Ағылшын тілін үйретуде грамматикалық дағдыны қалыптастыру

0

Ағылшын тілін толық меңгеру үшін алдымен ағылшын тілінің грамматикасын білу қажет.Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер , олардың барлығының жиынтығы — лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі — фонетика саласында, сөздердің формалары- морфология, ал сөз тіркестерімен сөйлем – синтаксис саласында қарастырылады.

             Грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.

     Грамматикалық мағына грамматикалық  формалар арқылы беріледі.

Сөздердің грамматикалық  мағынасымeн грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста,бірлікте болады.Мысалы,Beautiful, good,bad деген сөздер заттың сапасын,соған тән бөлігін білдіреді.Грамматикалық жағынан қарағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдары білдіреді де,сын есімге жатады.Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарын арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып,бір-бірін нақтылай,саралап айқындай түсетіндей әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматиканың методикасы белгілейді. Мұнда грамматиканың методикасы психология ғылымының деректеріне сүйенеді.

             Дидактика талабының бірі оқытудың саналығы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалды саналы меңгеруі болып табылады. Бұл үшін мұғалім балаларды қызықтырып, өзіне тартып, өз ойының барасын байқауға, бақылауға, салыстыруға, бірі мен екіншісінің арасындағы ұқсастықтар мне айырмашылықтарды табуға, қорытынды жасауға ,жалпылауға үйретуі тиіс.

             Оқытудың міндеті жаңа тақырыпты түсіндіруді қамтамассыз етіп қою ғана емес, сонымен қатар негізгі фактлерді, анықтамаларды, ережелерді балалардың есінде берік сақтап, тұрақтандыру дағдыларын қалыптастыру болып саналады Түсінбей, ұғынбай, құр механикалық жаттап алған нәрсе ұзақ сақталмайды және оны практикада қолдана алмайды. Ендеше ол іске аспайтын құрғақ пайдасы шамалы білім болып қалады.

              Дидактиканың күрделі бір шарты мектептегі оқытудың жүйелілігі мен сабақтастығы. Заттар мен құбылыстарды анық түсіну үшін оны басқа заттармен байланыстырып қарау керек, яғни бөліп алып қарамай, басқа заттар мен құбылыстардың системасында қарастырған жөн.

Оқыту тек білім беру ғана емес, сонымен бірге балаларды жан- жақты жетілдіру және тәрбиелеу, шеберлік және дағдымен қаруландыра түсу болып саналады.

             Дағды мен шеберлік әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балалардың алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жүмыстарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындаудың тәселдерін көрсетеді.балалар мұғалімнің тапсырмасын орындау барасында оның айтқан, көрсеткен тәсілдерін шеберлікпен қолдануға үйренеді, дағдылана түседі.

            Материалды  түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған  құбылысты мәнді белгілері анық, жүйелі ашып, көрсетуге тырысады. Дайын материалдар  (мысалы, жеке сөздер: table, zoo, door, blackboard) беріліп бақылау әріптеріне басшылық ете отырып,бірте-бірте қорытындыны балалардың өздері шығаруына жағдай жасайды.Мұнда мұғалім бұрыннан алған білімдерді қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т.с.с.тәсілдер арқылы балаларды жаңа материялға белсенді араластырып отырыды.

             Өздігінен жұмыс істеу тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысылы, мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға болатынын ойлануды тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады. Негізінде ағылшын тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығыда оқушыларға өздігінен жұмыс жасатуды көздейді.

            Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға оқушылардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік және дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда) тіл құбылыстарын жеке-жеке тусіндіріп, соған жалпы қорытынды шығартады;бұл жолдан қолданылған әдісиндуктивтік деп аталады. Ал екінші жағдайда (дедуктивтік әдісте) анықтаманы не ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материялға қолдану (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе тексті талдауды) ұсынады, өздеріне мысал келтіртеді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмсыта қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс диазретімен өтіледі.

             Ағылшын тілі сабағының қай — қайсысында бомасын үй тапсырмасын тексеру, бұрын оқылған материалды қайталау, жаңа сабақтың тақырыбымен мақсатын айту және жаңа материалды түсіндіру, алуан түрлі жаттығу жұмыстарын, оқушышардың өз беттерімен орындайтын жаттығулары, үйге тапсырма беру, сабақты қорыту сияқты жұмыстар іске асырылады. Сабақтың мұндай түрі біріккен сабақ деп аталады. Сабақтың кең тараған түрі осы біріккен сабақ болғаннықтан тоқталып өтелік.

             Біріккен сабақтың әр бөлігі өзара жымдасып, қабысып, жүиелі бір тұтас сабақ болып өтеді.Мұғлім  сабақтың тақырыбы мен мақсатын анық түсіндіреді,сабаққа қажетті материал алдын -ала іріктеліп жан-жақты толық дайыдалады,сабақтың жоспары да алдын ала дайындалады.

             Жаңа материал мұғалімнің  түсіндіру әдісі арқылыда, әңгіме әдісі арқылы да өткізіле береді. әңгімелесу барысында сұрақ — жауап қолданылады.

            Жаңа материал оқушылардың санасына байқау, түсіндіру, грамматикалық талдау, кітапты пайдалану, әңгіме т.с.с әдістер арқылы жеткізіледі. Бұл әдістердің қашан қолданылатыны материалдың ерекшелігіне, көлеміне және сабақтың мақсатына байланысты. Жаңа материалды түсіндіру сабағында оны бекітуге арнайы уақыт бөлінбейді.

            Кейбір жағдайларда, әсіресе белгілі бір үлкен тақырыпты аяқтаған кездерде оқушылардың өтілген материалдардан алған білімі мен дағдысын есепке алу сабағы жүргізіледі. Бұл сабақтар, бір жағынан оқушылардың білімін тексеруді көздесе, екінші жағынан, өтілген материалды қайталау, қорытындылау мақсатында ұйымдастырылады. Мұнда оқушылардың алған білімі мен дағдысы және шеберлігі ауызша да, жазбаша да тексеріледі. Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгенмен, жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу, дағдыландыру жұмыстарын жүргізу арқылы олардың дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да ұқсас құбылыстарына тасымалдай алатын жаттығу әдістерін білуге тиіс Грамматикалық жаттығулар фонетикалық, морфологиялық, синтаксистық және лексикалық болып бөлінеді.

            Фонетикалық жаттығулардың міндеті — балалардың айтылған буындар мен дыбыстардыжақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.

              Морфологиялық жаттығулардың  мақсаты -тілдің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады: 1) сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар, 2) сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.

Синтаксистік жаттығуларға әдетте пукнтуациалық жаттығулар да қосылады:текстегі қойылған тыныс белгілерін қою,өздері қарастырған сөйлемдер мен текстерге қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіру.

            Лексикалық жаттығулармен жұмыс істеген кезде балалар әдетте сөздіктерді пайдаланады. Олар көптеген текстерді аударады және де басқа жаттығулар орындайды.

          Грамматикалық дағдыны қалыптастыруда көрнекі құралдардың алатын орны зор. Мұғалімнің оқыту процесіндегі міндеті — балалардың анық есітіп, қабылдауы мен сөйлеу қабілетін дамыту. Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді, жолдастарының сөйлгенін есітіп, қабылдайды.

             Ендеше «көрнекілік» деген ұғым сөздерді анық айтуды да, мәнерлеп оқуды да, мысалдар іріктеуді де, тақтадағы, таблицалардағы, дәптерлердегі жазуды қамтиды.

            Әдетте көрнекілік деп графикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді. Мұнда қажетті әріптер немесе тұлғалар, сөздер, сөйлемдер басқа түспен жазылады,асты сызылады. Кейде тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазылғандар да бөліп көрсетіледі. Кейбір сөздердің айтылуы бірдей ал аудармасы және жазылуы әр түрлі болады. Оқушылар таблицаға қарап, соған ұқсас және ұқсас емес құбылыстарды салыстырып, олардың ара қатынастарын анықтай алатындай болуға тиіс, өздерінің бақылағандарынан қорытынды шығарып, белгілі бір ереже жөнінде ұғым алулары қажет.

              Көрнекі құрал ретінде қандай да болмасын грамматикалық және орфографиялық құбылыстарды көрсететін схемалар да қолданылады. Мысалы:

                                                                    full

                      Use                                       less

                                                                    еd

            Мұнда оқушылар  жұрнақтардың: 1) алуан түрлі болатындығы, 2) түбірден кейін тұратындығымен, 3) жаңа сөз жасайтын қасиетімен танысады.

            Мұғалімдер көрнекі құралдарды өздері жасағанда мынандай талаптарды ескеруге тиіс:

1)  таблицаларда грамматикалық  материал шамадан тыс көп берілмеуі керек.

2) оқулықтарда бар ережелер мен анықтамаларды, сондай-ақ текстерді таблицаларда берудің қажеті жоқ.

3) таблицаларда қажетті тұлғада берілген сөздерден басқа, іріктеп алынған мысалдар беруге болады.

4) таблицаның көмегімен үйретілетін сөз, буын, әріп таблицада бөлініп, ұқсастықтары немесе ерекшеліктері басқа бір элементпен салыстырыла, көрсетілуге тиіс.

            5) оқылып отырған грамматикалық немесе орфографиялық құбылыс таблица мазмұнында тасада қалып қоймауы жағына мұқият назар аударған жөн.

6) әріптерді, буындарды, морфемалар мен сөздерді графикалық жағынан бөліп көрсетудің көптеген тәсілдерін қолдана беруге болады. Мысалы, сөз құрамын дефиспен бөлу, астын сызу, басқа түспен, басқа шрифтімен көрсету.

            Сабақтың әр минутын үнемдеп пайдалану қажет. Ол үшін сабаққа алдын ала жүйелі жоспар жасалады, түрлі керекті жабдықтар дайындалады.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Ә. Хасенов ,, Тіл білім,, Алматы 1996г.

2.Н.М. Құрманбаев ,, Методика обучения английскоу языку в казахской аудитории ,, Алматы 1988г.

3.Г. В. Рогова ,, Methods of teаching English ,, Москва 1983г.

4.А. П. Старков ,,Обучение английскому языку в средней школе,, Москва 1978 г.

  1. ,,Қазақ тілі мен әдебиеті,, (журнал) 2001ж.

6.’’Шет тілі мектепте” (журнал)  2004ж.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ