Спортшының дене қабілетінің даярлығыСпортшының дене қабілетінің даярлығы

0

Спорттық жаттықтырудың аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын дене қабілеті даярлығы қимыл-қозғалыс қабілеттерін – күшті, жылдамдықты, төзімділікті, икемділікті, координациялық қабілеттерді дамытуға бағытталған. Спортшылардың дене қабілеті даярлығы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Кейбір мамандар сонымен қатар қосалқы даярлықты бөліп көрсетуді ұсынады [1, 2, 3, 4].

Жалпы дене қабілеті даярлығының ұтымды ұйымдастырылған процесі алуан түрлі қимыл-қозғалыс қабілеттерінің жан-жақты және бір мезгілде пропорционалды дамуына бағытталған. Дене қабілеті даярлығының жоғарғы көрсеткіштері дене қабілеттерін дамыту, спортшылардың даярлығының өзге қырларын – техникалық, тактикалық, психологиялық даярлықты жетілдірумен тиімді жұмыс істеу үшін функционалдық іргетас болып қызмет атқарады.

Жалпы дене қабілеті даярлығының нәтижесінде спортшы иемденген функционалдық потенциал спорттың қандай да болсын түрінде табысты жетілу үшін қажетті алғышарт қана болып табылады, бірақ өздігінен өзі, мақсатты бағытталған арнайы дене қабілеті даярлығынсыз жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ете алмайды.

Қосалқы дене қабілеті даярлығы жалпы дене қабілеті даярлығының негізінде құрылады және спортшының арнайы қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстың үлкен көлемін тиімді орындау үшін қажетті арнайы негіз жасап береді. Осындай даярлық әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктерінің артуына ықпал етеді. Бұл кезде жүйке-бұлшық ет координациясы жақсарады, спортшылардың үлкен күш түсулерді бастан өткеруге және олардан кейін тиімді түрде қалпына келу қабілеттері жетілдіріле түседі.

Арнайы дене дене қабілеті даярлығы қатаң түрде нақтылы спорт түрінің спецификасы, болады деп күтілетін жарыс әрекетінің ерекшеліктері қоятын талаптарға сәйкес, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған. Спортшылардың арнайы дене қабілеті даярлығы процесін ұйымдастырған кезде осындай спецификалы талаптарды үнемі назарда ұстап отыру қажет. Жекелей алатын болсақ, жарыс әрекетінде негізгі күш түсуге ұшырайтын бұлшық еттер топтары мен олардың антагонистері басым әсер етуге ұшырап отыруға тиіс.

Алайда бұл істе тек қана тиісті бұлшық ет топтарына әсер етумен шектеліп қалуға болмайды. Дене қабілеттерін дамытқан кезде өздерінің динамикалық және кинематикалық сипаттамалары бойынша белгілі бір дәрежеде жарыс әрекетінің негізгі элементтеріне сәйкес келетін жаттығуларды іріктеп алу қажет.

Жекелеген қимыл-қозғалыс қабілеттерінің алуан түрлі көріністерінің саны орасан зор болғандықтан, олардың әрқайсысын жетілдіру де дифференциацияланған әдістемені қажет етеді. Спорттық ойындарда қарсыластың күтпеген әрекеттеріне жылдам жауап қайтару, жекелеген техникалық тәсілдерді орындаған кезде жоғары жылдамдық қабілеттерін көрсету, жылдам бағыт-бағдар алу, шешім қабылдау, орын ауыстыру, уақыттың қатаң тапшылығы, қарсыластар тарапынан кедергілер болуы, серіктерімен және қарсыластармен күрделі топтық өзара әрекеттесу жағдайларында шабуылдаушы және қорғанушы әрекеттерді қабылдау қажеттігі жиі туындап отырады.

Дене қабілеті даярлығы әдістемесіне дифференциацияланған тұрғыдан қарау спорттың әр түрлеріне де, алуан түрлі қимыл-қозғалыс қабілеттеріне – жылдамдыққа және күшке, төзімділікке, икемділікке, сонымен қатар координациялық қабілеттерге де қатысты қажет болады.

Спорттық жаттығудың аса маңызды қырларының бірі адамның қимыл-қозғалыс қабілеттері мен қасиеттерінің: жылдамдық, күш, координациялық қасиеттерінің, төзімділік пен икемділіктің дамуымен қатынаста болып келеді. Қазіргі уақытта осылардың негізінде спортшылардың дене қабілеті даярлығының деңгейі жатқан, жұмысқа қабілеттілік механизмдері туралы танымдар айтарлықтай кеңейіп, тереңдей түсті. Жаттығуда және жарыста күш түсуді зерттеу нәтижелері мамандарға бұл проблемаларға спортшылардың қандай жаттығуларды орындайтындығын және олардың неге әсер ететіндігін ескере отырып қарауға мүмкіндік берді. Мысалы, қысқа қашықтықтарға жаттыға отырып, спринтші нені жетілдіреді, немесе топта шабуылдаушы және қорғанушы жаттығуларды орындайтын хоккейші нені жетілдіреді және т.с. зерттеулер даярлықтың қандай да бір қырын таза таңдамалы жетілдірудің көп жағдайларда мүлдем жоқ екендігін растап отыр. Жаттығу сабақтарында бір мезгілде даярлықтың көптеген қырларының, оның ішінде дене қабілеті даярлығының жетілдірілуіне әсер етіледі. Сондықтан дене қабілеті даярлығының мазмұнын толығырақ түсіну және қолайлылық үшін шартты түрде оны жекелеген қимыл-қозғалыс дене (қозғалыс) қабілеттерін: жылдамдық, күш қабілеттерін, төзімділікті, икемділік пен ептілікті (координациялық қабілеттерді) жетілдіру мәселелеріне бөлу қабылданған. Осындай бөліну сонымен қатар дене қабілеті жаттықтыруларының ең кең таралған жіктемелерінің оларды дене қабілеттеріне қойылатын басым талаптар мен кейбір қосымша белгілер бойынша топтастыруға негізделгендігімен де түсіндіріледі.

Бұл ретте жекелеген дене қабілеті қасиеттері ең тиімдірек жетілетін белгілі бір жағдайлар да бар екендігі атап көрсетіледі. Мұнда маңызды рөлді  бұлшық ет қызметінің организмнің энергетикалық ресурстарының басым күш түсетін ағзалар мен ұлпаларға шоғырлануына және таңдамалы қайта бөлінуіне, пластикалық процестердің реттелуіне және организмнің қарқынды бұлшық ет қызметіне, әрекетіне ұзақ мерзімді бейімделуінің құрылымдық негізін қалыптастыруға ықпал ететін гормондық ретке келуін қайта құру ойнайды.

Дене қасиеттеріне теориялық қарау спорттық ғылым мен спорттық практикадағы көптеген ашық мәселелерді көрсетеді. Дене қасиеттеріне іріктеуде, спорттық бағдар алу мен мамандануда орталық орын бөлінетіндігіне қарамастан, біржақты қараудан бойды аулақ ұстаған жөн.

Дене қасиеттерін бағалау жас ойыншының жалпы потенциалдарын бағалау мен болжаудың ажырамастай бөлігі болып табылғанда ғана оптималды болып табылады. Белгілі бір дене қасиеттерінің негізгі бағалаулары көбінесе ойындардың эволюциясымен, сонымен қатар дәлелсіз асыра бағалаулармен және арнайы жаттығудың жекелеген үлгілерімен әуестеніп кетумен байланыстырылып отырды. Мысалы, күшті арттыру мақсатында штангамен жасалатын жаттығуларда адекватты емес (жоғары) күш түсірулер беріліп отырды. өзге теріс әсерлер кезінде ойыншы өзінің икемділігін нашарлатып алды, ал жылдамдық қасиеттерін дамыту бойынша жеткіліксіз жұмыс істеу жарылыс күшінің тұрақтануына ықпал етті және техникалық дағдылардың жетілдірілуін күрделендіре түсті. Бұрынырақта орын алған, техникаға біржақты акцент жасау, екі команда ойыншыларының «тең» техникасы кезінде дене қабілеттерінің даярлығы жақсырақ болған қарсылас жеңіп шығатындығы түсінікті болғанда орнынан қозғала бастады. Даярлау кезінде күшті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады, алайда жуық арада техникалық және күш даярлығы тең екі команда кездескен кезде жылдамырақ ойыншылары бар және жылдамырақ ойнайтын команда жеңіп шығатыны анықталды. Сондықтан қазіргі заманның жаттықтырушысы әрбір дене қабілеті қасиетін оқшау емес, басқа қасиеттермен өзара байланыста қарастыруға тиіс.

Әдебиетте және практикада дене қабілеті қасиеттерінің айтарлықтай саны қолданылады, мұның өзі қазіргі бар жіктемелердің әрқайсысын тым үлкен етіп жіберуде. Осылардың барлығына да қарамастан, жіктемелер жеткіліксіз болып қалуда, өйткені спорттың барлық түрлері үшін спецификалы талаптардың барлығын қамти алмай отыр.

Негізгі дене және қозғалыс қасиеттері деп біз барлық спорт ойындарының ажырамас бөлігі ретіндегі жылдамдықты, күшті, жылдамдық-күш көріністерін, осы қасиеттің үшеуі де әртүрлі және өзгеріп отыратын құрамдас бөліктер ретінде көрініс табатын қимылдарды орындау үшін қажетті шарт болып табылатындықтан, қимыл әрекеттеріндегі ептілік пен координацияны, сонымен қатар төзімділікті түсінеміз. В.С.Фарфельдің  пікірімен келісіп, төзімділік шын мәнісінде уақыт функциясындағы жылдамдық немесе күш болып қана табылатындықтан, екі қасиетті ғана: жылдамдық пен күшті бөліп көрсетуге де болады. Дәл сол кезде өзге дене қасиеттері, икемділік, ептілік және басқалары әлде негізгі дене қасиеттерінің туындылары, әлде негізгі дене қасиеттерінің кешендері болып табылады, әлде мүлдем дене қасиеттеріне емес, нейрофизикалық қасиеттерге (мысалы, қозғалысты үйлестіру) жатады деген пікір онша ақталмаған болып отыр. В.К.Бальсевичтің [5] және басқа да авторлардың мәліметтері, әсіресе шұғылданушылардың соматикалық типін және даму нұсқасын ескере отырып,  нақтылы қасиетті бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін, жоғары ақпаратты тесттердің бар екендігін көрсетіп берді.

Біз дене қабілеттерін тәрбиелеудің қазіргі теориясы мен әдісінде қабылданған терминологияны ұстанамыз. «Дене қасиеттері» және «қимыл қасиеттері» терминдерін маңызы бірдей ретінде қолданамыз. «Дене қабілеттерін тәрбиелеу» термині дене қабілеттері жаттығуларын адамның дене қабілеттерін (қозғалыс) дамыту үшін пайдаланудың бағытталған педагогикалық процесін белгілеу үшін қолданылады. 

Күш қабілеттерінің маңызы

Күш қабілеттері – бұл осылардың негізінде «күш» түсінігі жатқан, адамның белгілі бір қозғалыс әрекетіндегі алуан түрлі көріністерінің кешені. Күш адамның бұлшық еттеріне күш салудың есебінен сыртқы кедергіні жеңе білу немесе оған қарсы әрекет жасау қабілеті ретінде анықталады.

Іс жүзінде спорттың барлық түрлеріндегі жетістіктер күш қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болып келеді. Алайда спорттың әр түрі және нақтылы спорт түрі күштің динамометриялық көрсеткіштерімен, көрініс табатын күш салулардың қуатымен, жарыс әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті күш салуды ұстап тұру уақытымен сипатталатын жекелеген күш қабілеттерінің дамуындағы белгілі бір ара қатынасты да талап етеді. Күш қабілеттерін өзіндік күштік, жылдамдық-күштік және күштік төзімділік етіп бөлу қабылданған. Кейбір авторлар күштік ептілікті де бөліп көрсетеді [6].

Жылдамдық қабілеттерінің көрініс табуы

Спортшының оның жылдамдық қабілеттерін тікелей анықтайтын дене қасиеттерін сипаттау үшін негізінен алғанда жалпылаушы «жылдамдық» термині қолданылады. Соңғы онжылдықтарда «жылдамдық қабілеттері» термині жиірек қолданыла бастады. Бұл жылдамдықтың көрініс табуының нақтылы түрлерін зерттеулердің олардың айтарлықтай айырмашылықтарын тауып отырғандығымен түсіндіріледі.

Жылдамдық – бұл адамның қозғалудың жылдамдық сипаттамаларын, сонымен қатар, қозғалу реакцияларының уақытын тікелей анықтайтын морфофункционалдық қасиеттерінің кешені.

Әртүрлі спорттық жаттығулардың нәтижелілігін анықтайтын жылдамдық қасиеттері келесі көрсеткіштердің көмегімен бағалана алады:

  • спецификалық реакциялардың уақыты;
  • арнайы-даярлық немесе жарыс жаттығуларындағы максималды жылдамдыққа қол жеткізу уақыты;
  • дәл осы жаттығулардағы максималды жылдамдықтардың деңгейі.

Волейболда жылдамдық қасиеттерінің тежелу жылдамдығы секілді спецификалы көрініс табуы қолданылады, бұл лезде тоқтау және қозғалысты басқа бағытта бастау қажеттігімен байланысты болып келеді.

Төзімділіктің спецификалылығы

Спортшылардың дене қабілеті даярлығы жүйесінде төзімділік өзінің құрылымы, өлшеу тәсілі және даму әдістемесі бойынша адамның өзге де қимыл-қозғалыс қабілеттерімен салыстырғанда ең көп құрамдас бөлікті болып табылады.

Төзімділіктің жоғары деңгейі іс жүзінде бір старт, жүгіру немесе ойын процесінде де, спорттың жекелеген түрлерінде ұзақ уақыт жалғасатын барлық жарыс процесінде де жоғары спецификалы жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін, сонымен қатар ұзақтығы бойынша алуан түрлі циклдарда тұтас жаттықтыру процесін тиімді жүргізу мақсатында жоғары жұмысқа қабілеттілікті сақтап қалу үшін де жоғары спецификалы жұмысқа қабілеттілікті сақтап қалу үшін спорттың барлық түрлерінде қажет.

Жаттығу және жарысу қызметіндегі, әрекетіндегі төзімділіктің жоғары деңгейі арта түсетін шаршап-шалдығуды жеңіп шығуға ықпал етеді. Сондықтан спортшының төзімділігін көбінесе артып келе жатқан шаршап-шалдығуға қарсы тұру қабілеттілігі ретінде анықтайды.

Спортшының арнайы төзімділігі осылардың ара қатынасы әртүрлі спорт түрлерінде, оның ішінде волейболда да спецификалы болып келетін, жекелеген құрамдас бөліктерден тұратын, құрылымы бойынша күрделі қимыл-қозғалыс қасиеті болып табылады.

Сондықтан спортшының арнайы төзімділігі спорттың таңдап алынған түрінде нәтижеге қол жеткізу үшін функционалдық мүмкіндіктерді максималды шоғырландырған кезде, спецификалы жарыс әрекеті жағдайларында шаршап-шалдығуға қарсы тұру қабілеті болып табылады. Алайда, әсіресе ұзаққа созылатын жаттығу әрекеттері жағдайларында, негізгі бұлшық ет топтарының көпшілігі көбінесе майлардың ыдырауы есебінен өтетін аэробты энергиямен қамтамасыз етілу режимінде әрекет жасаған кезде, жоғары жұмысқа қабілеттілікке қол жеткізу мақсатында спортшылар жалпы төзімділік деп аталатынға ие болуға тиіс. Ол ағзаның, әрекеттің алуан түрлерінде төзімділіктің көрініс табуының спецификалы емес негізін құрайтын функционалдық қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Жалпы төзімділіктің негізгі құрамдас бөліктері болып энергиямен қамтамасыз етудің аэробты жүйесінің мүмкіндіктері, функционалдық және биомеханикалық үнемділік табылады.

Резюме

 В статье речь идет о физической подготовке спортсмена. 

Әдебиеттер

1.Фурманов А.Г. «Студенческий волейбол». — Мн.:Высш.школа, 2000

2.Фурманов А.Г. «Играй в мини-волейбол». — М.: Советский спорт, 1999

3.Волейбол. Пер. с нем. Под общ. ред. М. Фидлер. — М.: Физкультура и спорт, 2005 4.Железняк Ю.Д. 120 уроков по волейболу. – М.: Физкультура и спорт, 2007

5.Бальсевич В.К., Запорожанов В.А. Физическая активность человека. — Киев: Здоров’я, 1997. — 224 с.

 6.Астранд П.О. Факторы,   обусловливающие   выносливость спортсмена // Наука в олимпийском спорте. — 1994. -№1.-С. 43-47

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ