Психология ғылымында агрессияны зерттеген негізгі ғылыми бағыттар

0

Агрессияны зерттеудегі негізгі теориялық бағыттарды былайша:

  • психоаналитикалық
  • этологиялық
  • бихевиористік
  • когнитивті деп бөліп  қарастыруға  болады.

         Психоаналитикалық бағыт. Бұл бағыттағы агрессияның зерттелуі былайша қарастырылады, яғни «агрессия – ол шынайы мінез – құлықта немесе қиялдаудың әсерінен көрінетін тенденция немесе соған бейімділік, ал мұндағы мақсат –басқа бір адамға залалын тигізу, оны жою, қандай да  бір әрекеттің есебінен оны еркінен айыру, намысына тию т.б». Агрессия ол тек бұзақылық немесе зорлық зомбылық жасау әрекеті болуы мүмкін емес.

Агрессивтілік – ол тенденция немесе тенденцияға бейімділік, мұнда мақсат – басқа адамға зиян келтіру, ал агрессия- осы тенденциялардың (ой, ниет, мақсат) сырттай көрінісі және ол жағымсыз сол сияқты жағымды, символикалық сыртқы көрініс формасына  ие болуы да мүмкін. Мұнымен қоса, агрессивтілік ол психоаналитикалық бағыт бойынша адам бойындағы қасиеттерінің фундаменті ретінде қарастырылады.

Бұл тұрғыда 3. Фрейд агрессия мен агрессивтілікті ғылыми психологиялық талдаудың обьектісіне айналдырды, ал бұл агрессияның фрустрациялық концепциясының құрылуына әкелді.

3 Фрейд өзінің алдыңғы жұмыстарында былайша тұжырымдады, яғни адамның барлық мінез-құлқы – эростан (либидо) яғни өмірдің инстиктарынан туындайды. Кейіннен Фрейд танатостың мәнін ашты – ол дегеніміз өлімге бел байлау (өмірдің тоқтауы және жоғалуы).

Ол былай деп санада – яғни осылардың арасында әрқашанда күйзеліс, тартыс, дағдарыс, дау-жанжал, қарама-қарсылық болады, ал басқа да механизмдер танатостың энергиясын сыртқа қарай бағыттайды, соған байланысты агрессия сыртқа қррай шығып, басқа адамдарға бағытталады.

  1. Фрейдтің ойынша агрессия сөзсіз болатын, яғни егер танатостың энергиясы сыртқа қарай шықпаса, ол адамда түрлі бұзылыстардың, аурулардың болуына әкелуі мүмкін. Осындай жағдайдан шығудың жолы -энергиясының бұзылуына әкелетін катарсис табылады.
  • А. Адлер (1927) бойынша агрессивтілік – ол адамның іс- әрекетін ұйымдастыратын, сананың ажыратылмайтын сапасы болып табылады. Агрессия алдыңғы айтылып кеткендер сияқты бір – біріне қарама –қайшы бастаулардың: өмір мен өлім, бейбітшілік пен соғыс, субьект пен обьект т. б сияқтылардың дағдарысы болып табылады. Психоаналитектердің ойынша агрессивті әрекет ол катарсиске (жамандықтан жанын тазарту) әкеледі деуде.
  • Ф. Зимбардтың айтуынша мұндай қарама-қайшылықты шешуге болады, егерде біз эмоциялық көрініс пен агрессиялық әрекет арасындағы айырмашылықты ажырата білсек. Мәселен, іштегі сезім сөйлеу, жылау немесе күлу арқылы шығарылды, ондай болса мазасыздық бәсеңдеп, жағдай жақсара түседі. Бірақ өзінің жауына немесе қарсыласына деген агрессиялық әрекет сөзбен немесе іспен, жанама немесе тікелей жасалса, онда агрессиялық әрекеттің жасалуына мүмкіндік туғызған ішкі мотив (себеп) алдыңғыға қарағанда әлсіз емес, одан әрі күшейе түседі.

Этологиялық бағыт.

      Этологтар оларда психоаналитектер сияқты ең басты ролді инстинктегі деген көзқараспен аяқтайды, ал адамның агрессиялық мінез-құлқы туа пайда болатын спонтанды реакция деп қарастырады. К. Лоренцтің (1960) пайымдауынша агрессия ол спонтанды үздіксіз дамиды және уақыт өткен сайын соғырлым күшейе түседі.

      Сонымен бірге агрессия өз бастауын біріншіден тіршілік етуге бағытталған туа пайда болған инстинктен алады, ал бұл барлық адамдарға және басқа да тірі жандарға тән. Оның айтуынша, бұл инстинк ұзақ жылғы эволюция барысында дами түсті және осының негізінде 3 маңызды функция бар: Біріншіденкүрес ол түрлердің өкілін бүкіл географиялық кеңістікке таратады, екіншіденагрессия генетикалық қордың жаңаруына көмектеседі, яғни артында өзінің ұрпағын тек күшті және энергиясы мол, қайратты, жігерлі адамдарда қалдыра алады, үшіншіденкүшті, мықты жануарлар өзін — өздері жақсы қорғай алады және өзінің балаларын, төлдерін қорғай алады.

     Оның ойынша, агрессиялық энергия (өзінің қайнар көзі ретінде – күрес инстинкті деп санайды.) организмде спонтанды дамиды және үздіксіз күннен күнге толысып отырады. Сондықтан, дәл осы агрессиялық әрекеттердің өрістеуі бірлескен функциялар болып табылады.

  • жиналған агрессиялық энергияның көлемі
  • агрессиялық стимулдарының бар болуы және осыларды жеңілдетіп бәсеңдететін маңызды, ерекше күштердің тікелей ортада болуы.

Басқаша айтқанда, осы сәтте неғұрлым агрессиялық энергия көп болса соғұрлым аз дәрежеде күш стимулы болу керек, ол агрессияның сыртта тарқауына қажет. Лоренцтің түсіндіруі бойынша адамдарға күш көрсетуге, қысымшылық көрсетуге деген қабілет, тумыстан шыдамдылыққа  басымдылық көрсетуден болады және агрессиялық әрекет үстемдік етеді. Оның ойынша, ешқандай жамандық жасайтын әрекеттермен байланыспаған, одан тыс әртүрлі әрекеттерге қатынасу, агрессиялық энергияның толуының нәтижесінде қауіпті деңгейге дейін жеткізу мүмкін, сондықтан осы арқылы күш көрсетудің ықтималдығын төмендетеді.

     Лоренцтің тұжырымдауынша махаббат және достық қатынастар ашық агрессиялық көрініспен байланыспай, оның пайда болуын жасыруы мүмкін және де адамдар қай уақыттарда  да  өзінің агрессиялық мінез-құлқына бақылау жасай алмайды деді.

  • Сонымен бірге Д. Доллардтың өңдеген жұмыстарына сүйенсек, ол фрустрациялы (нақты немесе ойдан шығарылған кедергі) – агрессиялық болжамды былайша айтты, яғни агрессия әрқашан фрустациядан кейін жүреді. Фрустация жайлы негізгі түсінік – қазіргі уақытта болып жатқан мақсатқа сай реакцияларды тоқтату деп қарастырады.

     Доллардтың айтуынша, фрустрацияның нәтижесінде, агрессиялық мінез-құлық пайда болмайды, кейбір жағдайларда, ең алдымен қауіп төндіру, жазалау олар агрессиялық әрекеттердің жүзеге асуын тоқтатады.

Фрустрацияға ұшыраған адам, яғни жазалау қорқынышы ұстап қалады да, өзінің шабуылын басқа обьектілерге бағыттайды – агрессияның орнының ауысуы. Фрустрация кезінде агрессияның пайда болуы әртүрлі факторларға тәуелді:

  • Фрустрация деңгейінен, потенциялды агрессор ретінде сезінуінен.
  • Тасымалдаудың агресссияға дейін болуынан.
  • Фрустрация кезінде агрессордың эмоционалдық және когнитивтік процестерінен.

Доллард және онымен бірлескен авторлар, агрессиялық мінез-құлыққа деген шешуші ниет- ойдың маңызы 3 фактордан тұрады деп  көрсетті

  • Субьектінің болашақта мақсатқа жетуін қанағаттандыру дәрежесінің күткендей болуы.
  • Мақсатқа жету жолындағы кедергілердің күші.
  • Жүйелі фрукстрациялық жағдайдың саны.

Яғни, субьект неғұрлым жоғары дәрежедегі қажеттілігіне күні бұрын дәмеленсе, кедергілерге деген жауап реакцияларының саны тоқтатылса, онда соғұрлым агрессиялық мінез-құлыққа деген түрткі күшті болады.

    Сонымен, Доллард және онымен бірлескен авторлар мынадай қорытындыға келеді, мұндай  мінез-құлық соның ішінде жазалау қауіпінің салдарынан сол сәтте  пайда болмайды.

  • Миллердің ұсынуы бойынша, ауыспалы агрессия – ол фрустрация кезіндегі адамның жағдайына қатысты емес, мүлдем басқа адамдарға қатысты жағдайда көрінеді.

    Автордың айтуынша бұл жағдайларда агрессордың құрбанын таңдауы белгілі деңгейде 3 фактормен байланысқан:

  • Агрессияға деген күшті ниет
  • Айтылған мінез-құлықты тежейтін факторлар күші
  • Әрбір потенциялды құрбанының фрустрациялық факторымен стимулдық ұқсастық.
  • Берковиц тұжырымы бойынша фрукстрация – агрессиялық реакцияларды арандатып көптеген әртүрлі аверсивті стимулдардың бірі, бірақ ол тікелей агрессиялық  мінез-құлыққа әкелмейді, керісінше агрессияллық әрекеттерге  дайындайды. Берковиц пен келіссек, стимулдар шартты рефлекстердің жасалуымен ұқсас, жүйелі процесстер мен агрессияны арандату (яғни агрессияны потенциялды түрде туғызу) қасиетін иемденеді. Стимул  агрессиялық мәнге ие болады, егерде жағымды қуатты агрессиямен немесе бұрын бастап кешкен жағымсыз жағдаймен және ауыр күнмен байланысқан болса. Соныменен, фрустрациялық жағдайда  адамдар әрқашан вербальды немесе физикалық түрде басқа адамдарға шабуыл жасамайды. Олар әсіресе барлық спектр реакциясын фрустрация түрінде көрсетеді: яғни, өзінің жолындағы кедергілерді жеңуде көнгіштік және уайымнан бастап белсенді әрекетке дейін барады. Көптеген эмперикалық зерттеулердің нәтижесінде, олар — фрустрация кейде агрессияның пайда болуына әкеледі десе, бұл соншалықты жиі болмайды.

     Осыған қарағанда, фрустрация ол көбіне агрессивті мінез-құлықтағы аверсивті стимулдарға немесе фрустрацияға үйреншікті әдетпен қарап, әдеттенген адамдарда көрінуіне әкеледі. Ал, екінші жағынан, сол реакцияларға үйреншікті болып кеткен адамдар, өздерін агрессивті көрсетпеуге  тырысады.

 Бихевиористік бағыт. Бихевиористтер-агрессиялық әрекеттер адамның агрессиялық жағдайын күшейтетеді немесе обьектіге деген агрессиялық деңгейіне әсерін тигізбейді (кек, қастық) деді. Бихевиористік және бихевиористік емес теорияларда  агрессивтілік – жағымсыз тәжірибенің жиналуы ретінде қарастырылады.

А. Бандура (1983) агрессияны ерекше әлеуметтік мінез-құлық ретінде қарастырады. Яғни басқа әлеуметтік мінез-құлық формалары сияқты оларда дәл солай меңгеріледі. Биологиялық және мотивациялық факторларды қарастыра келе, ғалым біріншіден әлеуметтік үйренудің әсерін ұсынады.

      Бұл көзқарас бойынша әлеуметтік үйренуде агрессиялық  мінез-құлық келесі көрініс бойынша ұсынылады:

  • Агрессия-биологиялық факторлар мен үйренудің салдарынан игеріледі, иемденеді.
  • Агрессия-шаблондардың әсерінен, қолайсыз қатынас жасаудан, қозғаушы, түрткі мотивтердің, құрылымдардың және эксперименттік сенім, пікірдің әсер етуінен болады.
  • Агрессия-сырттай мадақтау мен жазалаудың, қуаттану, механизмдердің өзін-өзі реттелуі негізінде реттеледі.

Сонымен бірге, Бандура агрессиялық мінез-құлықты талдау кезінде мына 3 нәрсеге міндетті түрде көңіл бөлу керек деді. Олар:

  • Осы сияқты әрекеттерді меңгеру қабілеті;
  • Оларға итермелейтін факторлар;
  • Тоқтату, орнықтыру шарттары.

         Кейбір психологтар былайша санайды: «… жазалау тек мынадай шарттарды ескерген де ғана тиімді болады, яғни жазалаушы жазаланушыға жағымды қатынас және жазалаушы жазалау нормаларын дұрыс қолданса, жазалау тиімділігі агрессиялық мінез-құлықты жою қабілеті ретінде, сонымен бірге, мінез-құлық реакцияларындағы иерархиялық агрессияның орнына, жазалау қарқыны мен уақытына байланысты».

      Сондықтан бір қатар психологтар жазалауды-ересектер тарапынан балаға жеткізілетін агрессиялық мінез-құлықтың моделі деп санайды.

 Когнитивті бағыт.

    Бұл бағыт фрустрация және агрессияның өзара байланысының негізінде  таным  процестерін   қарастырады.

  • Бұл бағыттың бір өкілі М.Раттер агрессияны-мінез-құлық бұзылыстарын  айқындайтын  факторлардың  бірі  ретінде  қарастырды.

Онымен байланысты басқа да факторларды көрсетті, олар:

        1.отбасындағы тәрбиелеу стилі

  1. мектептегі білімді меңгеруді артта қалушылық.
  2. мектептегі жағымсыз атмосфера.

    Агрессияның  пайда  болуына себепті фактор ретінде ол көптеген стресстік әсерлерді көрсетеді (отбасындағы дау-жанжал, мектептегі үлгермеушілік, қоршағандармен нашар қырым-қатынас), яғни олар алдымен толысып, одан соң агрессиялық әрекеттер ретінде шығарылады.

  • А. Басстың бойынша агрессиялық әрекетті үш шкала бойынша айтуға болады:
  1. физикалық – вербальдық, 2. активті – пассивті, 3. тікелей – жанама.
  • Д. Зильманның қарастыруы бойынша агрессия – ол басқаларға денелік немесе физикалық зақым келтіретін әреке.

     Сонымен бірге ол агрессияны – қозумен байланыстыра отырып, оны бақылауға, өлшеуге болатын конструктор деді.

     Зильман теориясының бір аспектісі болып, мына ереже табылады – яғни қозу бір бастаудан екінші бастауға ауысуы мүмкін, осындай жолмен эмоционалдық реакция күшейіп немесе азайып отырады.

  • Р. Бэрн, Д. Ричардсон агрессияға келесі анықтаманы береді:

     «Агрессия – жағымсыз қатынасты қаламайтын, басқа да тірі жандарға тіл тигізу немесе зиян келтіру сияқты, мінез-құлықтың  кез – келген түрі».

     Олардың ойынша агрессияны эмоция ретінде емес, мінез-құлық моделі ретінде қастыру керек деді. Адамдардаң көбісі өзін — өзі басқара алмай қалады да- бір заттарды сындырады, немесе жансыз нәрселерді ұрады, ал бұл агрессия деп қарастырылмайды, яғни басқа тірі жанға зиян келтірілгенде ғана оны агрессия деп атауға болады дейді.

      Дегенменде бұл әрекеттер агрессияға өте ұқсас , бірақ олар табиғатынан эмоционалды немесе эксперсивті деп қарастырылады және олар агрессияның мысалы болып табылмайды.

     Міне, психологияда көптеген теориялық бағыттар . Олардың барлығында  агрессияның табиғатына арналған және олардың өзіне тән мәселелері айтылады. Көптеген авторлар осы агрессияның терминдік анықтамасы үшін әлі де бір жерге ортақтасып, бір қорытындыға келген жоқ.

    Әрине бұл түсініктердің (агрессия , агрессивтілік, агрессиялық мінез – құлық ) анықтамасына толық мәнді сипаттама бермес бұрын, агрессия – бұл ішкі жағдаймен және сыртқы талаппен сәйкес келмейтін мінез –құлық формасы.

     Агрессивтілік – бұл адамның бойындағы бір қасиет(тұрақты және тұрақсыз)және ол интелекті мен аффектіде сәйкесінше әртүрлі деңгейде көрінуі мүмкін.

Әдебиеттер:

  1. Р.Бэрон,  Д.Ричардсон. Агрессия. СПб: Питер 2001ж.
  2. А. Бандура, Р. Уолтерс  Подростковая агрессия. Изучение влияния воспитания и семейных отношений. М, 2000ж.
  3. Ф.Райс Психология подросткового и юношеского возраста. — СПб: Питер 2000ж
  4. К.Лоренц   Агрессия.  М, 1994ж.
  5. А.Н.Реан. Психология изучения личности. СПб : Питер 1999ж
  6. К. Бютнер Жить с агрессивными детьми. М,1991ж.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ