Студенттердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің дамуы

0

Психология ғылымында қарым-қатынас өзекті мәселе болып табылады. Өйткені психология ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесінің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты. Сондай-ақ қарым-қатынас болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы екені белгілі. Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі және адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады.

Сондықтан жан-жақтан келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін олардың қарым-қатынастағы зейін қасиеттерінің деңгейлерін анықтау — өзекті мәселелердің бірі.

Әлеуметтік психология мен жалпы психология аясында қарым-қатынас мәселесі мен зейін мәселесі жан-жақты қаралған. Мысалы, Б.Д.Парыгин 60-шы жылдары әлеуметтік психологияны қарым-қатынасты зерттейтін бірден-бір пән ретінде бөліп қарастырды.

А.А.Леонтьев «қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекетке, яғни қарым-қатынасқа белгілі бір іс-әрекет түріне сияқты қарау керек деп есептейді.

В.М.Бехтерев қарым-қатынасты адамдарды топқа біріктіру механизмі, тұлға әлеуметтенуінің шарты сияқты қарастырады.

М.С.Каган қарым-қатынасты адамдардың бірлігінен туатын жаңа ақпараттарды өңдеу үрдісі ретінде қарастырады.

Қарым-қатынасқа ең жалпы анықтаманы Б.Ф.Ломов берді: «…қарым-қатынас адам тұрмысының индивидуалды формасының маңызды жағы болып табылады». Ол қарым-қатынас іс-әрекетінің әртүрлі формалары, деңгейлері, түрлері жайлы және оның құрамдас бөлімдері: сан алуан ақпарат алмасу процесі, коммуниканттардың өзара әрекеттесуі жайлы сөз қозғайды.

Ал, Г.М.Андреева әртүрлі көзқарастарды біріктіре және жалпылай отырып, қарым-қатынастың кез келген формалары адамдардың біріккен іс-әрекеттерінің спецификалық формасы болып табылады, яғни адамдар әр түрлі қоғамдық қызметтерді орындау процесінде тек қарым-қатынас қана жасап қоймайды, олар әрқашанда сол жайында кейбір іс-әрекеттермен қарым-қатынаста болады дейді.

Сондай-ақ қарым-қатынасты зерттеуде оның құрылымдық компоненттерін анықтау керек. Осыған байланысты зқерттеу барысында Г.М.Андрееваның қарым-қатынастың құрылымын талдау нәтижесіне жүгінеді. Ол қарым-қатынасты бір-бірімен өзара байланысты үш жағынан қарастырды: коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік.

Қарым-қатынастың коммуникативті жағы немесе тар мағынадағы коммуникация мәлімет беру – алмасу мәселесімен анықталады.

Интерактивтік жағы қарым-қатынас жасаушы индивидтердің өзара әрекеттестігінің ұйымдасуымен қорытындыланады.

Перцептивтік жағы адамдардың бірін-бірі қарым-қатынас арқылы қабылдауы мен тануы және осы өзара танымның негізінде қалыптасу процесін білдіреді.

Ғалым бұлай жіктеп, бөлудің шартты екендігін, қарым-қатынас үрдісінде оның үш жағы да көрінетіндігін дәлелдеді.

А.А.Бодалев қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі деп, адамның тұлға және іс-әрекет субъектісі және жеке даралық ретінде дамуының негізгі факторы болатынын атап өтеді. Қарым-қатынастың тәрбиелік мәнін ол тек дүниетанымды кеңейтуде ғана емес, сонымен қатар тұлға интеллектісінің дамуындағы роліне тоқталған.

В.А.Кан-Калик педагогикалық процесте қарым-қатынас арқылы байқалмайтын, бірақ өте маңызды тәрбиелік өзара қатынастар жүйесі қалыптасатынын және оның ЖОО-да тәрбиелеу мен оқыту тиімділігі арттыратынын айтқан. Оның ойынша, қарым-қатынас адамгершілік-құндылық потенциалға ие. В.А.Кан-Калик қарым-қатынас функцияларын ішкі және сыртқыға бөледі. Олардың әрқайсысы құрамдас бөліктерге ие. Сыртқы функция – ақпараттық-коммуникативті, тұлғааралық қатынастарды өзара танымды етіп ұйымдастыру, бейімделу, ал ішкі-эстетикалық дәмдік, мінез-құлықтық, әдептік.

Сонымен, көптеген әдебиеттердегі ғалымдардың теорияларында талдау жасай отырып, қарым-қатынас механизмдерін, қарым-қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсінікті сипаттайтын күрделі психологиялық құрылым деп түсінеміз.

Зейін мәселесіне келсек, ол тәуелсіз психикалық процесс емес, адамға қажетті психикалық іс-әрекеттің компоненті ретінде ілгері басады, сондықтан да сананың кез келген жұмысы белгілі формада сол немесе басқа болмыстың көрінісі ретінде болады.

Зейінді бірден-бір зерттеген француз психологы Т.А.Рибо болды. Ол әсіресе өзінің еріксіз зейін теориясын зерттеумен танымал. Т.Рибоның айтуынша, зейін екі маңызды әртүрлі формадан тұрады: оның біреуі – еріксіз, шынайы зейін, екіншісі – ерікті, жасанды зейін.

Мюллер зейінді сол кездегі әсермен байланысты бас ми бөлігіндегі сезімталдықтың уақытша жоғарылауынан көреді.

Эббингауз зейіннің физиологиялық теориясы жайлы айта келіп, ол істі мида жүйке жүйесі тоқтарының белгілі бір нақты жолдары арқылы жаттығулардың ықпалымен жүргізілетін біліммен байланыстырады.

Зейіннің физиологиялық табиғатын түсінуде атақты физиолог Чарльз Шеррингтон жұмысының маңызы да зор болды. Қозғалыс координациясының процесін зерттей отырып, ол «Шеррингтон воронкасы» деген атқа ие болған нерв жүйесі жұмысының бірден-бір прициптерін анықтады.

П.Я.Гальперин зейін концепцияларын ұсынды. Ол зейінді іс-әрекеттің ішкі бақылауы деп санады.

Зейіннің тағы бір теориясын Д.Н.Узнадзе және оның шәкірттері дамытты. Осы теорияға сәйкес зейін объективтілік актісімен байланысты.

Басқа танымдық процестермен салыстырғанда зейін материалдық әлемнің қандай да бір спецификалық формасы болып табылмайды, керісінше адамның маңызды психикалық іс-әрекетінің шарты, оның мақсатқа бағыттылығы мен артықтығы ретінде алға басып, адам іс-әрекетінің өнімділігі мен жемісті ағымына себепші болады.

Сондай-ақ зейін адамның әртүрлі сенсорлық ақпаратты пайдалану мен қайта өңдеудің, қабылдудың танымдылығымен қамтамасыз етілетін, оған қоса адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасындағы іс-әрекеттің мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған танымдық психологиялық процесс.

Өзінің құрымында зейін біржақты психологиялық көрініс болып табылмайды, ол психологияда «қасиет» немесе осы «сана функциясының жағы» деп аталатын әртүрлі көріністермен сипатталады.

Ал зейіннің қасиеттері деп, әдетте, оның тұрақтылығын, зейіннің бөлінуін және оның белгілі бір нәрсеге аударылуын, зейіннің көлемін, зейіннің тұрақтылығын және т.б. ерекшеліктерін айтады.

Зейіннің тұрақтылығы деп адамның белгілі бір іске назарын салып, оған ұзақ уақыт берілуін айтады.

Зейіннің орталық феномені ретінде C.Л.Рубинштейн (1946) психикалық іс-әрекеттің таңдамалылығын, мақсатқа бағыттылығын, шоғырлануын бөледі. Психикалық іс-әрекет ретінде зейіннің шоғырлануы зейіннің басқа қсиеттерімен бірлікте болады және де бірінші кезекте зейіннің көлемі мен шоғырлануын сипаттайтын екінші комплекстердің қасиеттері – көлем мен ауыспалылық.

Сонымен зейіннің шоғырлануы дегеніміз – адамның сол сәтте меңгерген немесе қабылдаған, басқаның барлығынан бас тартқан, қандай да бір нәрсеге шоғырлану процесі. Ал психологияда зейіннің көлемі адамның бір уақытта олардың қабылдауының зейініне бағытталған объектінің саны сияқты анықталады.

Көлем мен шоғырланудың функционалдық өзара қатынасының сипаты өте күрделі болып келеді. Зейін полясының объектілері бір-бірімен өзара мәні бойынша байланысқанда зейіннің көлемі ұлғаяды да, өнімділігі сол деңгейде тұра беруі немесе жоғарылауы мүмкін. Зейіннің тұрақтылығы адам зейінінің шоғарылануын бір әрекет объектісінде ұзақ уақыт сақтаудан тұрады, бірақ зейін процесінің үзілісі болып табылмайды.

Әрекет объектісі мен әрекеттің өзі өзгеруі мүмкін, ал іс-әрекеттің жалпы бағыты сақталады. Зейін тұрақтылығының басқа ерекшелігі зейін тұрақтылығы мен шоғырлануының өзара байланысы болып табылады. “Зейіннің тұрақтылығы зейіннің шоғырлануы сақталатын, яғни оның уақытша экстенсивтілігінің ұзақтығымен анықталады”. Зейіннің тұрақтылығы дегеніміз – жеткілікті мөлшерде ұзақ уақыт немесе үнемі бір деңгейде көрінетін сақталу ағымы. Егер адамның зейіні тұрақты болса, онда олар ұзақ уақыт бойы өзінің жұмысқа деген қабілетін ақтап, қате жібермес еді. Зейіннің ауыспалылығы мен тұрақтылығы, орналасуы белгілер бір деңгейде зейіннің көлемін анықтайды.

Сондықтан да зейіннің қасиеттері психикалық іс-әрекет процесінде бір-бірімен байланысып, белгілі бір функционалдық бірлікте болады. Зейін қасиеттерін олардың даму деңгейі әртүрлі болған жағдайда ғана тәуелсіз қарастыру маңызды. Адамның зейіні басқа да барлық психикалық функциялар сияқты, сананың туа біткен функциясы болып саналмайды, ол адамның индивидуалды дамуының процесінде дамып, қалыптасады.

Психологиялық зерттеулер көрсеткендей, зейіннің қалыптасуы адамның өнімді психикалық іс-әрекетінің реакциясы сияқты адамның онтогенезіндегі жастық кезеңдерімен өзара байланысатын бірнеше қатарлармен сипатталатын күрделі де, ұзақ даму жолынан өтеді.

Студенттер зейінінің ерекшеліктерін зерттеуге арналған мәселелерді А.П.Кашина (1977), В.А.Маликованың (1979) зерттеулерінен байқауға болады.

Яғни, іс-әрекет сипатына байланысты зейіннің ауыспалылығына, тұрақтылығы мен орналасуына бірнеше зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы студенттер зейініне келсек, олар өндіріспен тікелей байланыс жасап отыратындықтан, оқу уақытн үнемді пайдаланып, сабақтың қай-қайсысына да аса зейін қояды. Студенттер өндіріс арқылы өмірмен жақфындасады, белгілі мамандық алуға тырысады. Сондықтан  тәжірибеге негізделіп терең мазмұнда құрылған дәріс олардың ынтасын арттырып, зейінін күшейтеді. Біраз уақыт өткен соң студенттердің зейінді болуы дағдыға айналып, олардың тұрақты қасиеті болып қалыптасады. Ендеше, зейін адамның бойында туғаннан қалыптасапайды, ол қасиет өсе келе пайда болады.

Сонымен көптеген ғалымдар зейін мен қарым-қатынас мәселелерін қаратырған. Бірақ әлі де жеткіліксіз жақтары бар. Әсіресе қарым-қатынас пен зейін қасиеттерінің байланысы қаралмаған. Сондықтан да зейін қасиеттері мен қарым-қатынас мәселесінің өзара байланысы әлі де зерттеуді қажет ететіндігі өзекті мәселе болып отыр. Жалпы осы теорияларға көз жеткізу мақсатында біздің басшылығымызбен 1-ші курс студенттерінің арасында зейіннің қасиетін (тұрақтылық) зерттеу үшін констатациялы эксперимент жүргізілді. Эксперимент корректуралық проба әдісінің (Бурдон тесті) көмегімен жүргізілді. Берілген белгілі бір уақытпен жұмыс істей отырып, сыналушылар бланкте ұсынылған әріптерді танып, сызып шыгулары керек. Жұмыс келесі жағдайлармен бағаланады. Бұл жұмыста сыналушылар зейіннің тұрақтылығы мен шоғырлануының деңгейлері анықталды. Зейіннің шоғырлануы мына формула бойынша бағаланады:

К – С х С/П немесе К=С2

Мұндағы С – сыналушы қарастырған кесте жолдарының саны,

П – қателер саны (түсіп қалған немесе артық белгі қате берілген).

Қате сызылуы керек, онан соң қате сызылған әріптер саналады.

Ал зейіннің тұрақтылығы барлық тапсырма кезіндегі жылдамдықтың өзгерісі бойынша бағаланады. Әрбір 60 секунд үшін саналатын нәтижелер мына формула бойынша есептеледі:

А = S/t. А – орындалу жылдамдығы, S – корректуралық кестенің бөлігінде қаралған әріптер саны, t-орындау уақыты.

Бурдон тестімен алынған эксперименттің нәтижелері Стьюдент әдісі екі таңдау тобы көрсеткіштерінің ортаңғы сәндерінің арасында айырмашылықтың болуы немесе болмауы жөніндегі болжамды анықтауға бағытталған. Экспериментті осындай критериймен өңдеу арқылы мынадай қорытындыға қол жеткіздік: жан-жақты келіп, жаңа әлеуметтік ортаға енді бейімделген студентетердің қарым-қатынастағы зейін тұрақтылығының деңгейі төменгі көрсеткішті көрсетті және осы көрсеткіш бойынша психологиялық көмектің қажет бойынша психологиялық көмектің қажет екендігі анықталады. Зерттеу жұмысының барысында мақсат-міндеттеріміз орындалып, болжамымыз дәлелденді.

Қорыта келгенде, зейін адамдардың барлық іс-әрекет түріндегі қарым-қатынастың және күнделікті қарым-қатынасының маңызды психологиялық факторы болып табылады. Сондай-ақ зейін аудару адамдар арасындағы қарым-қатынастың бірінші алғышарты болып табылады. Дегенмен қарым-қатынасты ауқымдырақ қарастырсақ, онда зейінді қарым-қатынас процесіндегі маңызды компоненттердің бірі деп айтуға болады. Зейіннің қасиеттері қарым-қатынас пен адамдардың өзара қатынасының қажетті психологиялық компоненті бола отырып, айналадағы адамдармен байланысының тереңдей түсуіне мүмкіндік туғызады.

Қарым-қатынас процесінде өз ойын жеткізу мен басқа адамның ойын жеткізуде зейіннің маңызы өте зор.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Леонтьев А.А. Психология общения. М.:1997.
  2. Андреева Г.М. социальная психология. М.:1999.
  3. Бодалев А.А. Проблемы общения в психологии.//Психол.журнал. 1983.
  4. Хрестоматия по вниманию./Под.ред. А.Н.Леоньтева и др. МГУ.1976
  5. Вопросы психологии внимания. Вып. VІ. Саратов: 1974.
  6. Столяренко. Л.Д. Основы психологии. Практикум. Спб.:2005.
  7. Немов Р.С. Психология. М.:1990.
  8. Тихимиров О.К. Психология. М.: 2006.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ