Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелері

0

Ұлттың өз мәдениетін жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған өз тәжірибесі негізінде тануына мүмкіндік бермей билеуші формациялардың белгілеп берген жасанды шындығы негізінде тануына мәжбүр ету ұлттық эволюциялық дамуын тежеп, ұлттық сананың деградацияға ұшырауына апарып соғатыны ақиқат.

Осы негізде кеңестік идеологияға сай келмейді деген желеумен А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Ж.Аймауытовтың, Ш.Құдайбердиевтің өзге де қазақ әдебиетінің аса ірі тұлғаларының әдеби мұраларының қалық жұртшылық назарынан ұзақ жылдар бойы тыс қалуы, мектептерде оқытылмауы ең алдымен осы ұлттық сананың ойсырай түсуіне ықпал етті.

Мағжан Жұмабаев өзге де әдебиетімізбен мәдениетіміздің аса ірі өкілдері қатарында негізсіз репрессияланған қаламгер ретінде ақталуы, 1989 жылы «Жазушы» баспасынан шығармаларының бір томдығы жарық көруі оның әдеби мұраларының ортамызға оралғандығынын айқын айғағы болды. Осы кезден бастап Мағжанның «Жүсіп хан», «Батыр Баян» поэмалары, отыздан астам өлендері жалпы білім беретін орта мектептің әдебиет пәні бағдарламаларына енгізілді.

Соңғы он төрт-он бес жыл көлемінде Мағжан туындыларын әдебиеттану тұрғысында зерттеп, бағамдаған ірілі-ұсақты М.Әуезов, М.Базарбаев. Х.Абдуллин, Г.Қайырбеков тағы басқа бірнеше ондаған еңбектер жарық көрді. Өз өлендерінде азаматтық, ақындық позициясы, өмір жолы, өзі бастан кешкен тарихи-әлеуметтік жағдайлардың көркем бейнесі тайға таңба басқандай айқын көрінетін Мағжандай ақын қазақ әдебиетінде кемде-кем. Өлендеріндегі ақындық позицияның айқындығы, суреткерлік шеберлігінің күштілігі осылай ой түюге еріксіз мәжбүр етеді.

Мағжан-күрделі ақын, ақындық көзқарастары да көп қырлы. Осы көп қырлылық оның шығармашылығында да кеңінен көрініс тауып отырады. Осы ерекшелік оның шығармаларының поэтикалық болмыс-бітімінен, ондағы көтеріңкі романтикалық пафостан айқын аңғарылып тұрады. Бұл Мағжан ақынның өзіне ғана тән көркемдік әлемі. Шығармаларын сөз еткен 1991 жылға дейін жарық көрген кейбір мақалаларда ақын өлендерін талдаудан гөрі тақырып ауқымының кеңдігіне,ой тереңдігіне, образ жасау шеберліктеріне, сыртқы сымбатына тамсану басымырақ болып келеді. Ақын мұраларының оқырман игілігіне айналғанына төрт-бес жылдай уақыт өткен кездің өзінде, яғни, 1992 жылы әдебиет зерттеушілерінің Мағжанның көркемдік әдісі жөнінде әрқилы пікірде болғандығы аңғарылады.

Мағжан Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқар асуларынан өтіп бойға қуат, ойға нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткер болды. Оның қаламынан сондай-ақ, көптеген әңгімелер мен мақалалар, оқу құралдары мен оқулықтар: «Бастауыш мектептегі ана тілі» (1928), «Сауатты бол» (1926), т.б. зерттеу еңбектері туды. Сонымен бірге оның тәлім-тәрбие ғылымының теориялық жағының төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарыныңың тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан Мағжан 1922ж. «Педагогика» атты (Ташкеңт, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі қазақ зиялыларының бірі-белгілі ғалым-педагог, публицист М.Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазған: «Заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып», одан кейін оқып, салыстыра қарап, бұрынғы жазғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал…». Өз кітабы жөнінде автор былай дейді: «Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттық мұғалімдер курсында оқытылған дәрістерден түзілген еді. Бұл күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады». Бұл кітаптың басылуы оған оңай болмаған, көпшілік талқысына түсіп, тәжірибелі мұғалімдердің сынынан өткен еңбек.

Әдебиетші ғалым Р.Бердібаев «Мағжан Жұмабаевтың мұрасын тану мен бағалауда орын теуіп келген жаңсақтықтың бір ұшығы оның ұстаған көркемдік тәсіліне мен бермеушілікке байланысты» дейді. Мағжан- романтик ақын, дүние құбылыстарын да романтиктің көзімен шолған. Ал романтикалық әдісте реалистік тәсіл секілді көркем әдебиет жаралғалы бері қатарласа келе жатқан құбылыс. Тіршілік заңдылықтарының ағысын емес, өмір-бақыт туралы алдын-ала қалыптасқан ұғым мен сенімді бірінші кезекке шығарып айту романтизмге тән нәрсе. Басқаша айтқанда, романтиктер өмір процесін тәптіштеп тексеріп жатпайды, «Өмір осылай болса дейтіп арманды ғана ардақ тұтады». Сондықтан да олар ұнамаған көріністерді барынша жексұрын етіп, жақсылық деп ұғынғандарын асқақтатып жырлайтыны әзелден бері мәлім десе, осы пікірді әдебиетші ғалым С.Қирабаев былайша жалғастырады: «Мағжан Жұмабаев романтикалық куат күшке, фантазияға, қиялға, қанатты ойға ерік берген. Мұны оның бүкіл шығармашылық болмысынан, өлендері мен поэмаларынан айқын аңғаруға болады. Мағжан романтикасы оның поэзиясын ажарлаңдыра түседі».-дейді.

Мағжан көкжиегінің кеңдігі ол өз замандастары сияқты тап тартысын, кедей теңдігін жырлаған жоқ. Мағжанды толғандырған ұлт тағдыры. Ол өз ұлтының тыныс тіршілігін басқа халықтармен салыстыра отырып, қазақ елінің отарлау саясатының құрбаны болып отырғанына күйінді. Осыдан келіп, оның өлендерінде сары уайым, трагедия басым. Екіншіден, батыстың символистеріне еліктеуі ақын поэзиясының екінші бір ерекшелігін ашты, яғни, әшекейі, еуропалығы.

Романтик ақын кейде символистерге, кейде сентименталист ақындарға еліктеп жазған. Бұл жөніңде Ж.Аймауытов: «Мағжан еліктегіш ақын. Еліктеу -ақынға мін емес, қандай күшті ақындар алдынғы ақындарға еліктемей жаза алмаған. Еліктеу алдағандық не адасқандық емес, іздену соқпағына өзін-өзі салып, сан түрлі сырлы саздарды қазақ поэзиясына әкелу әрекетінің басы,- деп атап көрсетеді.

Мағжан шығармашылығынан кең орын алған құбылтудың бір түрі символ деп аталады. Оған «толқын» өленіндегі ақынның бермек астарлы ойы ағып жатқан, бірін-бірі қуып, сырласып жүрген, еркелеп жүрген, кеңескен-егескен адамдар жайлы айтқаны дәлел.

Мағжан үйренген орыс символистерінің артында еуропаның үздік ойшылдары, ағартушылары, ақын-жазушылары: СДанте, Петрарқа, Байрон, П.Верлен, Роллан т.б.тұрды. Осылардың ішінен Мағжанға ең жақыны француздың Поль Верлені еді. Екеуінін тағдырлары да, поэзияларының тамыр дірілдері ұқсас.

Мағжан орыс символистеріне сырттай еліктегенімен, ішкі мазмұны жағынан олардан бөлек. Оны символизммен әуестеніп жүрген кезде жазған «Пайғамбар», «Біраз Фетше», «Александр Блок», «Мені де өлім, әлдиле» т.б. өлендерінен кездестіруге болады. Жас Мағжан неге «Мені де, өлім алдиле», -дейді. Мағжан өленінде күңіреңген жел, суық жел өтінен құлаған жас қайың, майданнан қайтқан жас ұлан, көз тиіп өлген нәзік құрақтай жас нәресте, алтын уық, жібек бу ақ отау, өлім тезіне, құштар болған лирикалық «мен» бар. Тағы ол «Әлдиле, өлім әлдиле»-дейді. Мағжандікі «әлдилесі» нағыс қазақи сөз. Ол әлдилеп отырып, аяла, ая, мәнгі ұйқыға жіберме дегендей наз білдіреді.

Романтик Г.Гейне, Гете, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов шығармаларын оқып қанаттаса, символист М.Д. Мережковский, К.Бальмонт, В.Брюсов, А.Блоктың естілген жырларын жаданда сақтап, өзінше самғиды. Жалпы символистерді үш топқа бөліп қарастырсақ, олардың лирикаларымен түпкілікті әрі жан-жақты танысқан Мапқан «Поэзиялар атымен» аталатын символистердің үлкендер тобынан: В.Брюсовтан, К.Бальмонттың, Ф.Сологубадан; «қоғамдық-символистер» тобынан: Д.Мережковскийден, З.Гипплустең, Д.Философовадан және «кіші» топтан: А.Белог, А.Блок, Вяч Ивановтардан көзқарастары ұқсас, ойлары ортақ жақтастарды, пікірлестерді тапты,- дейді әдебиетші ғалым Б.Жетпісбаева.

Мағжанның сырлы сазды сөзге деген махаббаты ерекше. Д.Мережковскийдің, В.Брюсовтің, С.Больментонның өлендерінің ізімен жырлаған Мағжан жолма-жол жыр жазып кетпей, мұң мен сырдан мөлдір мрамор жыр жазып шығарды.

Сондықтан, Мағжан Жүмабаевтың қазақ өленіне әкелген өлшемдері, формалары өлен теориясына қосқан үлесінің салмақтылығын көрсетеді. Мағжан поэзияға тартымды формалар әкелумен қатар, оның мазмұнын тың тақырыптармен байытты. Жеке адам баласын толғандырған әлемдік күрделі мәселелер арасындағы сан қилы ой-толғаныстар Мағжан поэзиясынан табылатын қасиеттер.

Оның шығармашылығында тарих тұңғиығын терең түсіну, болашақты болжау, бүгінгі күннің шындығына көз жеткізу сияқты терең толғаныстар бір- бірімен астасып жатады. Оның өлендерін оқи отырып, тылсым сырға еніп, таңғаларлық күйге түсіп, әсем суреттер дүниесіне кіресің, ақынның күдіретті шеберлігіне бас ұрасың. Эстетикалық талғам талабымен айрықша көзге түсуі, жүрекке жылы тиіп, жанды тебірентуі-ақынның өзгеге ұқсамас дарындылығынан. Ақын жырларында табиғат пен адамның жан дүниесі бірге өріліп, бірге қанаттасып жатады. Әлем құбылысы санамен, көңілмен үндесіп, сұлу, сырлы, кейде ақыл-ойға сыймайтын фантастикалық суреттерді көз алдына келтіреді. Сондықтан да табиғатты жырлап отырып оның адамға қатасты жақтарын, адамды оның көңіл-күйін айта отырып адам баласының табиғаттағы мәңгілік орнын іздеу- Мағжан лирикаларының негізгі ерекшеліктерінің бірі.

Мағжан шығармаларында қарапайымдылықтың ізі басым. Тума дарын иесі оқырманға ойлы сауал тастап, өзін қалай қабылдасаң, солай қабылда дегендей, түпкі шешімге ұзын арқау, кең тұсау тастайды. Мағжан поэзиясынан өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір бөлшегі ретінде қабылдайтын ақын екенін байқаймыз. Бұл әдіс Мағжан өлендерін көркем кестелендіріп, шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар дарытты. Сондықтын Мағжан өлендері көңіл ұйытып, көкірекке терең ұялайды.

Сондықтан, Мағжан шығармашылығын зерттеп-зерделеген Ш.Елеукеновтің, Х.Абдуллиннің, С.Қирабаевтің, Т.Кәкішевтің, З.Қабдоловтың, М.Базарбаевтың, Р.Бердібаевтың, Б.Дәрімбетовтың т.б. ғалымдардың еңбектері Мағжантанудын тұрақты арнаға түсе бастауына елеулі ықпал еткенін атап айтамыз.

М.Жұмабаев шығармаларының жалпы білім беретін мектептердің әдебиет пәні бағдарламаларына 1990 жылдан бастап енгізілуі оны оқытуды міндеттеді. Бұл кезінде ақын шығармашылығын әдебиеттану тұрғысында зерделенген еңбектердің әлі дүниеге келе қоймаған кезі болғаңдықтан, пән мұғалімдерінің Мағжанның мұраларын шығармашылық денгейде оқып- үйретуіне елеулі қиындықтар туғызды. Бұл зәрулік бүгінгі күнге дейін сезіліп келеді. Себебі, Мағжан шығармашылығын әдебиеттану тұрғысында зерделенген еңбектердің әлі дүниеге келе қоймаған кезі болғандықтан, пән мұғалімдерінің Мағжанның мұраларын шығармашылық денгейде оқып-үйренуіне елеулі қиыңдықтар туғызды. Бұл зәрулік бүгінгі күнге дейін сезіліп келеді. Себебі, Мағжан шығармашылығын әдістемелік тұрғыда зерттеу ісі әлі де жүйелі түрде қолға алынған жоқ. Мағжан ақталғаннан бері он бес жылдай уақыт өткеніне қарамастан Ш.Елеукеновтің жоғары сыныпқа арналған жалғыз көмекші құрал мен әр түрлі Республикалық басылымдарда жарияланған мектеп мұғалімдерінің он шақты шағын мақалаларынан басқа ақын шығармашылығын мектепте оқыту мәселесіне тікелей арналған іргелі ғылыми-әдістемелік зерттеу  еңбегі жарық көрген жоқ.

 Резюме

Известный казахский поэт М.Жумабаев посредством своей поэзии оставил своим потомкам культуру слова на очень высоком уровне.

                                                            Summary

Famous Kazakh poet M.Zhumabaev through his poetry left to his descendants culture words of a very high artistic level.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Дюкенова Н.Е. Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (5-7, 11 сыныптар бойынша): пед.ғыл.канд.дис.-А.: Абай атындағы ҰПУ. 2006ж.

2.Карибаев С. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. Жаңаша бажайлау. -Алматы.: Ғалым, 1997ж.-378-5076.

3.Жұмабаев М. Шығармалары (өлендер мен поэмалар, қара сөздер). Алматы.: Жазушы. 1989ж.-448б.

4.Қуантайұлы Н. Мағжан Жұмабаев өлендерінің текстологиясы// Қазақ әдебиеті. -2002.-9 тамыз.-10 б.

5.Мағжан Жұмабаев. Көп томдық шығармалар жинағы. Аудармалар, ғылыми еңбек мақалалар.-Алматы.: Жазушы, 2005ж.-232б.

удожественном уровне.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ