«Өзін-өзі тану негіздері» модулінің міндеттері

0
  • тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру үдерістері туралы біртұтас ұғым беру;
  • қазіргі заманғы әлемдегі адамның құндылықтары туралы түсінік қалыптастыру;
  • аталмыш жас ерекшелігіндегі тұлғалық және даралық маңыздылықты жетілдіру;
  • студент тұлғасының жағымды және шығармашылық ойлауын жүзеге асыру дағдыларын белсендіру;
  • студенттердің рухани ақиқаттың «мәңгілігі» және олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту.

1  «Өзін-өзі тану негіздері» модулі аяқталған соң студент төмендегідей біліктерді меңгеруі тиіс:

  • өз Отанын – Қазақстан Республикасын сүйетін азамат болуға;
  • ел тарихына, отандық және әлемдік мәдени мұра құндылықтарына қамқорлықпен қарауға;
  • әлемді және өз-өзін тануда жасампаздықты танытуға;
  • өмірлік және кәсіби жағдаяттарда адамгершілік өлшемдерді басшылыққа алуға;
  • адамдармен жағымды қарым-қатынаста болуға және көзқарастары мен сенімдері өзгеше адамдармен толерантты болуға;
  • саналы түрде салауатты өмір салтын ұстанып, өзінің дене және эмоциялы-рухани жай-күйін қалыпта сақтауға.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ