Дағдарыстық жағдайда қаржылық менеджмент жүйесін жетілдіру

0

Қиын қаржылық жағдайға тап болған кәсіпорындағы дағдарыстық жағдайды түзету тиімді қаржы менеджементін құрудан басталады. Сәтсіз мекемелерге тән мынадай жағдайлар болуы ықтимал:

— қаржылық жоспарлау жүйесі ауыр жағдайда болады, себебі қаржылық мақсат нақты айқындалмаған, қаржылық стратегия жоқ;

— өнім түрлері, оның бөлімдерінің қаржылық тиімділігі туралы мәлімет жоқ;

— инвестиция туралы сенімді негіздеме жоқ;

— есеп және есеп берудің қанағаттанарлықсыздығы әрдайым қаржы жұмсаудың бағытын дұрыс түсінуге жол бермейді;

— кәсіпорынның бухгалтерлік жағдайы туралы мәлімет ұзақ уақыт талданбайды.

Қаржылық менеджменттің дағдарыс жағдайындағы мақсаты:

— кәсіпорынның төлемсіздік қабілетін жою. Бұл дағдарысқа ұшыраған кәсіпорынның ең негізгі мақсаты, бұл мақсатты орындау ағымдағы қаржылық міндеттемедегі қаржылық төлемді өтеу қабілетін қалпына келтіреді;

— қаржылық тұрақтылықты қалпына келтіру. Төтенше шаралар қолдану арқылы төлемділік қабілетті тез арада қалпына келтіруге болады. Бірақ төлем қабілетсіздігін туғызған себептерді жою үшін кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қауіпсіз деңгейге дейін қалпына келтіру қажет;

— кәсіпорынның ұзақ мерізімдегі қаржылық тепе-теңдігін қалпына келтіру, басқаша айтқанда, мекеменің нарықтық бағасын арттырудың алғы шарттарын жасау. Қаржылық стратегия кәсіпорын қызметінің көтеріңкі қарқынын қамтамасыз етеді, дағдарыстың қаупін жояды.

Мәселен, дағдарыстағы белгілі бір кәсіпорынның қаржылық мақсатын төмендегіше тұжырымдауға болады:

— аз уақыттың ішінде шығынсыз қызмет көрсетуге  көтерілу;

— түсімнің көбеюін қамтамасыз ету.

— қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуі.

Дағдарысқа қарсы басқарудағы қаржы менеджментінің міндеттері:

— қажетті көлемдегі қаржы ресурсын орнату;

— қаржы ресурстарын тиімді пайдалану;

— ақша айналымын тиімділендіру;

— қаржылық тәуекелділіктің берілген деңгейінде табысты барынша көбейту;

— табысты жоспарлаған деңгейде қаржылық тәуекелділікті азайту;

— тұрақты қаржылық тепе-теңдікті қамтамасыз ету.

Дағдарысқа қарсы жүйелі жұмыс жүргізу қаржы менеджементінің қызметіне болжам жасау, жоспарлау, қадағалау және талдау болып табылады.

Қаржылық жоспарлау жүйесі мына төмендегі негізгі элементтерден құралады:

— сату, сатып алу жоспары;

— ақша айналысы жағдайын талдау;

— табыс пен шығынды талдау;

— материалдық талдау;

Қаржы (ақша) ағымымен басқару — нақты бір мерізімде нақты ақша айналысын басқару болып табылады. Жағымды ағым немесе ақшаның құйылуы ақшаның мекемеге түскенін білдіреді, жағымсыз ағым ақшаның шығуын немесе ақшаны жұмсағанын білдіреді. Ақшаның түсуі мен шығуының арасындағы айырмашылық таза ақша ағымы деп аталады. Ол жағымды (ақшаның түсуі) және жағымсыз (ақшаның шығуы) болуы мүмкін (1 кесте).

Жекелеген бухгалтерлік көрсеткіштерден ақша ағымының айырмашылығы барлық жағдайда нақты және белгілі болады.

Мекеменің барлық ақша ағымы үш негізгі топқа топтасады:

— негізгі (операциялық немесе өндірістік) қызметтен;

— инвестициялық қызметтен (тек құрылыс, құрал-жабдық алудан ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерізімдік инвестициядан);

— қаржылық қызметтен (мекеменің капиталын құрастыру және оған қызмет көрсету).

Қалыпты түрде жұмыс жасайтын мекемеде таза ақша ағымы нөлге бағытталып отыруы қажет. Басқаша айтқанда есептік мерізімде тапқан барлық ақша тиімді түрде бөлінуі қажет. Себебі босаған ақша 100 пайыздық пайызға ие бола отырып, нөлдік кіріске әкеліп отырады.

Қордаланған қарызы бар төлемдік қабілетсіз мекеме жағымды таза ақша ағымын жасап, қордаланған қарызды өтеуге, қарызды өтеу графигін қарыз берушімен келісіп отыруы қажет. Төлемдік қабілетсіз мекеме үшін негізгі мақсат жағымды ақша ағымын көбейту болып табылады. Бұлай көбейту қалыпты жағдайда қолдануға болмайтын шаралардың көмегімен жүзеге асуға тиіс.

1 кесте — Мекеменің ақша қаражатының түсуі және шығуы

Ақша- қаражаттың ағымы Ақша-қаражаттың түсімі Ақша-қаражаттың шығысы
  Өнім сатудан түскен ақша Жабдықтауының есебі бойынша төленген
Дебиторлық қарызды жабудан Жалақы төлемі
Сатудан Бюджетке, бюджеттік емес фондқа аударылған
Сатып алушыдардан түскен аванс Қарыздың процентіне төленген
Инвестициялық қызметтен Негізгі құрал-жабдық, материалдық емес активтен Негізгі құрал – жабдық, материалдық емес активтер алуға
Жалға беруден Арендаға төлеу
Ұзақ уақытқа берілген ақшадан түскен девиденттер, проценттер Капиталдық салым
Қайтарып алынған ақша-қаражаттан Ұзақ және қысқа мерізімді қаржы салымы
Қаржылық қызметтен Қысқа мерізімді кредит және қарыз Қысқа мерізімді кредит пен қарыздан
Ұзақ мерізімді кредит және қарыз Ұзақ мерізімді кредит пен қарызды қайтарып алудан
Акцияны эмиссиялауға Девидент төлеуден
Мақсатты қаржыландыруға Берілген векселді жабудан

Дағдарысқа қарсы басқару көптеген шығындар жұмсауға алып баруы, сол арқылы кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін  қалпына келтіреді, онсыз ондай кәсіпорын болашақта одан да қиын жағдайға кездесуі мүмкін. Ақша ағымын көбейту кәсіпорынның активін ақша түріне аудару болып табылады. Басқаша айтқанда ақша қаражаттың көзі мүлікті сатуға қарай ауысуы қажет. Кәсіпорын активінің тез арада құнсыздануы мекеме басшылығы тарапынан шығынға аз ұшырататын қарсы шаралар қолданылады.

Қаржылық нәтиже туралы есеп арқылы қаржы ағымын кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерімен, пайдаланылатын технологиялар арқылы айқындалатын өнім өндіруге жұмсалған шығындармен үйлестіріледі.

Мекеменің қаражат ағымының құрамын, мөлшерін өзгерту арқылы оның бухгалтерлік балансасының құрамын өзгертуге болады.

Ақша ағымын басқару төмендегі мақсаттарды шешу болып табылады:

— дайын ақша-қаражат, оның қозғалысын болжап отыру;

— ақша қаражаттың дамуының жоспарының өнімділігін зерттеу;

— қажетті қарыз алу мөлшері мен оны алудың уақытын белгілеу;

— қарыз ақша алудың қажеттілігін талдау;

— нақты жүзеге асырылатын, аз шығын шығаратын ақша-қаражат жоспарын жасау;

— шығынның қайтарылатын мезгілін анықтау, жобаны жүзеге асырғанда түсетін табыстың мөлшерін анықтау;

— ақша-қаражат жоспарының іс-жүзінде орындалуына бақылау қою, өзгеріс енгізу;

— банкроттықтың қалыптасу мүмкіндігін болжау;

— банкроттықты уақтылы жою.

Ақша-қаражат жоспарының формасы және мазмұны мекеменің ерекшелігіне, оның стратегиялық дамуына байланысты бір-бірінен айырмашылықта болуы мүмкін. Ақша-қаражат жоспарын жасауды ақша-қаражаттық қозғалысы туралы есептен бастау қажет. Өйткені дағдарыстағы мекеменің мақсаты қордаланған қарыз бен есеп айырысу үшін ақша ағымын жинау болып табылады.

Ақша-қаражат жоспары негізгі ақша-қаражат коэффициентімен толықтырылып отыруға тиіс. Аталмыш коэффициенттер ақша-қаражат жоспарын жүзеге асырған соң ұсынылған жоспарға сай болуға тиіс.

Барлық көздерден түсетін ақшаның жалпы сомасы және төлемдердің мөлшері есептеледі. Ақшаның түсуі мен шығуының арасындағы айырма алғаш шотта болған ақшаға қосылады.

Ақша –қаражаттың жұмсалуы оңай. Егер қаражат қорында ақша болса жоспар орындалады. Ақша-қаражаттың жұмсалмауының себебі есептегенде дайын қаржының жоқтығы болып табылады.

Жоспар орындауға тиісті болу үшін:

— алдыңғы және ағымдағы мерзімде сату көлемін көбейту арқылы ақша түсімін молайту, өнімінің тұтынушылық сапасын арттыру арқылы шығындарды азайту;

— өнімді өткізу арқылы, немесе алдын ала төлеу арқылы өндірістің циклын қысқарту, ақша айналымының уақытын азайту;

— өнімді өткізу формасын өзгерту, алдын ала төлеуден қолма-қол төлеуге, қолма-қол төлеуден төлеу мерізімін өзгерту;

— жарғылық капиталды көбейту, акция сату немесе жоғары өтімді өнімді сату арқылы ақша-қаражатты молайту.

Ақша-қаражат жоспарының кемшіліктері:

— маркетингпен қатынастың әлсіздігі, өнімді мезгілге байланысты сатуыдң негізделген жоспарының жоқтығы;

— өнім сатуды тауар группасына бөліп жоспарлайтынында;

— материалдық ресурстардың қозғалыс жоспарының жоқтығы материалдық активтерді (шикізат, аяқталмаған өнім, дайын өнім) қозғалысын жоспарлауды, бақылауды қиындатады;

— жоспарлы бухгалтерлік балансының жоқтығы;

— жоспарлау, бақылаудың нақты әдісінің жоқтығы, жоспар мекеме басшыларына анық айқын емес.

Қорыта айтқанда, кәсіпорынның дағдарыс жағдайын анықтау немесе одан тез арада шығуын болжау бойынша қаржы құралдарын кең пайдалана отырып, басқару жүйесінің барлық тетіктерін іске қосып қалыптасып жатқан тенденциялар мен өзгерістерді зерттеп, сыртқы және ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттілігінің төмендеуі немесе жоғарылауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру  дағдарысқа қарсы менеджментті іске асырудың негізгі бағыттары болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Оқу құралы. Алматы, «Экономика», 2001, 330 бет.
  2. Антикризисное управление. Учеб.пособие.-2-е изд.-М.: ИНФРА-М, 2008.-1152 с.
  3. Юн Г.Б. Методология антикризисного управления. Учеб.-практич.пособие.- М.: Дело, 2004.-432 с.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ