Сот төрелігін жүргізу кезіндегі соттың және судьяның тәуелсіздігінің негізгі мәселелері

0

Халықтың мүддесін жоғары қоятын, Қазақстан елі үшін зайырлы, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында «Сот төрелігін жүзеге асырудағы сот пен судьяның тәуелсіздігі» мәселесі қашан да өзекті.

Биліктің бір тармағы болып саналатын тәуелсіз сот жүйесінің басты мақсаты – адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Осы ретте судьялар тәуелсіздігі мен олардың тек заңға бағына отырып жұмыс істеуін қамтамасыз ету күн тәртібінен түспейтін мәселе.

Ешбір мемлекет өзінің тарихында сот органысыз жұмыс атқара алған жоқ.

Қазақстан Республикасында сот билігі заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады.

Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде сот билігінде біртұтас мемлекет құрылысына тән барлық ортақ белгілері бар:

  1. оның қызметі мемлекеттің бүкіл кеңістігінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді;
  2. оның қызметі елдің бүкіл аумағына таралады;
  3. сот органдарының шешімдері тек олардың құзыреті шеңберінде қабылдануға тиіс;
  4. сот органдарының шешімдері мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, олардың бірлестіктері үшін міндетті;
  5. сот органдары заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі.

Сот билігінің маңызы өзіндік белгісі оның өзге биліктен айырмашылығы болып табылады. Ешбір басқа билік тармағының – заң шығарушы, атқарушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті де сот өкілеттіктерін иеленбейді. Тек соттар ғана әділ сотты жүзеге асырады, бұл Конституцияда ерекше ескерілген. Конституцияның 75 бабында «Қазақстан Республикасында әділ төрелігін тек қана сот қана жүзеге асырады» деп жазылған [1].

Конституциялық қағиданы дамыта отырып, 2001 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Заңда соттың айрықша өкілеттіктерін басқа органдарға табыстауды көздейтін заңнамалық кесімдер шығаруға тыйым салынады.

Сот органдары – конституциялық мекемелік органдар – сот құзыретінің толықтығын қамтитын, бекітілген процессуалдық нысандарды сақтай отырып, заң негізінде сот билігін жүзеге асыратын, басқа да билік бұтақтарымен өзара қарым-қатынасқа түсе алатын, заң шығарушы және атқарушы билікке заң шегінде қадағалау жасайтын мемлекеттік биліктің дербес бұтағы.

Сот құрылысында барлық деңгейдегі судьялар айрықша орын алады, өйткені судья — бұл Қазақстан Республикасындағы сот билігінің өкілі. Ол конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде орындау өкілеттіктеріне ие. Объективті және байыпты сот ісін жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында судьяларға белгілі бір талаптар қойылады, ол талаптар төмендегідей:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтау;

2) сот төрелігін іске асыру жөніндегі өзінің конституциялық міндетін орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдеп талаптарын сақтауға және судьяның беделі мен қадір-қасиетін түсіретін немесе оның әділдігі мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болу;

3) сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметке заңсыз араласудың кез келген әрекеттеріне қарсы тұру;

4) судьялар кеңесінің құпиясын сақтау [2].

Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымының басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.

Судьялар партияларға, кәсіптік одақтарға кіре алмайды, қандай да бір саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуіне болмайды.

Судьялар іс бойынша іс жүргізудің бүкіл процесі барысында сыртқы ықпал етулерден тәуелсіз, дәлелдермен және істің бүкіл материалдарымен мұқият танысып, зерттейді, сонан соң өзінің іштей берік сенімі негізінде конституция мен заңды басшылыққа ала отырып, шешім қабылдайды. Бірде-бір мемлекеттік немесе қоғамдық бірлестіктің, бірде-бір лауазым иесінің судьяға нендей бір істі  қалай  шешу туралы  нұсқау беруге хақысы  жоқ.

Кез-келген судья заңды жетік білуі басты шарт.

Судьялардың кәсіпқой корпусын дайындауда ең алдымен соттардың кадрлық резервін қалыптастыру керек. Соттардың төрағалығы қызметіне кәсіпқойлық, адамгершілік және психологиялық сапасын ескере отырып таңдау тәжірибесі мен механизмдерін жақсарту бойынша іс-шараларды қабылдау сот төрелігін жүзеге асырудың жоғарғы сапалығын қамтамасыз етеді.

Соңғы 10 жылда сот жүйесін қаржыландыру 7 есеге өсті, республикамыздағы сот органдарын жетілдіру мақсатында жаңа ғимараттар салынып, соттардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында тәжірибеге соңғы үлгідегі озық ақпараттық технологиялар, яғни материалдық-техникалық жабдықталуына қаражаттар бөлінуде. Судьялардың дербес жұмыс істеудегі әлеуметтік кепілдігі қарастырылып жалақылары көтерілуде, қызметтік үйлер беріліп,жеке қауіпсіздік шаралары да қарастырылған, сонымен қатар отставкаға шыққан судьялардың әлеуметтік кепілдіктері де артуда [3].

Сот билігінің нағыз тәуелсіздігіне қол жеткізбейінше азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін пәрменді қорғау және экономикалық мәселелерді шешу, сыбайлас жемқорлықпен күресу сияқты мәселелерде жетістікке жетуге үміт арту қиын.

Сот корпусындағы жемқорлықпен күрес мәселесіде соттық тәуелсіздікті қамтамасыз етудің маңызды аспектісі болып табылады. Сот беделі жекелеген судьялар беделінен құралатыны айдан анық. Судьялардың әрбір басқан қадамы, іс-әрекеті, тыныс – тіршілігі үнемі көпшіліктің назарында. Сондықтан да әрбір судья өз беделінің төмендеуін сот саласымен ұштастыра қарап, ал соттың беделі – мемлекеттің беделі екенін бір сәт те естен шығармағаны жөн.

Сот беделінің артуы негізінен оның сапалы қараған ісімен байланысты.

Қорыта келе Қазақстандағы қазіргі негізгі мәселелердің бірі — бұл соттық және судьялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асырудың ашықтығы мен қолжетімділігі бойынша нақты механизмдер қалыптастыру қажеттігі. Сот төрелігін жүргізуге байланысты Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін жүзеге асыру және сот жүйесін реформалау тәжірибесі сот тәуелсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Сот пен судьяның тәуелсіздігі – бұл мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету – бұл құқықтық мемлекет құрудағы бағытымызды және адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың кепілі. Бұл ұстаным сот тәуелсіздігін заңнамалық реттеудің одан арғы шарттарын анықтап беруі тиіс.

Құқықтық мемлекетте сот билігі қоғамдағы әлеуметтік теңдік пен тұрақтылықтың кепілі болып танылады.

Сот тәуелсіздігі – бұл әділеттілікті орнатудың басты шарты.

Резюме

В статье рассматриваются основные проблемы Независимости суда и судьи при отправлении правосудия: за годы независимости Казахстан уверенно идет по пути дальнейшего утверждения демократического правового государства, неотъемлемыми атрибутами которого являются верховенство права и независимая судебная власть.
В статье дается анализ обеспечению открытости и гласности судопроизводства, а также доступности правосудия к гражданам в целом

Ключевые слова: судебная власть, судья, независимость суда и судьи.

Summary

The article considers the main problems court and juddges in the administration of justice in the years. Independence Kazakhstan well on the way to futher approval democratic. Rule of law inherent attributes which have the rule of law and independent judiciary. The article analyzes the openness and this parency of  proceedings and justice to the citizens at large.

Keywords: judiciary, judge, independence of the courts.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.
  2. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» заңы 25 желтоқсан 2001 жыл.
  3. «Заңгер» Қазақстан Республикасының құқық жаршысы N12 желтоқсан 2011 жыл.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ