Бейнелеу өнері пәнінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімділігі

0

Білім беру жүйесіндегі жүргізіліп отырған реформалау — қазіргі күннің талабы.

Реформалауды жүзеге асырудың жаңа бір сипаты, ол қазіргі уақыттағы оқыту мен тәрбие беру процесіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу болып отыр. Оқу — тәрбие процесіндегі жаңа педагогикалық технология дәстүрлі оқыту процесін мүлдем жоққа шығаруға болмай, керісінше, оны дәстүрден тыс әдіс-тәсілдермен, жаңа мақсат-міндеттермен байыту болып табылуы керек.

Жаңа педагогикалық технология дегенді — тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы деп түсінетін болсақ, ол — педагогикалық жүйенің басты мақсаты: жан-жақты дамыған немесе өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру;

— осыған орай, қытай даналығы «оқушы құйып толтыратын ыдыс емес, ол жағатын  шамшырақ» деп пайымдауын еске түсіруге болады.

Оқытушы жүйелеп оқыту материалдарын пайдалану арқылы оқушыға алған білімін өз еркімен саналы түрде, шығармашылық тұрғыда дамыта алатындай әсер етуі қажет.

Білім жүйесін реформалаудағы алға қойылған мақсат-міндеттерді орындау барысында бейнелеу өнерін оқытудың маңыздылығы ескеріліп, басқа пәндермен бірдей деңгейде қарастырылуда.

Бейнелеу өнерін оқытудағы жаңа педагогикалық технологияларға тоқталатын болсақ, ол — соңғы техникалық құралдармен жабдықталған, шығармашылық ізденістен туындаған дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдердің жүйелі бірлігі.

Бейнелеу өнерін оқыту тәжірибесінде қолданып жүрген бірқатар дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді атап айтсақ, олар — ойын, сайыс, көрме, соның ішінде:

  • тірілген туынды — туынды оқиғасын кеңістікте көрсету;
  • мазмұн мен көңіл-күйді көшіру — музыканы жазықтықта бейнелеу;
  • ұйықтап тану — жұмулы көзбен көріністі, белгілі бір бұйымды ұстап тану және оны мүсіндеу;
  • ауада сурет салу — белгілі бір бейне ізін ауада сызып көрсету;
  • ауызша сурет салу — музыканы, өлеңді ауызша суреттеу.

Сабақ жүйесіне енгізілген дөстүрден тыс әдіс-тәсілдер оқушылардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып өзіндік образ, өзіндік іс-әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасайды. Қоршаған ортадан, үлкен өнер туындыларынан сұлулықты көріп қана қоймай, оны өз бетімен іздеуге ұмтылуға баулиды. Бейнелеу өнерінің сезімдік әсерін түсініп, оған қызығушылығы артады. Өзінің және өзгенің жұмысына құрметпен қарап, саналы түрде талдап баға беруге, өнерді өз өмірінің құрамдас бір бөлігі ретінде көруге тәрбиеленеді.

Б. М. Неменский өз еңбектерінде мұндай сабақтарға енгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер оқушылардың арасында бір-бірімен шығармашылық бірлікті, оқытушы мен оқушының арасында ортақ бірлікті қалыптастырады деген.

Бейнелеу өнері және оның әдістемесі пәнінде «Портрет» тақырыбына сабақтың өтілуі. Өткізілетін сабаққа тоқталсақ:  онда сабақ мақсаты — портрет жанры туралы түсінік беріп, портретті бейнелеу тәсілдерін үйретіп, шығармашылық, өнертану қабілеттерін дамытуға  болады.

Сабақ барысында қайта өрлеу дөуірінің ұлы суретшілері Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти, қазақ бейнелеу өнерінің атасы Әбілхат Қастеевтің портреттік шығармалары кең қолданылып, портрет жанры, портретті бейнелеу тәсілдері жөнінде түсінік беріледі.

Дәстүрлі сабақтарда портретті натурадан немесе елестету арқылы бейнелеу тапсырылатын болса, ал бұл сабақта машықтық жұмысқа жоғарыда көрсетілген суретшілер туындыларындағы композицияны, қимылды пайдалану арқылы өзіндік жаңа образ бейнелеу. Мысалы: Рафаэльдың «Мадонна Темпи» атты туындысындағы ана образын әр оқушыға өз анасының образында бейнелеу ұсынылады.

Бұл ұсыныс оқушылардың біріншіден, ұлы суретшілер шығармаларының композициялық құрылымына, түсінік шешіміне, орындау әдісіне талдау жасауларына мүмкіндік туғызады. Екіншіден, ақ қағаз алдындағы кедергілерді тез жеңіп, суретшілер шығармаларын бағытқа ала отырып, жаңа образ жасауларына көмектеседі. Үшіншіден, шығармашылық, икемділік дағдымен қатар өнерсүйгіштікке, өнер танушылыққа тәрбиелейді, баулыйды.

Осы тәсілді табиғат көрінісін бейнелеуде, тақырыптық бейнелеу сабақтарында қолдануға болады.

Резюме

Изобразительное творчество позволяет не только отражать и воспроизводить  существующую  природную реальность , но и создавать новую художественную среду общества, своеобразную материальную среду жизнедеятельности людей. В процессе изобразительного творчества происходит проверка научных знаний, их  подтверждение или опровержение, а также постановка новых научных проблем и сбор фактического материала как экспериментальной основы новых исследований. Примерно к изобразительному творчеству учащихся в его развитие к своей форме изобретательству, важно разработать такое его содержание, чтобы определить  формы и методы включения учащихся  в эту деятельность, которое  сможет  развить у них черты личности, обеспечивающие творчество, вооружить их изобретательскими умениями, необходимыми знаниям, соответствующими современному уровню развития  техники и человеческого общества .

Summary

Izobrazitelinoe creative activity allows not only to reflect and reproduce the existing natural reality , but also create the new artistic ambience a society , pecular material ambience to vital activity of the people. In process of art  creative activity occurs checking the scientific knowledges , their acknowledgement or disclaimer , as well as stating the new scientific problems and collection of the actual material as experimental base of the new studies. Approximately to of art  creative activity pupils in his(its) development to its form of art  it is important to develop such his(its) contents to define the forms and methods of the cut-in  pupils in this activity , which will be able to develop beside them line of the personalities , providing creative activity , arm their invention skills ,necessary knowledges, corresponding to modern level of the development of the technology and human society.

Әдебиеттер

  1. Байжігітов. Бейнелеу өнерінің теориялық мәселелері. Атырау., “Өнер”., 2005
  2. Қ.Әмірғази. Қазақтың бейнелеу өнері. Алматы., “Өнер”., 1969
  3. Мизамбаев Р. Живопись және оның негізгі мәселелері. Алматы., “Өнер”., 1999
  4. Л.Любимов. Батыс Европа өнері. Алматы .,“Өнер”., 1982
  5. Кузьмина М.Т. Юному художнику. Москва., “Просвещения”., 1963
  6. А.С.Шипанов. Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілер Алматы .,“Мектеп”., 1986
  7. Е.В.Шорохов. Композиция. Москва., “Просвещения”., 1986
  8. Ә.Төлебиев .«Сурет сала білесің бе ?» Алматы., «Өнер»., 1990
  9. Федеоров С.Изобразительное искусство Москва.,“Просвещения”., 1977
  10. Л.Любимов Искусство деревного руси. Москва., “Просвещения”.,
  11. Ғалиев В.З. Қазақстан ХІХ ғасыр суретшілерінің шығармаларында.

       Алматы., “Өнер”., 2005

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ