Қосымша білім беру жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері

0

 Бүгінгі таңдағы Қазақстанда іске асырылып жатқан реформалар барлық оқу орындары мен әлеуметтік тәлім-тәрбие мекемелерінің тәрбие және білім беру мазмұнын жаңа сапалық тұрғыдан дамуы мен жетілуін өткір проблемаға айналдырып отыр. Өйткені дамудағы нарықтық қатынастарға еркін араласуға  дайын бүгінгінің және болашақтың адамдарын тұлғалық интеллектуалдық және кәсіби сапалық жағынан әлемдік бәсекеге қабілетті етіп даярлап шығару әсіресе осы білім мен тәрбие мазмұнының сапасына тікелей байланысты. Тәлім- тәрбие қашанда қоғам дамуы мен жетілуінің аса маңызды алғышарттары. Осыған орай қазіргі Қазақстан жағдайында қысқа тарихи уақыт аралығында барлық білім беру жүйесінде оң өзгерістер іске  асырылуда. Оның бірі атап айтқанда қосымша білім беруге арналған, оның негізгі субъектісі болып саналатын мектептен тыс мекемелер қызметін жаңа сапада қайтада ұйымдастыру қолға алынуда. Елбасы

Н. Назарбаев өтпелі ауыр кезеңде орынсыз жабылған балалардың әлеуметтік тәлім- тәрбие мекемелерінің қайтадан қалпына келтіріп ұрпақ игілігіне асыруды қатаң талапқа қойды. Елбасы  есепті үйрететін, реттейтін, оңтайландырудың оңай жолын табуды көрсететін зертхана нысана балалардың мектептен тыс тәлім- тәрбие мекемелерінің айналғандығын қатты сынға ала отырып, енді оған ешқандайда жол берілмейтінін ескертті. Нәтижеде орынсыз жекешелендірілген балалар мекемелері қайтарылуда, жаңалары ашылуда, оларда жаңаша жұмыс жолдары, амалдары қарастырылуда. Балалардың мектептен тыс ұйымдары жұмыстарына оның жаңа сападағы мазмұнына күрделі өзгеріс жасап әр түрлі ынталы түрлендіруге қолдау жасау талабынан мектептен тыс мекемелер мәртебесі өзгертілді, яғни оған қосымша білім беру мекеме мәртебе берілді. Сөйтіп «Қосымша білім беру ұйымдары» болып қайта құралған мектептен тыс мекемелер үздіксіз білім беру жүйесінің ажырағысыз бөлігіне айналды. Бұл жүйе әр түрлі жастағы балалар мен жасөспірімдерге кез-келген жағдайда да жаңа білім алуға  оны үнемі толықтырып өзін-өзі бағалауға, басқаруға, әлеуметтік мәртебесін өзгерту арғырлығын жасауға сөйтіп шығармашылық белсенділігі мен танымдық қабілеттерін дамытуға, қызығушылығы мен сұраныс деңгейін арттыруға мүмкіндігін туғызады.

     Қосымша білім берудің мән –мағанасының артуы оның балалар мен жасөспірімдердің қол бос жағдайында еріктілік негізде шығармашылық және танымдық мотивациясын дамыту дербес талаптарын қанағаттандыру, өз еркіне сай мақсатты айналысуына әсіресе кәсіп таңдауына жәрдемдесу, сөйтіп өмірге бейімдеу, салауатты өмір салтына тарту, сайып келгенде бос уақытты мазмұнды өткізуді ұйымдастыруға қажетті жағдай жасауында. Дәстүрлі педагогика ілімі балаларға қарым-қатынас ортасы мен істің кең өрісі арқылы жасалған дамудың әлеуметтік жағдайын қандай да бір болмасын аса қызықты деген сабақтың өзімен  де ауыстыру мүмкін еместігін терістемейді. Шындығында да, қосымша білім беру ұйымдары білімнің адам өмірі мен қоғамдағы рөлін балаларға түсіндіру арқылы олардың білімге, өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын, ынтасын оятып, жеке қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұл жағдайда жұмыссубьект, объектілер, яғни бала мен қосымша білім беру мекемесінің өзара ынтымастығы мен шығармашылық  қарым-қатынасы арқылы іске асырылады. Мектептен тыс ұйымдағы жұмыс педагог пен оқушының ортақ іске деген әуестігіне негізделгендіктен, бала ортақ іс-шараның тұтынушысы ғана емес, жасаушысы да болып табылады. Осындай ерекшелікке сәйкес мектептен тыс ұйымдарда (қосымша білім беру ұйымдары) жалпы білім беретін мектептерде кездесетін  детерминдендірушілікке жол берілмейді. Сондықтанда қосымша білім беру ұйымдарына оқытушы- педагогтарды іріктеу табиғи сипатта жүргізіледі, яғни оның балаға деген сүйіспеншілігіне, тәрбие ісіне деген ынта- ықыласына баса назар аударылады. Ендеше, мұнан қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық әлеуметінің айтарлықтай жоғары болуы керек екендігі де  аңғарылады.

     Қосымша білім беру ұйымдары қызметінің басты ерекшелігі мынада:

  • Балалар мен жасөспірімдерді өз еркіне қояды және мұнда адамның өзін-өзі жан-жақты көрсетуіне толық мүмкіндік беріледі, сонымен қатар балалар білім алу бағытын, жүйесін, деңгейін және соңғы нәтижені өздері таңдайды. Бұл ерекшелік қосымша білім беру ұйымдарының білім беру жүйесіндегі шығармашылық қарым-қатынасты, педагог пен баланың немесе педагогпен қосымша білім беру ұйымдарының бірлескен іс-әрекетін белсенді және қарқынды жаңа педагогикалық технологиялық оқыту әдістемесін үнемі үйлестіріп отрудың қажеттілік екенін айқын көрсетеді;
  • Педагогпен бірлесе отырып жасаған шығарцмашылық тапсырмаларды шешу білім алу процесіндегі психологиялық құрылымды өзгертеді немесе екі жақтың әрекеттесуі, қарым- қатынас жасуы, барлық қатысушылардың бір-бірімен тығыз байланысты болуы әр баланың ішкі стимуляциясының  оянуына әкеледі;
  • Балаларға қосымша білім беру мекемелерінің бағдарламасы білім беретін сонымен қатар қызметпен (іс-әрекетпен) қамтамасыз ететін және мекеменің дамуы болып екіге бөлінеді.

     Қосымша білім беру ұйымдарының қазіргі даму жүйесі барлық білім беретін мекемелердегі педагогикалық үрдістің ұйымдастырылуы мен бағдарламаларының талаптарына сай келуі үшін олар белгілі бір үлгіге (стандартқа) түсуді қажет етеді. Шындығында да білім беру орындарының басты міндеті оқушыларды оқыту, үйрету болса және олар алдын-ала белгіленген нармативті (типтік оқу бағдарламасы, оқу жоспары, күнтізбелік және сабақ жоспары т.с.с.) тәртіп бойынша қанағаттандырылса, қосымша білім беру ұйымдары білімнің адам өмірі мен қоғамдағы орнын рөлін балаларға түсіндіру арқылы олардың сол білімге, өнерге т.б. деген қызығушылығын, ынтасын оятып оларды жеке тапсырыс іске асыру амалдарымен қанағаттандырды. Бұл жағдайдағы педагогикалық процесс объект- субъектердің өзара ынтымақтастық пен шығармашылық қарым-қатынас принципіне, яғни тұлғалық даму педагогикасы идеясына құрылады.

     Қосымша білім беру ұйымдары өзі қызмет көрсететін жердегі тұрғындардың мәдени-ағарту жұмыстарындағы өзара әркеттік сипатын ашуға да септігін тизізеді. Қосымша білім беру ұйымдарға тән өзіндік ерекшеліктер мұндағы жұмыстарға балалар мен жасөспірімдердің өз еркі және талғамы бойынша қатысуын қамтамасыз ете алады. Мұндағы педагогикалық әсерге әртүрлі кәсіп және жас деңгейіндегі адамдар тобы мүдделерінің бірлігінің қалануы мен жұмыс мазмұндарының алуан түрлілігін, оның формаларымен түрлерінің көптігін де жатқызуға болады.

     Сонымен елімізде білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қосымша білім берудің, оның негізгі субъектісі мектептен тыс ұйымдар қызметінің өзектілігін арттыра бермек. Өйткені қосымша білім беру ұйымдары жалпы білім беретін мектептермен, басқада білім беру орындарымен бірлесе біріңғай үздіксіз білім беру жүйесін құра отырып:

  • балалар мен жасөспірімдерді шығармашылық белсенділікке, өз бетінше білімін жетілдіруге ынталандыратын;
  • білім мазмұнын белсенді және іскерлікпен меңгеруге үйрететін;
  • балаға өзіндік өмірлік тәжірибесін талдап қорытып, оның қалыптасқан құндылық жүйелерімен ара қатынасын ажырата білуге үйрететін;
  • өз ісіне баға беруге, сөйтіп өз мінез-құлқын қалыптастыруға үйрететін;
  • жаңа ғылыми білімдерді және олардың айқын тенденцияларын ажырата білуге үйрететін;
  • баланың дамуы мен дербес сана- сезімінің даму эволюциясын ескере отырып, білім берудің барлық түрлеріндегі мазмұн сабақтастығын сақтайтын мекеме ретінде бейімделу іс-бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстардың жүйелі, үздіксіз жүргізілуін басшылыққа алады.

     Қосымша білім беру бағдарламасының қазіргі таңдағы басым түрі (кейбір деректерге қарағанда 70-80%) практикалық бағыттылық сипат алуымен даралануда. Мұндай жағдай қосымша білім беру ұйымдары объектілері әлеуметтік – мәдени қызмет пен құндылықтардың мехенизмін (тетігін) игерген тұлға, яғни жеке тұлға болуға қабілетті адам болып қалыптаса алатынын көрсетеді. Сонымен бірге, біз балаларды қосымша білім беру бағдарламасы мен тәрбиеленген түлектің жеткілікті нәтижесі ретінде емес, қазіргі мектеп білімінің сапасын арттыруға қызмет жасайтын үлес деп қарауды да дұрыс деп есептейміз.

    Қорыта айтқанда балаларға қосымша білім беру ұйымдарының басқа білім беру орындарынан айырмашылығы онда бала басқаша білім жолын басып өтеді. Мұнда балаға қосымша ақпарат беріп қана қойылмайды, ең бастысы бала шығармашылық жұмыс істеуге тартылады. Бала адамзат еңбегінің, білімінің бірін терең игереді, оған дағдыланады, өз шеберлігіне масаттанады, педагогына сенеді. Ендігі басты міндет қосымша білім берудің ерекшеліктерін ескере отырып қосымша білім берудің өз нәтижесі мен оны анықтаудың өз әдістемелерін жетілдіре, дамыта түсу қажет.

Резьюме

     В статье рисматриваются роль и место организации дополнительного образования в систете непрерывного образования. Раскрываются социально –педагогическая значимость учреждении допольнителного образования в организации досуга детей и подростков в условиях  сбоводного времени.

Әдебиеттер

  1. Е.О. Омар. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелер: Қалыптасуы және дамуы.- Алматы: Рауан, 2003, 297 б.
  2. Е.О. Омар. Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізі. – Түркістан; 2004, 248 б.
  3. Үздіксіз тәрбиенің тұжырымдамасы. – Алматы РБК. 1998.-32 б.
  4. Дополнительное образование детей. – М.: Изд. Центр ВЛАДОС, 2006. 320 с.
  5. От внешкольной работы к дополнительному образованию детей, — М.: Просвешение, 2003. 112 с.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ