Жоғары оқу орындарында кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері

0

 XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек», — деп ҚР Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында [1] атап өткендей, бүкіл қазақстандықтардың толыққанды білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр.

Елімізде білім беру саласына баса назар аударылып, өркениетті мемлекеттердегі талаптарға сай реформалар енгізіліп және соның әсерінен білім беру орындарындағы оқу-тәрбие ісінің тиімділігі арта түскені белгілі.

Білім беру жүйесі бүкіл әлем деңгейіне қоғамдық дамудың өлшеміне айналды. Сапалы білім беру арқылы білікті маман даярлау–заман талабы.

Білім берудің халықаралық стандарттарына өтуге деген талпыныс «Сырдария» университетінде де көрініс табуда: 2004–2005 оқу жылынан экономика мамандықтарының студенттері, ал 2005–2006 оқу жылынан барлық мамандықтардың бірінші курс студенттері үшін білім берудің кредиттік жүйесі енгізілді.

Жоғары оқу орындарында оқу үрдісін кредиттік оқыту жүйесіне өткізудегі басты мақсат–мамандардың әлемдік сұранысқа, бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік жасау. Кредиттік оқыту жүйесі студенттің оқу үрдісіне белсенді түрде қатысуын, өз бетінше жұмыс істеуіне тұрақты дайындалуын, ал оқытушының өз пәніне деген жауапкершілігінің артуын, үздіксіз ізденісте болуын талап етеді [2].

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 25 тамыздағы №461 бұйрығымен бекітілген стандартына сәйкес, пәндердің оқу — әдістемелік кешені енгізілуі міндетті. Пән оқытушысының дайындайтын Оқу-әдістемелік кешені келесі бөлімдерден тұрады [3]:

–пәндердің типтік бағдарламасы (міндетті компонент);

–оқу бағдарламасы (таңдау компоненті);

–пәндердің жұмыс оқу бағдарламасы;

–студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (Силлабус);

–пән бойынша тапсырмалардың орындалу кестесі;

–пәннің оқу-әдістемелік картасы;

–лекциялық кешен;

–семинарлық (практикалық) сабақтардың жоспары;

    –курстық жұмыстардың, зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары;

        –студенттер үшін өзіндік жұмыстар  материалдары;

–іс-тәжірибелердің әдістемелік нұсқаулары;

–студенттердің білімін бақылауға, бағалауға арналған материалдар.

Кәсіптік білім беру бағдарламаларына сәйкес ағымдағы оқу жылында «Сырдария» университетінің профессор–оқытушылары 223 пәннің оқу-әдістемелік кешенін дайындады.

Кредиттік оқыту жүйесінде  пәннің студентке арналған бағдарламасын (силлабус) лектор дайындайды[4]. Студенттерге әр семестрдің басында таратылып, қорытынды бақылаудан кейін кітапханаға тапсырылады.

Силлабус оқытушының авторлық бағдарламасы болғандықтан, мазмұны өзгеруі мүмкін, бірақ құрылымында келесі бөлімдердің болуы міндетті:

–кіріспе;

–жалпы мәліметтер;

–курстың мақсаты, міндеттері;

–жұмыс оқу жоспарынан көшірме;

–оқу сабақтарының құрылымы;

–студентке арналған ереже;

–студенттің білімін бағалау кестесі;

–оқу сағаттарының тақырып бойынша бөліну кестесі;

–лекция мәтіндері;

–семинар (лаборатория) сабақтарының жоспары, мазмұны;

–ОБСӨЖ сабақтарының жоспары, мазмұны;

–СӨЖ жоспары;

–суденттердің білімін бақылауға, бағалауға арналған материалдар;

–пәннің оқу-әдістемелік картасы.

Қазіргі кезде 788 пән бойынша силлабустар мен оқу-әдістемелік кешендер  университет баспаханасынан басып шығарылған. Жалпы таралымы 30734 дана. Силлабустардың электрондық нұсқаулары кітапхана мен қашықтан оқыту орталығындағы компьютерлерге енгізілген.

Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастыру маңызды орын алады[5]. Оқытушылардың СӨЖ ұйымдастырудағы негізгі функциялары:

– студенттерге бағыт, бағдар беру;

–студенттерге консультациялық көмек, кеңес беру;

–студенттердің білімін бақылау, бағалау.

Студенттердің өзіндік жұмыстағы негізгі міндеттері:

–сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау;

–оқытушының кеңесін негізге алып, өз бетінше дайындалу, өздеріне қатаң талап қоя білу;

–проблемалық ситуацияларды, күрделі  мәселелерді меңгеруде оқытушыдан дер кезінде түсініктеме, кеңес, көмек алу.

Студенттердің өзіндік жұмыстарын өткізуде келесі мәселелерге көңіл бөлінуі тиіс деп санаймыз:

– СӨЖ нақты жоспарлау,

– әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;

–СӨЖ тапсырмаларының күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес орындалуын студенттен талап ету.

Оқытушының басшылығымен өтетін студенттің өзіндік (ОБСӨЖ) жұмысының  көлемі типтік оқу жоспарына, пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес анықталып уақыты, аудиториясы көрсетіліп оқу кестесіне енгізіледі.

СӨЖ бақылау түрлерін, тәсілдерін таңдауда оқу пәнінің мақсаты мен міндетін, бөлінген сағат көлемін, студенттің дайындық деңгейін ескерген жөн.

Студенттің өзіндік жұмысы
 

Есептер

Жаттығулар

Реферат

Сөзжұмбақ

Шығармалар

Аралық бақылау (рейтинг)

7, 14 -апта

Ағымдағы (күнделікті бақылау)
 

Кіріспе бақылау

Қорытынды бақылау (емтихан)
Оқытушы: бақылау, бағалау

Студенттің білімін объективті бағалауды, бақылауды ұйымдастыру– студенттің өзіне деген сенімділігін, жауапкершілігін, пәнді меңгерудегі белсенділігін арттырады. Оқытушы әрбір жеке студенттің қабілетіне, оқу барысындағы өсуі мен табысына, әрдайым мән беріп отырады.

Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудағы негізгі кемшіліктер мен кедергілер:

–студенттердің (әсіресе 1-курс студенттері) мектеп қабырғасынан өз бетінше жұмыс істеуге үйренбегені;

–кафедраларда СӨЖ мазмұны мен тапсырмаларының нақты анықталмауы;

–кафедра мәжілісінде СӨЖ қорытындылары бойынша оқытушылардың есептерін талқылауға жеткілікті көңіл бөлінбеуі;

–жеке оқытушылардың консерватизмі,  жаңалыққа үрке қарауы.

 Кредиттік оқыту жүйесінің тиімділігін арттыру үшін келесі шараларды іске асыру маңызды деп есептейміз:

–оқу — әдістемелік базаны қалыптастыру;

–жаңа компьютерлік техникамен жабдықтау;

–тұрақты әдістемелік семинарлар ұйымдастыру.

Оқытудың кредиттік жүйесі–күнделікті бақылауды қарастыратын, әлемнің жетекші университетінде кеңінен қолданыс тапқан, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясын заманға сай, жаңаша жүргізуді көздейтін жүйе.

Бұл жүйенің артықшылығы ретінде студенттерді оқу үрдісімен күнделікті және белсенді түрде айналысуға ынталандыратын, әрбір білім алушыға, таңдап алған пәндерді оқу және баламалы курстарды игеру арқылы, өз қабілетіне сай бағдарлама құру бойынша білім алуға мүмкіндік беретінін баса айтқанымыз жөн. Сондай-ақ, кредиттерді алдын ала тапсыру арқылы білім беру бағдарламаларын жедел түрде игеруге жағдай туғызумен қатар, олардың шығармашылық дамуына, өз бетінше іздену қабілетін жетілдіруге жол ашады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Н.Ә. Назарбаев. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан // Ақиқат, 2007. -№4. -33 б.

     2 Под общей редакцией  Ж.А. Кулекеева,  Г.Н. Гамарника, Б.С. Абдрасилова. // Основы кредитной системы обучения  в Казахстане.  – Алматы: «Қазақ университеті»,  2004. — 23 c.

3 Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. – Астана: 2006. -3-4 бб.

4 Методические указания по составлению и оформлению учебно – методического комплекса дисциплины для студентов, обучаюшихся  по кредитной системе. – Караганда: Изд-во КарГу,  2004.

     5 Методические рекомендации по организации самостоятельной работы студентов в условиях кредитной системы обучения. – Алматы: 2004.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ