Инновациялық – инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу

0

Қазіргі әлемде кез келген мемлекет өндірістің ғылыми-техникалық және технологиялық деңгейін жоғарылату мәселесімен бетпе-бет келуі айдан анық. Елдің ғылыми-техникалық әлеуеті оның өндірістік-экономикалық әлеуетінің сипатты көрсеткіші болып табылады.

Инновациялық ғылыми зерттеулердің білім беру мен іргелі ғылымды дамытумен байланысты жақтарын реттеуде мемлекеттің рөлі ерекше. Экономикасы дамыған елдерде іргелі ғылыми зерттеулердің 50%-дан астамын мемлекет қаржыландырады.

Инновациялық қызметті жүргізу үшін едәуір инвестициялардың қажеттілігі оны инновациялық-инвестициялық қызметке айналдырады, яғни өзінің мәні бойынша кез келген инновациялық жоба сонымен бірге инвестициялық болып шығады.

Нарықтық реформаларды жүргізу кезінде-ақ Қазақстан 2003-2015 ж.ж. арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясын қабылдаған болатын. Стратегия 2015 жылға дейінгі Қазақстанның мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын диверсификациялау және дамудың шикізаттық бағытынан арылу жолымен ел дамуын орнықтыруды көздейді. Стратегия бойынша мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізілуі керек. Ғылым мен инновацияны ынталандыру үшін қаржы нарығын одан әрі дамытып, фискалдық, антимонополдық, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру қажет.

Әлемдік экономиканың жаhандануы жағдайында Қазақстан экономикасында бірқатар мәселелер туындады: шикізаттық бағдарлану, әлемдік экономикамен шамалы ғана интеграция, ел ішілік, салааралық, өңіраралық әлсіз экономикалық интеграция, ішкі нарықтағы тауарлар мен қызмет көрсетулерге тұтынушылық сұраныстың төмендігі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның нашар дамуы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың болмауы, ғылыми-зерттеу және ізденіс-тәжірибелік жұмыстарға қаржы-қаражаттың жетіспеуі, менеджменттің экономиканың жаhандануы үдерісіне және сервистік-технологиялық шаруашылыққа өтуіне сәйкессіздігі.

Елбасының 2010 жылғы Қазақстан халқына жолдауында перспективалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыруға аса мән беру керектігі айтылды. Әртараптандыру жөніндегі жоспарларды іске асыру үшін бір ғана мемлекеттік ресурстар жеткіліксіз, оның негізгі көзі тікелей шетелдік инвестициялар.

Көптеген мемлекеттер біздің экономикаға ресурстар салудың мәні бар деп біледі. Бүгінде Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, сондай-ақ француз, итальян, ресейлік компаниялардан 20 миллиард доллар көлемінде инвестициялар тарту туралы мәселелер шешілді. Бұл қаражат шикізаттық емес секторға жұмсалып, индустриялық бағдарламаның, инфрақұрылым мен бірлескен кәсіпорындардың ондаған нысандарын іске қосуды қамтамасыз етеді.

«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автомагистраліне 3 миллиард долларға жуық көлемінде және елдің батысынан оңтүстігіне қарай тартылатын газ құбырына 2 миллиард доллар инвестициялар тарту мәселелері шешілді. Мұның бәрі – шикізаттық сектордың инвестицияларынан басқасы, ал ол 10 миллиард доллардан астамды құрайды.

Индустриялық даму басымдықтарын ескергенде арнаулы экономикалық аймақтар мен индустриялық парктердің қызмет етуіне жаңа көзқарас қажет. Жеке меншік инвестицияларды тарту жөнінен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі орасан әлеуетке ие болып отыр. Қазақстанда бұл тетікті іске қосу көзделген, әрине, ол өз кезегінде озық әлемдік практикаға сәйкес жетілдіруді талап етеді. Ең алдыменн бұл мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту. Елімізде мұнай өңдейтін үш зауыт бар, сөйтсе де әлі күнге жанармай, авиация керосинін сырттан сатып аламыз. Біз осы мұнай өнімдеріне деген ішкі сұранысты біртіндеп толық қамтамасыз етуге тиіспіз.

Атырауда мұнай-химия кешенін салуды жалғастыру. Мойнақ ГЭС-інің құрылысын биыл аяқтау, Екібастұз 1-ГРЭС-ін кеңейту және қайта жарақтандыру жөніндегі жұмысты жалғастыру. Ол жерде сегіз блоктың орнына төрт блок жұмыс істеп тұр. Бұл дайын, шығынды қажет етпейтін электр қуаты. Екібастұз 2-ГРЭС-інің үшінші энергия блогын салу жұмысын жалғастыруда, сонымен қатар 2010 жылғы инновациялық жоспарда Балқаш ЖЭС-ін салу көзделген.

Жоспарда «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» магистралдық газ құбырын салу, «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолының транзиттік дәлізін қайта жарақтандыру бар. Жоғарыда аталған жобалардың дайындық жұмыстары басталып кетті. Онда 5 мың адам жұмыс істейді, ал 2010-2012 жылдары 50 мың адамға дейін жетеді. Мұның өзі Қазақстанды Еуропадан Азияға жетіп жататын көлік дәлізіне айналдыратын күретамыр болады.

Электровоздар, жолаушы және жүк вагондары, жол битумдары өндірісін, химия өнеркәсібін ұйымдастыруда өз басымдылығымен ерекшеленеді.

Агроөнеркәсіптік кешен туралы айрықша атап өтуге болады, оның дамуы арқасында: бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыру шешіледі.

Сондықтан да тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауылшаруашылық техникаларын жинау жөніндегі өндірістерді құру, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымы және оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға шешім қабылданды.

Бәсекеге дес бермейтін мал шаруашылығын, үздіксіз өндіруді және еліміздің ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін, мемлекеттік тұрғыда дұрыс қолдау болмай, қамтамасыз ету мүмкін емес. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы бойынша тұтасымен алғанда еліміз экономикасына деген бүкіл инвестиция көлемінің 1,7-2,0 пайызын ғана құрайды екен.

Құрылыс үшін маңызды жобаларды қарастыру: Көксарай су қоймасын, басқа да ірі ирригациялық нысандарды салуды жалғастыру.

Қызылқұм массивінде 60 мың гектар суармалы жерді игеру мақсатын алға қойылды. Бүгінде техникалық-экономикалық негіздемесі мен кірме жолдары бар нысандарда жұмысты бастау көзделген. Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату – маңызды сала. Консервіленген жеміс-жидек өнімдерінің 80 пайызын, ет өнімдерінің жартысын, құрғақ сүттің 53 пайызын сырттан әкелінетін болса, жоғарыда аталған жобаларды өз уақытында жүзеге асырсақ – онда адамдар қаладан ауылдағы өнеркәсіпке жұмыс істеуге баратын болады.

Экспорттық мамандандыру перспективада 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беріп, таяудағы бес жылда ІЖӨ-нің қосымша өсімінің 8 пайызға жуығын қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономикасы бар елдерде инновациялық-инвестициялық қызмет жартылай мемлекеттік қызмет, өйткені оны мемлекет реттейді, қаржыландырады және оған тапсырыс береді. Экономикада инновациялық факторларды пайдалануды қолдауда мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жүргізу туралы болып отыр. Сонымен Қазақстанда жобаларды іске асыру үшін, тек мемлекеттік қолдау емес, оның негізгі көзі — тікелей шетелдік инвестициялардың тартылуы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ