Интеллект және социомәдени орта

0

Социомәдени факторлардың әсерін анықтауға бағытталған зерттеулер интеллект қалыптасуындағы оның анықтаушы мәнін көрсетеді. Интеллект коэффициенті туылғаннан алдын-ала анықталмайды және әлеуметтік, мәдени шарттарға тәуелді өзгеріп отырады. Шетел зерттеулерінде әлеуметтік-экономикалық статус түсінігі енгізілді. Индивидтің әлеуметтік-экономикалық статусына кіретін негізгілер мыналар: білім, немен айналысатыны (кәсіби статусы) және кіріс деңгейі.

Интеллект білімнен тәуелді. Білім деңгейі бойынша бес топқа дифференциацияланған 2 300 адам тартылған зерттеулердің бірін келтірсек жетіп жатыр (Л.Н.Борисова, 1974). Күткеніміздей, топтар арасындағы интеллект деңгейінің айырмашылығы білім деңгейін жоғарылатумен ерекшеленді. Мұнда маңызды өзгерістер білімге біршама сезімтал келетін вербалды (сөздік) интеллект дамуында болады.

IQ тек біліммен ғана байланысты емес, сондай-ақ ол жүзеге асырылатын шарттардан тәуелді. Материалдық-техникалық базасының болуы мен білім беру (оқыту) деңгейі бойынша ерекшеленетін мектеп оқушыларын тексергендегі салыстырмалы нәтижелер, бұл факторлардың интеллектуалды жетістіктерге барынша әсер ететінін көрсетті.

Көптеген зерттеушілер көрсеткендей, әкесі мен шешесінің білім деңгейі де бала интеллектісінің дамуы үшін прогноздық көрсеткіш. Егіздер мен сыңар туылған балаларды зерттеген Н.С.Кантонистова зерттеуінде (шамамен дәл сондай нәтижелер көптеген шетел жұмыстарынан да алынған) балалардың интеллект коэффициенті ата-аналарының білім деңгейінің төмендеуімен сәйкес кемиді (1- кесте).

Кесте 1 — Ата-ана білімі және балаларының интеллектуалды даму деңгейі

Топ Ата-ана білімі n IQv IQp IQf
 

Егіздер

жоғары

орташа

толық емес орташа

84

58

73

103,86

93,55

 

   
 

Сыңар туылғандар

жоғары

орташа

толық емес орташа

26

22

16

     

Е с к е р т у. IQv – вербалды интеллект, IQp – практикалық интеллект, IQf – интеллектінің жалпы коэффициенті.

Ата-ана білімінің деңгейі балаларға деген ата-аналық қамқорды өлшеуге арналған шкала көрсеткіштерімен оң корреляциялайды. Жоғары білімді ата-аналар отбасы ортасына біршама жағымды (оң) әсер етеді. Сонымен қоса, әкелері өз балаларында тәуелсіздік пен өзіндік индивидуалдылықтың дамуына тырысып бақты, ал аналары осы сапалармен қыздарын мадақтады. Брэдлидің ұжымдастарымен (Bradleyal7, 1989) берген мәліметтері бойынша социоэкономикалық статустың басқа құрауыштарына қарағанда, жағымды (қолайлы) отбасылық орта өмірдің алғашқы үш жылында үлкен прогноздық маңыздылыққа ие.

Білім интеллект пен социомәдени статустың біршама маңызды құрауышы ― кәсіп арасындағы байланысты опосредует. Жоғары әлеуметтік лауазым қызметтерінің түрі тек сәйкес білім болған жағдайда ғана болатыны айтпаса да түсінікті жәйт. Адам кәсібі мен оның интеллект деңгейінің арасындағы байланысты ашатын Т.Харрелл және М.Харрелл (Harrell, Harrell6 1945) жүргізген зерттеуді ерекше атауға болады. Онда АҚШ әскери әуе күштеріне әскери қызметке шақырылған 18 782 рекруттар зерттелген.

IQ барынша біліммен байланысты және жеткілікті нақты тенденция ретінде оның ата-ана кәсібімен байланыстылығы қарастырылады. Алынған біліммен анықталатын кәсіби статус пен IQ байланысын мойындау керек және ол тек наметившаяся тенденция секілді ата-ана кәсібімен байланысты.

Отбасының кірісі баланың мәдениетке, білімге енуі үшін қолайлы жағдай туғызып, психометриялық интеллектінің көрсеткіштеріне әсер етеді. Кедей өмір сүретін балалардың интеллект коэффициентінің төмендеу себебі, ең әуелі оңай үйретіліп оқытылатын кейбір дағдылардың оларда болмауы.

Социоэкономикалық статус бүтіндей (жоғары, орташа және төмен) интеллектпен байланысты көптеген индивидуалдылық сипаттамаларына әсер етеді. Осылай, социоэкономикалық статусы төмен ата-аналар, орташа деңгейдегілерге қарағанда өз балаларының мәселелерін шешуде тиімділігі аз стратегияға бейім екендігі көрсетілді. Бұнымен қоса, отбасы тәрбиесінің мадақтаушы тәуелсіз стилі баланың жоғары IQ көрсеткішімен байланысты.

Флиннің пікірінше, IQ-ды анықтайтын қоршаған орта факторлары жайындағы біздің біліміміз “біз ойлағаннан әлдеқайда шектеулі”. Бұл ғалымның ойынша, бір адамдар тобының басқа адамдар алдында превосходствосын орнататындықтан генетикалық детерминизм концепциясы әлеуметтік тұрғыдан қауіпті. “Американский психолог” журналында (American Psychologist, 1999) жарияланған Флиннің соңғы жұмыстарының бірі “Поиск справедливости” рубрикасына кіруі кездейсо емес.

Өзінің зерттеулерінің негізінде Флинн (Flynn, 1987, 1998, 1999) әйгілі тестілер көмегімен интеллект өлшенбейді, оның шынайы интеллектімен әлсіз байланысқан қандай да бір корреяты өлшенеді деген қорытындыға келеді (Равен тесті айтылып отыр, бірақ мұндай қорытындының әділдігі басқа тестілерге де қатысты).

Мұндай қорытынды, соңғы онжылдықта көптеген дамыған елдердегі тұрғындардың IQ өсімінің, Флинн ғылым мен техника саласындағы жаңалықтарға жатқызатын интеллектуалды жетістіктермен еш байланысы жоқ деген негізбен жасалынды. Үлгі ретінде, 30 жыл ішінде Голландиядағы IQ өсімі бойынша алынған келесі мәліметтер келтіріледі (2- кесте).

Кесте 2 — 30 жыл кезеңіндегі IQ өзгерісі

IQ Жыл бойынша популяциядағы процент
1952 1982
130 және жоғары

140 және жоғары

150 және жоғары

2,27

0,38

0,04

25,25

9,12

2,27

Зерттеушінің пікірі бойынша IQ тең немесе 150 бірліктен жоғары тұлғалар санының популяциядағы осынша жоғары өсім нәтижесі қоғамның “мәдени ренессансы” болуы қажет. Алайда, бұл ұлттардың интеллектуалды жетістігінің “есебін” жүргізетін беделді голландиялық басылымдардың объективті мәліметтеріне сәйкес емес. Байқағанымыздай, тестілер интеллектіні емес, Флиннің “абстрактылы міндеттерді шешуге қабілеттілік” атағанын өлшейді.

Интеллект тестілерінің нәтижелеріне тек зерттелушілердің белгілі бір мәдениетке, әлеуметтік топқа жататыны ғана емес, сондай-ақ, “субмәдени” ерекшеліктер де әсер етеді. Тіпті, формалды бірдей таңдалғандардың өзінде (зерттелушілер бір әлеуметтік қоғамға жатады, жасы, жынысы және білімі бойынша еш айырмашылығы жоқ), олардың арасында микроортаның нақты шарттарымен байланысты мәнді ерекшеліктер байқалады.

Мәскеу психологтарының зерттеулерінде онтогенез шарттары сырттай біртүрдегі таңдалғандарды (бірнеше мәскеу мектептерінің 8-сынып оқушылары) тестілеудегі нәтижелерге барынша әсер етеді деп көрсетілген. Бұдан шығатын қорытынды, тіпті қала жеткіншектерінің ақыл-ой дамуының жалпы нормаларын бөліп көрсету мүмкін емес. Бұл зерттеулердің авторлары тіпті статистикалық нормалар орнына, индивидуумның психологиялық дамуына қоғам талабының жүйесімен түсіндірілетін әлеуметтік-психологиялық нормалар келу қажет деп есептейді (К.М.Гуревич, М.К.Акимова, В.Г.Козлова, 1986). Бұл зерттеушіні нормативті көрсеткіштердің шексіз релятивизміне еліктіретін өзге бір нәрсе болып табылады.

Осылайша, интеллект тестілерін құрастыру да, қолдану да индивидуалды көрсеткіштердің “қалыпты” психикалық даму эталонына сәйкестілігін көрсету мақсатын көздейді. өз кезегінде IQ ерекшеліктері ең әуелі индивидуумның қоғам мәдениетіне ену мүмкіндігінен тәуелді, ал бұл жерде шешуші рөлді білім атқарады.

Интеллектінің мәдени (субмәдени) негізделуі көптеген зерттеулерде көрсетілді. Солардың кейбіреуіне ғана тоқталайық. Осылай тұрғылықты жерімен (қала-ауыл) негізделетін интеллектідегі ерекшеліктер айқындалды. Қала балаларында практикалыққа қарағанда вербалды интеллект біршама дамыған болып шықты, ал ауыл балаларында керісінше. Үлкен қала мәдениеті интеллект дамуына барынша әсер етеді. Мәселен, Нью-Йоркке көшіп келген мектеп жасындағы қара нәсілді балалар интеллектісінің орташа көрсеткіші олардың үлкен қалаға келуімен біршама жоғарылаған.

Ескеретін жәйт, интеллектіні өлшеу әу бастан мәдениетке қатыстырылған. Интеллектіні өлшеуге арналған тестілер вакуумда жасалып пайда болмайды, ал белгілі бір әлеуметтік шарттарда жасалады. Онда белгілі бір мәдениетке тән мінез-құлық пен ойлау стандарттары, нормалар ескеріледі. Бине жасаған алғашқы тестілердің өзінен-ақ олардың қоғам талабынан, сондай-ақ сол уақыттағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына қойылатын талаптан пайда болып шыққанын байқау қиын емес.

Интеллект тестілерін мәдениетпен және белгілі бір әлеуметтік топ тәжірибесімен қатысты ету олардың қолданылу сферасын шектейді. Бұл әдістемелер өздері жасалған мәдениеттен бөлек өзге мәдениетке жататын тұлғаларды зерттеу үшін адекватты болмай шығады. Бұл айтылған тек интеллектіні тестілеуге ғана қатысты емес. Гуденаф және Харис (цит. по: Анастази, 1982, кн.1, с, 262) “интеллектіні, көркем қабілеттерді, әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларды немесе кез-келген өзге бітістерді өлшеп-өлшемейтініне қарамастан, мәдениет әсерінен тәуелсіз азат тестілерді іздеу иллюзия болып табылады” деген қорытындыға келеді. Түрлі этникалық топтардағы интеллектіні тестілеу нәтижелерін салыстырудың маңызы жоқ. Интеллектіні әмбебап өлшеу ретінде алғанда ғана интеллект көрсеткіштерін салыстыруға болады. Дамуды активизациялайтын өмір тіршілігінің шарттарын, мәселен информацияны қайта жасаудың вербалды-логикалық емес, кеңістікті-бейнелік типін есепке алмау, жалған кемақылдылық диагнозын қоюға әкеп соғады. ЮНЕСКО инициативасымен жасалған комитет, өз іс-әрекетінің түрі бойынша адамды зерттеумен байланысты (психологтар, социологтар, генетиктер, антропологтар) түрлі елдер ғалымдарының әлеуметтік комитеті өзінің қорытынды құжаттамасында “Қазір ақыл-ой қабілеттерінің тестілері табиғи қабілеттермен негізделген және орта, оқу, тәрбие әсерінің нәтижесі болып табылатындарды сенімді түрде разграничить етуге мүмкіндік бермейді деп жалпылай қабылданған. Орта әсерімен негізделген ерекшеліктерді выровнять етуге мүмкіндік болған жердің бәрінде, тестілер барлық адамзат тобының ақыл-ой бітістерінің көп ұқсастықтарын көрсетті. Қысқаша айтқанда, өзінің потенциясын жүзеге асырудағы тең мәдени мүмкіндіктерде әрбір этникалық топ мүшесінің орташа жетістігі шамамен бірдей” деп көрсетеді (цит. по: И.С.Кон, с.145-147).

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ