Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі

0

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 Бұйрығы

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2007 жылғы 25 желтоқсан

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2007 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 638 бұйрығымен

бекітілген

Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі

  1. Жалпы ережелер
  1. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі — жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) және жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
  2. Жоғары оқу орындарында студенттер контингентін қалыптастыру бюджеттік қаржыландыру мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырысты (білім беру гранты) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздері есебінен оқуға төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Білім беру гранты Қазақстан Республикасының азаматымен бірдей басқа мемлекет азаматы болып табылатын қазақ ұлтының өкілдеріне, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына беріледі.

Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (бұдан әрі — ЖОО) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.

  1. Жоғары оқу орындарына азаматтарды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі — ҰБТ) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі — ҰТО) әзірлеген технология бойынша өткізілетін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
  2. ҰБТ ағымдағы жылғы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері үшін өткізіледі.

Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беретін ұйымдардың бітірушілері, бастауыш және кәсіптік орта оқу орындарын бітірушілер (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі), ҰБТ-ға қатыспаған халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектепті бітірушілер, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін мектепті бітірушілер, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген азаматтар үшін өткізіледі.

  1. Азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындары жүзеге асырады.
  2. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің комитетіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына қабылдау 1-қосымшағасәйкес кешенді тестілеудің немесе ҰБТ сертификатындағы балдарға сәйкес жүргізіледі.
  3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды жоғары оқу орындарына медициналық мамандықтардан басқа ақылы негізде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Ұқсас мамандықтарға қабылдау бекітілген тізбеге сәйкес өткізіледі.

Кәсіптік жоғары білімі бар (жоғары) азаматтарды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

  1. Екі немесе одан көп елдер арасында мемлекетаралық келісімдер бойынша құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс негізінде белгіленген квота бойынша шетел азаматтарын қабылдауды жоғары оқу орындары дербес түрде жүзеге асырады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде шетел тілінде оқытуға қабылдау жоғары оқу орындары оқыту тілінде жүргізетін кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

  1. Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді.

Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген бакалавр және жоғары арнайы білім мамандықтарының тізбесі осы Қабылдаудың үлгі ережесінің 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

  1. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша оқуға қабылдауды ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
  2. Азаматтарды арнаулы немесе шығармашылық дайындықты (бұдан былай — шығармашылық мамандықтары) қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан былай — шығармашылық емтихандар) нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
  3. Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.

Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында ЖОО қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар тек қана бір шығармашылық мамандықты көрсетеді.

6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына өтініштерді қабылдау мерзімін тиісті мемлекеттік органдар белгілейді.

  1. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар өздері таңдаған ЖОО-ның қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық емтихандар саны — екеу.

 Шығармашылық емтихан 2-7 шілде аралығында өткізіледі.

Шығармашылық емтихан бойынша ең жоғарғы балл саны — 25.

Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан төмен алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер осы мамандыққа түсу үшін кешенді тестілеуге жіберілмейді.

Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

  1. Шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарынан басқа 6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсу кезінде өтініштер ЖОО орналасқан жерде қабылданады.
  1. Кешенді тестілеуді өткізу
  1. Кешенді тестілеу білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалы ЖОО) өткізіледі.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ 6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін азаматтарға кешенді тестілеу азаматтың таңдаған ЖОО-ға бекітілген базалы ЖОО-да өтеді.

  1. Жергілікті жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөнінде мемлекеттік комиссиялар құрылады (бұдан әрі — мемлекеттік комиссия).

Мемлекеттік комиссия тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды қолданған (ақпараттық материалдар, электронды жазба кітапшалары, калькулятор, ұялы телефон, пейджер және басқа да байланыс құралдары) талапкерлердің тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылдайды.

  1. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішін, кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (ортадан кейінгі) оқу қажетті ақыны төлегені туралы түбіртекті (квитанция), 3х4 көлеміндегі екі фотосуретті, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
  2. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.
  3. Кешенді тестілеуге келген талапкер куәлігін (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуі тиіс.
  4. Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және 3-қосымшаға сәйкес талапкердің таңдаған мамандығына байланысты пән бойынша өткізіледі.
  5. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.

Шығармашылық мамандыққа түсуші азаматтар үшін кешенді тестілеудің екі пәні бойынша балдары есептеледі: қазақ немесе орыс тілі және дүниежүзі тарихы.

  1. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыру рұқсат етілмейді.
  2. Кешенді тестілеу нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу жүзеге асырылған жоғары оқу орнында өткізіледі.
  3. Тестілеуден кейін өткізілетін жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейін бірден дұрыс жауаптар коды ілінеді.
  4. Сертификаттарды алу үшін өткізілген тест нәтижелерін мемлекеттік комиссия тест сынағы өткізілген күні жариялайды.
  5. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әр қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат толтырылады, оны мемлекеттік комиссия тест сынағы өткеннен кейінгі үш күнтізбелік ішінде береді.
  6. Тест сынағының нәтижесімен келіспеген азаматтың апелляцияға өтініш беруге құқы бар.

Апелляциялық комиссия әрбір базалы ЖОО-да құрылады.

Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша талас тудыратын сұрақтарды республикалық аппеляциялық комиссия қарайды.

  1. ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.05.06. № 271 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
  1. Жоғары оқу орындарына қабылдау
  1. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары студенттер қатарына қабылдауды 10-25 тамыз аралығында өткізеді.

Азаматтар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (жалпы орта білім), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжатын, 3х4 көлеміндегі 6 суретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарын, сондай-ақ білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлігін (ол болған жағдайда) қоса береді.

  1. Мемлекеттік білім беру грантын алу құқығына ие болғаны туралы куәлік алған азаматтар, куәлікте көрсетілген ЖОО-ға қабылдау туралы өтініш береді және ЖОО ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

Шығармашылық мамандық бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау туралы куәлігі барлар өздері арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған ЖОО-ға қабылданады.

  1. Ақылы оқуға ағымдағы жылғы ҰБТ-дан өткен, жалпы орта білім беру ұйымын бітірушілер, тестілеу нәтижелері бойынша 50, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл келесі пәндерден: қазақ немесе орыс тілінен (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен, оның ішінде, бейіндік пәннен 7 балдан кем емес (әрбір шығармашылық емтиханнан 10 балдан кем емес), ал қалған пәндерден ең төмені 4 балдан жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.

Оқуға қабылдау мамандықтар бойынша және тілдік бөлімдерге жеке жүргізіледі.

Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдары есепке алына отырып жүргізіледі.

  1. 6-тармақта көрсетілген мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына студент қатарына қабылдауды талапкерлердің медициналық, тәндік және психофизиологиялық көрсеткіштерін ескере отырып осы жоғары оқу орнының мандат комиссиясының сертификат балдарына сәйкес қабылдаған шешімімен жүргізіледі.
  2. Меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысанда және белгіленген мерзімде ақпаратты ұсынады, қабылдау өткізгеннен кейін 10 күннің ішінде қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қорытынды есепті, студенттерді қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, сондай-ақ одан бас тартқан білім беру гранты иегерлері куәліктерінің түпнұсқасын және жоғары оқу орнына келмеген тұлғалардың мәліметтерін (А.Т.Ә, мамандығы) береді.
  3. Осы Үлгі ережеде регламенттелмеген мәселелерді ЖОО-ның қабылдау комиссиялары дербес түрде шешеді.

Білім және ғылым министрінің

2007 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 638 бұйрығымен бекітілген

Жоғары білім берудің кәсіптік

оқу бағдарламаларын іске

асыратын білім беру ұйымдарына

оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне

1-қосымша

Күштік және өзге құрылымдарға ведомстволық бағынысты

жоғары оқу орындарының тізбесі

Жоғары оқу орнының атауы Орналасқан жері
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлі-

гінің академиясы

Алматы қ.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Қарағанды заң институты

Қарағанды қ.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Академиясы Қостанай қ.
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-

нің  Құрлықтағы әскерлердің әскери институты

Алматы қ.
5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-

нің «Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Я. Бегелдинов атындағы» Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты

Ақтөбе қ.
6. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнін-

дегі агенттігінің Қаржы полициясы академиясы

Ақмола облысы
7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Көкшетау техникалық институты Көкшетау қ.
8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-

нің Әскери институты

Алматы қ.
9. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Ішкі әскерлердің Әскери институты

Петропавл қ.
10. ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.05.06. № 271 Бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-

нің Ұлттық қорғаныс университеті

Көкшетау қ.
12. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы Алматы қ.
13. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты Алматы қ.
14. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі-

нің Радиоэлектроника мен байланыс әскери-

инженерлік институты

Алматы қ.

Жоғары білім берудің кәсіптік

оқу бағдарламаларын іске

асыратын білім беру ұйымдарына

оқуға қабылдаудың үлгілік

ережелеріне 2-қосымша

Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар үшін арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу

орындарына қабылдау квотасының жоғары арнайы білім

және бакалавриат мамандықтарының тізбесi

Код Мамандықтар топтары мен мамандықтар атауы
  Бакалавриат мамандықтары
1. Білім
5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
5В010300 Педагогика және психология
5В010400 Бастапқы әскери дайындық
5В010500 Дефектология
5В010600 Музыкалық білім
5В010700 Бейнелеу өнері және сызу
5В010800 Денешынықтыру және спорт
5В010900 Математика
5В011000 Физика
5В011100 Информатика
5В011200 Химия
5В011300 Биология
5В011400 Тарих
5В011500 Құқық және экономика негіздері
5В011600 География
5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
5В011800 Орыс тілі мен әдебиеті
5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі
5В012000 Кәсіптік оқыту
5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
5В012200 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
5В012300 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
2. Гуманитарлық ғылымдар
5В020300 Тарих
5В020400 Мәдениеттану
5В020600 Дінтану
5В020800 Археология және этнология
3. Өнер
5В040400 Дәстүрлі музыка өнері
5В041900 Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
4. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес
5В050400 Журналистика
5В050500 Аймақтану
5В050600 Экономика
5В050700 Менеджмент
5В050800 Есеп және аудит
5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару
5В051100 Маркетинг
5В051200 Статистика
5В051500 Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
5В051900 Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
5. Жаратылыстану ғылымдары
5В060100 Математика
5В060200 Информатика
5В060400 Физика
5В060600 Химия
5В060700 Биология
5В060800 Экология
5В060900 География
5В061000 Гидрология
5В061200 Метеорология
6. Техникалық ғылымдар және технологиялар
5В070100 Биотехнология
5В070300 Ақпараттық жүйелер
5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
5В070800 Мұнай газ ісі
5В071100 Геодезия және картография
5В071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар
5B071500 Теңіз техникасы мен технологиялар
5В071700 Жылу энергетикасы
5В071800 Электр энергетикасы
5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
5В072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
5В072500 Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
5В072600 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
5В072700 Азық–түлік өнімдерінің технологиясы
5В072800 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
5В072900 Құрылыс
5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
5В073700 Пайдалы қазбаларды байыту
5В074500 Көлік құрылысы
7.  Ауылшаруашылық ғылымдары
5В080100 Агрономия
5В080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
5В080300 Аңшылықтану және аң шаруашылығы
5В080400 Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
5В080500 Су ресурстары және суды пайдалану
5В080600 Аграрлық техника және технология
5В080700 Орман ресурстары және орман шаруашылығы
5В080800 Топырақтану және агрохимия
5В080900 Жеміс-көкөніс шаруашылығы
5В081000 Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
5В081100 Өсімдік қорғау және карантин
5В081200 Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
8.  Қызмет көрсету
5В090100 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
5В090300 Жерге орналастыру
5В090400 Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
5В090500 Әлеуметтік жұмыс
5В090600 Мәдени–тынығу жұмысы
5В090900 Логистика (сала бойынша)
5В091000 Кітапхана ісі
5В091200 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
9.  Әскери іс және қауіпсіздік
5В100100 Өрт қауіпсіздігі
10. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
5В110100 Мейірбикелік ісі
5В110200 Қоғамдық денсаулық сақтау
5В110300 Фармация
5В110400 Дәрігерлік емдеу ісі
Жоғары арнайы білім мамандықтары
1. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
5B130100 Жалпы медицина
5B130200 Стоматология
2. Ветеринария
5B120100 Ветеринарлық медицина
5B120200 Ветеринарлық санитария

Жоғары білім берудің кәсіптік

оқу бағдарламаларын іске

асыратын білім беру ұйымдарына

оқуға қабылдаудың үлгілік

ережелеріне 3-қосымша

ҰБТ және кешенді тестілеу жүргізілетін пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесі

Код Мамандықтар топтары мен мамандықтар атауы Таңдау бойынша пәндер Бейіндік пән
Бакалавриат мамандықтары
1. Білім
5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу Биология Математика
5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Биология Математика
5В010300 Педагогика және психология Биология Биология
5В010400 Бастапқы әскери дайындық 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В010500 Дефектология Биология Биология
5В010600 Музыкалық білім 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В010700 Бейнелеу өнері және сызу 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В010800 Денешынықтыру және спорт 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В010900 Математика Физика Математика
5В011000 Физика Физика Физика
5В011100 Информатика Физика Математика
5В011200 Химия Химия Химия
5В011300 Биология Биология Биология
5В011400 Тарих Дүниежүзі тарихы Дүниежүзі тарихы
5В011500 Құқық және экономика негіздері Дүниежүзі тарихы Дүниежүзі тарихы
5В011600 География География География
5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті Қазақ әдебиеті Қазақ тілі
5В011800 Орыс тілі мен әдебиеті Орыс әдебиеті Орыс тілі
5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі Шет тілі Шет тілі
5В012000 Кәсіптік оқыту Физика Математика
5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті Қазақ әдебиеті Қазақ тілі
5В012200 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті Орыс әдебиеті Орыс тілі
5В012300 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану Биология Биология
2. Гуманитарлық ғылымдар
5В020100 Философия Дүниежүзі тарихы Дүниежүзі тарихы
5В020200 Халықаралық қатынастыр Шет тілі Шет тілі
5В020300 Тарих Дүниежүзі тарихы Дүниежүзі тарихы
5В020400 Мәдениеттану Дүниежүзі тарихы Қазақстан тарихы
5В020500 Филология Әдебиет Ана тілі
5В020600 Дінтану Дүниежүзі тарихы Дүниежүзі тарихы
5В020700 Аударма ісі Шет тілі Шет тілі
5В020800 Археология және этнология Дүниежүзі тарихы Қазақстан тарихы
5В020900 Шығыстану Шет тілі Шет тілі
5В021000 Шетел филологиясы Шет тілі Шет тілі
5В021100 Теология Дүниежүзі тарихы Қазақстан тарихы
5В021200 Тюркология Шет тілі Ана тілі
3. Құқық
5В030100 Құқықтану Дүниежүзі тарихы Дүниежүзі тарихы
5В030200 Халықаралық құқық Шет тілі Шет тілі
5В030300 Құқық қорғау қызметі Дүниежүзі тарихы Дүниежүзі тарихы
5В030400 Кеден ісі Дүниежүзі тарихы Дүниежүзі тарихы
4. Өнер
5В040100 Музыкатану 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В040200 Аспаптық орындаушылық 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В040300 Вокалдық өнер 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В040400 Дәстүрлі музыка өнері 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В040500 Дирижерлеу 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В040600 Режиссура 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В040700 Актерлік өнер 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В040800 Эстрада өнері 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В040900 Хореография 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В041000 Сценография 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В041100 Композиция 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В041200 Операторлық өнер 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В041300 Кескіндеме 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В041400 Графика 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В041500 Мүсін 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В041600 Өнертану 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В041700 Сән өнері 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В041900 Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау Дүниежүзі тарихы Қазақстан тарихы
5В042000 Сәулет 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В042100 Дизайн 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В042200 Баспа ісі Әдебиет Әдебиет
5В042300 Арт-менеджмент 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес
5В050100 Әлеуметтану Дүниежүзі тарихы Қазақстан тарихы
5В050200 Саясаттану Дүниежүзі тарихы Қазақстан тарихы
5В050300 Психология Биология Биология
5В050400 Журналистика 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В050500 Аймақтану Шет тілі Шет тілі
5В050600 Экономика География Математика
5В050700 Менеджмент География Математика
5В050800 Есеп және аудит География Математика
5В050900 Қаржы География Математика
5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару География Математика
5В051100 Маркетинг География Математика
5В051200 Статистика География Математика
5В051300 Әлемдік экономика География Математика
5В051400 Қоғамдық байланыс География География
5В051500 Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету Дүниежүзі тарихы Қазақстан тарихы
5В051900 Еңбекті ұйымдастыру және нормалау География Математика
6. Жаратылыстану ғылымдары
5В060100 Математика Физика Математика
5В060200 Информатика Физика Математика
5В060300 Механика Физика Математика
5В060400 Физика Физика Физика
5В060500 Ядролық физика Физика Физика
5В060600 Химия Химия Химия
5В060700 Биология Биология Биология
5В060800 Экология Биология Биология
5В060900 География География География
5В061000 Гидрология География Математика
5В061100 Астрономия Физика Физика
5В061200 Метеорология География Математика
7. Техникалық ғылымдар және технологиялар
5В070100 Биотехнология Биология Биология
5В070200 Автоматтандыру және басқару Физика Математика
5В070300 Ақпараттық жүйелер Физика Математика
5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету Физика Математика
5В070500 Математикалық және компьютерлік модельдеу Физика Математика
5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау Физика Математика
5В070700 Тау-кен ісі Физика Математика
5В070800 Мұнай газ ісі Физика Математика
5В070900 Металлургия Физика Математика
5В071000 Материал тану және жаңа материалдар технологиясы Физика Физика
5В071100 Геодезия және картография География Математика
5В071200 Машина жасау Физика Математика
5В071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар Физика Математика
5В071400 Авиациялық техника және технологиялар Физика Физика
5B071500 Теңіз техникасы мен технологиялар Физика Математика
5В071600 Аспап жасау Физика Математика
5В071700 Жылу энергетикасы Физика Математика
5В071800 Электр энергетикасы Физика Математика
5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар Физика Математика
5В072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы Химия Химия
5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы Химия Химия
5В072200 Полиграфия Физика Физика
5В072300 Техникалық физика Физика Физика
5В072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) Физика Физика
5В072500 Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша) Физика Математика
5В072600 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы Физика Физика
5В072700 Азық–түлік өнімдерінің технологиясы Химия Химия
5В072800 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша) Химия Химия
5В072900 Құрылыс Физика Математика
5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру Физика Математика
5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі Физика Математика
5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология Физика Математика
5В073300 Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы Физика Математика
5В073700 Пайдалы қазбаларды байыту Химия Химия
5В073800 Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы Физика Математика
5B074300 Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану Физика Математика
5В074500 Көлік құрылысы Физика Математика
5В074600 Ғарыш техникасы және технологиялары Физика Физика
5В074800 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы Химия Химия
8. Ауылшаруашылық ғылымдары
5В080100 Агрономия Биология Биология
5В080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы Биология Биология
5В080300 Аңшылықтану және аң шаруашылығы Биология Биология
5В080400 Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау Биология Биология
5В080500 Су ресурстары және суды пайдалану География География
5В080600 Аграрлық техника және технология Физика Физика
5В080700 Орман ресурстары және орман шаруашылығы География География
5В080800 Топырақтану және агрохимия Биология Биология
5В080900 Жеміс-көкөніс шаруашылығы Биология Биология
5В081000 Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау Биология Математика
5В081100 Өсімдік қорғау және карантин Биология Биология
5В081200 Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету Физика Физика
9. Қызмет көрсету
5В090100 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру Физика Математика
5В090200 Туризм География География
5В090300 Жерге орналастыру География Математика
5В090400 Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету География География
5В090500 Әлеуметтік жұмыс География География
5В090600 Мәдени–тынығу жұмысы 2-шығармашылық емтихан 1-ші шығармашылық емтихан
5В090700 Кадастр География География
5В090800 Бағалау География Математика
5В090900 Логистика (сала бойынша) География Математика
5В091000 Кітапхана ісі Әдебиет Әдебиет
5В091200 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі География География
10. Әскери іс және қауіпсіздік
5В100100 Өрт қауіпсіздігі Физика Математика
5В100200 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері Физика Математика
11. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
5В110100 Мейірбикелік ісі Биология Биология
5В110200 Қоғамдық денсаулық сақтау Биология Биология
5В110300 Фармация Химия Химия
5В110400 Дәрігерлік емдеу ісі Биология Биология
12. Ветеринария
5B120100 Ветеринарлық медицина Биология Биология
5B120200 Ветеринарлық санитария Биология Биология
Жоғары арнайы білім мамандықтары
1. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
5B130100 Жалпы медицина Биология Биология
5B130200 Стоматология Биология Биология

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ