, адамгершілік тұрақтылығы саналатын орын — халықтық ойын болып табылады. Халықтық ойындарда әртүрлі қиындықтар, келіспеушілік, дауласу сияқты жағдайлар да жиі кездеседі. Бұл жағдайда қатаң тәртіп, әділдік жол таба білу. Мұндайда балалардың және жас өспірімдердің адамгершілік санасының қалыптасуына ерекше мән беру қажет.

Халықтық ойындарды адамгершілік, мінез-құлық тәрбиесімен байланысты екенін ескерсек, дамыған саналы жеке бастың қалыптасуы мен тәрбиесінде соңғы мақсатқа қол жеткізу сияқты белгілі зандылықтың бар екендігін байқау қиын емес. Халықтық ойындардың адамгершілік нормаларын қалыптастырудағы мәні ерекше. Сондықтан да бұл тақырып қазақтың халықтық еңбектерінде ерекше орын алады.

Қоғам өміріндегі жоғары адамгершілік және мінез-құлық нормалары халық ойындарын дамытуда қосымша нормалар мен ережелер тудырады. Олар өзара сабақтасу арқылы ойын этикасын тудырады. Ойын кезінде көптеген шешілмеген қиын мәселелер, сондай-ақ, ойынға қатысушылардан мінез-құлықтың беріктігін, адамгершіліктің тұрақтылығын талап ететін кездер де болады. Бұл талаптың барлығы ойыншыларда жасөспірім кезінен қалыптасып, халықтық ойын этикасында анық көріне бастайды.

Халықтық ойын этикасында халық өмірінен, халықтық педагогикадан және дене тәрбиесі қорынан алынған көптеген мәселелер қалыптасқан. Ойын этикасы адал бәсекелестік кең жақсы ойдан, мақсаттан туындайтын мінез-құлық, адамгершілік ережелері мен талаптар. Бұл айтылғандар әсіресе, жасөспірім қыздар мен ересек қыздар қатысатын ойындарға, ұлттық әдет-ғұрып және көңіл ойындарына арналған. Бұған мысал ретінде «қыз-ойнақ», «қыз-қашар», және басқаларды жатқызуға болады.

Этика ережелерінің бұзылуы, яғни өтірік, әділетсіздік, дандайсу, бәріне рұқсат ету, кешірімділік, менсінбеушілік, кек алу т.б. келеңсіз жайлар ойынның сәтті өтуіне кедергі жасайды. Сондықтан халық ойындарының этикасында ой­ынға қатысушылардың жас ерекшелігіне, жынысына, топтардың бөлінуіне, жеке жас пен топтардың өзара қарым-қатынасына ерекше мән беріледі.

Көптеген әдет-ғұрыптар, мерекелер, спорттық жарыстар, халықгың көңіл-күйін көтеру, этикалык дамуын арттыратындықтан, жас өспірімдердің этикалық тәртіп нормаларының қалыптасуыиа өте қолайлы.

 Халықтық педагогиканың дене тәрбиесі ескерткішінде, әсіресе, көңіл-күй көтеру ойындарында жастарды мақсатқа жетуге бағыттау этикасын арттырудағы көптеген талаптар мен күрделі көріністерді байқауға болады. Өзара қарым-қатынас этикасы ойын, көңіл көтеру және күн тізбегінде көрсетілген ме­рекелер кезінде де қалыптасады. Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр қатаң сақталатын ойын түрлерінде ойынға қатысушының көңілдендіру үшін алдын ала дайындалмаған суырып салма өлеңдерін, сөздерін айтуға рұқсат етіледі. Бірақ шектен шықпай, өз тәртібіне көңіл бөлуі қажет. Сондай ойындар түріне «алтыбақан», «үйшік-үйшік», «тоғыз аяқ», «тоғыз табақ», «мүше алып қашу», «қыз-ойнақ», «қыз-қашар» т.б.

Халық ойындары эстетикалық тәрбиені де дамытады. Алғашқы әдемілік, көркемдік туралы ұғым, талғамдық шығармашылық ойыны үстінде қалыптасады. Ойын кезінде, әсіресе жас өспірімдерде жалғыз таяқ-ат, садақ, сойыл түрің елестетуі сезінеді. Күн еткен сайын мәнді, мағыналы, қозғалмалы ойындар үстінде ол елестету дами түседі.

Эстетикалық тәрбиеде әсіресе ән мен күй ерекше орын алады. Бұл ойындар әннің түрін, мәнін жете түсінуге көмектеседі. Қозғалмалы сазды ойындарда ойынға қатысушылардың шығармашылық мүмкіндігі қалыптасады. Бұл ойын түрлері әсіресе, жас өспірімдер мен жастар арасында көп дамуда. Ондай ойын түрлері «айгөлек», «алтыбақан», «қыз бен бала» және т.б.

Этикалық парасаттың мәні, белгілі болғандай, адамдардың әдемі іс-әрекеттері үстінде ашылады, жеке бастың іс үстіндегі шығармашылық дамуына, қоғамдағы шығармашылық мақсатқа  жетуге бағытталуда.

Эстетикалық қарым-қатынастың дамуының көп тараған түрі — халықтық ойындар. Көңіл көтеру ойындары тәжірибе түрінде жастарды тәрбиелеуде адамгершілік және эстетикалық ережелерді біріктіреді. Сондықтан да халықтық ойындарда ән, күй, тақпақ, би кеңінен пайдаланылады.

Қазақтарда жасөспірімдерді тәрбиелеу тәжірибесінде халықтық ойындар балалар мен жас өспірімдердің жоғары адамгершілік және дене шынықтыру қабілетін дамытудағы негізгі құрады болып табылады. Халықтық ойындарда көптеген тәсілдер жұйесі, үйрету мен тәрбиелеу әдістері жинақталған. Олар ұрпақтан-ұрпаққа таралып, әдет-ғұрып, салт-сана білімдерінің жиынтығы ретінде халық өмірін жан-жақты түрлендіруде. Халықтық ойындарға ұлттық салт-дәстүрді енгізуде алға басушылық, жандану, жаңару және дене шынықтыру жаттығуларының жақсаруы әсіресе, көп ұлтты балалар мен жас өспірімдер арасында арта түсуде.

Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден бастаған. Солардың бірі — ұлт ойындары. Халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйренудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен білімдік, тәрбиелік маңызы бар.

Ұлт ойындары — интернационалдық  тәрбиенің құралы. Олай дейтініміз ұлт ойындарының арасында өзара үндестік, тығыз байланыс бар.

Ойынға тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін, заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарының бірі — Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік:

«Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жолында, өздері қызықтаған алуан өнері бар той. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған».

Қазақ халқының ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Қазақ халқының ұлт ойындары негізінен алғанда үш жүйеден тұрады: ойын-сауық, дене шынықтыру, спорт және ой шындау.

Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші, өсе келе соған белсенді қатынасушы, келесі кезенде өзгеге үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Амал қанша, кейінгі 50-60 жылдың көлемінде ұлт ойындарына көңіл бөліп, елеп-ескермеудің нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.

Халқымыздың эпостық жырларының бір — «Қобыланды батырды» алайық. Қобыландының жат жұртқа барып, бәсекеге түсіп, алтын (қабақ) теңгені атып түсіріп, мерейінің үстем болуы, Құртқа секілді балауса жастың соншалық білгірлігі  ертегіден гөрі шындыққа жақын екенін мойындаған жөн. Бұл — сол заманның шындығы және сол заман тәрбиесінің жемісі. Сонымен бірге бұл шындық — жастарға деген зор ілтипат, сенім мен ықыластан туған нағыз халықтық тәрбиенің жемісі.

Ұлт ойындарын отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқьпу барысында, үзілістерде, ұзартылған күн топтары мен жұмыстары, мектепте өткізілетін ертеңгіліктер мен кештерде дидактикалық, қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Ойынның түрлері оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты іріктеліп алынуы тиіс. Ұлттық ойындар сонымен бірге сол халықтың даму тарихынан да хабар береді.

Оқушының сабақты жақсы меңгеруінің бір айқын кепілі — оның сөйлеу тілінің дамуына байланысты. Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі жұмбақ, жаңылтпаш сияқты ойындары — тіл дамытудың әсерлі құралы.

          Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық құрал ретінде пайдаланудың тек бастауыш сыныптарда ғана емес, сондай-ақ жоғары сыныптарда да пайдасы мол. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады.

Тіпті нашар оқиды-ау де­ген оқушылардың өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды.

         Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатынасып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушының ой өрісін дамытуға әсер етеді.

Ойын араласқан сабақ оқушыларға әсерлі болып, олардың білуге құмарлығын арттырып, түсініктерін кеңейте түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер.

А. Асарбаев. Мектептегі дене шынықтыру журналы №6 сан 2007 ж.

Қ.Т.Джанабаев. Балалар  дене тәрбиесі процесіндегі ұлттық ойындар. Алматы, 2003 ж.

П.Ш. Қуаныш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Алматы. 1996 ж.

С.Д. Қасымбекова. Дене тәрбиесі әдістемелік құрал. Алматы, «Ата мұра» 2002 ж.

Ю. Тилеуғалиев. Дене тәрбиесі. Алматы 2002 ж.

Ә. Жумашкин. Мектептегі дене шынықтыру журналы №5 Алматы. 2007 ж.

М. Болғанбаев. Дене тәрбиесін және спорт түрлері. Алматы 1999 ж.

Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2002 ж.

Е. Уақбаев. Дене тәрбиесінің негіздері. Алматы «Санат» 2002 ж.

10.Т.Еділбаев.«Валеология» «Дене тәрбиесі және спорт» журнал №7сан

2003 ж.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ