Жеткіншектік кезеңдегі мінез-құлық акцентуациясын диагностикалау жолдары

0

Балалар дамуындағы жас кезеңдерінің ерекшеліктерін ескеру — мектеп психологиялық  қызметінің  алдында тұрған  күрделі   проблемалардың  бірі. Өйткені, мектепте оқитын шағында балалар өмірінде ерекше орын алатын жеткіншек жасында ағзада қайта құру процестері жүреді. Психолог оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға дер кезінде қажетті психологиялық көмек көрсетуі керек. Мектеп психологтарының осы салада жүргізетін жұмыс мазмұнын анықтау үшін жеткіншек жас кезеңінің ерекшеліктерін және әр баланың өзінің алдында тұрған қиындықтарды зерттеп, мән-мағынасына толық түсініп алуы қажет.

Жеткіншек жасындағы балалардың жас ерекшеліктерінің психологиялық негіздерін зерттеушілер Р.Байярд, Д.Байярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, Л.С.Выготский, П.М.Якобсон, И.С.Кон т.б. осы кезеңде бала ағзасында болатын көптеген физиологиялық процестер олардың   жан   қасиеттеріне   күрделі   әсерін   тигізетінін   дәлелдеген.

Психологиялық қызметті ұйымдастыру үлгілері және балаларды зерттеуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер жүйесі қазіргі кезде жан-жақты зерттелінуде. Оның негізін құрушылар И.В.Дубровина, З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова,  А.С.Овчинников, И.О.Татур, М.Р.Битянова, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, В.Г.Гильбух, Е.И.Рогов, Р.Римский, С.Римская т.б. ғалымдар өз еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызметтің моделі, мектегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізуде пайдаланылатын әдістемелері анықтаған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектептің психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жүр. Сонымен қатар, әр жас кезеңінің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Жеткіншек жас кезеңі психолог қызметінде ерекше орын алатындығы дәлелденген.

 Жеткіншек жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген аттармен аталып, осы кезде балалардың ересектіккке өтуіндегі проблемалары көрсетіледі. Бұл проблемалардың барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу процестерімен байланысты. Мектеп психологтары осы қиындықтардың теориялық негіздеріне қанық болғанымен, әр баланың алдында тұрған проблемаларды ескере отырып, оларға дәл және тиімді көмек көрсетуге, әр баланың проблемасының ерекшеліктеріне толық түсінуге негіз болатын қазақ тіліндегі оқулықтар мен әдістемелік құралдардың тапшылықтары қосымша кедергі болып отыр. Сондықтан әр психолог жұмысқа даярлықты өзінің шамасы келгенінше толық қамтуға тырысуы керек.

Жеткіншек жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген аттармен аталып, осы кезде балалардың ересектікке өтуіндегі проблемалары көрсетіледі. Бұл проблемалардың барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу процестерімен байланысты. Мектеп психологтары жеткіншектердің жас ерекшеліктерінің теориялық негіздерін жан-жақты білуі, осы жас кезеңін зерттеген психологтар еңбектерін талдауы олардың әр бала проблемасының ерекшеліктеріне толық түсінуін қамтамасыз етеді және осы қиындықтарды шешуге көмек көрсетуге даярлықтан өтудің бірінші жолы.

            Жеткіншек жас кезеңінде орын алатын проблемалардың себептері:

А)    Дисгармониялық    отбасы    —    ол    психологиялық    үйлеспеудің    түрлі варианттарын кіргізеді: отбасындағы белгілі бір мүшелерінің біреуінің жүйке-психикалық ауытқуы, не химиялық бағыныштылықта болуы мүмкін; отбасыдағы негізгі мәселе -сол отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы болып табылатын дисгармониялық отбасылар: әдебиеттерде дисгармониялық семьялардың түрлі типтері көрсетілген: гармониялық емес, дестругенді, құлап бара жатқан және құлаған отбасылар сонымен бірге сырт көзге күшті болып көрінетін отбасылар.

Б) Соматикалық аурулар және ауыр жарақаттар. Хроникалық — соматикалық аурулар дұрыс емес тәрбиеге байланысты жеткіншектерде «толық емес» сезімді болдыруы мүмкін.

В) Жеткіншектік қатарларымен дұрыс қатынас жасамауы, қатарластарымен дұрыс достық қатынасты құра алмау, оларда даралық аномалды дамуды туғызады.

         Жеткіншек жас кезңіндегілердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуге арналган әдістемелерді жасағандар Леонгард, Шмишек, Личко, V Собчик, Калинский, Басса-Дарки, Хоменстаускас т.б. Сонымен қатар проективтік әдістемелердің барлығы осы жас кезеңіндегі балалардың проблемаларын анықтауға үлкен үлесін қосады. Жинақталған әдістемелер көмегімен жеткіншектердің жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу барысында 7-8 сынып оқушыларының акцентуациясын Бұл зерттеу анықталған ретпен жүргізіледі, сондықтан педагогикалық тәжірибе барысында барлық жетінші сыныптар оқушыларын түгел зерттеуден өткізіп, проблемасы бар топтарға және жеке оқушыларда дер кезінде психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар салыстырмалы материалдар алу үшін үшінші және оныншы сыныптарда мазасыздану деңгейлерін анықтауға арналған пиктограмма әдістемесін жүргіздік. Нәтижесінде мектептегі барлық сынып оқушыларының ішінде жетінші сынып оқушыларының акцентуациясы өте жоғары болып табылды.

            Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу барысында олардың акцентуациясы, мазасыздануы, агрессиясы тағы басқа топішілік қатынасқа әсерін тигізетін ерекшеліктерін анықтаудан бастадык. Жекелік қасиеттерін бағалау нәтижесінде балалардың үштен бірінің акцентуациясы және агрессиясы нормадан жоғары екенін анықтадық. Зерттеулер нәтижесінде оқушылардың мектепішілік қарым қатынас барысындағы барлық қиындықтары өзіне эгоцентризм, өзін өте жоғары бағалауы немесе, керісінше, өзіне сенбеушілік пен мазасыздануы, өзін төмен бағалаумен байланысты екен. Сондықтанда оқушыларды бір коррекциялық топқа біріктіріп, коррекциялық жұмысты келесі бағыттар бойынша жүргізуді ұсындық:

  • Оқу дағдыларын қалыптастыру машықтарын жүргізу.
  • Баланың өзін-өзі бағалауын адекваттыққа жақындату.

Осы мақсатпен баланың өзіндік бағалауын реттеу, көпнәрсе қолынан келетінін  дәлелдеу   мақсатында  оның  әрекеттерін   ұйымдастыру.   Баланың отбасы және қатарластары арасындағы қарым қатынасына кедергі болып отырған кейбір мінез көріністерін реттеуге арналған ойын коррекцияларын V ұйымдастыру жұмыстарын арнайы психологиялық ойындарды іріктеп алып, оларды зерттелінушілердің оң қасиеттерін нығайту үшін қолдандық. Жүргізілген коррекциялық жұмыс үш аптадан кейін оң нәтиже бере бастады. Нәтижелерін пысықтап, бекіту үшін нормадан ауытқулары басқалардан асық болған тоғыз оқушының ата-аналарымён психологиялык кеңес беру жұмысы жүргізілді.

 Ата-аналарға келесі кеңестер берілді:

  • Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып баланың намысына тиетін катты сын айтпай, тиым салғанда ол не үшін жасалып жатқанын, түсіндіріп, ұрыспай тіл табысу. Ата-аналар мен мұғалімдер мазасыздануы жоғары және сезімтал балалардың эмоционалды күйін үлкен шыдамдылықпен қабылдап, қажет болғанда оларға көмек көрсетіу керек.
  • Жеткіншектік кезеңдегілердің өмірі драмалық уайымдауларға, қиындықтар мен кризистерге толы екендіктен олардың осы диспропорциялану кезеңінен жаны күзелмей шығуына көмектесу қажет. Бұл жаста адам өзінің физикалық ерекшелегіне көбірек көңіл бөле бастайды, айналадағылардың көзқарасына деген реациясы күшейе түседі, тез өкпелеу басым болады. Сондықтан баланың «еркеліктерін», «жағымсыз мінез стереотиптерін» біраз уақыт көтеріп, оларға үлкендер қандай болуы керек екенінің оң үлгісін көрсетудің маңызы өте үлкен екенін түсіндіру қажет.

Әдебиеттер тізімі.

  1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
  2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.
  3. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М, 1981.
  4. Бектенгатаева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру. Алматы, 2003.
  5. БитяноваМ.Р. Практическая психология. М., 1997.

Резюме

В статье даются диагностические методики акцентуации характера подростков.

In this article to have diagnostical methools of tenagers. The ways and methools their corrections, works in school.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ