Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары

0

Соңғы кездерде сабақ өтудің “жаңа технологиясы”, стандарттан тыс әдісі немесе сабақ өтудің интерактивтік әдісі деген түсініктерді көп оқимыз. [2]

            Педагогикалық технология – бұл оқу процесін жүргізетін күш немесе әуелден белгілеп қойылған анық мақсат жолымен оқытушының кәсіби шеберлігін дамытатын және оқу-тәрбие процессіндегі қорытынды нәтижені гарантиялайтын жұмыстар жиыны болып табылады.

            Мамандар мектеп, лицей, жоғары оқу орындарында математика курсын оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында сабақ өтудің жаңа педагогикалық технологияларға негізделген сатыларын төмендегідей баяндайды:

  1. Сабақтың мақсаты мен міндеттері.
  2. Оқу процесінің мазмұны (тақырыпқа тиісті әдістемелік нұсқаулар, қысқаша мәтінде тақырыптың негізгі маңызы және мазмұны баяндалады).
  3. Оқу процесін жүзеге асыру технологиясы (тақырып мазмұнына сәйкес және оның кейбір қырларын ашып беретін қосымша әдістер, сабақтың пішімі, оны амалға асыру жолдары анықталады. Оқушының атқаратын жұмысын бақылау және бағалау тәсілдері белгіленеді. Оқытушы таңдаған педагогикалық технология қорытынды нәтиже – мемлекет білім стандарттары талаптарын орындауы тиіс. Мұндай технологиялар өте көп, олардың кейбіреулері төменде баяндалған).
  4. Күтіліп отырған нәтижелер (белгілі бір тақырып өтілгеннен соң оқушылардың игеруі керек болған білім және ұғымдар тізімі, шешуі керек болатын есептердің нұсқаулары; мұнда оқушылар мен  оқытушыларда  сабақтан күтілген нәтижеге жететін болулары тиіс).
  5. Келесіге жоспарланған жұмыстар (мұнда келесі тақырып үшін фундамент жаратылуы және оның өтілген тақырыптың үздіксіз жалғасы болуын негізделеді).

Оқыту әдістемесінде “Қандай да бір тақырып үстінде жұмыс алып барғанда оның неше пайызы (проценті) оқушы жадында қалады?” деген сауалға жауап табу мақсатында жүргізілген тәжірибелер қорытындысын мамандар “игеру пирамидасы” деп атап,  тақырыпты:

а) жалғыз естігенде оның 10-20 %-ын;

ә) естісе және тақырыпқа сәйкес көрнекіліктерді көрсе оның 30-50%-ын;

б) естісе, тақырып бойынша практикалық есептер орындаса, тақырыпты серіктеріне айтып түсіндіріп берсе, оның 60-90 %-ын жадына сақтап үйреніп алады екен.

            Сондықтан оқытушының аудиторияға кіріп оқушыларға, студенттерге тақырыпты жалғыз ауызша баяндауында оқушының білім алуына пайдасы және әсері өте кем болады. Оқушының өзі тақырып бойынша басқа оқушылармен пікір алмасуы, оқытушыға сауалдар қоюы, тақырыпқа сәйкес есептер шығаруы, кейбір қорытындыларды өзі табуы және оны баяндап беруді білуі өте маңызды болып табылады. Міне осы жағдайда алынған білім толық болады. [1]

            Жаңа кредиттік технология бойынша оқытуда осы талаптардың барлығы есепке алынған деуге болады. Силлабустар жазуда, СӨЖ және ОБСӨЖ сабақтарын өтуді жоспарлауда, лекция сабақтарын ұйымдастыруда жоғарыда айтылған педагогикалық технология талаптарын орындайтын жағдайларға аса көңіл бөлу керек.

            Әрине, әрбір оқытушының тәжірибесі, білімі, қосымша әдебиеттерінің барлығы, өз кітапханасы қорының байлығы оған көп жақтан тақырып мазмұнын қай әдіспен өтуді “айтады”. Сондықтан оқытушы осы айтылғандар ішіндегі жетіспеушіліктерді “ертерек” жоюы керек.

            Сабақ өтуде бір ғана әдіске байланып қалуға болмайды, түрлі әдістерді үйреніп, салыстырып, әріптестермен, әсіресе тәжірибесі  мол оқытушылармен пікірлесіп өз әдісіңізді жасауға алуға болады.

            Оқытудың жаңа технологияға сәйкес келетін, сабақтың белсенділігін асыратын кейбір әдістеріне қысқаша тоқталамыз.

            Практикалық жаттығу —  тақырыпта баяндалған теориялық білім, қағида, формуланы амалда, есептер шығару процесінде қолдай алу жолдарына ие болу мақсаттарын амалға асыру көзделінеді. Математика сабақтарының барлығында бұл әдіс қолданылады.

            Өзіндік жұмыс істеу – белгілі бір тақырыптар тобы (блокы) өтілгеннен соң оларды бір тізімге салып, өз бетімен есептер шығару, оқулық, қосымша әдебиеттен пайдалану жолдарының оқушыларда пайда болуын қамтамасыз ету.

            Кредиттік технологияда лекцияларды модулдарға бөліп оқыту осыған мысал болады. Айталық, математикалық талдау сабақтарында “Функцияның туындысы”, “Анықталған индегралды қолдану”, “Сандық қатарларды тексеру әдістері” деп аталатын тақырыптарда студенттерге өзіндік жұмыстар тапсыруға болады. Оқушылар жауапты жазбаша тапсырыулары мүмкін.

            Оқушылардың жұп-жұп болып сабақты үйренуі – олардың бірі серігіне қарастырып отырған тақырыпта қойылған мәселенің шарттарын, шешу жолдарына байланысты пікірлерін айтады, ал серігі оны ары қарай қалай шешу жолдарын айтып өз пікірін ортаға салады, яғни оқушылар кезек-кезек оқытушы ролін атқарады.

            Оқушыларды топтарға бөліп қою арқылы үйрету – мұнда сыныптағы (топтағы) оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топта 5-6 оқушы болады. Топтарға белгілі анық бір тапсырма  беріледі. Топтағы оқушылар берілген тапсырма бойынша өз пікірлерін ортаға тастап соңында бір тоқтамға келеді. Осы пікірді топтағы бір оқушы сыныптағы (топтағы) оқушыларға баяндап береді. Оқытушы топшалардың атқарған жұмысын талдап соңында оны бағалайды. Осындай жұмыстарда оқушылар бір-бірін үйретеді. Оқытушы бұл үшін тапсырмаларды алдын ала дайындап қоюы керек.

            Рольді ойындар – тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды сахнада орындау, яғни рольдерге бөліп орындау. Сценарийды жазғанда оны орындайтын оқушылардың білімін есепке алу керек. Оқытушы тақырыптардың қайсысын сахнада қою мүмкіндігін алдын ала озат оқушылармен ақылдасып анықтап алуы керек.

            Математикалық диктанттар – оқушы білімін бағалаудың міндетті бақылау түрлерінің бірі болып табылады. Мұнда оңай, типтік есептермен бірге белгілі бір тақырыптар мазмұнына сәйкес терминдер, ұғымдар және анықтамаларды оқушылардың қай дәрежеде игеріп алғандығы анықталады. Математикалық диктанттар өткізілетін тақырыптар тізімін оқытушы анықтап оны  алдын ала жария етуге болады.

            Таңдаулар – белгілі бір тақырыптар бойынша алынған білімдерді, түсініктерді тексеріп бағалау мақсатындағы жұмыстар; бұл іс-шаралар сұрақ-жауап жарысы, викторина, математикалық газеталар шығару, тақырып бойынша жазылған рефераттар көрінісінде өткізілуі мүмкін.

            Ізденулер – алынған білімдер негізінде кішкентай бір проблеманы, күрделі есепті шешу бойынша бір немесе 2-3 оқушы тобы бірігіп алып баратын іздену жұмыстары. Қойылатын проблема өтілмеген немесе өтілмейтін (бағдарламада жоқ) тақырып бойынша болуы да мүмкін.

Әрине, қарастырып отырған мәселелерге арналған басқада бір әдістерді әдебиеттерден алуға болады. [3]

            Әр бір пән оқытушысы оқу жылы басталудан бұрын өзіне керекті жаңа дәстүр және оқулықтарды жақсылап үйреніп шығуы, талдауы, әріптестермен пікір алмасуы керек. Әрбір тақырыпты оқытуда жаңа педагогикалық технологияның қайсы әдісі тиімді, қолайлы және тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін қандай қосымша көрнекі құралдар керек екендігін анықтап алу тиіс.

            Математиканы білу – түрлі қағидаларды, формулаларды жаттап алу деген емес. Сондықтан оқушыдан тақырып мәтінін, ондағы формулаларды, теорияларды жаттап айтып беруді емес, оларға тиісті ең болмағанда бір қарапайым есепті түсіндіріп шешіп беруді талап ету жөн болады.

Әдебиеттер

  1. Әл-Хорезми Мұхамед ибн  Мусо  “Таңдамалы  шығармалар,  Математика” Т.1983 ж.
  2. Н.С.Сайдахмедов “Педагогикалық тәжірибеде  жаңа  технологияларды  қолдау  үлгілері”  Т. 1993 ж.
  3. М.А.Мирзахмедов, А.А. Рахимкариев “6-шы  сыныпта  математиканы  оқыту  әдістемесі”  Т. 2005 ж.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ