Халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап, тәлім – тәрбие, мол тәжірибе негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеу қажеттілігі

0

Қазіргі уақытта Қазақстан экономикалық және саяси дамудың жаңа кезеңін өткеріп отыр. Осы кезеңнің ең негізгі міндеті–елдегі өтіп жатқан барлық тәлім-тәрбие процесті демократияландыру және қайта жаңғырту.

Қазақстанда білім беру халықаралық стандартқа сай болуы керек, сондықтан «2014 жылдан бастап біз 12 жылдық білім беруге көшуіміз, педагогтардың кәсіби деңгейін, оқулықтар мен оқу бағдарламаларының сапасын көтеруіміз керек»,-деп республика Президенті Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен болатын. 12 жылдық сапалы білім беру нарықтық жағдайда мемлекеттің табысты даму шарттарының бірі болып саналады.

ХХІ ғасырда жалпы білім беретін мектепте оқушының өзін үйлесімді дамытуға бағытталған 12 жылдық білім беру үлгісі – бастауыш мектепті бітірердегі 10 жастағы баланың оқу іс-әрекетінің жоғары деңгейімен, өз бетімен оқу және өзін-өзі дамыту арқылы білімді, адами құндылықтарды жүйелі игерумен ерекшеленуі тиіс. Жалпы әлемдік қауымдастықта қабылданған 12 жылдықты оқыту мамандарды даярлау негізінде ғана мүмкін болады. Соған сәйкес, «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша мамандарды даярлауда «Оқу шеберханасындағы практикум мен бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу әдістемесіне» өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді.

         Осыған орай Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңару жағдайы – бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап, зерделеудің, оның айналасындағы тәлім – тәрбие, мол тәжірибе негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеу қажеттілігін тудырады [1].

Сондай қажеттіліктердің бірі – халықтың қолөнері, оның ішінде ою-өрнек өнерінің тәлім–тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы студенттердің қазақ ұлттық ою-өрнек өнері бойынша толық білім сапасын және оны оқушылардың тәрбиесіне пайдалана алу іскерлігі мен қабілетін қажет етеді. Оның үстіне қазақ ұлттық ою-өрнек өнері өзінің бай тарихы, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктері мен болашақ мұғалімдерге рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интелектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз. Сондықтан  да болашақ мұғалімдерді даярлау барысында жоғары оқу орныдарының оқу тәрбие процесіне ұлттық ою-өрнек өнерін енгізу аса қажет.

Жалпы, ТМД елдері бойынша ою-өрнектің шығу тегі, дамуы, семантикасы, жасалу техникасы, құрылысы, классификациясы, қолданылуы жөнінде деректер, зерттеулер халықтың тарихы, этнографиясы, фольклоры, қолөнері тұрғысынан жарық көрген біраз еңбектерде (В.В. Стасов, Н.Л. Шабельская, В.А. Городцов, Е.Н. Клетнева, В.И, Б.А. Рыбаков, С.В. Иванов, В.Н. Чернецов, А.В. Шубников,           П.И. Климова, Л.Я. Штеренберг,   Н. П. Гринкова, И. Я. Богусловская,      Г. С. Маслова, Х. Линнус, Г.А. Никитин, Т. А. Крюкова, П.А. Чепурина, Т.А. Жданко, Г. Л. Чепелевская, К. А. Берландина, П. Г. Богатырев және т.б.) қарастырылған. Оның тәлім– тәрбиелік мүмкіндіктері сәндік қолданбалы өнер үлгілері негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру (Л. Г. Савенкова, Р. Н. Халимова, Д. Г. Пилипенко, Э. Х. Мурадова,          Л. С. Нерсисян, А. Э. Туракулов, Т. Шпикалова т.б.); жеткіншектердің адамгершілік–эстетикалық  тәрбиесіне әсер ету (Н.А. Горяева, т.б.); жоғары сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу (Люсюк П.В.); еңбекке баулу (Г. В. Похолкин, К. Дәулетова, М. Сүлейменова,                  Л. Жайманова, Ш. Жиенбаева); жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту (М. Скильский, Т. Шпикалова т.б. ); мектепке дейінгі балалар тәрбиесінде қолдану (А.А. Грибовская, Р.В. Калистру, т.б.); сәндік – қолданбалы өнерді оқыту процесінде көркем тәрбие мен еңбек тәрбиесінің байланыстылығын анықтау (В. М. Аглаева), сәндік қолданбалы өнер түрлерін жоғары оқу орындарының көркем сурет, педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі, жалпы техникалық еңбек факультеттерінің оқу – тәрбие процесінде пайдалану (Л.В. Ершова, Г.А. Поровская,         М.М. Робу, Т.А. Давидова, А.П. Гапбаров, С.Ф. Абдуллаев, т.б.) мәселелеріне арналған педагогикалық зерттеулерде сөз етіледі [2].

Сол секілді қазақ халқының қолөнері, оның ішінде ою-өрнектері Қазан төңкерісіне дейін арнайы сала болып зерттелмегенімен Орта Азия халықтарының этнографиясы, тарихы, өнері бойынша жазылған                Н. И. Городсковтың, А. Бобринскийдің, А.А. Боголюбовтың,                      А. Фелькерзамның зерттеулерінде қазақ өрнектері жайлы біршама пікірлер айтылған [3].

Қазан төңкерісінен кейін бірқатар тарихшы, этнограф, археолог, филолог, өнертанушы ғалымдардың еңбектерінде қазақ қолөнерінің кейбір нұсқалары көрсетіп, олардың мән–маңызы сөз етіліп (С.М. Дудин, Б.В. Веймарн, В.Г.Мошкова т.б.), қазақ ою- өрнектерін шығу тегі, дамуы, символикасы, қолданылуы, жасалу теникасы, классификациясы өз алдына қарастырылған (Е.Р. Шнейдер, Т.К. Басенов, М.С. Мұқанов, Ө. Жәнібеков, Ә. Марғұлан, В. Чепелов, А.И. Тереношкин, Ә. Тәжімұратов,                      С. Қасиманов, Х. Арғынбаев, Қ. Мұқанов, К. Ибраева, т.б.)

Қазақ ою-өрнектерінің тәрбиелік мүмкіндіктері (Қ. Әмірғазин,          Б. Әлмұқанбетов,     Ж. Балкенов, Ә. Қамақов, О. Сатқанов, Л.В. Котенко, С. Жолдасбекова, Т. Тілеубекұлы т.б. ), оларды педагогикалық институттардың көркемсурет факультетінің студенттерін кәсіптік шеберлікке баулуда пайдалану мәселелері (Е. Асылханов, Қ. Болатбаев,    Қ. Ералин, Қ. Ержанов, Ұ. Ибрагимов, С Төленбаев т.б. ) педагогикалық ғылымы саласындағы зерттеу еңбектерінде де орын алған. Алайда жоғарыда аталған ғылыми педагогикалық еңбектерде ою-өрнек үлгілері сәндік қолданбалы өнердің құрамында қарастырылып, жеке өнер саласы ретінде, арнайы педагогикалық зерттеу нысаны болған емес.
Оған қоса проблеманың практикадағы және ғылыми әдебиеттердегі жағдайын зерттеу қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінің педагогикалық мүмкіндіктері мен олардың бейнелеу және қолданбалы өнер факультетінің оқу тәрбие процесінде кең көлемде қолданылмалы арасындағы; қазақ ұлттық  ою-өрнек өнерін қазіргі заман ғылымы негізінде оқушылар тәрбиесінде пайдалануы мен педагогикалық ғылымында бұл мәселенің қажетті деңгейде зерттелмеуінің арасында; қазақ ұлттық ою-өрнек өнерін мектептің оқу тәрбие процесінде тиімді пайдалана алатын мамандардың қажеттігі мен ондай мамандардың бүгінгі таңда сирек кездесетіндігі арасындағы; жоғары оқу орындарына бұл проблеманы ендіруге байланысты педагогика ғылымы ұсынған талаптар мен олардың шешімін табуға мүмкіндік туғызатын әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасындағы қайшылықтар жайында айтуға мүмкіндік береді.

         Мұның бәрі, сайып келгенде, болашақ мұғалімдерді ою-өрнек өнерінің ғылыми– теориялық мағлұматтарымен қаруландыратын бірізділікпен берілген жүйелі педагогикалық еңбектердің жоқтығымен түсіндіріледі [4].

         Осыған байланысты қазақ ұлттық ою-өрнек өнерінің мазмұнын, ерекшеліктерін, тәлім–тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау мен оларды оқушылардың тәрбиесінде пайдалануға студенттерді даярлаудың педагогикалық шарттарын анықтау және ол бойынша ғылыми — әдістемелік нұсқаулар әзірлеу қажеттігі туындап отыр.

Резюме

            В статье рассматриваются традиционные виды искусства, в том числе казахские орнаменты и воспитательные возможности воспитания молодежи.

Summary

            In clause the traditional kinds of art, including Kazakh ornaments and education of an opportunity of education of youth are considered.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Аманжолов С. А. «Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы». Астана – 2006
  2. Даулетова К., Сүлейменова М., Жайманова Л. «Еңбекке баулу әдістемесі» (Бастауыш сыныптарға арналған). Астана, «Фолиант», 2010
  3. М.С. Мұқашев, А.Е. Сейтимов, Н.А. Хамзин  Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі Астана, «Фолиант», 2008
  4. Әбдіғаппарова Ұ. М. «Қазақтың ұлттық ою өрнектері» Алматы Өнер, 1999

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ