Ұлттық өнер арқылы жеткіншек ұрпақтың эстетикалық танымын қалыптастыру мәселесі

0

Қазіргі қазақ мектептің мақсаты —  замана  талабына  сай, тәуелсіз  мемлекетіміздегі  жаңа  қоғам  мүддесіне  лайықты, жан-жақты  жетілген, бойында  ұлттық  сана  мен  халықтық  психологиясы  қалыптасқан  ұрпақ  тәрбиелеп  өсіру болып отыр. Бұл  процестің  стратегиялық  негіздері  Қазақстан  Республикасының «Білім  туралы»  заңында (2007): »Білім  беру  жүйесінің  басты  мақсаты, ұлттық  мәдениетіміз  бен  халық  педагогикасының  негіздерінде,  әрбір  жеке  тұлғаның  қалыптасуына  қажетті  жағдай   жасау»,- деп көрсетілген [1]. «Қазақстан болашағы қоғамының идеялық бірлігінде» атты еңбегінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деп айтқан: «Білім  беру  ісіндегі  рухани  дәстүрлерді  сақтап, жаңаша  жетілдіріп  дамыта  беру  керек. Бұл  жүйедегі  оқыту  мен  тәрбиелеудің  бірлігі  үзіліп  қалды.  Сіздер  мен  біздер  тек  болашақ  буындарды  ғана  емес, жалпы  адамзаттық  қадір-қасиеттердің  мәні  мен  маңызын  түсінетін, жаны  да, тәні  де  таза  білімді  азаматтар  тәрбиелеуге  міндеттіміз. Олардың  отаншылдық  сезімдерін  тәрбиелеуде, білім  берудің  мектепке  дейінгі  жүйесі  мен  жоғарғы  оқу  аралықтарын  үндестіре  ұйымдастыру, көкейтесті  мәселе  болып  табылады» [2].

Ұрпақ  тәрбиесі  туралы  мәселеге, мүлдем жаңа  психо-физиологиялық  көзқараспен  қарауды, замана  сипаты  ерекше  талап  етуде. Бүгінгі  таңда  жалпы  адам  тәрбиесіне  де, халық  педагогикасының  тигізер  әсерлерін,  тіпті  ештеңемен  салыстыруға  келмейді.

Қазақ  халқының  ұлттық  мәдениетін  сақтап, оны  келер  ұрпаққа  жаңа  көзқараспен  жетілдіріп  жеткізуде  білім  беру  ісі  басты  құрал  болып  саналады. Қоғамдағы  қазіргі  кездегі  қайта  құрулар, оның  қарқынды  дамуы  білім  беруге  қойылатын  талаптарды  түбегейлі  өзгертті.

Білім  берудің  негізгі  мақсаты — білімін, біліктілігін, дағдысын  қалыптастыруға  қол  жеткізу  ғана  емес,  ұлттық  тәрбие  негізінде  ертеңгі  қоғамның  белсенді  азаматы – бүгінгі  оқушы  тұлғасын  қалыптастыру.

Ұлттық  мәдениеттің  негізі  болып  табылатын  этнопедагогикалық  білім  беру  мен  ұлттық  тәрбие  берудің  басты  құралдарының  бірі – ұлттық  өнер  екендігі  белгілі. Ұлттық  өнер – ата-бабаларымыздан  келе  жатқан, ұлттық  санамызда, рухымызда, болмысымызда  өзіндік  қолтаңба  ретінде  қалыптасқан  өнер  түрі.

Халықтың  рухани, мәдени  әлемі  оның  дәстүрлі  өнерінен  көрінеді және тиісті  өз  орнын  алады. Ұлттық  өнер, халқымыздың қолданбалы  өнерінің  ең  биік  жетістіктерінің  бірі.  Бүгінгі  күнге  дейін  өмірде  пайдаланылып  келген  ою-өрнектер, сәндік, әшекейлік  өнерлер  талай  ұрпақтың  ақыл-ойы  мен  шеберлігінің  жемісі. Біздің  мақсатымыз, ата-бабамыздан  мирас  болып  келе  жатқан ұлттық өнерімізді  ұмытпай, келесі  ұрпаққа  аманат  етіп  жеткізу,  ұлттық  мәдениетте  өзіндік  орнын  көрсету  және  де  мүмкіндігінше  қазақ  сәндік  қолөнерінің өзіне  ғана  тән  құндылықтарын,  халықтың  мінез-құлқын, жалпы  адамзаттар  мәдениеттер   қатарынан  көрсете  білу. Осы  мақсатқа  жету  үшін  қазақ   қолөнері   арқылы  оқушының эстетикалық талғамын қалыптастыруды теориялық  және   тәжірибелік   тұрғыдан   қарастыру   қажеттігі   туындап   отыр.

Бүгінгі  жағдайда  оқушылардың  санасында, ой-өрісінде, жалпы  азаматтық, адамзаттық  рухани  құндылықтар  мен  жоғары  адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыру, оқушы  тұлғасының  даму  барысын  психологиялық  жан-жақты  және  үздіксіз  зерттеу, оның  даралық  ерекшеліктерін  танып, дұрыс  бағытта  дамыту, әртүрлі  әлеуметтік  және  моральдық  психологиялық  жағдайларда  қолдау  көрсету  және  қоғам  өмірін  ізгілендіру  мен  демократияландыру  жағдайында  жаңа  азаматты  қазақтың  ұлттық  өнері  арқылы  қалыптастыру  мәселесінің  маңыздылығы  мен  көкейтестілігі  күннен  күнге  артып  отыр. Сондықтан, білім  беру  жүйесін  реформалау  саясаты  ең  біріншіден – еңбек, технология, кәсіптік  білім  беру  сияқты  өмір  талабына  қойылатын  сұранысқа  сәйкес  жүргізу, екіншіден – оқу  үрдісіндегі  білім  беру  мен  ұлттық  тәрбие  бірлігін  сабақтастыра  отырып, білімнің  үйлесімділігімен  қатар, әрбір  оқушының  дербес  ерекшелігін  ескеріп, қабілетіне, белсенділігіне  сәйкес  бағдар  ұстау  болып  отыр. Бұдан  ұлттық  тәрбие  мәселесіне  бұрын  соңды  көңіл  бөлінбеген  деген  ой  туындамау  керек. Оған  этнопедагогика  саласындағы  зерттеулер  дәлел  бола  алады. Дегенмен де, қазіргі  қоғамның  ғылыми, әлеуметтік, практикалық  талабына, тәрбие  беру  мақсатын  жүзеге  асыру  қажеттілігіне  сай, оқу-тәрбие  үрдісінде  жергілікті  жердің  экономикалық, экологиялық,  және  этномәдени  ерекшеліктерін  ескере  отырып, технология  сабағында  оқушыларға  ұлттық  тәрбие   беру  арқыыл эстетикалық танымын дамыту мәселелері  әлі  күнге  дейін  шешімін  толық тапқан  жоқ.

Әр  халықтың рухани  әлемі, ең  алдымен  оның  дәстүрлі  өнерінен  көрінетіні  мәлім. Сол  себепті  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  мен  тәрбиелеу  саласының  түбегейлі  жаңаруы  жағдайымен  бүгінгі  ұрпақ  тәрбиесінің  негізіне – қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  жинақталған, уақыт  сынынан  өтіп, сараланған  ұлттық  тәлім-тәрбиесінің, ұлттық  қолөнерінің  бай  қазынасы, мол  тәжірибесі  алынып  отырғаны  мәлім. Өйткені  жастардың  ұлттық  мәдениеті мен дәстүрлердің  негіздерін  меңгергенде  ғана  жалпы  адамзаттық  мұраларды  игеріп  дүниеге  дұрыс  көзқарасы, озық  ойлау  жүйесі  қалыптасатыны  анық.

Технология  пәнін  жүргізу  барысында  оқушылардың  біліктілігін  жетілдіру, қол  өнер  бұйымдарын  жасай  білуге  үйрету  және  дағдысын  қалыптастыру  басты  орында  тұрғанның  өзінде оларға  дәстүрлі  өнер  мұраларын  таныстыру, сол  арқылы  олардың  көркемдік  талғамын, эстетикалық танымын  жетілдіру  мәселесі  де  естен  шығарылмауы  тиіс. Бұлай  дейтініміз, ұлттық қолөнер бұйымдары мектептегі «Технология» бағдарламасындағы  жетекші  орындардың  бірі  болып    саналады. Оқушыларды ұлттық  өнер  туындыларымен  таныстырып, олардың  біліктілігін  жетілдіріп, қол  өнер  бұйымдарына  жеткілікті  дәрежеде  баға  беру  сапасын  арттыру, сол  арқылы  баланың  эстетикалық танымына дамытуда игі  әсер  ету  мәселесі  артта  қалып  келеді. Ол  оқушылардың  төмендегідей  қасиеттерін  қалыптастырып, дамыта  түсуге  жағдай  жасайды  деп  ойлаймыз:

а)  ұлттық  өнердің  негізінде  жасөспірімнің  эстетикалық  танымын  қалыптастыру  олардың  көру, қарастыру, талдау  және  сөйлеу  мәдениетін, талғампаздық  қасиетін  жетілдіріп, эстетикалық, сезімдік тәжірибесін  дамытады;

ә)  оқушының ұлттық өнер  туралы  терминдер  жаңа  ұғымдарды  толығырақ  меңгеруі  оның  эстетикалық  танымын  тереңірек  қалыптастыра  отырып, ұлттық  қолөнерінің  образды  мәнін  тереңірек  түсінуге, ол  туралы  толық  мағлұмат  айту  мүмкіндігін  молайтады;

б)    ұлттық  өнерге  деген  өзінің  көзқарасын  басқаларға  түсінікті  тілде  жеткізе  білуге  үйретеді;

в)    ұлттық  өнер  арқылы  жеткіншек  ұрпақтың  эстетикалық  танымын  қалыптастырып, оған  эстетикалық  тәрбие  беру  барысында  ұлттық  мәдени  мол  қазынаны, рухани  тәжірибені  тануға  үйрету  оқушылардың  ұлтына  деген  сүйіспеншілік  қасиетін  қалыптастырып, оның  сезімін  тәрбиелейді, эстетикалық  танымын  дамытады.

Эстетикалық тәрбие беру мәселелерін Г.Т.Ардаширова, А.С.Макаренко,  С.Т.Шацкий,  О.А.Апраксина, А.И.Буров, М.И.Бахтин, т.б. көптеген  белгілі  педагогтар  зерттеп, эстетикалық  теорияның  негізін  қалауға  үлес  қосты.

              Ұлттық  мәдениеттің  маңызы  және  оның  жеке  тұлғаның  рухани  дамуына  тигізер  әсері  туралы  ой-пікірлердің  қалыптасуына қазақ  ғалымдары   Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев,  Ж.Аймауытов,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаевтың   қосқан  үлесі  зор. Олардың  еңбектерінде  жас  ұрпақтардың  тәрбиесіне  байланысты  өзекті  мәселелер  бойынша  өте  құнды  пікірлер  айтылған.

              Жас  ұрпаққа  ұлттық,  патриоттық  негізде  эстетикалық  тәрбие  берудің  негізгі  құралдарының  бірі – ұлттық  өнер. Ұлттық  қолөнерінің  тәрбиелік  мүмкіндіктерін  С.Қасиманов,  А.Тәжімұратов,  Ә.Марғұлан,  С.Мұқанов,  Х.Арғынбаев,  Ө.Жәнібеков  және  т.б. зерттеушілердің  еңбектерінде қарастырылған. Сондай-ақ,  ұрпақ  тәрбиесі  туралы  түйінделген  ойлар,  жасалған  тұжырымдар  тарихшы, этнограф, философ, психолог  ғалымдар Т.Бәсенов, М.Мұқанов, Ә.Нысанбаев,  А.Сейдімбеков, т.б.  зерттеулерінде айрықша  орын  алған.

              Қазақстанда  жалпы  білім  беретін  мектептерде  бейнелеу  өнері  мен  қолөнерін  оқытудың  теориялық,  әдістемелік,  тәжірибелік  мәселелері  Ә.Қамақов,  С.Ұзақбаева,  Қ.Әмірғазин,  Е.Асылханов, Б.Әлмұханбетов, Ж.Балкенов, Қ.Ералин, О.Сатқанов,  С.Жолдасбекова т.б.  еңбектерінде  қазақ  халқының  сәндік  қолданбалы  өнерінің  тарихы  және  бейнелеу  өнері  арқылы  ұлттық, эстетикалық  тәрбие  беруде   халықтық   педагогиканы  басшылыққа  ала  отырып   жүргізудің   жолдарын   қарастырған  .

              Соңғы  жылдарда  қазақстандық   ғалымдардың  зерттеу  жұмыстарында  оқушылар  мен  студенттерге  ұлттық  тәрбие  беру  мақсатында  өнер  түрлерін  пайдалану  жолдары  қарастырылып,  педагогикалық   мүмкіндіктері   ашылып   көрсетілген (М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев, Р.К.Дүйсембінова)   зерттеулерінде  халық  музыкасы  арқылы, Ф.Жұмабекова,  Қ.Болатбаев, Б.Жиентаева т.б.  бейнелеу, технология  сабақтарында  қолөнер  арқылы  ұлттық  тәрбие  беру  мәселелері  қарастырылған.

              Сонымен   бірге, оқушыларға,  студенттерге ұлттық   қолөнер  арқылы  эстетикалық  тәрбие  беру  мәселесі бойынша Ш.Ақбаева, А.Ералина, Ж.Мұнашова,  П.Абашева, З.Айдарова, Ұ.М.Әбдіғаппарова, Ө.Заимоғлу, С.Ш.Әлімбекова т.б. ғалымдардың  зерттеу  жұмыстарын   атап  өтуге  болады.

              Бұл   ғылыми-педагогикалық   еңбектерде   жалпы  білім  беретін  мектептерде және жоғары оқу  орындарында  студенттер  мен  оқушыларды  қолөнерге  баулу  және  сол  арқылы  тәрбиеленуші  жас  ұрпақтың  ой-өрісін   кеңейту, эстетикалық   талғамын  тәрбиелеу   мәселелері   жөнінен  аса  маңызды   тақырыптар  зерттелген.

         Ұлттық  қолөнер  арқылы  эстетикалық  тәрбие  беру, мектеп  оқушыларының  ойлау, қиялдау   қабілеттерін  дамыту, танымын қалыптастыру  мәселелерін  зерттеуде Әл-Фараби, Я.А. Коменский,        И.Г. Песталоцци, И.Ф.Гербарт, А.Дистервег, К.Д. Ушинский,                    Ы. Алтынсарин және т.б. оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ой кабілеттері мен дербестігін дамытуға баса назар аударған.

         Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтъев, Л.В. Занков,             В.В. Давыдов, П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин, Н.Ф. Талызина, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М. Мұқанов және т.б. танымдық әрекет пен танымдық белсенділіктің психологиялық негіздерін зерттеген.

              Сондай-ақ, олар  өте  бай  мұражай  мұрағаттық  материалдар  негізінде  орындалғандықтан   республикадағы   жалпы  білім  беретін  мектептердің   оқу-тәрбие  жұмыстарын  жүргізуде,  әдіс-тәсілдерін  жаңартуда  басшылыққа  алатын  оқу-әдістемелік  құралдары  міндетін  атқара  алады.

Сонымен, біздің байқаумызша,  ұлттық  өнер  арқылы  жеткіншек ұрпақтың  эстетикалық  танымын  қалыптастыр у проблемасы ғалымдар-

мен жан-жақты қарастырған, атап атйсақ ұрпақ  тәрбиесі  туралы  түйінделген  ойлар,  жасалған  тұжырымдар  тарихшы, этнограф, философ, психолог, педагог  ғалымдардың еңбектерінде орын алған. Осы жағдай  ұлттық  өнер  арқылы  жеткіншек  ұрпақтың  эстетикалық  танымын  қалыптастыр у проблемасы  амңызды екенін көрсетіп отыр.

Резюме

В статье рассматриваются проблемы формирования эстетического познания подрастающего поколения средствами национального искусства

Summary

In the article the problems of the formation of aesthetic knowledge of the younger generation by means of national art.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы //Қазақстан мұғалімі, 2007, №2.

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан болашағы қоғамының идеялық бірлігінде.-Алматы, 1993.-10б.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ