Түрлі әдісті болу — өмір талабы

0

Қазақ тілін оқыту – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұның аша білу.

Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.

Білім берудің талабына сай әр кезеңдегі білім парадигмалары өз міндеттерін атқарады. Ал, бүгінгі талап басқаша. Мұндағы басты мақсат – келешек ұрпақты жан-жақты қалыптастыру, яғни, терең білімді, рухани -шығармашылық қабілеті жоғары, сыни ойлау мүмкіндігі бар, өз бетімен ізденіп игерген білімін іс жүзіне асыра алатын тұлға дайындау.

Мақсаты – айқын. Аталған мақсатқа жетудің тиімді жолы ретінде оқытудың әр алуан технологиясын, әдістемесін пайдалану керек екені сөзсіз.

Технология мен әдістеменің мақсаты бір – “қалай оқыту мәселелерін қарастырады”.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі  жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Менің өз әдісім – ізденіс, ізденіске жұмылдыру.

Мен көбіне “Ұжымдық оқыту технологиясын” қолданамын. Бұл өзі оқи отырып, өзгені оқыту. Осы технология оқушының қабілетін дамытуға, еңбек етуге, ынтымақтастыққа, ұйымшылдық қабілеттерін оятуға тәрбиелейді. Шәкірт үйретуші міндетін атқарады. Бұл технология күндегі сабақтарда қолдануға ыңғайлы.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.

“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Мен өзім көбіне мектепті орыс тілінде бітірген, бірақ қазақша түсінетін, ауызекі сөйлеу тілін меңгерген топтарда сабақ беремін. Осы топтарда оқушылардың танымдық ой-өрісін қалыптастыру мақсатында сабақтың әр кезеңінде өз қалауыммен жаңа тақырып түсіндіру алдында, өтілген тақырыпты қайталау мақсатында, жаңа тақырыпты бекіту үшін сабақ соңында, тіл дамыту сабақтарында немесе пән бойынша аудиториядан тыс өткізілетін шараларды  мультимедиялық проекторды қолдануға көңіл бөліп жүрмін.

Мультимедиялық проекторды қолданудың оқытушыға береріне келсек:

  • Оқушының танымдық күшін қалыптастыру;
  • Барлық баланы оқыту;
  • Оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
  • Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
  • Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру;
  • Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену. (оқушыларға алдын-ала тапсырма беріледі)

Мультимедиялық слайдтарды қолдану, әсіресе дәстүрлі емес сабақтарда ыңғайлы. Үлгі ретінде мен сіздердің назарларыңызға сабақтарымнан бірнеше мысал келтіргім келіп отыр. Мысалы алсақ “Түркістан” тақырыбындағы сағат саяхат түрінде өтті. Сабақтың тәрбиелік мақсаты өз Отанына, қасиетті Түркістанға деген сүйіспеншілік  сезімдерін арттыру болса, осы мақсатты бетке ұстай отырып жұмысымды құрастырдым. Экрандағы көріністер туралы алдын-ала тапсырма алып дайындалған оқушылар саяхат жүргізді. Саяхат барысында Түркістанның көрнекті жерлеріне тоқтап өттік. Мысалы: “Тарихи Түркістан”, “Аты аңызға айналған адам”, “Көк күмбезді кесене”, “Тайқазан тарихына үңілсек”, “Бабалар рухы үн қатса…”, “Қазіргі Түркістан бейнесі”. Осы сабақтарда мультимедиялық проекторды қолданудың маңызы қандай десек, біріншіден, оқушылар үлкен әсер алады, қасиетті қаламыз жөнінде көп мағлұмат алып, білімін тереңдетеді. Саяхат жүргізуші оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу арқылы өз күшіне деген сенімділік пайда болады, патриоттық тәрбие алады.

Сөздік жұмысын жүргізгенде технология стратегиясының бір түрі – “Ассоциацияны” қолдануға болады. “Ассоциация ”. “Қазақстан” сөзін естігенде қандай сөздер ойыңызға келеді? Жазыңдар.  Бірінші оқушылар дәптерлеріне ойына түскен сөздерді жазады, содан кейін экранда төмендегі кесте шығады. Осы кесте бойынша мәтін құрастырады.

“Тәуелсіз Қазақстан” тақырыбы сабағы бойынша проектор қайталау кезеңінде қолданылды. Проектордан еліміз және оның бас қаласы бойынша маңызды көріністер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері оқушылардың назарына ұсынылады, сонымен қатар “Астана”, “Қазақстан” тақырыбындағы сөзжұмбақтар арқылы қайталау жұмысы жүргізіледі.

Экранда: сөзжұмбақ “Астана”

  1. Астананың бұрынғы аты.
  2. Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
  3. Астанадағы тәуелсіздік символы.
  4. Астанадағы университеттің аты.
  5. Астана өңірінде өндіретін қасиетті тағам.
  6. Болашақтың символы елестейтін мүсін.
  А          
    С      
      Т          
      А        
  Н        
    А        

Бағдарлама бойынша берілген тіл ұстарту сабақтарының тақырыптары оқытушылардың қалауынша, сондықтан да өз қалауым бойынша (оқушылар орыс мектебінде оқыған, қазақ халқының салт-дәстүрлерін атүсті білетінін байқадым) бір тіл ұстарту сабағымды қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, соның ішінде сәбилерге байланысты рәсімдерге арнадым. Салт-дәстүр туралы сұрақ-жауап арқылы әңгімелескеннен кейін  мультимедиялық проектор арқылы бірнеше көріністер мәтіндерімен экранға түсірілді. Сол суреттер және мәтіндермен түрлі әдісті қолдана отырып жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде:

  • Оқушылардың сөйлеу қабілеті дамиды;
  • Тілдік қорын жетілдіреді;
  • Салт-дәстүр туралы танымы тереңдейді;
  • Ұлттық сана – сезімін оятуға әсерін тигізді;

 Ал, грамматикалық тақырыптар бойынша слайдтарды сабақты қорытындылау кезеңінде қолданған өте тиімді деп есептеймін.

   Мысалы: “Сөз құрамы” тақырыбын алсақ қос сөз, біріккен сөз, қосарлы сөз тақырыптары бөлек-бөлек сабақтарда өтіледі. Осы сабақты қорытындылағанда “Сөз құрамы” слайдын  экранға түсіріп, қорытындылау жұмысын жүргізсек ұтымды.

 “Үстеуді” өткенде мекен, мезгіл, себеп, мақсат, сын-бейне, мөлшер үстеулері де бөлек-бөлек сабақтарда өткізілсе, қорытындылау сабағында “Үстеу” тақырыбындағы слайд арқылы қорытындылау жұмысын жүргізсек, оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімін тұжырымдауға, ойын жинақтауға әсерін тигізетіндігі сөзсіз.

Қытайдың даналық сөздерін еске түсірсек:

                              Скажи мне – и я забуду,

                              Покажи мне – и я запомню,

                              Вовлеки меня – и я научусь, — дейді.

 Сөйтіп, жүйелі түрде оқу үрдісінде мультимедиялық проекторды қолданып отырсақ, біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы арттырады, екіншіден, оқушы да ұтады, себебі өз ойын еркін жеткізуге мүмкіншілік алады, өз бетімен еңбек етуге баулиды, өздерін сөйлету оқушының ой-өрісін дамытуға септігін тигізеді, оның тақырып бойынша  танымы кеңейеді.

Резюме

В статье автор на примере своего опыта описывает эффективность  применения мультимедийного проектора на разных этапах урока.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ