Ағылшын тілін деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы арқылы оқытудың тиімділігі

0

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістердің әсерінен қоғамда  ағылшын тілінің рөлі өзгерді. Ағылшын тілі – жаңару тілі. Ол қарапайым оқу пәнінен заманауи білім беру жүйесінің негізгі элементіне айналды. Сол себепті де ағылшын тілін жетік меңгеру, ол тілде жақсы сөйлей білу, жаңару көшіне ілесу деген сөз. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды. Заман талабына сай шетел тілін жаңа технологиялармен оқыту қазіргі күннің басты талаптарының бірі болып тұр [1].

Қазіргі кезде 50–ден артық педагогикалық технологиялар бар. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б. Беспалько, В.В. Данилов, В.К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі – тəжірибемен жүзеге асуы (Е.Н. Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталов жəне т.б.)

Сондай-ақ ағылшын тілінде деңгейлеп оқыту технологиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану –сабақтың білім сапасын көтерудің маңызды факторларының бірі болып, тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр.

Ж. Қараев және Б. Кобдикованың еңбектерінде деңгейлік оқыту әдістемесі туралы айтылған. Бүгінгі таңда Ж. Қараевтің оқытуды дербестендіру мен деңгейлік дифференциалдау технологиясы пәнге деген қызығушылықты арттыратын технология ретінде танылды [7].

Өзге тілді аудиторияда жаңашаландырып жаңғырта оқытудың деңгейлік әдістемесінің негізін қалаған профессор Қ. Қадашеваның зерттеуінде де жаңалықтар өте көп берілген. Ғалым еңбегінде тіл үйретудің ішкі деңгейлері мен «Фонетикалық тамшылар» әдісі – тиімділігімен тәжірибеде кең таралып кеткен тіл үйретудің оңтайлы жолы болып саналады [4].

  Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай :
а) тіл үйренушінің  оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;
ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;
б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;
в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;
г) дамыта оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты үйренушінің  оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді [2].
Деңгейлеп, саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі:
— жеке құрылымдарға бағдар беру;
— білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы [6].
Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясының мақсаты –әр  үйренушіні қабілетіне, өзіндік ерекшелігіне, мүмкіндігіне қарай топтастырып оқыту.  Оқытуды түрлі топтарына, білім деңгейлеріне, қабілеттіліктеріне,  өзіндік ерекшеліктеріне қарай бейімдеу, ыңғайлау, берілген тапсырманың саралануы. Бұл технологияның ерекшелігі – тіл үйренушінің тіл үйренуге  деген ынтасын, қызығушылығын, деңгейлік тапсырмалар арқылы дарындылығын арттыру [3].

Деңгейлеп оқытудың маңыздылығы:

  • тіл үйренушілердің барлығы жұмыс жасайды;
  • бос отырған үйренуші болмайды;
  • өздігінше жұмыс жасау дағдысы қалыптасады;
  • тіл үйренуге деген қызығушылығы арта түседі;
  • сабақ барысында тіл үйренуге деген белсенділігі арта түседі.
  • Деңгейлеп оқытудағы нәтиже:

Өз бетімен ізденіп, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре алатын, өз қателерімен жұмыс жасай алатын тұлға тәрбиелеу;

Үйренушінің алдына қойған мақсатына жете алатын тұлғаны жетілдіру;

Үйренушінің өз деңгейін біліп қана қоймай, оны әрі қарай дамыта алуы [5].

Бұл деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады:
I – деңгейдегі тапсырмаларға:
1) жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
3) тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;
II – деңгейдегі тапсырмаларға :
1) өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар.  Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.
2) үйренушінің ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар : логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
III – деңгейдегі тапсырмаларға :
1) танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында тіл үйренушілер жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс;
2) өз ісіне талдау жасай білуі, білімді жаңа жағдаймен пайдалана алуы қажет;

3) эвристикалық (танымдық-іздену) түріндегі жұмыстарды мұғалім көмегімен өздері орындайды.
IV –  деңгейдегі тапсырмаларға:

Бұл сатыға өз бетімен жұмыс жасай алатын, ұшқыр ойлы үйренушілер көтеріле алады.
1) үйренуші өз бетімен эссе жазуы қажет;

2) мәтін кейіпкерлеріне хат жаза алуы тиіс;
3) олимпиадалық тапсырмаларды орындау;

         Демек, бұл тапсырмалар – үйренушінің біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады [6].

Сабақ барысында грамматикалық тапсырмаларды орындауда, өтілген сабақты еске түсіргенде, үйге берілген тапсырмаларды сұрағанда сонымен қатар жаңа сөздермен жұмыс жасағанда түрлі ойындар, жарыс сабақтарын ұйымдастыруға болады. Сондай сабақтардың бірі төменде берілген.

Қорыта келгенде, ағылшын тілін аудиторияда деңгейлеп оқытудың негізгі мақсаты – күнделікті өмірде пікірлесім түрлеріне еркін араласып, сөйлеу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл тазалығын сақтау, үйренушінің өз бетімен білім алуы, ізденуі болып табылады.

1-топ. Бастапқы деңгей (Beginner).

Сабақтың тақырыбы: My family.

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Тo have етістігі.

Сабақтың максаты:

грамматикалық:  тіл үйренушілерге «Тo have» етістігі жайлы білім беру;

лексикалық: тіл үйренушілердің сөздік қорын тексере отырып, жаңа сөздермен жұмыс жасай отырып, сөздік қорларын байыту;   

дамытушылық: тіл үйренушілердің ағылшын тілін үйренуге деген құштарлығын  дамыту.

Сабақтың түрі: практикалық.

Сабақтың барысы:      

 Ұйымдастыру кезеңі: T.    Hello dear students. How are you?

  1. Hi teacher. We are fine thank you. And you?
  2. I’m fine thank you. Let’s begin our lesson. Are you ready?
  3. Yes we are ready.

Phonetic Drill

The thirty three thieves thought that they

Thrilled the throne throughout ht Thursday

Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен сабақта жаттауға берілген сөздерді сөзжұмбақ шешу арқылы сұрау. Диалог тексеру.

Жаңа сабақ

 To have етістігінің жіктелуі

Affirmative form                    Interrogative form      Negative form

I have a family                          Have I a family?           I have not a family

You have a family                    Have you a family?       You have not a family

She has a family                       Has she a family?          She has not a family

He has a family                         Has he a family?            He has not a family

Жаңа сабақты пысықтауға арналған жаттығулар.

1.Complete with ‘has’, ‘have’                      2.Complete with ‘has’, ‘havе

1.Santa Claus  ……  a long white beard.      1.My dogs …….. funny names.

2.Mary and Bill ……. a beautiful house.      2.My parents ……. a lot of  brothers and sisters.

3.This sock …….. a hole.                              3.This house  ……  a wonderful garden.

4.I  ………  a big family.                               4.I  ………a new computer.

5.Snoopy  …….  black ears.                           5.You  ……. a fantastic jacket!

6.My teacher …….green eyes.                       6.Mariah Carey …….. an amazing voice.

7.Shakira  ………  long blond hair.                7.Pinocchio ……….. a very long nose.

8.You and Ann ……… a pretty bedroom.

 

  1. Мәтінмен жұмыс.

My Family

I am Zhilin Andrey. Andrey is my name and Zhilin is my surname. I am seventeen years old. I want to tell you a few words about my family. My family is not large. I have got mother, father and grandmother. There are four of us in the family. First of all some words about my parents. My mother is a teacher of biology. She works in a school. She likes her profession. She is a good-looking woman with brown hair. She is 44 but she looks much younger. My father is programmer. He is forty-six. My father often sings and when we are at home and have some free time I play guitar and we sing together. He is also handy with many things. When he was small he liked to take everything to pieces. My grandmother told me a story that once my father tried to repair their kitchen clock but without success. They had to give it to a repairman. But it happened a long time ago. Now he can fix almost everything.  My parents are hard working people. My mother keeps house and takes care of my father and me. She is very good at cooking. My grandmother is a pensioner. She lives with us and helps to run the house. She is fond of knitting.  I want to become a student. I’d like to learn foreign languages. I always try to be in a good mood. We have got a lot of relatives.

  1. Лондонға саяхат ойыны. Топты екіге бөліңіз. Әр топқа бір-бір автобус беріңіз. Автобусқа топ мүшелерінің өздері ат қояды. Мысалы, ‘We are always winners’, ‘We are the best’ т.с.с. Үйренушілер Лондонға автобуспен аттанады. Олар әр елге келген кезде бір топ мүшесі көліктен түсіп аялдамадан билет алады. Әр билеттің артында «Менің отбасым» мәтіні бойынша сұрақтар жазылған, сол сұрақтарға жауап берген үйренушінің көлігі әрі қарай саяхатын жалғастырады. Келесі аялдамада келесі үйренуші сұрақтарға жауап береді осылай ойын жалғасады. Ал, үйренуші сұраққа жауап бере алмаса оның көлігі әрі қарай жүрмей қалады да, келесі үйренуші сұраққа жауап береді. Осылай сұрақтардың барлығы толық және жылдам жауап берген топ Лондонға тез жетіп келеді де жеңімпаз болады. Ойын сұрақтары:
  2. What is your name? 1. Have you got a family?
  3. 2. What is your mother? 2. What is your father?
  4. 3. Do you have your sisters or brothers? What do you do?
  5. 4. Is your family large? 4. How old are you?
  6. 5. How old is your mother? 5. How old is your father?
  7. 6. Do you have relatives? 6. What is your hobby?

Қорытынды

3.Choose the correct answer

1.Have you got two eyes?                      5.Have you got a head?

Yes, I have                                       Yes, I have

No, I haven’t                                    No, I haven’t

2.Have you got four legs?                     6.Have you got ten fingers?

Yes, I have                                       Yes, I have

No, I haven’t                                    No, I haven’t

3.Have you got two mouths?                 7.Have you got ten feet?

Yes, I have                                       Yes, I have

No, I haven’t                                    No, I haven’t

4.Have you got two hands?                 8.Have you got ten toes?

Yes, I have                                       Yes, I have

No, I haven’t                                    No, I haven’t

Үйге тапсырма

1.Өз отбасыларыңыз жайлы қысқаша 10 сөйлемнен тұратын әңгіме жазып келіңіз.

  1. «To have» етістігін қолданып 3 болымды, 3сұраулы сөйлем жасаңыз.

        Резюме

В этой статье рассматривается эффективность и отличие технологии уровневого обучения иностранному языку.

Summary

This work considered the superiorities and differences using editing-level technologies in teaching English.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технлогия // Қазақстан мектебі. – 2001. — №2. – б.8-13.
  2. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии. — М., 1995.
  3. Бітібаева Қ. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. — Алматы, 1999.
  4. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы. Алматы, 2002№
  5. Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. – М.: Знание, 1989. – 80 с.
  6. Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр. Пед. соч. в 2-х томах. -М.:Педагогика, 1982.
  7. Монахов В.М. Проектирование и внедрение новых технологий обучения // Советская педагогика. – 1990. – № 7. – С. 17-23.
  8. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік коммуникация негіздері. — Алматы.: РБК, 1995.-252 6.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ