Н.П. Гузик, Ж. Қараев, Г.Ғ. Еркибаевалардың деңгейлеп оқыту технологиясы

0

Қазіргі ақпараттар мен технологиялар ағыны ХХI ғасырда ғылым мен білімді жаңа тұрғыда, жаңа әдісте дамыту маңызды болып отыр. Ең бастысы, білім беру жүйесін жаңа технологиялар арқылы толықтырып, байытып, дамытуымыз қажет. Білім берудің дамуы ғылымның өсуіне, елімізді техникалық прогресске жеткізеді. Сондықтан да білім беруді дамыту мәселесін басты назарда ұстағанымыз абзал. Келешек еліміздің тірегі – біздер тәрбиелеп өсіріп отырған балалар деп білеміз. Жаңа заманға лайық жаңа білім, жаңа тәрбие беру– өмір талабы.

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапасы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.

«Білім туралы» Заңының қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы Заңның 8-ші бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттан дыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілеріне шығу деп атап көрсеткен. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуал дық, кәсіптік, рухани, адамгершілік, азаматтық келбеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген ХХІ-ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады. Сондықтан мектепте жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде тиімді, сапалы түрде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттігі туындайды.

Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесiн iзгiлендiру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында бiраз шаралар жасалды. Оларды «инновациялық процесс» немесе педагогикалық жаңалықтарды енгiзу деп жүрмiз. «Инноватика» ұғымының мәнi латынның in-nooue деген сөзiнен шыққан «жаңарту, өзгерту» деген түсiнiк. Педагогикада бұл жаңа әдiстер, тәсiлдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды бiлдiредi. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерiстер енгiзу, олардың сапасын арттыру болып табылады.

Инновациялық технологияның өзіндік ерекшеліктері: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат қана инновациялық технология құрылымын түсіну кілті бола алады. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге  асырылуы тиіс:

1.Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланатын оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы – мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланысты лығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

2.Жаңаша оқытудың негізгі түрлері – оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.

3.Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы қажет.

Әрбір инновациялық технология жеке тұлғаны өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасауға қажетті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. Яғни, осы мүмкіндіктер жалпы білім беру ұйымдарында, бастауыш, орта және жоғары білім сатыларында ұйымдастырылса, белгілі бір нәтижеге жетуге болады. Оқу үрдісі барысында Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың «Дамыта оқыту»,  Н.П.Гузиктің, Ж.Қараевтің, Г.Еркибаевалардың «Деңгейлеп саралау» технологиясы, М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясы, Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген «сын тұрғысынан ойлауды, оқу және жазу арқылы дамыту» (С.Мирсейітова) технологиясы, «Ынтымақтастықта оқыту» технологиясы, В.Беспалько, М.Кларин, И.Лернер, В.Оконь, Н.Талызина «Бағдарламалап оқыту мәселесі», Дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.Эрдниев), Іс-әрекетті бағалау (Ш.Амоношвили, И.Волков) т.б. технология лардың тәжірибелік қолданыста тиімділігін айқындайды.

Жаңа технологиялар ішінде деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы маңызды орын алады.

Осы технологияны 3 ғалым ізденіп, зерттеген. Олар: Н.П.Гузик, Ж.Қараев, Г.Ғ.Еркибаевалар.

Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н.П.Гузик сыныптағы оқушыларды да, соған сәйкес оқу бағдарламаларын да А, В, С – үш деңгейге бөлуді ұсынады.

«А» – бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді.

«В» – бағдарламасын орындамас бұрын «А» бағдарламасындағы тапсырма ларды әрбір оқушы орындауға міндетті. «В» – бағдарламасын қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой-әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл бағдарламаға бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша мәліметтер енгізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі.

«С» – бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығарма шылықпен қолданылатын деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой-әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді  көздейді. Өз  білімімен  мәселелер шешуде оқушыға оның логикалық ойлауын дамытатын мәліметтер беріп оны шығармашылықпен қолдану перспективасын ашады. Оқушыға өзін қосымша  жұмыста көрсетуге мүмкіндік береді.

«А» – бағдарламасы оқытудың міндетті нәтижесіне сәйкес келеді.

«В» – бағдарламасы оқулықтан қосымша есептер мен жаттығулардың енгізілуін көздейді.

«С» – бағдарламасы қосымша оқу-әдістемелік әдебиеттерден алынған тапсырмалардан тұрады.

Әр пәндегі оқу бағдарламасын таңдау оқушының өзімен ойласа отырып жүргізіледі. Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.

Бірінші – тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп атайды).

Екінші – қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы. Мұндай сабақтар бірнеше рет (3-5 дейін) өткізіледі.

Үшінші – қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары.

Төртінші – материалды пәнаралық қорытындылау сабақтары (оларды тақырыпты қорғау сабақтары деп те атайды).

Бесінші – пратикум сабақтар.

Барлық оқушы білім стандарты деңгейін толық игергеннен кейін ғана жаңа материалға ауысу жүзеге асырылады. Жалпы сыныптық, топтық және жеке жұмыстар арасындағы үйлесушілік базалық стандарт деңгейінде оқушылар біліміндегі ақаулықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың біліміндегі ақаулықтарды жою үшін олармен сыныптан тыс жеке жұмыстар жүргізуге тура келеді. Әр пәнді деңгейлік бағдарламаны таңдау оқушының өзіне ұсынылады. Осылайша ортақ базалық білім минимумы қамтамасыз етілуімен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына де кеңістік ашылады.

Білімді бақылау кезінде деңгейлеу тереңдей түсіп, әрбір оқушының жетістігі есепке алынады. Яғни білім берудің буындары; түсіндіру, бекіту, тексеру барлығы деңгейлеп жүргізілуі тиіс.

Кесте-1

Кезеңдер Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Диагностикалық кезең Оқушылардың білім деңгейін диагностикалау Мұғаліммен бірлесе отырып оқу деңгейін таңдау
Оқушыларды топқа бөлу Әр деңгей үшін оқу мазмұны мен қойылатын нақты талаптарды айқындау Топтардағы оқыту талапта рының жобасын талқы лауға қатысу
Оқытуды іске асыру Мұғалімнің материалды оқу топтарын беруі өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы
Білімді меңгерту нәтижесін бағалау Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау (Кері байланыстың дұрыс орнатылуы) Нәтижелері бойынша өзара және өзін-өзі бағылауды жүзеге асыру

Деңгейлеп туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, студенттерге қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Бұл технологияда бірінші орында студент тұрады және оның өз бетімен алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

Ж.Қараев бойынша: Деңгейлеп оқыту әр студенттке өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасайды. Әр түрлі категориядағы оларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осындай іс-әрекеттер  арқылы студенттер оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды. Сол үшін студенттің біліміне қарай тапсырмаларды деңгейге бөліп беріледі.

І деңгей тапсырмалары

1) Жаттап алуға лайықталған болу керек.

2) Алдыңғы сабақтағы тақырыпта меңгерген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.

3) Тапсырмалар өмірмен байланысты болуы керек.

ІІ деңгейдегі тапсырмалар  өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұл өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімді түрлендіріп пайдаланылуы қажет. Студенттің ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмаларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық, үйретімділік маңызы болуы керек.         Бұлар ребустар, сөз жұмбақтар.

ІІІ деңгейдегі тапсырмалар (Танымдық – іздену түріндегі тапсырма ларды орындау барысында студенттер жаңа тықырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерінен заңдылықтар шығарады, анықтамалар, жаңа сөздерді жаттау тағы басқалар жетілдіріліп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс).

Мұндай жұмыс анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді:

– әр түрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін өздігінен мысалдар, есептер құрастыру, оны өздігінен шығару;

– өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу;

– жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу;

– көрнекі құралдар дайындауға берілген тапсырмалар;

– ой қорытуға арналған дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

ІҮ деңгейдегі тапсырмалар – (шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар). Студенттердің жинаған өмір тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой-еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығаруға негізделген. Олар:

–   олимпиадалық жұмыстар,

–берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау, демек, бұл тапсырмалар – студенттердің біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру  және оны бағалау деңгейі болады.

Г.Ғ.Еркибаеваның денгейлеп оқыту технологиясы жоғарыда айтқан ғалымдардан басқаша. Ол тапсырмаларды 3 денгейге бөліп береді, бірақ оқушыларды білім денгейге қарап 3 топқа бөледі.

Бірінші топқа «4-5» -ке оқитын оқушыларды топтастырып, оларға шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар береді.

Екінші топқа «3-4» -ке оқитын оқушыларды топтастырып, оларға іздену түріндегі тапсырмалар дайындайды.

Үшінші топқа «2-3» -ке оқитын оқушыларды топтастырып, оларға стандартқа сай тапсырмалар береді: сыныптағы барлық оқушылар орындай алуы қажет.

Ж.Қараевтың технологиясының қолдану элементтерін  «Қазақ тілі» сабағында беріп отырмыз.

Сабақтың тақырыбы: Адам және табиғат.

Жыл мезгілдері

Жылдың төрт мезгілі бар: қыс, көктем, жаз,күз. Қыста қатты аяз, жазда ыстық, күзде қоңыр күндер жиі болады. Көктемде күн жылына бастайды.

Жазда желсіз, аспан көбінесе ашық болады. Жаңбыр онша көп жаумайды. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жаз айында адамдар ерте тұрып, кеш жатады. ¤йткені бұл айда жұмыс көп болады.

Жаздан кейін қоңыр салқын күз де келіп жетеді. Бұл кезде енді күн қысқа, түн ұзақ болады. Қараңғылық ерте түседі. Аспанды қара бұлт қаптап, жауын да жиі-жиі жауады. Күз айлары –жыл мезгілдерінің ең молшылық айлары. Бұл мезгіл – көкөніс, жеміс-жидектің піскен кезі. Күзде адамдар қысқа әзірлік жасайды. Қысқа көкөністерді тұздап, консервілеп сақтайды. Осыдай кезде  қыс та келіп қалады. Бұл кезде дала, орман, үйлер ақ қар жамылады. ¤зендер мен көлдердің бетін көгілдір мұз жабады. Қыс жыл мезгілдерінің ең суық айлары. Қыстан кейін көптен күткен көктем де келеді. Бұл кезде күн жылына бастайды. Кейде жылы жаңбыр жауып, оңтүстіктен жылы жел еседі. Енді көктем жазға өз орнын береді.

І деңгей тапсырмаларыларын қазақ тілін әлі меңгермеген, қазақ тілінде сөздік қоры жеткіліксіз студенттерге беріледі.

1.Мәтінді оқып шығып, сөздік жұмысын жүргізу.Мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып,түсіндірме сөздіктен мағынасын анықтаңыздар

2.Ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғатты қорғау   тақырыбында   лексикалық минимум құрастырыңыздар.

  1. Жыл мезгілдері, күн, ай, жыл аттары.

ІІ деңгейдегі тапсырмалар  қазақ тілін таяз меңгерген, қазақ тілінде сөздік қоры жеткіліксіз студенттерге беріледі.

  1. Қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібін анықтаңыздар.

2.Мәтінді оқып шығып, мәтіндегі сөздердің орын тәртібін схема арқылы көрсетіңіздер

  1. Нақ осы шақ, ауыспалы осы шақтарға мысал келтіріңіздер.

ІІІ деңгейдегі тапсырмалар қазақ тілін жақсы меңгерген, қазақ тілінде сөздік қоры жеткілікті студенттерге беріледі.

  1. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

2.Кеңес беру, кешірім сұрау, уақыт  тақырыптарында қолданылатын сөздерден сөйлемдер құрастыру.

3.Құрастырған сөйлемдерді болымсыз етістікке айналдыру.

ІҮ деңгейдегі тапсырмалар қазақ тілін жақсы меңгерген, қазақ тілінде сөздік қоры жеткілікті, қазақ тілінде еркін сөйлейтін студенттерге беріледі.

1.Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.

  1. «Менің сүйікті мезгілім» тақырыбында әңгіме жазу.
  2. Ата-анаңыздың достарыңызбен «би кешіне баруға рұқсат беруі», «тауға саяхатқа шығуға рұқсат етпеуі» тақырыптарына диалог құрастырыңыздар.

Деңгейлеп оқыту технологиясы студенттердің білім деңгейіне қарай тапсырмалар орындау барысында, білім сапасы артады, қазақ тілі сабақтарына қызуғышылығы қалыптастырылады.

Жаңа технологиядағы ойландыру түрткілерге студенттер белсене жауап іздеп, оны да нақты, дәлелді, қысқа да, нұсқа жауап алуға студенттер әдеттендіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының басты артықшылығы:

– әрбір оқушының даму деңгейіне сай оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ететіндігі болып табылады;

– деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асады. Топтарға бөлуде оқушылардың даму ерекшеліктерін қабылдау, ойлау, зейін, есте сақтау, т.б. ескеру керек;

– мұғалім әрбір топ үшін талаптардың ара жігі айқындалған нақты жүйелерін құрып ұсынып отыруы тиіс. Оқушылар біліміндегі ақаулықтарды жоюға бағытталған жұмыстар уақтылы жүргізіліп отырылғаны жөн.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ