Физикалық химия курсынан «Химиянылық кинетика және катализ» тақырыбы бойынша оқыту және бақылау бағдарламаларын құрастыру

0

Жоғары кәсіби білім берудің басты мақсаты қазіргі кезеңдегі ғылым мен техника саласына қажетті білімді, білікті маман дайындау болып табылады. Соған орай, жан – жақты дамыған түлектер біліктілігі білім беру стандартының талабына сай дайындалуы тиіс.

Білім беру стандартында түлектер дайындау бағыты осы талапқа сәйкес мазмұны, әдістері, оқыту және бақылау тәсілдері негізінде жүргізіледі. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде ақпараттық технологияны құрастырып қолдану түлектердің дайындық деңгейінің мемлекеттік стандарт талабына сай екендігін көрсетеді (8).

            Жеке адамның творчестволық потенциалын мобильдеу және оқу процесін жетілдіру үшін танымал процестерге нұсқау болатын ғылыми дәлелденген әдістерді зерттеп дайындап енгізу қажет.

            Оқыту қарқындылығын дамыту келесі жетілдіру жолдарымен, яғни оқу материалының мазмұнымен іске асады. Оқыту әдістерін жетілдірудің ең негізгі әдісі – жаңа ақпараттық оқыту технологиясын қолдану болып табылады.

«Компьютерлік буынның» бірте – бірте қалыптасуы, яғни жастар үшін компьютерлік техниканың өнеркәсіпте болсын, басқа да сферада болсын әртүрлі мәселелерді шешуге қолданылуы үйреншікті құралы болатынын көрсетеді. Компьютер әр пән бойынша білім меңгеруін жеңілдететін, оқыту процесінің қызықтылығы мен қөрнектілігін қамтамасыз ететін эффективті құралға айналады.

            Сонымен қатар, студенттің оқу материалын меңгеру дәрежесін арттыруы, оқыту және бақылауды өздігінше іске асыруы білім беруде шешілетін мәселенің бірі.

            Қазіргі кезеңдегі бағдарламалық оқыту комплекстері педагогикалық мамандар санын арттырмай, білікті және білімді мамандарды жаппай түрде дайындауда жекешелендіру мәселесін шешеді (2).

            Оқыту және бақылау бағдарламалары білім берудің электронды басылымының негізгі компоненті болып табылады. Бұл бағдарламалар жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде құрастырылып, кәсіби мамандардың білім беру стандартының пән мазмұнына толық сәйкес болуы қажет. Сонымен бірге, оқыту және бақылау бағдарламалары оқыту процесінің дидактикалық циклінің толықтығын және үздіксіз болуын қамтамасыздандыруы тиіс.

            Осы мәселеге байланысты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің химия және информатика кафедрасы оқытушылары қатысуымен физикалық химия курсының жеке бөлімдері (электрохимия, химиялық кинетика және катализ, химиялық тепе-теңдік) бойынша студентерге арналған оқыту және бақылау бағдарламалары құрастырылды.

            Бағдарламаның оқыту бөлімі көрнекілік үшін формуламен, сызбанұсқа және графикпен берілген тексті формадағы теориялық материалды қысқаша баяндауға негізделген.

            Студент өздігінше берілген бөлімнің теориялық материалын оқып үйренеді, кейін білімін тексеру ретінде он сұраққа жауап береді (әр сұраққа бір минуттан беріледі).

8-10 сұраққа дұрыс жауаптан кейін тақырыпқа сай бақылау жұмысын орындауға рұқсат етіледі. Бақылау жұмысы 3 вариантты 20 тест тапсырмасынан тұрады. Құрастырылған тестің негізгі сипаттамасы – бағдарламалық валидтілік, яғни бұл тест сұрақтары аталған бөлімінің негізгі элементтерін толығымен қамтиды (3).

            Тесттің критерийлік бағытталуы білім мен біліктілікті тексеретін үш негізгі деңгейден тұратын тапсырмаларды құрайды:

I деңгей – танып білу, білімді еске түсіру;

II деңгей – стандартты немесе таныс жағдайда білім мен біліктілікті қолдану;

III деңгей – жаңа жағдайда білім мен біліктілікті қолдану, білім мен біліктілікті творчествалық қолдану (4).

            Тестті дайындау әдістемесіне лайықты тапсырманың негізгі бөлігі I және II деңгей сұрақтарына негізделген. Бұл деңгейдегі тапсырмалар студентер білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес келеді және әр тапсырма білімнің бір элементін тексереді. Берілген бес жауаптың ішінде біреуі дұрыс(5).

            Бағдарламаның бақылау бөлімі компьютер арқылы баға қоюмен аяқталады – 85% дұрыс жауабы – «өте жақсы», 85-60% — «жақсы», 60-40% – «қанағаттанарлық», 40% — төмен «қанағаттанарлықсыз». Оның әр бөлімі өзіндік бірлігі ретінде қарастырылуы мүмкін.

            Аталған бағдарлама жаратылыстану — педагогикалық факультетінің ХР – 21 тобы және агротехникалық факультетінің «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы студенттеріне қолданылды. Бағдарлама жұмысы әрі қарай жалғастырылуда.

            Осы кезеңде істелген жұмыстар бойынша келесі қортындылар жасауға болады:

  • ЭЕМ көмегімен диалог жүйесінде студенттерді оқыту және бақылау барысында оқытуға деген қызығушылық артады.
  • ЭЕМ бақылау кезіндегі негізгі құндылығы студентке деген «ұстамдылық», «сабырлылық» және «достық» қарым-қатынасымен байқалады.
  • оқу процесіне оқыту және бақылау бағдарламаларын енгізу қазіргі кезеңдегі жоғарғы оқу орны оқытушылары алдында тұрған ең маңызды мәселені шешуге мүмкіндік береді, яғни студенттің білім негіздерін меңгеру әдістері мен механизмдерін ойдағыдай игеріп, оқыту іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру.

Сондықтан, студенттерді дайындау барысындағы ЭЕМ қолдану тәжірибесіне сай компьютеризация дегеніміз білім сапасын және мамандандыру деңгейін арттыру, жоғары білімді жетілдіру жолдарының бірі болып табылады.

Әдебиеттер:

  1. Сергеев Т.А. Об использовании персональных ЭВМ в обучении химии. Химия в школе. 1985г. №5.
  2. Гоголевская Н.И., Цветкова О.Н. Обучающий контроль знаний с использованием ЭВМ. Химия в школе 1993г.
  3. Лагутина Н.Н. Тест как инструмент измерение уровня знаний. Химия в школе 1998 №
  4. Каманова А.К. Разработка тестовых заданий для студентов. Тараз 1998г.
  5. Нуртаева Г.К. Теоретико-методические основы технологии обучение в системе вузовского химического образования. Алматы 1997г.
  6. Дженинг Роджер. Руководство разработчики баз данных на Visuol Basic
  7. Абдраимова Д.И.,Бидайбекова Е.Ы.,Гриншкун.,В.В.,Камалова Г.Б. Теоретико-
  8. методологичекие основы разработки, мониторинга качества и экспериментальной апробации компьютерных учебно – методических комплексов нового поколения. Алматы.2005.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ