Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесі

0

“Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 160 Бұйрығы

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2005 жылғы 18 сәуір

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2005 жылғы 15 сәуірдегі
№ 160 бұйрығымен
Бекітілген

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесі

  1. Жалпы ережелер
  1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдаудың осы ережесі (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына кандидаттарды қабылдау (бұдан әрі — жоғары оқу орны) дайындығы мен өткізу тәртібін айқындайды.
  2. Әскери қызметшілер және азаматтық жастар қатарынан жоғары оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру Қорғаныс министрлігі мен Штабтар бастықтары комитеті департаменттерінің, бас басқармалары мен басқармаларының бастықтарына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер әскер түрлері бас қолбасшыларына, тектерінің қолбасшыларына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшыларына, Астана және Алматы облыстарының, қалаларының қорғаныс істері жөніндегі департаменттеріне (бұдан әрі — қорғаныс істері жөніндегі департаменттер) жүктеледі.
  3. Жоғары оқу орындарын курсанттармен және тыңдаушылармен уақтылы және сапалы жасақтауға кадр мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшесінің бастығы, оқуға кандидаттарды кәсіби іріктеу жөніндегі жұмыстарды тікелей жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының бастықтары жауап береді.
  1. Қабылдау шарттары 
  1. Жоғары әскери оқу орындарына Қазақстан Республикасының азаматтары: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметінде есептелетін офицерлер, келісім-шарт және жедел қызмет бойынша әскери қызметшілер, азаматтық жастар, жедел қызметтің запасқа босатылған әскери қызметшілер қатарындағы әскери қызметшілер, «Жас ұлан» республикалық мектебінің және республикалық мектеп-интернаттарының бітірушілері, жоғары оқу орнында оқуға ниет білдіргендер және кәсіби іріктеу талаптарына жауап беретіндер қабылданады.
  2. Магистратура бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды дайындауды жүзеге асыратын жоғары әскери оқу орындарына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда есептелетін, жоғары әскери-кәсіби немесе жоғары кәсіби, әскери-есептік мамандығының бейіні бойынша ұқсас білімі бар, сол әскер түрлері мен тектерінде қызмет өткерген офицерлер қабылданады.

Жоғары әскери кәсіби білім бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды дайындауды жүзеге асыратын жоғары әскери оқу орындарына прапорщиктер мен мичмандар, келісім-шарт және жедел қызмет бойынша әскери қызметшілер, азаматтық жастар, жедел қызметтің запасқа босатылған әскери қызметшілер қатарындағы әскери қызметшілер, «Жас ұлан» республикалық мектебінің және республикалық мектеп-интернаттарының бітірушілері, жалпы орта, бастауыш және орта кәсіби білімі барлар қабылданады.

  1. Әскери университеттердің командалық факультеттеріне офицерлік лауазымда бес жылдан кем емес уақыт, көбінесе негізгі командалық-штабтық лауазымдарда қызмет өткерген офицерлер:

1) отыз сегіз жастан аспаған батальондар, дивизиондар, эскадрильдер, үшінші рангалы кеме дивизиондарының командирлері және оларға теңестірілгендер, одан жоғарылар (қызмет мерзімі, ереженің осы және келесі тармақтарында көрсетілген оқуға түсушілердің жасы оқу орнына түсу жылы жағдайы бойынша айқындалады);

2) отыз екі жастан аспаған командирлер (штабтар бастықтары), батальондар, дивизиондар, эскадрильдер орынбасарлары, эскадрильдер штурмандары, үшінші рангалы кеме командирлері және оларға теңестірілгендер;

3) жиырма сегіз жастан аспаған рота, батарея командирлері, звенолардың (жасақтардың) командирлері (штурмандары) және оларға теңестірілгендер, аталған лауазымдарда үш жылдан кем емес қызмет өткергендер қабылданады.

  1. Командалық-штабтық, штурмандық авиациялық мамандықтар және тәрбие бейіні мамандықтары бойынша оқу үшін әскери университеттерге түсуші ұшу құрамының офицерлері әскери ұшқыштың (штурманның) екінші сыныптан төмен емес біліктілігі болуы керек.
  2. Жоғары оқу орнынан кейінгі әскери-кәсіби білімі бар офицерлерді даярлайтын әскери университеттердің инженерлік факультеттеріне мынадай лауазымдардан:

1) отыз сегіз жастан аспаған техникалық бөлім жөніндегі бригада (полк), қару-жарақ (инженерлік-авиациялық қызмет), ракеталық қару-жарақ командирлерінің орынбасарлары, әскери-теңіз мамандықтарының флагмандық мамандары, оларға теңестірілгендер, одан жоғарылар;

2) отыз бес жастан аспаған техникалық бөлім жөніндегі батальондар, дивизиондар, эскадрильдер, қару-жарақ (инженерлік-авиациялық қызмет), ракеталық қару-жарақ командирлерінің, қызмет бастықтарының, авиациялық полк (база) техникалық-пайдалану бөлімі бастықтарының, әскери бөлім қару-жарақ қызметінің аға инженерлері, «3 рангалы капитан» штаттық категориясы бар 2 рангалы кеме әскери бөлімдер командирлерінің орынбасарлары және оларға теңестірілгендер;

3) жиырма сегіз жастан аспаған жөндеу және техникалық рота (батарея) командирлерінің орынбасарлары және оларға теңестірілгендер, аталған лауазымдарда үш жылдан кем емес қызмет өткергендер қабылданады.

  1. Әскери университеттері инженерлік факультеттерінің әскери инженер-зерттеушілер даярлау топтарына отыз сегіз жастан аспаған, жоғары әскери-арнайы немесе жоғары кәсіби білімі бар, ғылыми-зерттеу жұмысына бейімділік танытқан, офицерлік лауазымда үш жылдан кем емес уақыт қызмет өткерген инженерлік бейін лауазымындағы офицерлер қабылданады.
  2. Жоғары әскери оқу орындарына:

1) әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған азаматтар;

2) қабылданар жылы жиырма төрт жасқа толмаған әскери қызмет өткерген азаматтар және мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер;

3) келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер қабылданады. Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері әскери оқу орындарына түсуде артықшылығы бар құқыққа ие болады.

  1. Әскери оқу орындарының сырттай оқу факультеттеріне (бөлімдеріне) офицерлер, соның ішінде бейіні және таңдап алған факультетінің (бөлімінің) мамандығы бойынша қызмет өткерген әскери қызметші — әйелдер, білім деңгейімен және офицерлік лауазымдардағы қызмет мерзімімен, жоғары оқу орнының күндізгі факультеттеріне (бөлімдеріне) түсушілер үшін осы ережемен айқындалған, жасы қырық жастан аспаған аға офицерлер, отыз бес жастан аспаған кіші офицерлер қабылданады.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы республикалық гвардиясының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және басқа да министрліктер мен ведомстволарының офицерлері Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен жасасқан келісім-шартқа (шартқа) сәйкес жалпы негізде қабылданады.
  1. Кәсіби іріктеуді жоспарлау 
  1. Жоғары әскери оқу орындарын тыңдаушылармен, курсанттармен жасақтау жоспары Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментімен жыл сайын 1 ақпанда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Штабтар бастықтары комитетінің департаменттер, бас басқармалар мен басқармаларының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскер түрлері бас қолбасшыларының, тектері қолбасшыларының, басқа да министрліктердің (ведомстволардың) өтінімдерін ескере отырып әзірленеді.

Әскери оқу орындарын курсанттармен және тыңдаушылармен жасақтау жоспары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрімен бекітіледі.

  1. Әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеу Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бірінші орынбасарының жоғары оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөніндегі міндеттер мен іс-шаралар туралы бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Әскери оқу орындарын курсанттармен және тыңдаушылармен жасақтау жоспарын әзірлеген кезде кандидаттарды іріктеу:

1) Қарулы Күштер құрамалары мен бірлестіктерінде, әскер түрлері мен тектерінде (бұдан әрі — Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің түрлері) алдын ала кәсіби іріктеу жүргізу үшін 1 оқу орнына 3 кандидат офицер;

2) жедел қызмет әскери қызметшілерінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлерінде алдын ала кәсіби іріктеу үшін 1 оқу орнына — 3 кандидат, ұшқыштар мен штурмандар авиациялық институты үшін, сондай-ақ қалған жоғары оқу орындары үшін әуе-десанттық бейін мамандығына 1 оқу орнына — 2 кандидат;

3) азаматтық жастардан: әскери университеттер, ұшқыштар мен штурмандар авиациялық оқу орындарының ұшу-көтерілу мамандықтары, сондай-ақ әуе-десанттық бейін мамандығына 1 оқу орнына — 5 кандидат, қалған жоғары әскери оқу орындары үшін 1 оқу орнына — 3 кандидат, әскери авиациялық техникалық жоғары әскери оқу орындары үшін 1 оқу орнына — 2 кандидат есебінен айқындалады.

  1. Әскери оқу орындарын курсанттармен және тыңдаушылармен жасақтау жоспарынан көшірме Қорғаныс министрлігі мен Штабтар бастықтары комитетінің департаменттер, бас басқармалар мен басқармаларының бастықтарына, әскери оқу орындарының бастықтарына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскер түрлерінің бас қолбасшылары мен тектерінің қолбасшыларына, өңірлік қолбасшылық әскерлер қолбасшыларына және қорғаныс ісі жөніндегі департаменттердің бастықтарына жеткізіледі.
  1. Кәсіби іріктеуді ұйымдастыру 
  1. Әскери қызметшілердің және азаматтық жастардың әскери-кәсіби бағдары, сондай-ақ жоғары оқу орындарына кандидаттарды кәсіби іріктеу нұсқаулыққа (осы ереженің 1 және 2 қосымшасына) сәйкес жүргізіледі.
  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскер түрлерінің бас қолбасшылары мен тектерінің қолбасшылары, өңірлік қолбасшылық әскерлер қолбасшылары, қорғаныс ісі жөніндегі департаменттердің бастықтары және әскери оқу орындарының бастықтары оқуға кәсіби іріктеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді.
  3. Кәсіби іріктеу өткізген кездегі қойылатын негізгі талаптар:

1) әскери бөлімдер қолбасшылығымен және аудандық (қалалық) қорғаныс ісі жөніндегі басқармалармен жоғары оқу орнына түсуге кандидаттарды іріктеу және дайындау жөніндегі іс-шараларды келісу, оларға кәсіби іріктеу жөніндегі анықтама-ақпараттық материалдарды, сондай-ақ әскери оқу орындарындағы оқуға кандидаттарға қойылатын талаптарды жеткізу;

2) әскери бөлімдерде, аудандық (қалалық) қорғаныс ісі жөніндегі басқармаларда, кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда және оқу орындарында жүргізілетін алдын ала кәсіби іріктеу жөнінде жұмыстар жүргізу үшін әскери оқу орындарының өкілдерін жіберу;

3) аудандық (қалалық) қорғаныс ісі жөніндегі басқармаларды әскери оқу орындарының өмірін, жоғары оқу орындарына қабылдау шарттарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әртүрлі әскер түрлері мен тектерінде офицерлік құрам қызметінің ерекшеліктерін бейнелейтін көрнекі үгіттеумен қамтамасыз ету болып табылады.

  1. Жоғары оқу орындарына азаматтық жастар қатарынан кандидаттарды зерделеу және іріктеу аудандық (қалалық) қорғаныс ісі жөніндегі басқармалары жергілікті атқару органдарымен тығыз байланыста жүргізеді. Жұмыс облыс (қала, аудан) әкімі бекіткен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметке жастарды дайындаудың бірлескен кешенді жоспарының негізінде ұйымдастырылады.
  2. Қорғаныс ісі жөніндегі департаменттер оқуға түсу жылының 1 мамырына дейін жоғары оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге құжаттарын және есебін (тәртіптемесін) алғаннан соң мынадай жұмыстарды жүргізеді:

1) аудандық (қалалық) қорғаныс ісі жөніндегі басқармаларына әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеу есебін және тәртібін жеткізеді;

2) әскери оқу орындарына оқуға кандидаттардың моральдық қасиеттерін және қоғамдық белсенділіктерін зерделеу, олардың денсаулық жағдайын, психофизикалық деректерінің, дене даярлығының бағасын тексеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

  1. Аудандық (қалалық) қорғаныс ісі жөніндегі басқармалары әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге есеп алғаннан соң он күндік мерзім ішінде төмендегілер көзделетін іс-шаралардың жоспары әзірленеді:

1) жалпы орта білім беру мектептерінде, кәсіптік-техникалық оқу орындарында бастауыш әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушылармен нұсқаулық-әдістемелік мәжіліс өткізу;

2) әскери оқу орындарына түсушілерге қойылатын талаптарды кандидаттарға жеткізу;

3) кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, оқу орындарында жастардың әскери-кәсіптік бағдары жөніндегі жұмыстарға қатысу;

4) жастардың әскери қызметшілердің қызмет жағдайымен, өмірімен және тұрмысымен танысу үшін әскери оқу орындарына, әскери бөлімдерге баруын ұйымдастыру;

5) әскери-спорттық жарыстарды ұйымдастыру;

6) жоғары оқу орындарына оқуға кандидаттарды алдын ала кәсіби іріктеуді зерделеу және жүргізу.

  1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскер түрлерінің бас қолбасшылары мен тектерінің қолбасшылары, өңірлік қолбасшылық әскерлер қолбасшылары оқуға түсу жылының 1 наурызына дейін жедел қызмет әскери қызметшілерінің қатарынан жоғары оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге нұсқау және есебін алғаннан соң мынадай жұмыстарды жүргізеді:

1) бас қолбасшылар (қолбасшылар) бірінші орынбасарларының төрағалық етуімен алдын ала кәсіби іріктеу жөнінде комиссия құрады;

2) бағынысты әскери бөлімдерде жедел қызмет әскери қызметшілерінің әскери-кәсіптік бағдары және олардың жоғары оқу орнына түсуге жан-жақты дайындық жұмыстарын ұйымдастырады.

  1. Алдын ала кәсіби іріктеу нәтижесінің негізінде әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды жіберу (жіберуден бас тарту себебі көрсетілген) туралы шешім шығарылады.
  2. Іріктеу жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесі 1 және 2 (осы ережеге 3 қосымша) үлгідегі хаттамамен ресімделеді. Комиссия отырысының хаттамалары тиісті командирлермен және бастықтармен бекітіледі.
  3. Оқуға түсу үшін іріктелген кандидаттарға 3 үлгі бойынша атаулы тізім, 4 және 5 үлгілер (осы ережеге 3 қосымша) бойынша кәсіби іріктеу карталары ресімделеді.
  4. Кандидаттарды кәсіби іріктеу жөніндегі комиссия құрылмайтын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің департаменттер, бас басқармалары мен басқармаларының бастықтарына тікелей бағынысты әскери бөлімдерде іріктелген офицерлердің қатарынан кандидаттар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментімен қарастырылады.
  5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектерінің штабтары және кадр органдары, сондай-ақ қорғаныс ісі жөніндегі департаменттері наурыздан мамырға дейін әр айдың 10-да Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеу барысы жөніндегі деректерді Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментіне және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру департаментіне ұсынады (осы ережеге 4 қосымша).
  1. Әскери оқу орындарына түсуге офицерлер қатарынан кандидаттарды кәсіби іріктеуді жүргізудің тәртібі
  1. Әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген офицерлер түсу жылының 1 ақпанына дейін команда бойынша әскери бөлім командирінің атына баянат жазады. Баянатта: әскери атағы, тегі, аты және әкесінің аты, атқаратын лауазымы, туған жылы мен айы, жалпы және әскери білімі, сондай-ақ офицер (оқудың түрін көрсеткен) түсуге ниет білдірген әскери оқу орнының (факультетінің, мамандығының) атауы көрсетіледі. Баянатқа: білімі туралы құжаттың көшірмесі, қызметтік мінездемелер, 3 куәландырылған фотосуреттер (бас киімсіз, 4,5х6 см көлеміндегі) қоса беріледі.
  2. Әскери бөлімдердің командирлері баянат берген офицерлердің бірінші медициналық куәландыруын жүргізгеннен кейін ұдайы әрекеттегі аттестаттау комиссиясының пікірін ескере отырып, алдын ала кәсіби іріктеу үшін комиссияға офицерлерді жіберу туралы шешім қабылдайды.

Қажет болған жағдайда бір мезгілде офицер атқаратын лауазымы бойынша режимдік объектілерде жұмыс жасауға рұқсат беруге ресімдеу үшін материал жіберіледі. Жоғары оқу орындарына қабылдау шартына жауап бермейтін офицерлерге оқуға кандидат ретінде одан әрі қараудан бас тартылады.

Одан әрі оқуға кандидат ретінде қараудан бас тарту офицерге жеке әңгімелесу барысында бас тарту себептерін көрсете отырып хабарланады.

  1. Одан әрі оқуға кандидат ретінде қарау үшін командирлер ұсынған офицерлердің жеке істерін, қызметтік карточкаларын медициналық куәландыру картасымен бірге және осы ереженің 29-тармағында аталған құжаттарды, кез келген жерде әскери қызметші отбасы мүшелерінің тұруына қарсылықтың болмауы туралы әскери-дәрігерлік комиссияның анықтамасын, құрамалардың кадр органдарының бастықтары кадр органдары арқылы комиссияға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер түрлері мен тектерін алдын ала кәсіби іріктеу үшін оқуға түсу жылының 1 сәуіріне дейін команда бойынша ұсынады.
  2. Әскери университеттерге түсетін кандидаттарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрі мен әскер тектерінің кеңестері бекітеді.

Оқуға кандидаттарды қабылдау жалпы тактика (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскер түрлері мен тектерінің тактикасы), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қондырғы, жауынгерлік мүмкіндік және негізгі қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану, жалпы әскери жарғы, дене және саптық даярлықты тексеру бойынша әңгімелесу нәтижесінің негізінде 2 оқу орнына кем дегенде 3 адам есебінен жүргізіледі.

Алдын ала кәсіби іріктеу нәтижесі 6 үлгі бойынша хаттамада ресімделеді (осы ережеге 3 қосымша).

Әскери университеттердің командалық факультеттеріне түсуші кандидаттар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскер түрлері мен тектерінің әскери кеңестерімен бекітіледі.

Әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды қабылдау туралы немесе оқуға түсуден бас тарту туралы шешім әскери бөлім офицерлерінің жалпы жиналыстарында әр офицерге 15 мамырдан кешіктірілмей жеткізіледі.

  1. Осы ереженің 29-тармағында аталған құжаттар және қажет болатын режимдік объектілерде жұмысқа рұқсат беру туралы анықтама, сондай-ақ офицерлердің қатарынан кандидаттарға комиссия отырысының хаттамасынан көшірме Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрінің, әскер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтардың кадр органдарымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментіне оқуға түсу жылының 1 маусымына дейін жіберіледі.
  1. Әскери оқу орындарына түсу үшін әскери қызметшілер қатарынан кандидаттарды кәсіби іріктеуді жүргізудің тәртібі 
  1. Әскери бөлімдердің командирлері әскери қызметшілер қатарынан кандидаттарды іріктеуге есебін алғаннан кейін бес күндік мерзім ішінде кәсіби іріктеуді ұйымдастыру және жүргізу туралы бұйрық шығарады (осы ережеге 5-қосымша).

Бөлімшелерде әскери-кәсіби бағдар және кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыс тәртібі бұйрықпен белгіленеді.

Іс-шаралар жоспарымен мыналар көзделеді:

1) әскери-кәсіби бағдар жөнінде жұмыстар, әскери бөлім клубтарының, офицерлер үйінің жанында жаттығу-кеңес беру пункттерін құруды, осы пункттерді әскери оқу орындарының өмірін, қабылдау шарттарын бейнелейтін көрнекі үгітпен ресімдеу жөнінде ұсыныстар ұйымдастыру;

2) медициналық куәландыру жүргізудің тәртібі мен мерзімі, жеке істерді ресімдеу және команда бойынша оларды қарауға ұсыну;

3) Ұлы Отан соғысы және Қарулы Күштерінің ардагерлерімен, жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру, сондай-ақ әскери оқу орындарына оқуға түсуге әскери қызметшілерді дайындауға бағытталған басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;

4) әскери қызметшілермен офицер мамандығы туралы жеке әңгімелесу жүргізу қарастырылады.

  1. Әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген әскери қызметшілер оқуға түсу жылының 1 наурызына дейін әскери бөлім командирінің атына команда бойынша баянат береді. Баянатта әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы, туған жылы мен айы, білімі, әскери қызметші түскісі келетін әскери оқу орнының атауы көрсетіледі.

Баянатқа: орта білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, жеке куәлік, диплом), куәландырылған үш фотосурет (бас киімсіз, 4,5х6 см көлеміндегі), өмірбаян, мінездеме, қызметтік карточка, жеңілдік құқығын беретін құжаттар қоса беріледі. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы, әскери билетті әскери қызметші әскери оқу орнына келгеннен кейін көрсетеді.

  1. Бөлімшелердің командирлері жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген әскери қызметшілерді мұқият зерделеуді ұйымдастырады. Қабылдау шарттарына жауап беретін кандидаттар одан әрі олардың кепілдемелері туралы шешім ашық дауыспен қабылданатын әскери қызметшілер бөлімшелерінің жалпы жиналысында қаралады. Одан кейін оларды таңдап алған әскери оқу орнына оқуға жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияға бірінші медициналық куәландыруға жібереді.
  2. Әскери қызметшілерді іріктеу және оларды әскери оқу орнына түсуге дайындау барысы туралы әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлері бағынысты командирлер мен бастықтарды тұрақты тыңдап отырады.
  3. Жоғары оқу орнына түсу үшін жіберілген лайықты және таңдап алған әскери оқу орындарына оқуға жарамды әскери қызметшілерге Медициналық куәландыру туралы ережемен белгіленген үлгі бойынша тиісті медициналық құжаттар ресімделеді.
  4. Әскери бөлімнің командирлері осы ереженің 36-тармағында аталған әскери қызметшілер қатарынан кандидаттардың құжаттарын жоғары оқу орнына түсу жылының 15 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрінің, әскер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтардың штабтарына жібереді.
  5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрінің, әскер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтардың алдын ала кәсіби іріктеу жөніндегі комиссиямен қарауы үшін әскери қызметшілерді жіберу туралы немесе оқуға жіберуден бас тарту туралы шешім әскери бөлімдердің командирлерімен қабылданады.
  6. Оқуға түсу үшін кандидат ретінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрінің, әскер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтардың комиссиясымен іріктелген әскери қызметшілердің атаулы тізімдері құрама командирлерімен қарастырылады және бекітіледі, осы ереженің (оқу істері ресімделген) 36-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге оқуға түсу жылының 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тиісті әскери оқу орындарына жіберіледі.
  7. Әскери қызметшілер кәсіби іріктеуден өту үшін алдын ала кәсіби іріктеу жүргізудің тікелей орнына белгіленген мерзімде әскери оқу орындарына іссапарға жіберіледі.
  8. Алдын ала кәсіби іріктеуден өтпеген әскери қызметшілер өздерінің әскери бөлімдеріне жіберіледі.

 

  1. Әскери оқу орындарына түсуге азаматтық жастар

қатарынан кандидаттарды кәсіби іріктеуді өткізудің

тәртібі

 

  1. Әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген азаматтық жастар тұрғылықты жері бойынша қорғаныс ісі жөніндегі аудандық (қалалық) басқармаға оқуға түсу жылының 1 сәуіріне дейін арыз береді.

Арызда: тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен айы, тұрғылықты жерінің мекен-жайы, түскісі келетін әскери оқу орнының атауы (қорғаныс істері жөніндегі аудандық (қалалық) басқарма үшін кандидаттарды іріктеу тәртіптемедегі жоғары оқу орнына, мамандығына байланысты емес); Арызға: өмірбаян, жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме, орта білімі туралы құжаттың көшірмесі (орта мектеп оқушылары ағымдағы үлгерімі туралы анықтама ұсынады), 3 фотосурет (бас киімсіз, 4,5х6 см көлеміндегі), жеңілдік құқығын беретін құжаттар, сондай-ақ жеке куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.

Жеке куәлікті, әскери билетті, немесе тіркеу куәлігін және орта білімі туралы құжаттың түпнұсқасын және мемлекеттік сертификатты (ағымдағы жылдағы мектеп бітірушілері) кандидат әскери оқу орнына келген соң қабылдау комиссиясына көрсетеді.

  1. Жоғары оқу орындарына түсуге азаматтық жастар қатарынан алдын ала кәсіби іріктеу қорғаныс ісі жөніндегі аудандық (қалалық) басқармалармен оқуға түсу жылының 1 мамырына дейін жүргізіледі.
  2. Кандидаттарды жан-жақты зерделеудің негізінде аудандық (қалалық) шақыру комиссиясымен жоғары оқу орнына оқуға түсуге құжаттарды ресімдеу немесе құжаттарды ресімдеуден бас тарту туралы шешім қабылданады. Жоғары оқу орындарына оқуға түсуге жіберуге лайықты және таңдап алған әскери оқу орнында бірінші медициналық куәландыру кезінде дәрігерлік комиссиямен оқуға жарамды деп танылған кандидаттарға белгіленген үлгіде тиісті медициналық құжаттар ресімделеді.

Әскери оқу орындарына түсуші барлық кандидаттар жоғары оқу орнына жіберілердің алдында қорғаныс ісі жөніндегі департаменттердің дәрігерлік (дәрігерлік-ұшу) комиссиясымен қайта медициналық куәландырудан өтеді.

  1. Осы ереженің 45, 47-тармақтарында аталған кандидаттардың құжаттарын, қажет режимдік объектілерде жұмысқа рұқсат беру туралы анықтамаларды қорғаныс ісі жөніндегі аудандық (қалалық) басқармалар оқуға түсу жылының 20 маусымына дейін қорғаныс ісі жөніндегі департаментке ұсынады.
  2. Қорғаныс ісі жөніндегі департаменттердің шешімі хаттамамен ресімделеді және он күндік мерзім ішінде кандидаттарға хабарланады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі туралы қорғаныс ісі жөніндегі департаменттер Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің бастықтарына баяндайды, ал іріктелген кандидаттардың құжаттарын оқуға түсу жылының 1 шілдесіне дейін тиісті әскери оқу орындарына жібереді.

  1. Әскери оқу орындарының қабылдау комиссиясы кандидаттардың келіп түскен құжаттарды қарап шығады, егер олар осы ереженің талаптарына жауап берсе, оларды кәсіби іріктеуге рұқсат беру туралы шешім қабылданады. Шешім хаттамамен ресімделеді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына кәсіби іріктеуден өту үшін кандидаттардың келу уақыты және орны туралы әскери оқу орындарының бастықтары оқуға түсу жылының 10 шілдесіне дейін кандидаттарға қорғаныс ісі жөніндегі департаменттер арқылы хабарлайды.

 

  1. Әскери оқу орындарына курсанттар және

тыңдаушы кандидаттарды қабылдау тәртібі

 

  1. Жоғары оқу орнының күндізгі және сырттай оқуына түсуші кандидаттарды оқуға қабылдау әскери оқу орындарының қабылдау комиссиясымен жүргізіледі.
  2. Әскери оқу орындары қабылдау комиссиясының құрамы жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жетекшілік ететін бірінші басшы орынбасарының және жоғары оқу орындары бастықтарының бұйрықтарымен айқындалады.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына тыңдаушыларды (курсанттарды) қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясына, сондай-ақ жиындар әкімшілігінің құрамына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері тағайындалады. Қабылдау комиссиясының төрағасы жоғары оқу орнының бастығы болып табылады.

Әскери оқу орындары қабылдау комиссиясының өкілеттік мерзімі бір жылға белгіленеді және олардың тағайындалуы жөніндегі бұйрық шыққан кезден басталады.

  1. Жоғары оқу орны қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары болып жоғары оқу орны бастығының оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (оқу бөлімінің бастығы) және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің өкілі тағайындалады.

Жоғары оқу орны қабылдау комиссиясының құрамына: тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімнің (бастықтың орынбасарлары), кадрлар бөлімінің, заңгерлік бөлімнің (топтың), факультеттердің (курсанттар батальондарының, дивизиондарының командирлері) бастықтары және олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі, бейіндеуші кафедралардың, циклдардың орынбасарлары немесе олардың орынбасарлары (осы кафедралардың, циклдардың аға оқытушылары), медициналық қызмет, кәсіби іріктеу тобы, әскери психолог және жоғары оқу орны бастығының шешімімен басқа да лауазымды адамдар енгізіледі.

Қабылдау комиссиясы төрағасының шешімімен комиссия құрамынан жауапты хатшы тағайындалады.

  1. Кандидаттарды кәсіби іріктеу жөніндегі барлық кешенді іс-шараларды жүзеге асыру және оларды орындау мерзімін айқындау үшін жоғары оқу орны бастығының бұйрығы шығады.

Бұйрықпен: қабылдау комиссиясы, әскери-дәрігерлік (дәрігерлік-ұшу) комиссиясы; кәсіби-психологиялық іріктеу комиссиясы; кандидаттардың дене даярлығын тексеру жөніндегі комиссия, жаңа іріктеу әкімшілігі тағайындалады. Бұйрық 1 сәуірге дейін шығарылады және жаңа іріктеуді жүргізуге қатысатын барлық жеке құрамға хабарланады.

Әскери-дәрігерлік (дәрігерлік-ұшу) комиссия дәрігер мамандардың қатысуымен жоғары оқу орны медициналық қызмет бастығының төрағалық етуімен ұйымдастырылады.

Кәсіби-психологиялық іріктеу комиссиясы «Психология (әлеуметтану)» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарын бітірген офицерлер және қызметкерлер қатарынан тағайындалады.

Кандидаттардың дене даярлығын тексеру жөніндегі комиссияға дене даярлығы кафедрасының оқытушылары енгізіледі.

Офицерлер қатарынан оқуға кандидаттарды қабылдау үшін жалпы білім беру (әскери) пәндері бойынша білімдерін тексеру үшін пәндік емтихан кіші комиссиялары құрылады (осы ережеге 8-қосымша).

Комиссия төрағалары мен мүшелері кандидаттардың қасиеттерін объективті бағалауын және кандидаттармен жұмыс барысында тыныш, іскерлік ахуалды ұстап тұруды қамтамасыз етуі керек.

Кандидаттарды тексеру нәтижелерінің материалдары қабылданған курстың бітіруіне дейін жоғары оқу орнының кадрлар бөлімінде сақталуға тиіс.

Қабылдау комиссиясына жеке куәлігінің, білімінің, мемлекеттік сертификатының түпнұсқаларын көрсетпеген кандидаттар кәсіптік психологиялық іріктеуге жіберілмейді.

  1. Қабылдау комиссиясына:

1) кандидаттардың қоғамдық белсенділігіне және моральдық қасиеттеріне баға беру;

2) кәсіби іріктеу және кандидаттарды ақырғы медициналық куәландырудан өткізу;

3) офицерлермен қабылдау емтихандарын өткізу;

4) жоғары оқу орнының тыңдаушылармен, курсанттармен кандидаттарды қабылдау туралы бұйрықтың жобасын дайындау;

5) әскери оқу орындарына оқуға қабылдау мәселелері жөнінде кандидаттардың шағымдарын қарастыру жүктеледі.

  1. Әскери оқу орындарының қабылдау комиссиясы кәсіби іріктеу жөнінде:

1) офицерлермен — оқуға түсу жылының 10 шілдесінен 10 тамызына дейін;

2) әскери қызметшілермен, азаматтық жастармен — оқуға түсу жылының 15-30 шілде аралығында жұмыстар жүргізеді.

  1. Пәндік емтихан кіші комиссияларын жасақтау қосымша ақысыз әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының қатарынан Қарулы Күштері әскери қызметшілерімен, қызметкерлерімен жүргізіледі. Пәндік емтихан кіші комиссиясының төрағасы жоғары оқу орындары профессорлық-оқытушылық құрамының офицерлер қатарынан тағайындалады.

Оқуға кандидаттардың білімін тексеруді жүргізетін жалпы білім беру жөніндегі мамандар қабылдау комиссиясында болмаған кезде, белгіленген тәртіппен сағаттық еңбекақысын төлеумен жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларын пәндік емтихан кіші комиссиясының мүшелері ретінде тартуға рұқсат етіледі, осы шарттардың негізінде кәсіби іріктеуді жүргізу жөнінде басқа да мамандарды тартуға рұқсат етіледі.

  1. Емтихан басталғанға дейін пәндік емтихан кіші комиссиясының құрамына тағайындалған адамдармен қабылдау комиссиясының төрағасы нұсқаулық-әдістемелік мәжіліс өткізеді.
  2. Қабылдау комиссиясының және пәндік емтихан кіші комиссиясының құрамы және техникалық персоналы жыл сайын кемінде 25 пайызға дейін өзгеріп отырады.
  3. Кандидаттардың жалпы білім беру (әскери-кәсіби) дайындығын тексеру тексеруге ұсынылатын пәндердің тізімі бойынша жүргізіледі (осы ережеге 6-қосымша).
  4. Жоғары әскери оқу орындарына азаматтарды қабылдау үш кезеңде:

бірінші кезеңде жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы кадрларды дайындау өңірлік қағидасын ескере отырып, медициналық, дене және психологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу жүргізе отырып, талапкерлердің санын қалыптастырады;

екінші кезеңде мемлекеттік сертификат баллына сәйкес іріктеу жүргізіледі;

үшінші кезеңде — жоғары оқу орнының мандат комиссиясы тыңдаушылар (курсанттар) қатарына қабылдау жүргізеді.

Кешенді тестілеу өткен жылдардағы бітірушілерімен, бастапқы және орта кәсіби оқу орындары бітірушілерімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарты ұлттық орталығы әзірлеген технология бойынша жүргізіледі.

  1. Конкурс өткізген кезде:

«Алтын белгі» белгісімен наградталған қатысушылар;

жалпы орта, бастауыш кәсіби немесе орта кәсіби білім беретін білім беру ұйымдарының бітірушілері, ағымдағы жылдың жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жүлдегерлері (І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен наградталған) өздері жеңімпаз болып табылатын олимпиада пәніне, ғылыми жарысқа, конкурсқа таңдап алған мамандығы сәйкес келгенде.

  1. Конкурс өткізу кезінде бірдей көрсеткішке ие болғанда жетім балалардың және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың, «Жас ұлан» республикалық мектебінің және республикалық мектеп-интернаттарының бітірушілерінің, әскери қызметшілер балаларының, үздік аттестаты бар немесе бастауыш және орта кәсіби білімді үздік дипломы бар азаматтардың, одан соң орта жоғары баллды аттестаты немесе дипломы бар, бұдан әрі бейіндейтін пәні бойынша неғұрлым жоғары баллы бар азаматтардың басымдық құқығы бар.
  2. Жоғары әскери оқу орнын үздік дипломмен бітірген офицерлер жоғары оқу орны бастығының айқындауымен бейіндейтін пәні бойынша бір емтихан тапсырады.

Бейіндейтін пәні бойынша «өте жақсы» деген баға алған кезде офицерлер одан әрі емтихан тапсырудан босатылады, ал «жақсы» немесе «қанағаттанарлық» деген баға алған кезде жалпы негізде емтихандарға шығарылатын қалған барлық пәндер бойынша емтихан тапсырады.

  1. Түсу емтихандарынсыз және конкурстан тыс түсуге құқығы бар адамдардан кейін кандидаттар орындарға конкурс бойынша қабылданады. Конкурс өткізілген кезде қоғамдық-саяси белсенділігі және моральдық қасиеттері, әскери-кәсіби бағыттылығы және жеке психологиялық қасиеттері, дене даярлығының және жалпы білім беру (әскери-кәсіби) дайындығының деңгейі ескеріледі.
  2. Жоғары оқу орнына қабылдау (бас тарту) туралы қабылдау комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді (осы Ережеге8-қосымша). Жоғары оқу орындарына тыңдаушыларды қабылдау Қорғаныс министрінің, ал курсанттарды — тиісті жоғары оқу орындары бастықтарының бұйрықтарымен жүргізіледі.
  3. Кәсіби іріктеуден өтпеген болып есептелетін оқуға қабылданбаған кандидаттар: әскери қызметшілер — бұрынғы қызмет орнына; азаматтық жастар қатарындағылар — тұрғылықты жері бойынша қорғаныс ісі жөніндегі аудандық (қалалық) басқармаларға іссапарға жіберіледі. Жеке істері және әскери оқу орнына оқуға қабылдаудан бас тарту себептері көрсетілген осы ереженің 30, 36, 45-тармақтарында аталған басқа да құжаттар қабылдау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін 10 күннен кешіктірілмей қолхатпен әскери бөлімдерге және қорғаныс ісі жөніндегі департаменттерге хабарлана отырып, кандидаттарға беріледі.
  4. Қабылдау комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін әскери оқу орындарының бастықтары команда бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментіне тыңдаушылар мен курсанттардың жүргізілген іріктеуі туралы есеп береді.
  5. Жоғары оқу орындарын алдын ала кәсіби іріктеу жөніндегі және қабылдау комиссиясын осы ережеде қарастырылған құжат бланкілерімен қамтамасыз ету аталған комиссиялар құрылатын тиісті әскери оқу орындарына жүктеледі.
  6. Кәсіби іріктеуден өту кезеңінде әскери қызметші кандидаттарға және оларды жоғары оқу орнына тыңдаушылар және курсанттар етіп қабылдағаннан кейін ақшалай үлес төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін ақшалай үлеспен қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы басшылық құжаттармен айқындалады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесіне 7-қосымша

Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарында қабылдау емтихандары (тестілеу) өткізілетін пәндердің тізбесі

р/с

Жоғары оқу орындарының атауы

(факультеттердің, мамандықтардың)

Пәндердің атауы
1. Ұлттық қорғаныс университеті Жалпы тактика.

Қондырғы, жауынгерлік

мүмкіндік және Құрлық

әскерлерінің негізгі

қару-жарағы мен

техникасын пайдалану.

Шет тілі.

Дене даярлығы.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс

министрлігінің жоғары командалық,

командалық-инженерлік, инженерлік

әскери оқу орындары

Математика;

Физика;

Қазақстан тарихы;

Қазақ (орыс) тілі.

3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс

министрлігінің Шет тілдер әскери

институты

Математика;

Шет тілі;

Қазақстан тарихы;

Қазақ (орыс) тілі.

 

Бейіндік конкурстық емтихандар:

  1. әскери университеттер үшін — жалпы тактика (әскер түрлері

мен тектерінің тактикасы).

  1. әскери институттар үшін — жоғары оқу орындары

бастықтарының шешімі бойынша математика (физика).

  1. Шет тілдер әскери институты үшін — шет тілі болып табылады.

Емтихан тапсырудың нәтижесі хаттамамен ресімделеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ