Парамиологиядағы антропоцентристік мәселе

0

Антропоцентристік XX-XXI ғасырлар төнірегінде лингвистикалық зерттеулердің басты бағыты болған. Өйткені тіл білімінде когнитивті және дискурсивті парадигманың тұрақтануы жарқын көрсетілген. Сол парадигманың шеңберінде мәлімет алу, оның кодировкасы, сақталуы, әр түрлі әдіспен оның жіберілуіне байланысты мәселелер шешілген, оның ішінде лингвистикалық мәселелер де білімнің әр салаларының интеграциялануымен қамтылып ғылыми  пәндерді гуманизациялауға жетелеген. Гуманизацияны зерттеудің аспектілерінің бірі антропоцентристік болған. Антропоцентристік адам туралы қағида, ереже деп түсінілген, әлемнің орталық және жоғарғы мақсаттың ең үстінде тұратын, әлемде болып жатқан оқиғалардың нақты ортасында, өмірдің өзгеруінің себепшісі болып, мүмкін осыдан да шығар оған келелі назар аударылған және қазір де аударылады. Антропоцентристік ұғымын қарастыратын сала – антропология. Ол – адам және оның мәдениеті туралы ғылымның бірі, яғни адамның мінез-құлқын, өмірін, өмір сүретін нормаларының қалыптасуын, тыйым салуды, табуды зерттеген. Адамның әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасқа қосылуын, мәдени феномен ретінде, аңыздар, мәдени құбылыс ретінде көрсеткен.

Антропологиялық дәстүрдің ерекшелігін американдық мәдениеттанушы Л. Уайт анықтаған. Мәдениетті символдық мағынасы бар және тек адам қауымдастығына ғана  тән құбылыстардың өзіндік тобы ретінде анықтай келе, антропологияның адам туралы ғылым ретінде  маңызды ерекшелігін ашып, адамның әлемі – бұл оның мәдениетінің әлемі деп өзінің анықтамасын толықтырды [1]. Бұл ағым ағылшын елдерінде бірнеше ағым болып XIX ғасырда қалыптасқан. Оның ішінде бізге жақыны когнитивті антропология болып саналады. Когнитивті антропологияның негізінде символ жүйесі ретінде мәдениет түсінігі тұр. Когнитивті антропологияны жақтаушылардың пікірі бойынша тілде адами ой-өрістің және мәдениеттің мәнісін құрайтын барлық когнитивті категориялар жатыр. Сол категориялар адамға иммонентік жағынан өзіне тиісті емес, олар адамның мәдениетке қосылу барысында қалыптасады. Адам бұрыннан, тіпті Сократтың «Познай самого себя» атты слоганының заманынан бастап әр алуан ғалымдардың зерттеу объектісі болған. Лингвистика XX ғасырдың соңында антропоцентристік, эгоцентристік принциптерін өзекті мәселелер қатарына қойып, оны нығайтып, адамды зерттеуге әр тұрғыдан назар аударған. Яғни олар адам әлемнің тілдік моделінің сақтаушысы, тілдік тұлға ретінде деп түсіндірген. Мұнда әрбір халықтың мәдени және тарихи даму үрдісі, құнды нысана өзінше қалыптасқан. Құндылықтардың толық жүйесі ғасырлар бойы көп еңбектің арқасында жинақталған. Адамның адамдығы балалық шағынан тілді, өз елінің мәдениетін меңгергендігінен көрінеді. Халық мәдениетінің талғампаздығы, шеберлігі, биязылығы тілде бейнеленеді, ол ерекше және уникалды, өйткені ол әлемді және ондағы адамды әр түрлі белгілейді.

Мәселен, Б Пастернактың әлемге танымал кітабының атын «Сестра – моя жизнь» чех тілінде жазылған, басқа жақын тілге тіпті аударуға мүмкін емес, өйткені чех тілінде өмір «мужской родта» тұр. Орыс тілінде бұл аталмыш сөз әрине «женский родта» тұрушы еді. Ал қазақ тілінде тіпті «род» жоқ. Міне, тілдің ерекшелігін осыдан да білуге болады. Әлем тұралы мағлұматтың көбісі адамға лингвистикалық канал арқылы келеді, сондықтан адам көбінесе концептілер әлемінде өмір сүреді, ойдың, рухани, әлеуметтік қажеттіліктер негізінде жарыққа шыққан. Мағлұматтың орасан зор бөлігі адамға сөз арқылы келеді. Адамның қоғамдағы табысы, оның сөз байлығы, шеберлі сөйлеуі сөйлеу мәдениеті тұрғысынан ғана емес тілдің сырын ашу шеберлігімен де тұтас байланысты. Ешбір абстракты теория неге сезімді лапылдаған отпен теңеп, махабаттың жалыны туралы сөз қозғап, жүректің лебізін, достықтың жылуын ойлауға болады деген сұраққа жауап бере алмайды. Өзінді барлық заттын шамасы ретінде ұғыну адамның санасында дүниені антропоцентрикалық жөні мен іске асыруға құқық береді. Бұл тәртіп баста, адамның санасында орналасқан, оның рухани маңызын, оның қылығының себептерін, құндылықтарының иерархиясын анықтайды. Осы айтылғанның барлығын адамның тілін зерттеу үрдісінде ғана түсінуге болады, яғни ол көбінесе жиі қолданатын құбылысты, сөйлемшелерді баса назарға алады.

            Жаңа ғылыми парадигманың қалыптасу кезеңінде төмендегідей тезис жарияланды:

«Әлем, дүние – заттардың емес, фактілердің жинтығы» [2]. Біртіндеп тіл фактіге, оқиғаға айналды, ал назардың ортасында тілді қолданушы, яғни адам (Ю.Н. Карауловтың айтуы бойынша тілдік тұлға) келді [2]. Яғни антропоцентрикалық парадигма – зерттеушінің қызығушылығының тану объектісінен субъектке көшуі, яғни адамның тілде талқылануы, талдауы және тілдің адамда қарастырылуын көздейді. Өйткені И.А. Бодуэн де Куртенэ айтқандай: «Тіл тек қоғамды құрастыратын жеке миларда, жандарда, индивидтердің психикасында өмір сүреді» [2].

Антропоцентрикалық парадигманың тұрғысынан адам әлемді өзін жете түсіну арқылы таниды. Әлемді адамның призмасы арқылы көретінімізді сан алуан тілдік дәлелдер келтіруге болады. Ол мақал-мәтелдердегі метафоралар: Қылышын сүйреп қыс келеді; Ауру батпандап кіреді, мысқылдап шығады; Бас ауырса жан қорқады; Өр көкірек күліп отырып өледі; Қорқақ қол бастай алмайды; Ер жолдасы – тәуекел; Еңбек – адамның екінші анасы; Көр көрмей көңіл сенбес; Арзан алдайды; Ынтымақтың иығы биік. Мінеки, бұл мақалдарда заттардың жандандыруы, оларға адамның бейнесінің берілуі бізге антропоцентрикалық мәселесін жарқын көрсетеді.

            Философия әлеміне көз салсақ отандық философияда адам және мәдениет мәселелері және де рухани қасиет мәселелері мәдениеттің феномені ретінде көптеген  ғалымдардың (Ж. Абдильдина, Ж. Аубакирова, Н. Аюпова, Б. Байжигитова, И. Ергали, Г. Есима, Ж. Карагузова, Ж. Кенжебаева, З. Мукашева, Ж. Муталипова т.б.) еңбектерінде қарастырылған.

            Мәдениеттің алға басуы біріншіден оның барлық ұлттың анықталуын білдіреді, яғни ұлтты құрайтын адам және оның іс-әрекеті. Ал ол өзімен адам бірыңғай биологиялық  бола отырып, мәдениеттің әр түрлерін жасай отырып өзін өмірде биологиялық кодтармен ғана емес, сондай-ақ мәдениеттің кодтары мен белгілейді. Және халыққа таралған топтық тәжірибенің әр түрлерімен анықтайды. Мәдениеттің мазмұны әрдайым толықтырылғандықтан және өзгертілгендіктен, мәдениетпен сақталатын әлеуметтік матрицаның  да өзгеруінің мүмкіндігі бар. Яғни  әлеуметтік рөлдердің таратылуы құбылмалы болып, мәдениетте тарихи өзгеріс ретінде көрінеді. Бұл құбылыс өзімен бірге адам және оған қатысты мәселені қарастырудын қажеттігін тудырады, өйткені адам мәдениеттің қозғаушысы, оның өзгеруінде, белгілі бағытта дамуына, т.б. жақтарында, әрине басты кейіпкер болып табылады.

Тіл туралы ғылымда антропоцентристік принципінің қолдануы немесе «тіл төңірегіндегі адам» принципі қазақ, ағылшын және басқа да тіл білімінде ерекше орын алады. Антропоцентристік принципіне сәйкес, сөйлей білетін адам тілді пайдалану үрдісінде оны өзіне бағындыра алады, өйткені «тілде субъективтінің ішінде басқа объективтік жоқ» [3]. Бұл қағида бізге тілді ерекше, семантикалық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Негізгі «референтті» позициялар  сөйлеп жатқан индивидпен сәйкес келеді, ал адаммен пайдаланған тілдік құралдар «аутореферентті» болып табылады.

 «Тіл төңірегіндегі адам» принципі, я болмаса антропоцентристік шетелдік тіл білімінде бұрыннан қалыптасқан. XIX ғасырдың соңында И.А. Бодуэн де Куртенэ «Фонология» (1899) атты еңбегінде антропофониканы ғылым ретінде атап көрсеткен. Антропофоника тек қана адамның сөйлеу қабілеттерінің дыбыстарымен айналысады. Ақырғы уақытта аталмыш принцип өз бейнесін Н.Д. Арутюнова, А. Вежбицкая, Ю.Д. Апресян, В.М. Алпатова және Мәскеу қаласындағы семантикалық мектеп  өкілдерінің еңбектерінен де тапқан. Антропоцентристік қағидаларын қолдануы гуманитарлық семантикада аса ерекше маңыздылыққа ие. Ол формалды не болмаса логикалық және математикалыққа қарағанда семиотикалық жүйелерді қарастырады (тіл, мәдениеттің құбылыстары, салт-дәстүрлер, әдеп-ғұрыптар т.б.). Бірақта антропоцентристік принцип бір жақты ғана түсінілмейді. Лингвистикалық ғылымда антропологикалық принциптің жүзеге асырылуына әр алуан ықпалдар бірбеткейленген. В. фон Гумбольдтын «антропологикалық принципі» XX ғасырдың 90-шы жылдардың соңынаң бастап ерекше актуальдылыққа ие болған. Адам және оның тілі туралы ғылым саласында, олар лингвогносеология, лингвосоциология, лингвоэтнология, лингвопалеонтология, лингвомәдениеттану және тілдің философиясы. Әр алуан ықпалдарға және антропоцентристік принциптерінің баян етілуіне қарамастан, отандық және шетел лингвистикасы ақырғы он жыл ішінде даму парадигмасын ауыстырып, назарға тілді тудыратын және тілмен жаратылатын адамды қойған. Басқаша айтқанда, жаңа тілді зерттейтін антропоцентристік тәсілді мәлімдеген. Бұл тәртіптің слоганың Н.Д. Арутюнова жазған «Язык и мир человека» атты еңбегін есептеуге болады.

            «Тіл төңірегіндегі адам» деген принципіне негізделген паремиологияның зерттелуі жаңа бағыттың дамуына әкеліп соққан, яғни антропоцентристік паремиология. Антропоцентристік паремиологияның маңызды міндеті тілдік бірліктер мәнінің лингвистикалық және экстралингвистикалық ара қатысының зерттелуі болып табылады. Өйткені паремиологиялық мағынада ойландыратын мәліметтің бір бөлігі ғана кодпен жазылады, ал сол уақытта оның басқа бөлігі адамның психикасында ойлағыштық бейнелер мен және экстралингвистикалық өзгешелік көрініс алады. Бұл жерде лингвистиканың антропоцентристік парадигманың рухында жазылған «антропоцентрикалық» «тіл төңірегіндегі адам» зерттеуінің принциптері қолданылады, нақты — паремиологиядағы адам. Антропоцентристік паремиялардын зерттелуіне орай А.А. Потебня берген ұғым өте мәнді және орынды: «В слове мы различаем: внешнюю форму, то есть членораздельный звук, содержание, объективизируемое посредством звука, и внутреннюю форму, или ближайщее этимологическое значение слова, тот способ, каким выражается содержание. При некотором внимании нет возможности смешать содержание с внутреннею формою» [3]. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі антропоцентристік паремияларының ішкі формасының зерттелуінің дәл осы этимологикалық аспектісі негіз ретінде алынған.

            Әр халық өз елін бірлікке, ынтымақтастыққа шақырған. Қазақ тіліндегі Он адам жүрген жерде із қалады, Жүз адам жүрген жерде – соқпақ, Мың адам жүрген жерде жол қалады; ағылшын тілінде One man no man деген мақалда ішкі формасы бір, яғни адам әлемде болып жатқан оқиғалардың басты кейіпкері екені айқын көрсетілген. Біздің байқағанымыз, салыстырмалы екі тілде де (қазақ және ағылшын тілдері) өз мәдениетіне қарай айырмашылықтар баршылық. Адам ұйымшыл, мал үйіршіл; Ат жақсысын мақта, Адам жақсысын жақта; Ақылды адам айтқызбай біледі, Ақ сұнқар қаққызбай іледі; Бізде кісі болармыз, Атқа кісен салармыз; Қошқар болар қозының, маңдай алды дөң келер, Адам болар баланың, етек жеңі кең келер деген мақалдар өз түбін қазақтың тарихынан алады. Яғни ежелден жылқы, қой — киелі, қасиетті малдың басы болып, оның басын қосатын жеті қазынаның  бірі болып саналады. Ал ағылшындар керісінше жаман адамды қоймен салыстырады: Every family has a black sheep (сөзбе-сөз аудармасы: әр отбасында өз қара қойы бар), яғни әр отбасында жаман адам бар деген мағынаны білдіреді. Әрине ол мәдениеттің өзгешелігімен байланысты.

            God helps those who help themselves (с.с.а.: адам өзі ұмтылған кезде ғана Алла оны қошеметтейді); Man proposes, God disposes (с.с.а.: адам жоспарлайды, Алла жазғанын көрсетеді); Once a priest always a priest (с.с.а.: бір кезде алған қылық әдетке айналып адам мен өмірлік бірге болады). Бұл мақалдар қасиетті кітап Інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасында кеңінен таралып, көп және көпшілікпен жиі оқылғандықтан, Інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің арқасында қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған.

            Адамды сипаттауға, оның ішкі дүниесін көрсетуге арналған мақал-мәтелдерге көз салсақ: Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде; Аяғы жаман төрді былғар, Аузы жаман елді былғар; Елде елу түрлі адам бар; ал ағылшындар It is an ill bird that fouls its own nest (с.с.а.: қасиетсіз адам ғана өз жанұясы, үйі, ұжымы туралы жаман ойда) деп ойларын білдіреді; The cat shuts its eyes when stealing cream (с.с.а.: өзіне қарамастан біреуді айыптайды, яғни өз бойындағы жағымсыз қылықтарды байқамайды), ізденіс барысында осы екі тілдегі мақалдарға сәйкес біз орыс тілінде де бар екенін көрдік: Ахал бы дядя на себя глядя. Мүмкін осы мақалдың моноэквиваленттілігінің дәйектеуін басқа тілдерден де көруге болушы еді, бірақ ол біздің мақсатымызға жатпады.

A man is known by the company he keeps (с.с.а.: достарына қарап адамды сына); The face is the index of the mind (с.с.а.: адамның ішкі дүниесі бетінен-ақ білінеді); Man does not live by bread alone (с.с.а.: адамға тек материалды емес, рухани құндылықтар да қажет). Сірә, бұл екі тілде аталмыш мақалдардың семантикалық параллелі анық көрсетілген.

Caesar’s wife must be above suspicion (с.с.а.: Цезарьдын жұбайына ешқандай айыптың түспеуі керек), яғни бұл мақалдың мағынасы әйгілі, атақты адамдар, тіпті олардың ең жақын туыстары жаман іспен айналысса да оларды ешкім кінәламайды. Цезарь XV ғасырдың үлкен Римнің қолбасшысы болған. Яғни бұл мақалда модаль етістігі must (қажет), сол етістік арқылы ой императивті тонда жеткізілген. Мақалда адамдар әлемге танымал Цезарьмен теңеліп тұрғасын да мағынасы, әсерлілігі жақсы көрінеді. Жалпы ағылшындар not (жоқ) деген болымсыз сөзбен айтпайды, сөзді астарлап, ишарат, бейнелерді, кейіпкерлерді қолданып кеңес те береді, үйретеді де. Ал қазақтар: Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ болмас дейді.

Jack of all trades is master of none (с.с.а.: көп мамандықты атқарған адам ешқайсында жақсы маман емес); Jack Do-Good-For-Nothing (с.с.а.: ақысыз, пайдасыз Джек бәріне кішіпейіл); Jack is as good as his master; Jack wants to be as good as his master (с.с.а.: басшысы қандай, қарақшысы да сондай); Jack is no judge of Jill’s beauty (с.с.а.:Джилдың әдемілігін Джек сынамайды); Jack shall have Jill (с.с.а.: бәрі жақсы аяқталады); Jack the Ripper (с.с.а.: Джек-ішек-қарын ақтарушы). Бұл мақалдарда ағылшын ертегілерінің кейіпкері Джек өз бейнесін тапқан. Ертегілерде Джек қарапайым, оқымаған, орыстардағы Иванушка-дурачок кейіпіне қатты ұқсамаса да сол кейіпті біздің  есімізге түсіреді.

Barking dogs seldom bite (с.с.а.: қабаған иттер сирек қауып алады), жалпы мақалда қабаған иттер (barking dogs) қатал адамдармен теңеліп тұр (қатал адамдар іс-жүзінде сирек қатал болады деген мағынаны білдіруде). «Ит» кейпі сонау ежелгі аңыздардан алынған.Жер астында ағып жатқан Стикс атты өзеннің жағасында мекендеген Аид патшалығының сұмпайы үш басты иті қаза болғандардын әлемін сақтаған. Бұл итті Кербер не Цербер деп атаған. Аңыз бойынша иттің мойнында ызың жыландар ораулы, ал ақсиған тістерінен улы сілекей тамшылап тұрған. Сайып келгенде, жауыз, мейірімсіз және қайсар адамды Кербер (Цербер) деп атаған [4]. Мүмкін осыған байланысты «dog» доминантасы бар мақал-мәтелдер ағылшын тілінде жиі кездеседі: Dog eats dog (с.с.а.: итті ит жейді, яғни адамдар бір-біріне қас келеді); Dog does not eat dog (с.с.а.: ит итті жемейді, бір ортаның, бір мамандықтың адамдарының арасында қастық жоқ деген мағынаны білдіреді), немесе Every dog has his day (с.с.а.: әр иттің өз күні туады). Яғни әр адамның қысқа болса да бірақ бақытты кезеңі бар.

A man without a smiling face must not open a shop (с.с.а.: адам жымимай дүкенді де ашпауға тиіс). Ағылшындардың жүрген жерінде, ренжісіп жатқан күндерінде де жүздерінен жарқын күлкі кетпейтіндері, сондай сыпайы халық екені осы мақалда көрініс алады. Тіпті мына біздің елде фотосуретке түсіп жатқан кезде фотосуретші фотоға түсіріп жатқан адамдарға cheese (сыр) деген сөзді қайталауды күлімсіреп сұрайды, себебі бұл сөзді айтқанда ауыз толық ашылып жымиғанға ұқсайды. Міне мұнда да мәдениеттің әсерінсіз болған жоқ.

Адамның келбетіне көшсек, адамның сыртқы келбетіне байланысты мақал-мәтелдер екі тілде де бір-біріне ұқсайды: Адам көркі шүберек, Ағаш көркі жапырақ; Clothes makes the man (с.с.а.: киім адамды адам қылдырады); Manners make the man ( сол мағына); It is not the gay coat that makes the gentleman (с.с.а.: адамның бойындағы қасиеттері туралы сыртқы киім бойынша сынауға болмайды).

            Қорытындылай келгенде, салғастырмалы тілдердің антропоцентристік паремия бейнелерінің талдауы бізге бейнелер әлемнің айнасы екенін көрсетті. Әрі олар мәдени код шеңберінде талқылана алады. Паремияларды рухани құндылық деп есептей отырып, зерттелген антропоцентристік паремияларда мәдени кодтың бейнелерін белгілеуге болады: 1) биоморфті мәдени код,  жануардың, құстың т.б. бейнелерін көрсететін; 2) аңызды мәдени код, адам туралы діни көріністер, ертегілердегі кейіпкерлердің т.б. бейнелерін көрсететін. Қазақ, ағылшын антропоцентристік  паремияларының бейнелерінің коды универсалды, және олардың жүзеге асырылуы ұлттық мәдениетпен қамтылған. Уникалды деп қана екі тілдің біреуінде ғана кездесетін антропоцентристік паремияларының бейнелерін атап айтуға болады.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. Он томдық. 1-том. XX ғасыр мәдениетінің антропологиясы. — Алматы: «Жазушы», 2005. — 552 бет.
  2. Маслова. В.А. Лингвокультурология. М.: «Академия», 2001. — 208стр.
  3. Багаутдинова. Г.А. Человек во фразеологии: антропоцентрический и аксиологический аспекты. Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора филологических наук, Казань 2007.
  4. Легенды и мифы Древнего Египта. – СПб.: «Летний сад»; при участии «Коло», 2001.-224стр.
  5. Смайылова Н.Т. Қазақтың мақал-мәтелдері. Алматы: «Көшпенділер», 2002. – 272 бет.
  6. Буковская М.В., Вяльцева С.И., Дубянская З.И., Зайцева Л.П., Биренбаум Я.Г. Словарь употребительных английских пословиц. Издание 3-е, стереотипное. Москва: «Русский язык», 1990. — 240стр.
  7. Модестов В. Английские пословицы и поговорки и их русские соответствия.  Москва: «Художественная литература», 2000. — 415стр.
  8. Кузьмин С.С., Шадрин Н.Л.Русско-английский словарь пословиц и поговорок.  Москва: «Русский язык», 1989. — 35стр.
  9. Бодрова Ю.В.: Russian proverbs and their English equivalents. Москва: «Аст; Сова».

      2007стр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ