Дене тәрбиесі арқылы жастардың жеке қабілеттерін жетілдіру

0

ХХІ ғасырда жаңа білім беру парадигмаларының енуіне байланысты күрделі тапсырмаларды шешуге қабілетті, өнімді ойлау мен белсенді қиялдауға бейім тұлға дамыту талабы өсе түсуде. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, әрбір адам бұл өзгерістерді дұрыс қабылдап, тиісінше, өз әлеуетін үнемі белсендіріп отыруы тиіс.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілсе, осы Заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге,  жеке  қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасауға міндетті» делінген [1].

Ұзақ жылдар бойы жастардың қабілеттерін жетілдіру мәселесі түрлі ғылым салалары – философия, педагогика, психология, лингвистика т.б. өкілдерінің назарын аударып келеді. Бұл қазіргі қоғамның жаңа мәселелерді қоя білетін, сапалы шешімдер қабылдауға қабілетті, игерген білімін үнемі іске асыруға ұмтылатын белсенді тұлғаларға мұқтаждығының күн санап өсуіне байланысты.

Қабілеттер бұрыннан зерттеу пәні ретінде қарастырылып жүр. Өйткені адам қабілеттері мәселесі барлық уақытта да адамдардың үлкен қызығушылығын тудырып келді.  Қабілетті жетілдіру мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.

Философияда қабілеттерді  «тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері» дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.

«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп. «Қабілеттер деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды». «Қабілеттер — білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» — дейді А.В.Петровский. «Қабілет  — іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті», — деп жазады академик Т.Тәжібаев [2].

Қабілеттердің жетілу мәселесін зерттей келе А.Н.Леонтьев [3],   Б.М.Теплов [4],  М.Мұқанов [5],  Қ.Жарықбаев [6] қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ онда ол ұзақ үдеріске айналатынын айтады.

Қабілеттер  мәселесі – оқушылардың жекелік айырмашылықтар мәселесі. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психология ғылымының негізгі ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Олардың іс-әрекетінің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не төмендеу болып келеді. Бұған қарап, мысалы, музыкаға, не хореографияға немесе математикаға қабілеті төмен оқушыларды қабілеті төмен, дарынсыздар қатарына жатқызу дұрыс емес. Бұл – оның қабілетінің басқа салада жатқандығының белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-әрекет пен ептілік арқылы жетіліп отырады. Педагогикалық қабілеттерді В.А. Крутецкий [7] көрсетіп, оларға сәйкес жалпы анықтамалар береді:

1) Дидактикалық қабілеттер – оқушыларға оқу материалын неғұрлым ұғынықты етіп беру қабілеті, оларға материалды немесе проблеманы айқын және түсінікті түрде келтіру, пәнге деген қызығушылығын тудыру, оқушыларда белсенді ойды өз бетінше қоздыру.

2) Академиялық қабілеттер – ғылымның сәйкес аймағына деген қабілеттер. Қабілетті педагог пәнді тек қана оқу курсының көлемінде ғана емес, елеулі терең және кең түрде біледі, ол үнемі өз ғылымындағы жаңалықтарды бақылып жүреді, материалды абсолютті еркін игереді, оған үлкен қызығушылық көрсетеді, кем дегенде қарапайым зерттеу жұмысын жүргізеді.

 3) Перцептивті қабілеттер – оқушының, тәрбиеленушінің ішкі дүниесіне ене білу қабілеті, оқушы тұлғасын және оның уақытша психикалық күйлерін түсінумен байланысты психологиялық бақылампаздық.

4) Тілдік қабілеттер — өз ойлары мен сезімдерін тілдің, мимика және пантомимика көмегімен айқын және нақты білдіре алу қабілеті.

5) Ұйымдастырушылық қабілеттер – бұл, біріншіден, оқушылар ұжымын ұйымдастыру қабілеті, оны жаңа міндеттерді орындауда топтастыру және дем беру, екіншіден, өз жұмысын дұрыс ұйымдастыру қабілеті, өз жұмысын ұйымдастыру дұрыс жоспарлау және өзін бақылау іскерлігін ұйғарады.

 6) Академиялық қабілет – оқушыларға тікелей эмоционалды – еркін әсер ету қабілеті және осы негізде олардың алдында беделді бола алу қабілеті.

7) Коммуникативтік қабілеттер – балалармен қарым – қатынас жасау қабілеті, олармен қарым – қатынас жасауда дұрыс тәсіл таба алу, олармен, педагогикалық көзқарас тұрғысынан, орынды өзара әрекеттесуді орнату іскерлігі, педагогикалық әдептің болуы (Сурет 1).

Сурет 1. В.А. Крутецкий ұсынған жалпы қабілет түрлері.

Бала кезде қалыптасуға тиісті адам қабілеттердің бірі – ептілік. Кез-келген жаттығуды орындағанда ең алдымен ептілік керек. Дене шынықтыру жаттығуларымен спортпен (мысалы суда жүзу, күресу, батпан көтеру) шұғылдану үшін әрбір оқушы өзінің икемділік ептілік қасиетін жақсы білуі керек. Адамның ептілік, икемділік қабілеттері белгілі бір жаттығуды орындаған кезде бірнеше қозғалысты шебер үйлестіруінетура келеді. Әсіресе жекпе-жек жаттығуларын орындағанда адамның епті немесе икемсіз екені бірден көзге түседі. Мысалы епті, икемді адам кездескенде күші өзімен тең түсетін қарсыласын жеңіп кетеді. Ептілікті дамыту үшін арнаулы жалпы дамыту жаттығуларымен бірге гимнастикалық жабдықтарда жаттығу, жеңіл атлетикамен шұғылдану, қозғалмалы және спорт ойындарын көбірек ойнау керек. Демек ептілікті дамытуда белгілі бір қашықтықтарға жүгіру, кедергілерден өту, әртүрлі жаттығулар қатар орындалатын эстафеталық спорттық ойындар ойнау бағыт-бағдарды анықтауға арналған жаттығулар орындау зор пайдасын тигізеді. Ептілікті арттыруға арналған жаттығуларды да біртіндеп күрделендіре беру керек. Сонда епті икемділік жетіле түседі.

Ептілік пен икемділік дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануда ғана емес тіпті үй шаруасына да керек. Мысалы, епсіз, икемсіз қыз ыдыс жуу кезінде кесені қолына түсіріп алып, сындырып қоюы да мүмкін. Ал егер ер бала епті болмаса қол өнерімен шұғылдана алмайды. Сымбат – адамның дағдыға айналған жүріс-тұрысы мәнері. Өмірде мүсіннің сымбаттысы да, көріксізі де кездесіп отырады. Мүсіннің сымбатты болуы денені тік ұстауға көмектесетін бұлшық еттерндің қызметіне байланысты. Егер бұлшық еттің бәрі де жақсы дамыса, адамның мүсіні де түзу, әсем болмақ.

Дененің әдемі, түзу, сымбатты болуына дене жаттығулары көп көмегін тигізеді. Мысалы адам күшті, төзімді епті болғанымен, мүсіні сымбатты болмауы да мүмкін. Сондықтан да белгілі бір дене шынықтыру жаттығуларымен қатар сымбат түзулігін (дененің сымбаттылығын) қалыптасып, басқа да арнаулы жаттығулар пайдаланылады. Мұндай жаттығулар екі топтан тұрады.

Біріншісі – денені тік ұстауға дағдыландыратын жаттығулар. Бұған адамның төбесіне бір зат қойып орындау жаттығулар мен қабырғаға арқаны тіреп тұрып орындалатын жаттығулар жатады. Ал екіншісі – денені тік ұстауға көмектесетін бұлшық еттерді (мойын, арқасын, сан, сирақ, табан бұлшық еттері) жетілдіре бекіте түсетін жаттығулар кіреді. Мұндай жаттығу күн сайынғы таңертеңгі гимнастикаға, дене шынықтыру үзілістері мен үйде өз бетінше орындайтынжаттығулар құрамына енгізу керек.

Сымбат жаттығуларын күн сайын кемінде бір орындап отырудың маңызы зор. Мүсін сымбатты болып өсіп, қалыптасу үшін мына төмендегі ақпараттар орындалуға тиіс.

  1. Үй жұмыстарына көмектескенде істі бірде оң қолмен, сол қолмен алмастырып істеу керек.
  2. Бір қалыпта ұзақ уақыт қозғалмай отыруға (немесе тұрып) әр түрлі қалыпта болуды естен шығармау керек.
  3. Теледидар қарағанда орындыққа немесе креслоға тіреп отырған жөн. Негізінде жерге малдас құрып отыруға үйренген жөн.
  4. Сабаққа әзірленген кезде аяқты аласа орындыққа отыру керек. Бұл – отырудың ең ыңғайлы қалпын сақтау керек.
  5. Сөмкені үнемі бір қолмен көтеруге болады.
  6. Таңертеңгі гимнастикаға аяқтың ұшымен өкше табаның ішкі және сыртқы қырмен жүру керек.

Қазақ халқының дене тәрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған осы кездегі дене тәрбиесі мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесіне жарағандығын кейбір археол. деректер дәлелдейді.

Ептілік — ұлттық ойын болып та саналады. Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Он- он бес метрдей жерге меже белгіленеді. Әр топтан қолдарында бір кездей түзу таяғы бар екі-екіден ойыншы ортаға шығады да, қатарласа тұрып, таяқты алға созады. Бастаушы қос таяқтың үш жағына бір қарыстай тақтай қояды да, оның үстіне сүйемдей жұмыр таяқшаны немесе қуыршақты тіктеп орналастырады. Сонан соң ойынды бастауға белгі береді. Әр топтың ойынды жүргізуге қатынасқан ойыншылары таяқтарын тең ұстап, оның үстіне қойылған заттарды құлатпай, межеленген жерге дейін барып, қайта оралуға тиіс. Таяқ үстіндегі заттар құласа, ұпайдан құр қалады. Әр кезектің озып келген ойыншысы өз тобына ұпай әпереді. Осы әдіспен ойынды жеке-жеке жалғастыруға да болады. Жеке ойыншы екі қолына екі қарыстай түзу шыбық алады. Ұшына сіріңке қорабы қойылып, оның үстіне адам бейнелі кішкене қуыршақ орнатады. Сөйтіп, әлгі межеге дейін барып, қайта оралады. Қай топ көп ұпай жинаса, сол жеңіске жетеді.

        1970 ж. Оңтүстік. Қазақстан облысында б.з.б. 4 – 3 ғасырларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қаласынан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретін кездестірді. 7 ғ-да Орта Азия мен Қазақстан жерін жаулап алған Араб халифаты ислам дінін уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал етті. Сөйтіп, көшпенді деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесін, оның ішінде спортты дамытуға көңіл бөлгені байқалады. Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерімен айналысу арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп, толықтырып отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерін, әр түрлі дене жаттығуларын үнемі жетілдіріп келген. Әр рудың, әр жүздің, әрбір хан мен бай-манаптың, болыс-бектің өз балуаны, өз мергені, өз сәйгүлігі болған. Олар бәйге-жарыстарда ірі рулардың намысын қорғаған. Өз уақытында Б.Момышұлы ептілік — шапшаң ойланып шешім қабылдаудың және бұлшық еттердің шапшаң ойға тәртіптілікпен бағынуының нәтижесі деген ұстаным ұстанған.

Резюме

            В статье рассматривается вопросы совершентвование индивидуальной способности молодежи на основе физвоспитание.

Summary

     In  article it is considered questions of improvement of individual ability of young people on the basis of   physical education.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. 7.08. маусым 2007.

2.Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993

3.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1975.

4.Теплов Б.М. Избранные психологические труды. М., 1985.

5.Мұқанов  М. М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982.

6.Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану. Алматы, 1994.

7.Крутецский В.А. Психология: Учеб. для учащихся пед. уч-щ. — 2-е изд., перераб. И доп. — М.: «Просвещение», 1986. — 336 с. 24.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ