Ауыл шаруашылығына өндірістік қызмет көрсетудің бағыттары тиімділік параметрлері және ауқымы

0

Шаруашылықтардағы техника паркінің қысқаруы, оның физикалық және моральдық ескіруі технологиялық үрдістердегі, әсіресе жер жырту және астықты жинау жұмыстарындағы тоқтауларға алып келді. Дәнді және майлы дақылдарын жинау еліміздің көптеген  аймақтарында 1,5-2 ай көлемде жүргізіледі  және бұл үлкен астық көлемінің жоғалтуларына (өнімнің 30%) алып келеді. Сондықтан механикаландырылған жұмыстардың үлкен көлемі машиналардың минималды санын пайдалана отырып, машинна — технологиялық парктердің мамандандырылған кәсіпорындарындағы машина тракторлық бекеттерінің (МТБ) шоғырлануы арқылы орындалуы мүмкін. Кеңестік МТБ және қазіргі машина технологиялық бекеттерінің жұмыс тәжірибесі көрсетіп отырғанай ондағы техниканы тиімдірек пайдалану, трактор және комбайн паркінің жылдық өнімділігін 1,5-2 есеге көбейтіп пайдалануға мүмкіндік бар. Осы жағдайда жер өңдеудің эксплуатациялық шығындарды 25-35% төмендеп ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігі жыл сайын өсуде.

  Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында   да « ауыл шаруашылығына барлық деңгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан әрі шаралар қолдауды » Үкіметке тапсырғанынан көру мүмкін ( 1 ).

Көптеген машина-технологиялық бекеттердің ұйымдастырылуы стихиялық түрде басталды, яғни техника-экономикалық жеткілікті негіздеусіз, орынды таңдау және орынды орналастыру, өндіріс мамандандыруды ескерусіз. Бұл кейбіреулердің бұзылуының немесе банкрот болуы негізгі себебі болды. Бірақ, МТБ өндірістік қызметке негативтік зардаптар шақыратын стихиялық жалғасуда. Оларды экономикалық ахуалы нашар аймақтарда көрсетілетін қызметтер үшін толық есеп айырысу жүргізе алмайтын шаруашылқтарға қызмет көрсететін жерлерде құрады. Нәтижесінде осындай МТБ тағдырлары бәріне мәлім –шарасыз банкроттық.

Жиі МТБ-ды техника-экономикалық негіздеусіз техника саны етіспеген жағдайларда да құрады. Олардың құқықтық статусы көршілес Ресейдегідей толық дайындалмаған, МТБ дамыған елдерге тән жедел даму ынталары болмайды. Бұрынғы (кеңестіктердің) МТБ-дан қазіргі машина-технологиялық бекеттердің айырмашылығы, қазіргі машина-технологиялық бекеттер барлық механикаландыру құралдарына монополист болмайды, ауылдық тауар өндірушілерге сервисті қызмет ету кіріптарлы шарттарының қандай болмасын еріксіз көндірмейді, ал қызметтердің таңдауы оларға өзара тиімділікті шарттарын ұсынады.  Сайып келгенде, көптеген ауыл шаруашылық кәсіпорындар және фермерлік шаруашылықтар қымбат бағалы және күрделі техникаға деген қажеттіліктен және оларды пайдалану, жөндеу мәселелерінен босатылады.

МТБ-ны көп көлемде ұйымдастыру бұл мақсат емес, көп шаруашылықтар үшін бұрынғы механикаландырылған жұмыстарды орындаған кезде қиыншылықтарды жоюға, яғни ауыл шаруашылық өнім өндірісін ұлғайтуға, агроқұрылымдардың ауыл шаруашылық алқаптарын дер кезінде өңдеуге мүмкіндік беретін ұйымдастыру іс-шарасы.

Ауыл шаруашылық дақылдарды өсіруімен механикаландырылған жұмыстардың технологиялық бөлігін орындайтын МТБ механизаторлары өздеріне ақырғы нәтиже — өнімнің саны мен сапасына жауапкершілікті алады. Сондықтан барлық кәсіпорынның техникалық, ұйымдық және технологиялық параметрлері барлық іс-жүзіндегі және ұйымдастырылатын МТБ үшін нақты құрастырылып, айқындалуы қажет (тәуелсіз немесе ірі шаруашылық құрамында, механикаландырылған жұмыстарды орындауға мамандандырылған жеке ауыл шаруашылық дақылдарды өсіру бойынша және т.б.).

Бірақ тәжірибеде бұрын құрылған МТБ машина — тракторлық парктің саны мен құрамы қажетті денгейге жетпейді ( кесте 1 ). Олар жоғары технологиялық емес, әдеттегідей ауыл шаруашылық тауар өндірушілердегідей трактор және комбайн паркіне ие. Сондықтан барлық МТБ энергия сыйымдылықты механикаландырылған жұмыстарды орындауға толық қабілетті емес .

МТБ ұйымдық құрылымы, әсіресе — инженерлік-техникалық және әкімшілік-басқару қызметкерлері бүгінгі күнге дейін жасақталмаған. Әрбір МТБ — өз штаттық шешімі болады. Әдетте маркетингтік, мониторингтік яғни қазіргі нарықтық өндірістің элементерінің бөлімшелері мен мамандары мен  бұрын қызмет көрсеткен жөндеу- техникалық кәсіпорындардың ауыл шаруашылық кәсіпорындардың, агроқоймалар, сельхозхимия, техникалық қызмет ету пунктерінде орналасқан.    Көп МТБ ларда жөндеу- қызмет етуші агрегаттар және диагностикалық  құрылғылар жоқ.

АӨК техниканың пайдалану денгейін түбегейлі жоғарлату үшін оны жаңарту жолдарын іздестіріп, жұмысқа қызмет мерзімі бойынша жарамды машиналар керек. Және шаруашылықтарды ауыл шаруашылық машиналарымен жабдықтауда басқа прогрессивті тұжырымды пайдалану, ең алдымен әсіресе жаңа жоғары өнідіділікті агрегаттармен ірі жоғары рентабельділікті машина-технологиялық бекеттермен жабдықтау қажет. Осындай жағдайлар ғана аграрлық кәсіпорындарындағы ауыл шаруашылық техникасының тапшылығын едәуір өтей алады. МТБ–ларда қазіргі заманғы технологиялардың болуы ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеуде біліктілікті механизаторлардың жетіспеушілігі жағдайында келешекте олардың еңбектерін аз пайдалану орын алады.

Кесте -1  МТБ-лардың техникамен қаматамасыз етілуі 01.01.2007 г.

Облыстар аты МТБ саны 1 МТБ-ға шаққанда
Шынжыр табанды трактор Дөңгелекті   трактор Астық жинайтын комбайн Шынжыр табанды трактор Дөңгелекті   трактор Астық жинайтын комбайн
Ақмола 43 42 56 7 7 9
Ақтөбе 46 89 65 2 4 3
Алматы 129 408 105 2 7 2
Шығыс Қазақстан 6 15 22 2 5 7
Жамбыл 75 74 38 6 6 3
Батыс Қазақстан 48 58 44 4 5 4
Қарағанды 227 428 251 6 12 7
Қызылорда 11 30 5 2 4 1
Костанай 24 34 57 6 9 14
Маңғыстау 2 13 0 1 6 0
Павлодар 21 30 38 3 4 5
Солтүстік Қазақстан 99 190 346 7 15 27
Оңтүстік Қазақстан 124 311 69 2 6 1
Барлығы 855 1722 1096 3 7 5
ҚР статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша құрастырылған.

МТБ үшін жөндеу шеберханаларының техникалық қызмет көрсету пунктерінің типтік жобалары жасалмайды, бұларда олар мұқтаж жабдықтарды өндіру, жөндеу және қызмет көрсету қарастырылған.

Сервисті өндірістің маңызды элементтері — машина–технологиялық бекеттер республикалық және аймақтық денгейдегі атқарушы құрылымдармен толық денгейде қолдамайды, нарықтық стихия жағдайларында олар әрқашанда өздерінің шығындарын толық өтей алмайды. МТБ-ға деген сондай көзқарас АӨК жағдайды жақсартуға және тұрақтандыруға ықпал етепейді.

Осыған байланысты, жұмыс істеп тұрған және қайта құрылған МТБ тағдыры мемлекеттің көңіл бөлуіне, жақын үш бес жылда ең үлкен қолайлылық жасау режимін құруға байланысты. Біздің пікірімізше, бұл мәселені келесі жодар арқылы шешу мүмкін. Облыстық және аудандық ауыл шаруашылық органдармен барлық құрылған және жұмыс істейтін МТБ-лардың өндірістік потенциалын түгендеу оларды техникамен қамтамасыз ету денгейін анықтау, материалдық — техникалық базаны, сонымен қатар МТБ ұйымдық құрылымын анықтап және жоғары біліктілікті  механизаторлармен, мамандармен қамтамасыз етіледі. Әрбір техникалық потенциалды нығайту және оның дамыту бағдарламасын МТБ жетекшісі анықтайды, ол техникаға, материалдық-техникалық базаға, инженерлік құрылыстардың типтік жобаларына, технологиялық жабдықтардың қажеттілігін анықтап негіздейді. МТБ-лардың өндірістік  қызметін толық жетілдіру бойынша ұсыныстар жасап, бес жеті жылға дейін жоспарлар құрастырады. Бағдарламаны және ұсыныстарын ол аймақтық ведомтствоға ұсынады ( аудан, облыс).

Аймақтық ауылшаруашылық ведомтстволар МТБ басшылары берген материалдарды талдап қорытады, жасалған кәсіпорындардың техникалық потенциалын нығайту бағдарламасын қалыптастырады, оның ішінде өз күшімен не шешетінін белгілеп республикалық деңгейінде құрылымдармен шешуді қажет ететін мәселелерді анықтайды.

МТБ жұмыстарының тиімділігін жоғарылату үшін аймақтық ауыл шаруашылық құрылым мәселелерін шешу үшін (аудан, облыс) біліктілігі жоғары мамандардың бөлімшелерін жасайды. Оларға МТБ құру жұмыстарын ұйымдастыру және координациялау, пайда болған мәселелерді шешуде қажетті көмек көрсету үшін олардың жұмыс тәжірибесін қорытындылап, техниканы пайдаланудағы тиімді әдістер мен әдістемелерді ендіру міндеттері жүктеледі. Үш — бес жылда салалық және аймақтық құрылымда МТБ –ларда төмен пайыздық немесе пайызсыз қарыздар арқылы потенциалын нығайтуы, ҚР Үкіметі МТБ-ларды ҚҚС пен корпоративті табыс салығынан толық босату қажет. Мұндай және басқа да шаралар жақын жылдарда МТБ-ларға өздерінің потенциалын күшейтіп, аз шығындармен АӨК үшін базаны құруға мүмкіндік береді.

МТБ қызметі интенсификациясына профильдік ғылыми мекемелер және ауыл шаруашылық ведомтстволар ықпал етуі тиіс. Қазірге машина — технологиялық бекеттерде мұндай мұқтаждықтарға көңіл бөлінбейді. Сонымен қатар МТБ қызметкерлерінің потенциалын күшейтуді олардың әрбір аймақтағы өндірістік қызметін басқару жүйесін жетілдіруді, олардың жұмысының технико — экономикалық көрсеткіштерін елеулі жақсарту мүмкіндігін есепке алмау болмайды.

Агрохимиялық сервистік қызмет және оның негізгі буындары – “Сельхозхимия” аудандық бірлестіктер реформалау жылдарында біраз өзгерулерге ұшырады. Осыған байланысты МТБ-ларды орналастырудың перспективті нұсқасы ретінде оларды бұрынғы “Сельхозхимия”, “Сельхозтехника” бұрынғы ғимараттарында ораналастыру қажет.

МТБ мәртебесін анықтау маңызды мәселеге айналып отыр. МТБ-ларды коммерциялық кәсіпорын емес бірінші кезекте нақты және мақсатты тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау құралы ретінде қарастырылуы тиіс. Бірақ мемлекет қазіргі уақытта әрбір ауылдық тауар өндірушіге барлық қежетті техниканың көмегімен, алынған қаржыларды осы құрылым үшін максималды тиімді жұмсау қажет.

Осыған байланысты техниканы лизингтік жеткізудің негізгі мәселесі- ақша қаражаттарының қайтарылымы – бұрын орындалмаса, белгілі мерзімде техниканы лизингтік негізде қаматамасыз ету жолымен мемлекеттік МТБ дамуына әсер етеді. Осы жағдайда лизинг айналасындағы көптеген делдалдардың қажеттілігі жойылады, өздігінен ақшаны қайтару мәселесі шешіледі, осы саладағы мемлекеттік реттеуді анағұрлым жеңілірек өткізеді

Ауыл шаруашылығы түрлі климаттық жағдайларға белгілі тәуелділікке байланысты әрекет ететін күрделі жүйе болғандықтан, ауыл шаруашылық өндірісінің тұрақтылығын жоғарылату- бұл белгілі дәрежеде тәуекелділікті төмендету шарасы болып табылады. Кез-келген жүйенің сыртқы орта әсерлеріне тұрақтылығы оның әлсіз буынымен анықталады. Ауыл шаруашылығында сондай буын болып климаттық жағдайлар табылады. Осы тәуелділіктің дәрежесі саланың материалдық-техникалық денгейімен, соның ішінде қызмет көрсету бойынша инфрақұрылымның денгейімен анықталады. Өндіріске қызмет көрсету жүйесін құрған кезде көпукладты экономиканы қалыптастырумен шаруашылықты жүргізу ауқымында ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің түрлі еркшеліктері көрініс табатынын есепке алу маңызды. Өз кезегінде шаруашылық жүргізу ауқымының азаюымен қызмет бағытының қысқару беталысы перспективті техникамен технологияны қолдану үшін агроқұрылымдардың қаржылық мүмкіндіктерінің төмендеуі байқалып отыр.

Шаруашылық жүргізудің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы реформалар жылдарында болған өзгерістер келесідей тұжырым жасауға мүкіндік береді. Жаңа нысандар жиі дәстүрлі, бірақ қағидалық шешімдері әртүрлі негізде құрылады:

— кәсіпорынның бөлімшерелінің біріктілігін сақтау және дербестігін  кеңейту;

— жұмыс істейтін кәсіпорындардың негізінде әртүрлі нысандағы жеке өндірістерді толық құру;

— шаруа қожалықтарды (фермерліктерді ) құру.

Өндірістік құрылымдардың өзіндік негізінде әрекет етіп жатқан ауыл шаруашылық кәсіпорындардан бөліктердің жекелену үрдістері ерекше назар аудартады. Осы шешімдердің нәтижесінде, тұрақты технологиялық байланыстардың үзілісі орын алып, өзара толықтырушы қызмет  сфераларының бөлінуінің теріс салдары анықталды.  Нәтижесінде, бұл үрдістер жаңа типтегі кәсіпорындарды құруға немесе кооперация қажеттілігіне алып келеді. Өндірістің кеңейіп жатқан спектрінде ерекше шаруа қожалықтары орынға ие болады (фермерліктер). Бұл нысан жұмысшы мен өндіріс құралдарын максималды жақындату, нарықтық қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызады, бірақ ол көптеген өзара байланысты мәселелерді шешудегі ерекше тәсілдерді қолдануды талап етеді. Шаруа қожалықтары, шағын ауыл тауар өндірушілерге қатысты механикаландырылған және көлік жұмыстарының елеулі бөлігін қымбат энергия сыйымдылықты техника арқылы орындау әрқашан экономикалық тиімді болмайды. Нәтижесінде ірі кәсіпорындарда меншікті күштермен орындалатын көптеген жұмыстар сыртқы кәсіпорындардың қызметтері ретінде жүзеге асырылуы тиіс.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің өзінде көп фермерлер қаржының жетіспеушілігі салдарынан жаңа қымбат техниканы өздігінше сатып ала алмайды. Сондықтан олар белгілі бір жолдармен жабдықтарға кететін шығындардың бөлігін есептен шығаруға ұмтылады. Амортизацияға кеткен шығындарды өтеп, пайда алу үшін жабдық жылына белгілі сағат мөлшерінде пайдалану болуы тиіс, бұл жеке шаруашылық үшін тиімді емес және бірлесіп пайдалануда ғана қол жетерліктей болады.

Ауыл шаруашылығына өндірістік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың бірі жыл бойы жұмыс күшімен энергетикалық ресурстарды қалыпты жұмсау. Көпукладты экономика жағдайында өзара ықпал етуді есепке алмай агроқұрылымдармен машина-технологиялық бекеттердің техникалық жабдықталуын құру әдісі толығымен осы талаптарға сәйкес келмейді. Осыған байланысты ҚазАӨКЭҰҒЗИ ауыл шаруашылық құрылымдар кеңістігіндегі  машина – тракторлық паркті пайдалануды оңтайландыру әдісі әзірленген. Осы әдіске сәйкес машиналарды шаруашылық және потенциалды жүктелуі және оларды анықтау әдістері ұсынылған. Потенциалды тиеу шаруашылықтан жоғары болған жағдайда барлық техникалық құралдарды шаруашылықаралық негізде пайдалану қажет. Осы әдісті пайдаланумен бірге қызмет көрсететін агроқұрылымдардың мамандануына байланысты машина — технологиялық бекеттердің параметрлері мен даму ауқымы белгіленген. (кесте 2).

      Кесте — 2 – Қызмет көрсететін агроқұрылымның жиынтық нормативтік қажеттіліндегі МТБ минималды машиналар паркінің үлесі (%).

 

Машиналар аты

Мамандану аймағы
Астық егу Күріш егу Мақта егу Көп салалы
Барлық бағыттағы тракторлар 15-25 10-33 0-30 30-60
Әмбебап тракторлар 20-30 40 30-35 20-40
Егетін және алқапты өңдейтін машианалар 15-25 10-33 0-30 30-60
Минералды тыңайтқыштарды дайындауға арналған машиналар 100 100 100 100
Әмбебап тиеу құрылғылары 100 100 100 100
Өсімдіктерді зиянкестерден қорғауда қолданылатын химилық құралдарға арналған машиналар 100 100 100 100
Мелиорациялау жұмыстарын мехникаландыруға арналған машиналар 100 100 100
Астық жинайтын комбайндар 10-30 5-15 20-40
Агроқұрылымдардағы жұмыс көлеміне шаққандағы МТБ үлесі, % 3-6 12-20 7-16 19-28

ҚР статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтерінен пайдалану арқылы есептелінген.

Есептеулер көрсетіп отырғандай потенциалды машиналардың мүмкіндіктері шаруашылық жүргізудің жаңа құрылымдары денгейінде әрқашанда жүзеге асырылмайды. Басқаша айтқанда, машиналарды оларды бірлесіп қолдану негізінде әсіресе көп салалы мамандану кеңінен тараған оңтүстік облыстарында тиімді тиеудің нысаналы  алғы шарттары бар.

2 кестеден көріп отырғандай, машина-технологиялық бекеттердің шеңберінде бірге қолданулардың машина паркі параметрлерінің  өндіріс мамандануы зоналары бойынша ауытқып отырады. Солтүстік облыстар жағдайында машиналарды әртүрлі шаруашылықтарда пайдалану жолымен машиналардың тиеуін жоғарлату мүмкіндігі оңтүстікке қарағанда салыстырмалы түрде төмен болады. Мұның өзі механикаландырылған жұмыстардың мерзімі бірдей болатын бір типті шаруашылықтардың басым болуына байланысты. Сондықтан осы облыстарда машина — технологиялық бекеттерді ұйымдастырудан болатын тиімділікті ауыл шаруашылық өндірісінің перспективті технологияларын кешенді ендіруден күтуге болады.

Ұйымдастыру нысандарын таңдаған кезде машиналарды бірге қолдану машиналарды тиеу өсімінен болған үнемнің оларды бірігіп қолдануын ұйымдастыруға кеткен шығындардан жоғары болған жағдайда ғана тиімді болады. Есептеулерге сәйкес ауылдастық көмек нысанындағы бірлесіп пайдалануы қиын жағдайларда қажеттілікттің жоғары денгейін теңестіруге мүкіндік береді. Сонымен жалпы шаруашылықтағы жалпы пайдаланудағы тракторлардың қозғалысына кеткен шығындар осы тракторларды пайдалануда болған үнемнің 4,6-6,3% құрады.

Кесте — 3 – Өсімдік шаруашылығындағы  агросервистік қызмет көрсетудің  материалдық шығындардағы үлесі, %

 

Облыстар аты

Минималды болжамды Нақты  (2006ж.)
Өзгеру шектері Орташа
Ақмола 3-6 4,5 10,4
Ақтөбе 3-6 4,5 0,4
Алматы 12-28 20,0 12,5
Шығыс Қазақстан 3-6 4,5 5,9
Жамбыл 3-28 15,5 17,3
Батыс Қазақстан 3-6 4,5 7,5
Қарағанды 3-6 4,5 3,7
Қызылорда 12-20 16,0 12,2
Костанай 3-6 4,5 5,5
Павлодар 3-6 4,5 4,7
Солтүстік Қазақстан 3-6 4,5 9,4
Оңтүстік Қазақстан 7-28 17,5 32,7
Барлығы 0-28 14,0 9,8
    ҚР статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері негізінде есептелінген.

Сонымен, машина технологиялық бекеттердің шеңберінде машиналарды бірге қолдану және оның мөлшерлері сияқты масштабтар ескертілінген, дәл осылай және өндіріс мамандандыруымен және машиналардың ана бөлімі тек қана тиесілі, қайсыларға алғашқы тауар өндіруші нәтижелі тиеу қамтамасыз етілмейді. Өткізілген зерттеулер нәтижелері көрсетіп отырғандай номенклатура және ауыл шаруашылық құрылымдарының саны мен құрылымы бойынша техниканың басым бөлігі жеке  меншікте аз бөлігі бірлесіп пайдалануда болуы тиіс.

Техникаға меншік түрлерінің нақты арақатынасы оның тиелуіне байланысты анықталады. Қазіргі жағдайда қаржы ресрусртарының шектеулігігі жағдайында машиналардың тиеуімен байланыссыз толық емес меншік қатынастары кеңінен таралуда. Осы жағдайда лизингке өте көп көңіл аударылады. Лизинг  аул шаруашылық тауар өндірушілерге жаңа техниканы  сатып алуға қарағанда қымбатқа түседі. Бірақ олар осы шараға бару мұқтаж, себебі  бірінші жылдары техниканы пайдалану қаржылары оларды сатып алуға қарағанда аз көлемде жұмсалады. Машина технологиялық бекеттер бойынша салыстырмалы көрсеткіштерді пайдалана отырып, жасалған есептеулердің негізінде өсімдік шаруашылығындағы өндірістік қызметтер  ауқымының болжамы ұсынылған  ( кесте  3 ).

Машина–технологиялық бекеттерден басқа машиналарды бірге қолданудың қызмет көрсету, машиналарды айырбастау, бірлесіп иелену түрінде қолдануға болады. Шаруа қожалықтарындағы машиналарды бірлесіп пайдалану үлесі жақын болашақта ауыл шаруашылық кәсіпорындар бойынша мәліметтерден жоғары болады. Себебі осы шаруашылықтарда көбінесе машиналарды пайдаланудың оңтайлы алқаптары сақталмайды. Осы жағдайда қайта құрылған кәсіпорын территориясында әрекет ететін шаруа қожалықтарымен қызмет көрсету бойынша ішкі шаруашылық бөлімшелер кооперативтерін құру аса маңызды. Оларды ұйымдастырған кезде негізгі құралдардың иесі жеке немесе кооперативте бірінші тауар өндіруші болуы тиіс.

Келтірілген мәліметтерден көрініп отырғандай, аграрлық салаға өндірістік қызмет көрсету қажетті дәрежеде дамымаған. Облыстардың көбінде және бүкіл республика бойынша минималды қажетті денгейге қол жеткізілмеген..

Пайдаланылған әдебиеттер мен басылымдар

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Егемен Қазақстан, 7 ақпан 2008 жыл.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ