Хореография негіздері

0

Хореографияның негізгі элементтері халықтың музыкалық-би шығармашылығымен тікелей байланыста туған. Ортағасарлық Еуропада, христиан дінін қабылдаған елдерде храмдарда (ғибадатханаларда) діни драма мистериялары көрсете байсайды. Сонымен қатар ән-би аралас комедиялық ойын- сауықтар құдіретті фастар кең етек жайды. Діни мазмұны билер үлкен тойларда да орындалады. Олар, көбінесе ас табақтары ауысқанда қонақтарға ермек үшін көрсетілетін, сондықтан оларды тамақаралық билер деп атады. Ақырындап билер өзінің діни маңызынан алшақтай бастады. Адамдар мейрам күндері билерді, көп ұзамай тұрмыстық билер пайда болды. Францияда тұрмыстық билерді-бранли деп атайды. Оны  ән немесе волыкканың сүйемелдеуімен орындады. Баранлиді кезбе актерлік халық арасында тарата бастады. Қалаларда ашық аспан аясында жәрмеңкелер, мейрамдар өтіп тұратын. Онда би-пантомимикалық сахналар жиі көрсетілетін. Бай ақсүйектер халықтық ойын-сауық түрлерін өздеріне негіздеді. Әдемі драмалар мен серілер өзінің хоровтар жүргізетін, атақты ақсүйектер бас киіммен билейтін. Әйелдердің қолында әдемі орамалдар мен веерлер болды. Балдарда  өте ақырын павана, аллеманада,  сарайлық бранль биленетін. Кейірірек ырғақты, сырғымалы минуэт пен гавон, жига, бурре сынды тез билейтін билер шықты [5].

Орта ғасырларды аяғында Францияда және Батыс Еуропаның басқа елдерінде, көбінесе салнататты тойлардан кейін бірінші балеттер қойыла бастады.

Еуропада (Италия, Франция, Англия, Испания, т.б.) кәсіби балет Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келді. Алғаш Италияда тұрмыс-салтты көрсететін би түрлері іріктеліп, жүйеге түсіп, сахналық заңдылыққа бағындырыла бастады.  Той-думанда орындалатын халық билері жаңа мәнерлі, әсем өрнекті, бір идеяны ұқтыруға, бір ойды айтуға мезгеген балеттерге арқау болды. ХҮІ ғасырда ат үстіндегі балет пайда болады. Францияда Людвик ХІІІ және Людвик ХІҮ корольдер тұсында, әсіресе ат үстіндегі кадриль-балеттер кең етек жаяды. ХІ ғасырда би техникасының дамуы әлдеқайда ілгері басады. Сол кездегі атақты хореограф болып Италияда Фабрицио Карозо мен Чезаре Негри, ал Францияда Бальтазарин мен Туано Арбо саналды. 1581 жылы Венецияда Фабрицио Карозоның “Биші” атты кітабы жарық көрді. Онда ол Венецияның халық билерін, олардың орындалу техникасын, бидің негізгі қимылдарын суреттеген. Ал Францияда Туано Арбо диалог түрінде жазылған “Орхесография” атты кітабын шығарды. Сол уақыттағы балет спектакльдері үлкен сарайларда, сән-салтанат ордасында қойылып, аңыздар негізінде құрылды. Балет өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста дамыды. Оған, көбінесе музыка мен әдебиеттегі ағымдар ықпал жасап отырған. Балетке кәсіби дайындалған орындаушылардың келуі бидің әрі қарай дамуына әсерін тигізді. Бірақ бұл үрдіс ұзаққа созылды. Ақырында темп, ырғақ күшейіп, костюм жеңілдене түсті [5].

ХҮІІ ғасырда хореографиядағы жаңа жанр–комедия-балетттің драматургы, актері және режиссері Жан Батист Мольер (Покльен) (1622-1673) болды. Өзінің “Мазасыздар”, “Двариандықтағы тоғышар”, “Жалған сырқат”, “Де Пурсоньяк мырза” спектакльдерінде музыка, би және көріністі ұштастырған Молерьдің өзі актер әрі биші ретінде сахынада өнерін көрсеткен. Ол комедия-балет жарнында терең мазмұндылықпен ескі параттық –пасторальдық сахыналық түрлерді жаңғыртты.

Мольердің комедия-балеттеріндегі билерді балетмейсер Пьер Бошан (1636-1705) қойды. Пьер Бошан классикалық балеттің дамуына өте көп еңбек сіңірді. Ол аяқтың бес позициясын енгізді. Сахыналық би жүйесін жетілдірді. 21 жыл бойы ол қазіргі Париждегі опера және балет театрында, сол кездері Француз каролдік музыка академиясында балетмейстер болды.

ХҮІІ ғасырдың екінші жартысында өмірге опера-балет келді. Бұл балеттерге  музыканы сол кездегі  атақты композитор Жан Батист Люлли (16321687) жазды. Скрипкашы, композитор әрі биші Люлли сол кездегі Франция операсының стилін айқындап, балеттің дамуына да әсерін тигізді. Оның атақты “Гавотын” көптеген балериналар әлі күнге дейін билейді.

ХҮІІІ ғасырда Англия, Автрияда кейінірек Францияда   балет  өнерінің жеке бір саласы болып әбден қалыптасады. Хореографтар, әр кім өзіне, жаңа балет спектакльінің нақты қалыптасқан түрін би техникасының пантомимо, музыка, сахыналық бехендіру мен костюмінің жаңа мүмкіндіктерін іздеді. Англияда Джон Рич және Джон Уивер, Астрияда Франс Хилвердинг, Италияда Гасспаро Анджолини, Францияда Жан Жорж Новер секілді би өнерінде үлкен реформаторлар болған балетмейстерлер шығар бастады [2].

Джон Уивер (1673-1760)- ағылшын балетмейстері және театр теоритигі. Ағылшын сахынасында бірінші болып сөзссіз және әнсіз, дегенмен нақты сюжеттегі әркеетке негізделген балет қойған. Ағылшын ағартушыларымен бірге ол өнердегі өмірлік шындық үшін күресті. Құдайлармен аңыздық кейіпкерлерге ол адамдардың бейнесі мен мінездерін берді. Ол балет өнерінің тарихы мен теориясын ұзақ уақыт бойы зерттеп, би классификациясы, сахыналық қимылдың жүйесі, сюжет  гармониясымен пластика жайлы өзінің түсінігін үлкен трактатында жазады.

Жан Жорж Новер (1727-1810) –француз балетмейстері, хареографиялық өнердің реформатор- теортигі, Л.Дюпренің шәкірті. Сахыналық қызметін биші ретінде жәрмеңке театрынан бастады.

ХХ ғасырдың басында Батыстағы хореографиялық өнер үлкен дағдарысқа ұшырады. Классикалық балет жанр ретінде өмір сүруін мүлдем тоқтатты. Оның орнын  неше түрлі ырғақты-пластикалық  милер басты. Әр елде оны әртүрлі атады-қазіргі күннің биі, айқындық биі, тәуелсіз би, көркем би, ырғақты би, т.б.

Өнер-өмір шындығын көркембеп образдар жүйесі арқылы бейнелейтін, қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын форма. Адамзатпен бірге пайда болған өнер салалары ғасырлар бойы дамып, өз жанрларын жетілдіре түсті. Өнердің дамуы тікелей қоғамда пайда болатын құбылыстарға байланысты өзгеріп, жетіліп отырды. Ол әрдайым шығармашылық табыстармен бағаланады.

Өнер арқылы берілген эстетикалық тәрбие адамды ұдайы сұлулық пен әдемілікті дұрыс ұғынуға жетелеп, сезім байлығын қалыптастырады. Көркем шығармалардың әр түрлі болуы өмірдегі сан алуан тақырыпты бейнелеп көрсетумен айқындалады. Сондықтан да академик И.П.Павлов “Ғылым өмірдің қаңқасын ғана жасайды, ал  жан мен тәнін өнер бейнелейді”,-деп атап көрсеткен. Өнердің бірнеше түрі бар: бейнелеу, музыка, театр, би, сәулет, кино, көркем әдебиет және т.б. Өнердің қай түрі болса да өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелеп жеткізеді. Өнер  адамзаттың дамуымен бірге жетіліп, өркендеп келеді.

Қазақстандағы өнер түрлері де  ерте кезде-ақ пайда болып, адамның жан азығына, рухани байлығына айналған. Адамдар өмір сүре бастағаннан-ақ өнердің алғашқы нышаны қалыптасқан. Сондықтан да қазақ өнерін әлем өнерінің құрамдас бөлігі ретінде оқып- тануға міндеттіміз.

Өнер халықтың өмірін жай сәулелендіріп қана қоймай, ойын жетілдіреді, шығармашылығын дамытады. Өйткені өнер-әсемдіктің ең жоғарғы түрі. Өнер түрлерінің өзіне тән типтендіру тәсілі бар. Шын суреткер  сол тәсілді шебер қолданады. Өмірді, шындықты шынайы көрсетуге тырысады. Өнердің барлық түрлері, ең алдымен қоғам өмірінің материалдық жағдайымен анықталады. Оның  мазмұны қоғамдағы белгілі бір таптың түрлі жағдайына, ал жалпы танымдық сипаты ұлттық мазмұнға байланысты болады. Халықтың өнері үнемі өзгеріп, дамып отырады.  Соған байланысты әр ұлттың өнерінде өзіндік белгілері, қасиеттері болады. Әрбір ұрпақ өзіне дейінгі жасалған өнерді одан әрі дамытып отыруы заңдылық. Өркениетті қоғамда әрбір білімді азаматтың қандай да бір салаға мамандануы және белгілі бір кәсіпті меңгеруі қажет. Оған қоса, эстетикалық талғамын үнемі дамытып, өнердің барлық саласынан да хабардар болуы, бүкіл қоғамның салауаттылығына, мәдени дәрежесіне игі әсер етеді.

1937 жылы музыка мектебі балет  білімінің ұстазы А.А. Александровтың орнына Александр Владимирович Селезнев (1906-1961) келеді. Ол балеттің жетекші  орындаушысы әрі музыкалық –хореографиялық мектептің классикалық би бөлімінің мұғалімі болды. Болашақта үміт күттіретін, дарынды балаларды оқыту А.Селезневті қызықтырғаны соншалық, ол 1939 жылы сахынаны мүлдем тастап өмірінің соңына дейін бүкіл өзінің білімін, тәжірибесі мен еңбегін, би өнеріне деген махабаттын хореографиялық училищенің жұмысына арнап, жиырма жылдан астам оның оқытушысы әрі көркемдік жетекшісі болды. Оның бастамасымен 1938 жылдың тамызында Музыка мектебінің  балет бөлімі бөлек оқу орны–хореографиялық училище болып шаңырақ көтереді. Оқу жүйесінің негізіне тоғыз жалдық оқуға негізделген Ленинград хореографиялық учеличесінің бағдарламасы алынды.

1940 жылы И.Н. Надировтың “Көктем” балетін балетмейсер А.И. Чекрыгин (1884-1943) қойды. А.И. Чекригиннің дарынды шәкірттерінің бірі Нұрсұлу Тапалова, сондай–ақ Абай атындағы опера және балет театрының жетекшісі әрі бишісі Юрии Ковалев шығармашылық өнер жолдарын “Көктем” балетінен бастады. Мәскеу хореографиялық учеличесінің түлектері Махпура Ахмадиева мен Карима Айдарова балет спектакльдерінің басты патрияларын орындады. Бірақ бұл балет кейбір шығармашылық кемшіліктеріне байланысты сегіз спектакльден кейін репертуардан толын алынды. Спектакльдің сәтсіз шығуына себеп болған – А.И. Чекригиннің қазақтың фольклорын, дәстүрін білмейді деп есептеді [4].

1960-1970 жылдары қазақ балетінің аға буын артистерімен қатар жас балет мамандары да республикалық балет өнерін дамытуға белсене ат салысты. Шығармашылық ізденістер нәтижесінде қазақстандық балет өнері табыстарға жете бастады. Қазіргі заман талабын арқау еткен  балет қойылымдары айқын әрі  терең  мазмұнға құрылған спектакльдерді репертуарларына енгізе бастады.  Осы жылдары Батыс, орыс және кеңес балетінің классикалық мұралары сахынаға шықты.  Әсіресе А.Ш.Аданның “Жизель”, П.И. Чайковскийдің “Аққу көлі” мен “Ұйқыдағы ару”, Ц.Пуньи, Р.М.Минкустың “Дон Кихот”, Ф.З. Яруллиннің “Шурале”, Б.В. Асафевтің “Бақшасарай фонтаны”, Р.М. Гилиэрдің “Мыс салтанатты” балеттерінде С.Көрешбаева, Р.Тәжиева, С.Л. Толусанова, И.И. Манская, А.Жалилов, А.Асылмұратов, Б.Ақжанов, Ф.Қойгилдинова, Ә.Малбеков, Л.Г.Рудакова сияқты әртістер өз шеберліктерін көрсетті. Классикалық репертуар артистердің кәсіби деңгейін көтерді. Биші ретінде көрсетті /4/

Классикалық билерге көп көңіл бөлген Г.А. Березова ұлттық репертуарды құруға ат салысты. Суретші Ә.Ысмайлов пен бірге Г.А. Березова “Қазақтың би сюитасы” мен “Жалбыр” операсына қазақ билерін қойды. Мұнда ол қимылдарды жаңа формалармен байытып, фольклордың би образдарын әрі қарай дамытуға талпыныс жасады. Бірақ балетмейстердің бұл ойлары іске аспады. Екі қойылымнан кейін сахынадан “Қазақтың би сюитасы” алынып, ал Г.А. Березова Алматыжан кеткеннен кейін “Жалбыр” операсындағы билерде ұмытылып сахынаға қайта шықпады.

Концерттік номерлерде К.Сен-Санстың “Аққуы” мен “Вальсін” биледі. Орындаушылық өнермен қатар Г. С. Уланова “Жизель” балетін қайта сахнаға шығаруда үлкен көмек көрсетті. Қазақ көрермені әлемдік классикалық мұраның ең керемет үлгілерінің бірін көруге мүмкіндік алды. Басты партияны балеринаның өзі орындаған “Жизель” спектаклі республиканың  театр өнерінде есте қаларлық көркем оқиға болды. Сонымен бірге ол хореографиялық училищенің дипломдық “Аққу көлі” спектаклінің дайындығын жүргізді. Көп жыл өткен соң Г.С.Уланова былай деп жазды: «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мен абай атындағы Опера және балет театрында биледім. Қазақ халқының поэтикалық, серпінді билері осы күнге дейін жадымда, республикаңыздың хореографиялық өнерінің  дамуын мұқият қадағалап отырамын”.

Би -өнер атауының ең ежелгісі. Оған негіз алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде би элементтерін қолдану арқылы адамдар өздерінің тіршілігіне қажетті мәселелерді шешіп отырған. Материалдақ қажеттіліктен пайда болған осы қимыл элементтері бірте-бірте салтанатты жиындарда орындалатын дәстүрлі рәсімдерге арналған.

Жалпы би арқылы жеке бір халықтың ғасырлар бойғы тұрмыс-тіршілігінен,  кәсібінен, салт-дәстүрінен  мағлұмат алуға болады. Қандайда болмасын, халықтың  мәдениетінің өсуіне байланысты би де эстетикалық жағынан байып, дамып отырған.

Алғашқы би элементтері адамдардың қажеттілігіне жараса, біртінтеп тарихи даму нәтижесінде өнердің бір саласына айналды. Әр халықтың би мәдениеті уақыт өте келе күрделеніп, байытылып отырған. Музыкасыз би өмір сүрмейді [4].

Әдебиеттер

  1. Журнал., Советский бале., Москва., 1989.
  2. Базарова Н., Мей В., Азбука классического танца., Ленинград., 1994г.
  3. Мисеев ,Уроки классического танца., Москва., 1984г.
  4. Болатбаев Қ., Қосбармақов Е., Еркебай А., Өнер., 10 сынып. Алматы.,

           Мектеп, 2007.- 256 б.

  1. Болатбаев Қ., Қосбармақов Е., Еркебай А., Өнер., 11 сынып. Алматы.,

                Мектеп,  2007.-228 б.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ