Кейбір сөздердің шығуы жайында

0

Тіл-қоғамдық      құбылыс болғандықтан, ол қоғаммен бірге дамып отыратыны белгілі. Тіліміздегі әр сөздің өзіндік тұлғасы мен мағынасы болады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген сөздердің бәрінің бірдей мағынасы айқын емес. Тілімізде мағынасы күңгірттенген, көнерген сөздер баршылық. Қазақта шамамен он   миллион   сөз бар   екендігін ғалымдарымыз айтып та, жазып та жүр. Тіл қанша бай болса да, сөз жинап отыру керектігі туралы этнограф-ғалым Жағда Бабалық орыңды пікір айтып жұр. Және ғалымның өзі де, сөздер жинап жүргендігін баспасөзден білеміз.

Қытай елі 2003 жылдан бастап сөз жинаумен айналысып келеді екен. Бір ғәна тігіске байланысты 76 сөз, адамның мінезіне байланысты 2000-нан астам, суға қатысты 130-ға тарта саптау бар екенін этнограф, Жағда ағамыз   өз сұхбатында   айтыпты

Сол екі мыңға жуық сөздің 80 пайызы жағымсыз мағынада (жағымсыз мінезге), 20 пайызы жағымды мінезге байланысты атауларды құрайды екен.

Этнографтың     мынадай тұжырымдамасы да ойлануды қажет етеді және қисыны бар ұсыныс деп ойлаймыз:

«Қазақта Елбасы сөзінің ұғымын беретін он шақты атау бар екен. Соның біреуін де айтпастан, біз «Президент» деуді құп көреміз. Елбасы десек, ол қісінің атақ-дәрежесі кеміп қала ма? Премьер-министрді-Елтутқа (елдің тізгінін ұстаушы) деп неге айтпасқа? Жоғары сотты-Елби десек, елге билік айтатын тұлға ретінде қабылданар еді. Прокурорды неге біз Елайғақ демейміз? Елдің алдында қылмысты айғақтайтын адам Елайғақ болмай, кім болады. Әнұран деген сөз дұрыс емес. Елұран десек, мағынасы да, мәртебесі де биіктейді.»

Академик Р.Сыздық қазақ әдеби тілінде қолданылмайтын, қазір тек жергілікті ерекшелік ретінде қолданылатын алапа сөзінің Қазақстан мен Ресей жерінің 6 өңірінде 6 түрлі мағынада жұмсалатынын атап көрсетеді. Атырау, Маңғыстау, Орынбор өңірлерінде «олжа», «пайда», «табыс», Түрікмен, Қарақалпақ, Туркия қазақтары тұрғындарының тілінде кәденің атауы (күйеу келгенде қыз жеңгелері алатын сыйлық), Семей, Шұбартау тұрғындары қалыңмалды алапа деп атайды екен, ал Жамбыл, Шу өңірінде «адамгершілік» деген дерексіз (абстракт)   ұғымды   айтса   керек.

Қарақалпақ жеріндегі қазақтар тойларда берілетін ақшаны түйген орамалды алапа деп атайды. Ресейдің Саратов облысында тұратын қазақтар жалақыны алапа дейтіні «Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде» көрсетілген. Бұларда                («адамгершілік» мағынасынан басқа алапа сөзінің баста   «олжа»,   көбінесе   соғыста түскен олжа, одан барып кәдеге, қатысты олжа, сый-сыралғы, бұдан барып қызга берілетін сый, сөз мағынасы   қозғалысының ең соңғы кезеңдегі «Жалақы» мұндай термен  келген   «олжа»)   сияқты семантикасы бары байқалады. Жалпы, бұл сөздің түп-төркінін монгол тіліңдегі алба (н) сөзінен іздеген дұрыс деп есептейді академик Р.Сыздық.

Бұхар жыраудың «алапасын арттырып» дегені «әскерге жинайтын азық салығын арттырып, әскер аттарын қунатты» деп тұрғаны байқалады. Демек, мұндағы, алапаның мағынасы ең алғашқысы «әскердің» күш-қуатын көтеретін алым-салық» «Кейінгі ғасырларда осы қарекеттің жойыла бастағанына байланысты бұл сөз де енді «соғыста түскен олжа, табыс дегенді атай бастаса керек және әрі қарай сөздің семантикалық өрісі түрленіп, әр өңірде әртүрлі сақталып, бастапқы ұғымды беріп кеткені байқалады. Алама-ескі сөз. Бұл күнде жырлардағы мағынасында қолданылмайды.

Бәрекелді. Қолдау, қолпаштау магынасында айтылатын бұл сөздің арғы тегі араб тілінен шыққан. Үлкен ғалым Шора Сарыбаевтың пікірінше: «Барака Алла Хо» білдіретін магынасы — саған Алла береке берсін. Алайда уақыт өте келе, тіліміздің фонетикалық заңдылығы бойынша, «Бәрекелді» формасына ауысқан.

Шілде. Айдың аты болғандықтан көбіне-көп «қырық күн шілде» түрінде айтылады. Бұған қарап ел ішінде шілде айы қырық күнге созылған екен дейтін де түсінік бар. Ал шындығында, шілде сөзі-қырық сан есімінің парсы тіліндегі нұсқасы. Мәселен, шілдехана тойының нәресте дүниеге келгеннен кейін қырық күн өткен соң аталып, өтілетіндігі-осының айғағы. Сондай-ақ, тілімізде «Қысқы шілдеде қу сақта, жазғы шілдеде су сақта» деген мақалдың да айтары осыған саяды деп көрсетеді кейбір ғалымдар (Н.Жарқынбек). Жазда да, қыста да шілде қырық күн болатыны да жоғарғы пікірді растай түсетін сияқты.

Тараз. Бұл сұз парсы тілінде — cap тарош, қазақша-шаштараз. Мұндағы cap сыңары бас деген магына береді, екінші сөзбен айтқанда, бас қыру, шаш қыру. Орта Азия халықтарында атам заманнан қолданылып келеді. Тарош сөзі тілімізде тараш (тарану, сылану) тұлғасында сақталған. Қазақ тілінің Ташкент говорында «қырмантараш» деген сөз де кездеседі, оның мағынасы-к,ырман болатын жерді тараштау, тазалау.

Соңғы кезде қазақ тілінде баламасы бола тұра шеттің сөзін пайдаланып жүрген жайымыз бар. Парсылар басының бүршігі бар ұсақ шегені «мық» дейді, ол-етікшілердің кәсіби мүлкі болып есептеледі. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастанында:

«Мығы бар сауыр етік табанында, Құдайға құлшылық қыл аманыңда»-деген бар. Екінші сөзбен айтқанда, «мық»-етіктің ұлтанын, тақасын, нәлісін ұстату үшін қағылатын шеге. Онын ұсақ болатыны сондықтан. Біз мұны ешқашан майыспайтын, сынбайтын қуатты шеге деп түсіндіріп жүрміз. «Мықты» деуіміздің өзі «мық» сөзінен шыққан болар дегеннің өзінде негізінен «мықты» — ағаш шегені пайдаланатын етікші де қуатты темір шеге болмайтыны белгілі. Өзбектер шегені қазіргі кезде «мық» деп айтып та, жазып та жүр. Кейде хал қалай деп сұрай қалсаң, «мықтай» деп жауап беретіндері де кездеседі.

Ғалым А. Рүстемов «Сөз туралы сөз» атты еңбегінде ХІV ғасырдың орта тұсы мен ХVI ғасырдың бас кезінде  Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлегі мен Жетісу, Шығыс Түркістанда өмір сүрген  мемлекет Моңғолстан деп аталғандығын айтады. Тарихшылардың мәліметіне қарағанда бұл мемлекеттің  халқы «джете», «чете» атауымен белгілі болған. Халқымыздың етене таныс «Тәуке ханның жеті жарғысы» атты сөз орамының құрамындағы «жеті» сөзін ғалым «джете», «чете» сөзімен байланыстырып, «жеті» сан емес, «мемлекет» ұғымын береді деп есептейді.

А. Рүстемов былай дейді. Әдеби тілімізде көп ұшырасатын сөздің бірі — қайсар. «Бетінен қайтпайтын, өжет, батыл, тайсалмайтын, бір беткей, табанды» деген мағыналарда қолданылады. Бұл сөз латын тілінен  грек тіліне, грек тілінен араб тіліне, араб тілінен парсы тіліне, парсы тілінен қазақ тіліне енген. Алғашқы формасында – «цезарь» Ежелгі Рим, Византия елдерінде императорлық дәрежені білдіретін сөз ретінде пайдаланылған. Одан әрі дамуы – «кесар, қайсар». Орыс тіліндегі «царь (патша) сөзінің де түп-төркіні осы»  тұлғаға тірелетіні жөнінде мағұлат бар.

«Адамның, жан-жануардың басы» деген мағына беретін иран сөзі «кәллә» әдеби тілімізде де, ауызекі сөйлесу тілімізде де бар. «Па» тұлғалы «аяқ» дегенді білдірсе, «ге» — кішірейткіш жұрнақ. Бас тарту кәдесінің шығу тарихы, автордың жазуына қарағанда, мынадай. Баяғы заманда, қазақтардың атақты тайпасынан  шыққан батыр жаугершілікте жаяулап қалған  көсеміне астындағы  атын түсіп береді де, өзі тұтқынға түседі.

Сарбаздары үлкен шығынға ұшыратқан батырды жау жағы қалайда өлтіргісі келеді. Бірақ ақсүйекті өлтіруге  заң жоқ. Дәрігер ханына кеңес береді. «Бір ғана тағамды  үзбей жесе, жарасынан айықпай, өз-өзінен өледі.  Бізге айып тағылмайды» — дейді.  Батырдың өтініші бойынша, оған қойдың бірыңғай бас-сирағы  беріледі. Біраз уақыт өткеннен кейін, өлгені былай тұрып, денсаулығы жақсарады.

Сөйтсе, қазіргілердің айтуына қарағанда, бастың құрамында  адамға қажетті барлық вариантын кездеседі екен. Көп ұзамай, қайырлы хан құн төлеп, батырын қайтып алады. Осы оқиғадан кейін, сыйлы қонаққа бас тартылатын болады. Бұл кәде түркі халықтарының ішінде қазақтарда ғана бар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ