Қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты топырақтың агрофизикалық қасиетінің өзгеруі

0

Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Жетісай қ.

Ауылшаруашылық өндірісін әртараптандырудың басты принциптерінің бірі егіншілік мәдениетін көтеру, жаңа тиімді агротехнологияларды қолдана отырып өндірілетін өнімнің өнімділігімен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сонымен бірге өндірілетін өнімнің өзіндік құнын барынша төмендету. Сондай-ақ егіншілік жүйесінің қарқынды буындарының бірі – бұл ауыспалы егістер. Ол өсірілген дақылдардың көлемі мен алмастырып егу тәртібін анықтап қана қоймай, көп жылдар бойы жүргізілетін агромелиоративтік және басқа да іс-шараларды жүйелі түрде іске асыруға негіз болады. Егіншілік мәдениетін арттыру, осы негіздерге тікелей байланысты болып келеді, және де әр гектардан алынатын өнімді жылма-жыл молайту, егін шаруашылығын тұрақтылығын арттыру шарттарының бірі ауыспалы егістерді өз тәртібімен игеру болып есептеледі.

Көпжылжық стацинарлы ғылыми-зерттеу тәжірибе жұмысы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибелік 44-ші бөлектегі 7-ші алқабында, мақтамен жүргізілетін далалық тәжірибелер әдістемесі бойынша жүргізілді (Бүкілодақтық МҒЗИ, 1981, А. Имамалиев).

Топырақ құнарлылығының маңызды элементтерiнiң бiрi оның агрофизикалық күйлерi болып табылады. Топырақ тығыздығын 30см тереңдікке дейін талдап-анықтау,  әр 10см -де, яғни  0-10 см,  10-20см,  20-30см  топырақ қабаттарында жүргізілді. Тәжірибе барысында топырақтың көлем салмағы көрсеткіштері вегетация басында жоғары көрсеткіштерде болды. Кестеге жүгініп қарасақ, вегетация басында мақтаның бірегей егістігінде топырақ тығыздығының құрылымы, жоғары дәрежеге жақын екені байқалды, яғни 0-10 см қабатта– 1,37 г/см3, 10-20см — 1,44 г/см3 және 20-30см  қабатта 1,50 г/ см3  көрсеткіште ерекшеленіп отыр.

Топырақтың орнықты тығыз көлем көрсеткіштері бұршақ тұқымдас дақылдардан кейін егілген мақта қозасы егілген топырақта ерекшеленіп отыр, яғни айтқанда бұршақ дақылынан (фасоль) кейін егілген мақтаның бірінші жылғы топырақтың терең 0-10 см қабатында вегетация басында орташа есеппен 1,33 г/см3, 10-20 см – 1,38 г/см3  және 20-30 см  — 1,46 г/см3 көлем көрсеткіште болса, бесінші нұсқадағы соя дақылынан кейін егілген мақтаның бірінші жылғы егілген топырақтың терең 0-10 см қабатында орташа есеппен 1,32 г/см3, 10-20 см – 1,35 г/см3  және 20-30 см топырақтың терең қабатында 1,44 г/см3 көлем көрсеткіште болғаны тәжірибе жүзінде айқындалды.

Ал көктемнен күзге қарай топырақтың көлем салмағы мақтаны бір жерге қайта-қайта егіле беретін бірегей егістігінде ауыспалы егіс тізбектерімен салыстырғанда өзгермей, орнықты дәрежеден жоғары болғаны айқындалды, яғни айтқанда яғни 0-10 см қабатта – 1, 37 г/см3 болса, күзге қарай 1,38 г/см3, 10-20см -1,44 г/см3 күзге қарай 1,42 г/см3 және 20-30см  қабатта көктемде  1,50 г/ см3  көрсеткіште болып, вегетация соңында бұл көрсеткіш небәрі 1,48 г/см3  көлемде болды. Бұл деген мақтаның бірегей егісі, яғни айтқанда бұл жерде мақта дақылы жыл сайын қайта-қайта егілгеннің салдарынан, топырақтың агрофизикалық қасиеті өзінің орнықты деңгейінен төмендегені айқындалады.

      Кесте 1 — Топырақтың көлем салмағы көрсеткіштері, г/см3

Тәжірибе нұсқалары 2010 жылғы егілген дақылдар Қабат,

см

 Топырақ көлемі   салмағы, г/см3
17.05. 20.10.
Мақтаның бірегей егісі Ескі егістік 0-10

10-20

20-30

1,37

1,44

1,50

1,38

1,42

1,48

(2:1)

2  жыл жоңышқа  + 1 жыл мақта

 

Жоңышқа -2

 

0-10

10-20

20-30

1,50

1,55

1,53

1,40

1,45

1,52

(1:1:1) — 1 жыл мақта, күзде үстіне

бидай егу+1 жыл бидай, агромелиоративті алқап + 1жыл мақта

 

Бидай -1

 

0-10

10-20

20-30

1,47

1,54

1,57

1,25

1,28

1,30

(1:2) — 1 жыл фасоль, сидератқа + 2 жыл мақта Мақта -1 0-10

10-20

20-30

1,33

1,38

1,46

1,29

1,33

1,37

(1:2) — 1  жыл соя  сидератқа +

2 жыл мақта

Мақта -1 0-10

10-20

20-30

1,32

1,35

1,44

1,26

1,30

1,36

Екінші нұсқадағы жоңышқаның екінші жылында, топырақтың көлем салмағы орнықты деңгейден жоғары болды. Мысалға алғанда, вегетация басында яғни 0-10 см қабатта – 1, 50 г/см3 болса, күзге қарай 1,40 г/см3,10-20 см -1,55 г/см3 күзге қарай 1,45 г/см3 және 20-30см  қабатта, көктемде  1,57 г/ см3  көрсеткіште болып, вегетация соңында бұл көрсеткіш өзгермеді. Себебі бұл екінші нұсқадағы топырақтың көлем салмағының орнықты деңгейден жоғары болуы, жоңышқаның дақылының екінші жылғы тұрағы, яғни бұл нұсқада жоңышқа болғандықтан вегетация кезінде қатараралық өңдеудің жүргізілмеуі себеп болады.

Ал кейінгі нұсқадағы  (1:1:1) 1 жыл мақта, күзде үстіне бидай егу+ 1 жыл бидай, агромелиоративті алқап + 1 жыл мақта тұратын тізбекте, вегетация басындаға 0-10 см қабатта – 1, 47 г/см3 болса, бидай өнімі жиналғаннан кейін 40 см-ге терең жер жырту жұмыстары жүргізіліп, күзге қарай бұл көрсеткіш 1,25 г/см3 төмендеді, 10-20 см -1,54 г/см3 күзге қарай 1,28 г/см3 және 20-30 см  қабатта, көктемде  1,57 г/ см3  көрсеткіште болса, вегетация соңында бұл көрсеткіш 1,30 г/см3  көлемде болды. Бұл деген осы нұсқада жүргізілген топырақты негізгі 40 см-ге өңдеуден кейін топырақтың көлем салмағы орнықтырылғаны айқындалды (сурет).

Сурет 1 —  Ауыспалы егіс тізбектеріне байланысты топырақтың 0-30 см  қабатындағы көлем салмағының өзгеруі

Осы кестеде бұршақ тұқымдас дақылдардан кейінгі егілген мақта қозасының бірінші жылғы тұрағында да көлем салмағының төмендегені де айқындалды. Мысалы келтірсек, бұршақ-фасоль дақылынан кейін егілген мақтаның бірінші жылғы топырақтың терең 0-10 см қабатында орташа есеппен 1,33 г/см3, 10-20 см – 1,38 г/см3  және 20-30 см  — 1,46 г/см3 көлем көрсеткіште болса, вегетация соңында бұл көрсеткіш топырақтың терең 0-10 см қабатында орташа есеппен 1,29 г/см3, 10-20 см – 1,33 г/см3  және 20-30 см  — 1,37 г/см3 көлем көрсеткіште төмендеді, ал бесінші нұсқадағы соя дақылынан кейін егілген мақтаның бірінші жылғы егілген топырақтың терең 0-10 см қабатында орташа есеппен 1,32 г/см3, 10-20 см – 1,35 г/см3  және 20-30 см топырақтың терең қабатында 1,44 г/см3 көлем көрсеткішінде болса, күзге қарай бұл көрсеткіш тәжірибе жүзінде топырақтың терең 0-10 см қабатында орташа есеппен 1,28 г/см3, 10-20 см – 1,32 г/см3  және 20-30 см топырақтың терең қабатында 1,36 г/см3 топырақтың көлем салмағында айқындалды.

Вегетация кезеңіндегі мақтаның бірегей егіс нұсқасы топырағындағы жалпы 0-30 см терең қабатында, топырақтың көлем салмағы 1,42-1,43 г/см3   көрсеткіште болды. Бірақ ауыспалы егіс тізбектерімен салыстырғанда, топырақ көлем салмағы едеуір жоғары болды.

Ал ауыспалы егіс тізбектерінен тұратын нұсқаларда топырақ көлем салмағы вегетация басындағы көрсеткішпен салыстырғанда едеуір төмендегені айқындалды. Мысалы бұршақ тұқымдас дақылдардан кейінгі (фасоль, соя) мақтаның бірінші жылғы топырақтың 0-30 см тереңдігінде көктемде 1,39 г/см3  -1,37 г/см3  болса, осы топырақ терең қабатында бұл көрсеткіш вегетация соңында 1,33-1,30 г/см3 көрсеткішке төмендегені бақыланды.

Қорыта келгенде, ауыспалы егіс тізбектеріндегі бұршақ тұқымдас дақылдарынан кейінгі мақта егісіндегі топырақтың көлем салмағы едеуір төмендегені айқындалды. Топырақтың жоғары көлем салмағы ауыспалы егіс тізбектерімен салыстырғанда мақта қозасының бірегей егісінде байқалды. Мақтаның бірегей егісі, яғни айтқанда бұл жерде мақта дақылы жыл сайын қайта-қайта егілгеннің салдарынан, топырақтың агрофизикалық қасиеті тәжірибе жүзінде өзінің орнықты деңгейінен төмендегені байқалды.

Сондықтан да ауыспалы егіс тізбектерін өз тәртібімен жүргізу,  аралық бұршақ тұқымдас және дәнді-дақылдарды енгізіп, агромелиоративтік — жерді жақсарту жұмыстарын жүргізу бағыты, топырақтың физикалық қасиеті мен құнарлылығын неғұрлым тиімді арттыра түсуге, мақта қозасының қарқынды дамуына, сондай-ақ өнімді  барынша артыруға  үлкен оңтайлы әсерін тигізетіні бақыланды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ