Ауылшаруашылығын орналастыру мен мамандандырудың өндірістің тиімділігіне әсері

0

Ауылшаруашылық өндірісін орналастыру мен мамандандыруды дамытудың әртүрлі жолдарының іске асуының мүмкіндіктері нақты жағдайларға байланысты болғандықтан, экономикалық тиімділік мөлшері де, әртүрлі іс жүзіндегі ықпалы да бірдей еместігімен айқындалады. Сондықтан кезек күттірмейтін міндет көрсетілген факторлардың экономикалық бағасын анықтап, болашақтағы өндірісті дамытудың болжамдық тұжырымын жасауда тепе-теңдік үлгілерінде есепке алу қажеттігі байқалады. Көрсетілген жағдайда ауылшаруашылық өндірісіне әсер ететін факторларды қамтитын, сапалы талдау жүргізуге мүмкіндік туғызатын математикалық модельдеу тәсілінің артықшылығын пайдалану керек. Жаңа ғылыми-техникалық негізге сүйенген еліміздің экономикасын жоспарлы негізге сүйенген жүйелер арқылы басқару үшін экономикалық-математикалық тәсілді пайдалану ұтымды нәрсе.

Бұрынғы ең аз, ең көп сандарды есептеуші қолданбалы классикалық математика болашақтағы күрделі міндеттерді есептеп шешуге жарамсыздығын көрсетті. Осыған байланысты, жаңаша математикалық тәсілдерді басшылыққа алған, арнаулы математикалық аппараттар экономикалық проблемаларды талдау қажеттігі күн тәртібіне мықтап қойылды. Кез-келген жағдайда әсіресе, экономика әлеуметтік даму процестеріне саналы, алдын-ала мақсат, мемлекеттік басқару арқылы әсер ету үшін, ғылыми болжау мен жоспарлау қажеттігі туындайды. Осы айтылғандар тарихтың өтпелі дәуірінде, экономикалық, оның ішінде аграрлы сектордың нарықтық қатынастарға көшкен кезеңінде маңыздылығы еселеп артады.

Ауылшаруашылығы өндірісінде ішінара пайдаланатын түрі — ұйымдастыруды жақсарту саласындағы кездесетін тәсілі екендігі айқын. Қазіргі экономика саласындағы математикалық әдістемелер — математикалық бағдарламаларға, жаппай халыққа қызмет ету теорияларына, артық өнімдерді игеру қағидаларына, математикалық статистикаға, салыстырмалы теорияға т.б. сүйенеді. Ауылшаруашылығы өндірісін орналастыру міндеттерін математика тіліне түсірсек, көп санды көрсеткіштерді қамтитын жүйелер арқылы есептеп шығарып, қолда бар ресурстарды: ауылшаруашылық егістіктерін, минералдық тыңайтқыштар мен жем-шөп қорларын т.б өндіріс мұқтаждарын қажетті істерге пайдаланудың жолдарын белгілейді. Осы көрсеткіштер арқылы ауылшаруашылық өндірісінің сипаттамасын, егістік жерлердің құрылымын, пайдалануға арналған ауылшаруашылығының жылдық өнімін, мал шаруашылығы өндірісінің жылдық өнімін т.б. көрсеткіштерді анықтайды. Әрбір көрсеткіштер бойынша есеп айырысу істері өте көп уақыт талап ететін күрделі жұмыс. Осы көрсеткіштер бойынша аталмыш жұмыстар көптеген күрделі информациялық байланыстарды есепке алуды талап етеді.

Қазіргі жағдайда бұрынғы территориялық байланыстардың бұзылуына байланысты ауылшаруашылық өндірісін мамандануы мен орналастыруының мүмкіндіктері толығынан пайдаланбауы нәтижесінде, экономикадағы аграрлық сектордың жағдайы біржолата төмендеді. Осы аталған жағдайларға байланысты қазіргі кезеңдегі проблемалардың негізгісі, өмір талабынан туындайтын ауылшаруашылығы өндірісінің мамандануымен орналасуы туралы балама нұсқаларын жасау болып табылады. Көрсетілген балама нұсқалары сұранысқа сай жалпы шығынды есептеп, нәтижесінде ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігіне ықпал ететін, дәлірек айтқанда астық өндірісінің мөлшерін арттырады. Дегенмен, ауылшаруашылығы өндірісінің түрлі нұсқаларының экономикалық тиімділігінің ауқымы көптеген нақтылы жағдайға байланысты. Ғылыми техникалық прогресс түрлі табиғи-климаттық және экономикалық жағдайға бейімделген ауылшаруашылық дәнді-дақылдарының жаңа түрлерін шығаруға, ауылшаруашылық малдарының тұқымдарын асылдандыруға мүмкіндік туғызды.

Аймақтар бойынша ауылшаруашылығын мамандандыру мен орналастыруды негізге алған электронды есептегіш машиналар мен экономика-математикалық тәсілімен жасалған біршама ұсыныстар мен нұсқаулар жұртшылық тарапынан қолдау тапты. Көрсетілген тәсілдер мынадай әдістемелік бағытқа: төте модельдеу, кезеңдерге сай модельдеу, итеративтік модельдеу, апроксимациялық модельдеуге негізделеді.

Төте модельдеу — дегеніміз жүйелер объектілерінің ерекшеліктерін ескеріп, үлкен көлемдегі экономика-математикалық модельдер жасауға негізделеді. Ауылшаруашылығы өндірісін мамандандыру мен орналастыру туралы жасалған модель сызықтық, диагональ-блоктық матрица бойынша құрылған статистикалық құрылымға сүйенеді. Жоспарланған аймақтағы объектілер әкімшілік аудандардағы бірнеше блоктарға бөлінеді. Осы көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру бағыттарында Данциг — Вульф бөліну алгоритмін пайдалану арқылы жүргізіледі. Мұнда ең алдымен математикалық бағдарлама тәсілін пайдаланып, әкімшілік аудандардағы блоктардың жеке міндеттерін, кейіннен барлық міндеттерді топтап үйлестіру, жинау арқылы мәселелерді шешеді. Ауылшаруашылығын блокты мақсаттарға байланысты орналастыру міндеттерін шешу жолындағы алғашқы істелген жұмыстар нәтижесі ауылшаруашылығы өндірісін орналастыруды жоспарлауға электронды есептегіш машиналарды және математикалық тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл барлық шаруашылықтарда кеңінен пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Кезеңдерге   сай модельдеу  жүйесі де   экономика-математикалық модельдеу тәсіліне негізделеді. Бұл жөніндегі жоспарлау жұмыстары да бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірақ әрбір кезеңде аймақтық проблемалардың жеке бөлімдерін ғана қамтиды. Шығу модельдері. Бұрынғы шығу модельдері келесі кезеңнің модельдерін жасауға мүмкіндік береді.

Итеративтік модельдеу дегеніміз — ауылшаруашылық өндірісін мамандандыру мен орналастыру, бірнеше рет осыны тиянақты түрде қайталап    орналастыру объектісінің болашақтағы дамуын анықтау, сонымен бірге осылардың қорытындыларын жинақтау, үйлестіру, есептеу арқылы жалпы объектілердің қосындысын оңтайландыру керек. Модельдеу жүйесі аталмыш жағдайда вертикальдық байланыстар бойынша «жоғарыдан төмен», «төменнен жоғары» қарай басқарылады. Әрбір объектілерді орналастырудағы «жоғарыдан төмен» есептері негізіндегі байланысты ауылшаруашылық өндірісінің жоспарды көрсеткіштері анықталады. Ауылшаруашылық кәсіпорындары өндірісінің өнімді өндіру мүмкіндіктерін «төменнен жоғары» байланыстарын іске асыру арқылы айқындалады. Әртүрлі кезеңдерден тұратын модельдеудің кейбір нашар жақтарын болдырмас үшін аппроксимациялық модельдеу тәсілін қолданады. Мұндай модельдеудің мәні, әрбір орналастыру объектілері бойынша өндірістік бағдарламаларының көптеген пайдалануға мүмкіндігі бар нұсқалары қабылданады. Математикалық модельдеу арқылы ауылшаруашылық өндірісін мамандандыру, орналастыру міндеттерін шешу мен күн тәртібіне қою кезінде, әсіресе, астық өндірісін мамандандыру мен орналастыру мәселесін де бұрыннан қатаң модельдеуді пайдаланады. Нәтижесінде модельдер параметріне — ресурстар, техника, экономикалық    коэффициентіне    қатаң    есептелген өлшемдер жатады. Бұдан келіп, әрбір ауылшаруашылығы өндірісінің мамандандыру мен орналастыру жоспарына — мақсатты функциялардың мәнінде берілген анықталған белгілі қорытындылар қатаң түрде сәйкес келеді. Ауылшаруашылығын мамандандыру мен орналастыруды дамыту міндеттерін модельдеу жұмыстары белгілі реттілікпен бірнеше құрылымдарын жасау, алғашқы мәліметтерді жинау және өңдеу жұмыстары, сандық модельдеу үшін есептердің кеңейтілген матрицаларын құру, орындалған жұмыстарды талдау мен түзету кіреді.

Модельдеу кезеңдеріне қысқаша тоқталайық. Мәселенің қойылуы мен айқындалуы кезеңінде оңтайлылық өлшемін негіздеу кезеңіндегі міндеттердің құрамына модельдеу жүйесіне қалыптасу жағдайын айқындауға мүмкіндік беретін сандық және сапалық талдау жасау, экономикалық нәтижеге белгілі дәрежеде ықпал ететін бір немесе бірнеше аумақты факторларды табу жатады. Міндеттің мегізгі мақсаты қалыптастырылады. Құрылымдық математикалық модельдеуді жасау барысында пайдалану үшін кезеңдік, базалық модель таңдап алынып, белгілі елестер мен (символ), көрсеткіштері математикалық модельге жазылып алынады. Бұдан басқа да екі түрлі базалық модельдің жалпы мақсатқа сай сызықтық бағдарламаға бейімделген модель немесе тарату тәсілімен жұмыс істейтін модель пайдаланады. Жазып алынған математикалық модель болашақ міндеттердің құрылымы мен композициясын көрсетуі қажет. Көптеген жағдайда алынған нәтиже алғашқы ақпарат материалдарының сапасына байланысты. Есептерге сандық матрицаны құру дегеніміз таблица түрінде жұмыстарды модельдеу, сонымен бірге есепті шығару сызықтық қатынастарда айқын көрсетілген. Электронды есептегіш машиналар арқылы алынған нәтижелерді талдау мен өңдеу жұмыстарының мақсаты тұжырымдардың нақтылығын айқындау және жөндеу, түзету жұмыстарының бағытын белгілеу.

Ауылшаруашылығы өндірісінің дамуы бұлыңғыр жағдайда өтуде, бұл мәселенің терең мәнін және сан жағынан болған өзгерістер жөніндегі түсініктеріміз жеткіліксіз. Сондықтан, модельдеуге сан жағынан қатынас эвристикалық талдаумен ұштасатын жаңаша принциптік көзқарасты қалыптастыру қажет. Экономикалық ғылымдағы жаңа бағыт экономикалық математикалық зерттеу жұмыстарының көп жылғы жұмыстарының қорытындысы нәтижесінде, ауылшаруашылығы өндірісіндегі іске асып жатқан жүйелі процестерді айқындайтын кешендердің жұмысына жүйелік түрде бағдарлама жасау. Жүйелі модельдеудің құралы ретінде жұмсақ модельдер модельдің екінші буынына жатады. Олардың «қатаң» вариантымен арасындағы айырмашылық жоқтың қасы. Олардың ерекшелігі — диалог арқылы қатынасында. Жалаң міндеттер болуы мүмкін емес, сондықтан жұмыс жүруіне байланысты міндеттер пайда болады. «Жұмсақ» модельдер жоспарлы технологияның түрлеріне оңай бейімделіп, жалпы бағыттағы бағдарлама құралдарына (СУБД, манипуляторлары т.б.) сүйеніп, бағдарламалардың ең соңғы қол жеткен табыстарын пайдалану арқылы қалыптасып, жаңаша шешімдерге тоқталады. «Жұмсақ» модельдер ауылшаруашылығы өндірісін дамытудың мүмкіндіктері мен оны    өркендету    жолындағы    жан-жақты мағлұматтарды жинақтаған, ғылым мен техниканы пайдаланудың артықшылығын көрсететін эксперттік жүйенің негізін құрайды. Нарықтық экономикасының қалыптасуына орай, соңғы жылдары ерекше абыройға ие болған тепе-теңдік, тәуекелге бел байлау, ұжымдық таңдау, кездейсоқ процестерді басқару теорияларының маңызы ерекше арта түседі. Бұдан басқа аралас экономикадағы өтпелі процестерге талдау жүргізетін математикалық аппараттарды жасау, оңтайлылық және тепе-теңдік міндеттерді атқаратын тиімді тәсілдерді іздеу және оларды компьютерге түсіру, әлеуметтік экономикалық процестерді
салыстырмалы — статистикалық дамытуды модельдеу, экспериментальдық экономика теориясымен тәсілін кең насихаттау, экономикалық шешімдер үшін адам — машина экспертизін пайдалану, шаруашылық технологиясына стендалық модельдеуді жүргізу көзделінді. Шаруашылық жүргізудің әр кезеңдегі құрылымдық өзгерістері жөнінде, аймақтық жүйенің қалыптасуын модельдеу жайлы жүргізілген зерттеу жұмыстарының өміршеңдігі өзінің маңыздылығымен ерекшеленеді.

ҚР ауылшаруашылығындағы болып жатқан елеулі өзгерістер, нарықтық коньюнктураға байланысты шығарылған өндірістік өнімдер түрлерінің басқа елдермен бәсекеге түсе алатындай дәрежеге жеткізу, өндірістің барлық түрлерінің өнімдерін көбейту, өндірістің құрылымын халықтың тұтыну қабілетіне сәйкестендіру болып табылады. Бұл жағдайға байланысты ауылшаруашылығы өндірісін орналастыру мен мамандандыруды негіздеуде, өндірістің құрылымы мен көлемін анықтау істерінің барысында, оңтайлы варианттың негізгі құралы ретінде математикалық аппараттың маңызы арта түседі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ