«инвестициялық жобаларға бизнес – жоспар құрудың экономикалық негіздері» дүйсебеков ш.,аға оқытушы

0

Бүгінгі қазақстандық инвестиция тәжірибесінде мынадай жағдай қалыптасып отыр: бұрын қолданылған түсініктер мен терминдер өздерін тасушылармен нарықтық экономика қатарына еніп, іске кедергі келтіруде. «Техникалық-экономикалық дәлелдеме» дәстүрлі түсінігі де осындай жағдайда, оны көп жағдайда инвестициялық жобаға немесе бизнес-жоспарға теңестіруде. Жоба халықаралық нормаларға сай болуы тиіс. «Инвестициялық жоба» және «бизнес-жоспар» түсініктері көбінесе синонимдер ретінде қолданылады, бірақ олардың арасында, әсіресе, жобалық талдау тұрғысынан едәуір айырмашылықтар бар. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, инвестицияландыру процесінде бизнес-жоспар маңызды элементтің бірі болып табылады. Бұл ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «кәсіпкерлік іскерліктің жоспары» дегенді білдіреді және осы құжаттың мәнінің жоғары болғаны соншалық, Батыс Еуропа елдерінің көбінің басқару органдарында жаңа кәсіпорынды тіркеу үшін тиісті құжаттармен қатар бизнес-жоспар міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Бизнес-жоспар — бұл кәсіпкерлік іскерлікпен байланысты басқарушылық шешімдерді кешенді, жүйелі түрде түсіндіретін, алдына қоятын мақсаттарды және одан шығатын міндеттерді анық көрсететін,  сыртқы  және  ішкі  жағдайларды объективті тұрғыда бағалайтын, мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды анықтайтын, осының бәрін сандармен сипаттап, берілген шешімнің тиімділігін бизнеске тартылған барлық қатысушыларға (тұтынушылар мен оған ақша салушылардан бастап, одан жақсы нәтижелерді

күтуге құқылы қоғамға дейін) дәлелдей алатын құжат.

Бизнес-жоспар жаңа өндірістік қуат құру арқылы немесе өндірісті жаңарту, оны техникалық қайта қамтамасыздандыру негізінде жаңа өнім шығаруды іске асыру үшін сырттан қаржы көздерін тартумен байланысты ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді негіздеуде қолданылады.

ӨНІМДІ ӨТКІЗУ БОЙЫНША ЖОБА ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАР

  1. Өнім сипаттамасы.
  • аталмыш өнім түрін таңдау негізі
  • номенклатура, болжалды шығарылым көлемі;
  • өнімнің өзіне тән қасиеттері;
  • өнімнің даму сатысы (идеясы, жоба нұсқасы, жұмыс жобасы, тәжірибелі партия, әрекеттегі сериялы өндіріс)
  1. C. Шикізат, материалдар мен басқа да өндіріс факторларының нарығын зерттеу және талдау
  • өндірістің шикізаттық және басқа да факторларының сипаттамасы;
  • шикізатқа, материалдар мен басқа да өндіріс факторларына қол жететіндік (шикізат, материалдар және басқа да өндіріс факторлары үшін есеп айырысу тәртібі);
  • жабдықтау бағдарламасы (жобаның әр жылына);
  • жеткізілім бағдарламасы (әр жылға);
  • шикізатқа, материалға және басқа да өндіріс факторларына шығатын жылсайынғы шығыстардың сметасы.

Өнім тұтынушыларының сипаттамасы

  • негізгі тұтынушылар, тұтыну көлемі, баға деңгейі
  • сұраным мен ұсынымдардың болжалды өзгертулері
  1. D. Өнімді өткізу бағдарламасы
  • Бағаны есептеу және негіздемесі, баға белгіленімі
  • Өнімнің өзіндік құнының есебі
  • Сату бағдарламасы (жобаны іске асырудағы әр жылға);
  • Сатудан болған болжалды табыс (әр жыл бойынша)
  • Сатып алу және үлестіру кезінде ұсталатын шығын
  • Тұтынушылардың мақсатты тобы (негіздеу)
  • Сауда желісін сипаттау
  • Үлестіру әдістемелері мен арналары, жарнама
  • Өткізуге ынталандыру
  1. Кәсіпорынның бәсекеге жарамдығы
  • Негізгі бәсекелестер (атауы мен қысқаша сипаттамасы), олардың негізгі жақсы жақтары мен кемшіліктері, нарықтың алатын үлесі
  • Қолданылатын технологиялардың салыстырмалы талдауы
  • Негізгі бәсекелестер бағаларының салыстырмалы талдауы
  • Маркетинг және тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) үлестірудің салыстырмалы талдауы.
  1. Жобаны орындаудың заңдық және нормативтік базасы

§  Лицензия немесе рұқсат алу қажеттілігі

§  Жобаны халықаралық ұйымдар, республикалық және жергілікті басқару органдар арқылы іске асыруды шектеу/қолдау,

ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ

  1. Орналасқан жері (жобаны орналастыруға әсер еткен негізгі факторларды көрсету)
  • Шикізат жеткізушілері мен көздеріне қатысты орналасуы
  • Өнім (көрсетілетін қызмет) тұтынушыларына қатысты орналасуы
  • Құрылысқа арналған қолдағы бар және жоспарланған алаң ішіндегі телімдер мен алаңнан тыс тораптар және жол телімдерінің орнын көрсете отырып, қазіргі бар және жоспардағы өндірістік және көмекші ғимараттардың , құрылыстардың, үй-жайлардың, сақтау орындары мен қоймалардың (пайдаланылуын нақтылаумен бірге) блоктарының/үлгілерінің орналастырылуын көрсетумен бірге алаңды сипаттау (геодезиялық жағдайлар, жоспарды іске асыруға жоспарланған алаң аумағының экспликациясымен оқиғаға орай жоспары);
  • Таңдалған алаңның кәсіпорынның өндірістік қуатына сәйкестігі (жобаны іске асыратын алаңдағы объектілерді қысқаша сипаттау, соның ішінде: ғимараттар, құрылымдар (төлқұжат деректері, жағдайы); құрылыстар (эстакадалар, жер асты сақтау орындары, скважиналар және т.б.)
  • Инфрақұрылым:

В  Технологиялық процесті сипаттау

  • технологияны таңдау негіздемесі (әлемдік стандарттарға сәйкестігі, қолда бар аналогтарымен салыстыру, Қазақстандағы немесе шетелдегі басқа жобалар бойынша жаңалық және/немесе оларды байқаудан өткізу;
  • таңдап алынған техниканың сипаттамасы (тәжірибеде қолданылатын өнім өндіру технологияларының нұсқаларын суреттеу, іске асырылатын жоба үшін осы технологияны таңдап алуға негіз болған техникалық шарттарын көрсете отырып, қолдағы бар өнім өндіру технология нұсқаларының негізгі жақсы жақтары мен кемшіліктеріне салыстырмалы талдау жасау);
  • Технологиялық және басқа жабдықтар мен техниканың болуы және оларға деген қажеттілік, оларды сатып алу шарттары (қолдағы бар техника мен жабдықтардың тізбесі, олардың қазіргі жағдайы, жаңа жабдықтың қолданылып жүрген жабдықтармен технологиялық үйлесімділігі; қажетті қосымша және/немесе жаңадан сатылып алынатын техника мен жабдықтың тізбесі, олардың техникалық спецификациясы, өтініш берушінің жабдық жеткізушісімен келіскен жабдықтарды орналастыру схема-жоспары, осыған ұқсас жабдықтың басқа жеткізушісімен салыстырмалы талдау (сапасы, бағасы, технологиясы), бағаның бәсекеге қабілеттілігі;
  • өндірістік қуаттың негіздемесі;
  • кәсіпорын қуатын игеру серпіні;
  • технологиялық және басқа жабдықтар мен техникалардың болуы, оларды сатып алуды қажетсіну және оларды сатып алу шарттары (қолдағы бар техника мен жабдықтар тізбесі, олардың ағымдағы жағдайы, қажетті техника мен жабдықтар тізбесі, бәсекеге жарамды баға, пайдаланылып жүрген жабдықпен технологиялық сыйысымдылығы, жабдықты жеткізудің әр түрлі нұсқаларына салыстырмалы талдау жасау)
  • жер телімдерін, ғимараттарды, құрылыстарды, байланысты қажетсіну;

Б  Жобаны басқару және кадрларды орналастыру

  • Жобаны басқару құрылымы;
  • Жобаның жетекшілеріне және негізгі менеджерлеріне қысқаша түйіндеме
  • Фамилиясы, аты-жөні, білімі, институт, мамандығы, қашан бітірген, еңбек тәжірибесі, лауазымы, бұл лауазымда неше жыл жұмыс істейді.
  • Жұмыскерлер саны және кадрларды орналастыру
  • Еңбек ресурстарын және оқып-үйренуді қажетсіну.

Д  Жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс кестесі

  • Құрылыс кезеңдері (Мысалы: жоба алдындағы зерттеулер, ТЭН жобалауға және әзірлеуге тапсырма, ТЭН, аудандық архитектурадан қортынды, аудандық мемлекеттік сараптаманың қортындысы, ТЭН Мемлекеттік архитектуралық-құрылыстық қадағалауға табыстау, салуға рұқсат алу, мердігермен бас шарт жасасу)
  • Салу мерзімі
  • Жабдықты жеткізу мерзімі
  • Құрастыру, іске қосу-жөндеу және пайдалануға жіберу мерзімдері
  • Жобалық қуатқа шығу және бұдан былайғы өндіру серпіні
  • Қажеті туса, технологиялық карта ұсынылады

К  Жоба бойынша шығындар құрылымы

  • Жер телімі
  • Құрылыстық-құрастыру жұмыстары
  • Өндірістік жайлар
  • Жабдық
  • Жүк тасу
  • Сақтандыру
  • Құрастыру және іске қосу-жөндеу жұмыстары
  • Өндіруге шығатын шығындар, соның ішінде

(шикізат нарықтарына талдау жүргізу, негізгі жеткізушілер және шикізатты жеткізу бағдарламасы, электр энергиясы, су және басқа да құрамдас бөліктері, ( жарнама кампаниясы, дистрибьютивалық торап салу және т.б)

ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ БОЛЖАМДАРЫ

A. Қаржыландыру және төлемдер кестесі

  • Аванстық төлемді салу мерзімі
  • Сақтандыру және комиссиялық төлемдер мерзімдері
  • Негізгі қарызды және ол бойынша проценттерін төлеу кестесі

В Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу және шығын сметасы

Жобаны іске асыру және шығын калькуляциясы кезеңіне дайын өнімді өндіру бағдарламасы

  • Алғашқы көздер бойынша жобаның технологиялық карталары
  • Нормативтік параметрлерге сәйкес өнім өндіру көлемін жоспарлау
  • Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу және шығын сметасы
  1. Сатудан болған табыс баптарын ажырату (шығарылатын өнімнің әр түрі бойынша өткізу көлемін әрбір ай бойынша көрсете отырып); болса, маусымдық ауытқуларды ескеру керек.
  2. Пайдалар мен залалдар туралы есеп болжамы. Шығындардың ірі баптары бойынша түсініктеме беріледі, баға мен дайын өнімді өткізу көлеміне және шикізатты сатып алуға маусымдық ауытқулар
  3. Ақша қаражаттарының қозғалыс болжамы.
  4. Жобаны қаржы бағасының жай әдістерінің көмегі арқылы талдау
  • Жоба өтелімділігінің жай мерзімі
  • Жай табыс нормасы (жобаны іске асырудың әр жылы бойынша және тұтас жоба бойынша)
  • Пайдалылық, өтімділік және айналымдылық көрсеткіштерін талдау

Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшіліктерін ескере отырып мақта өсіретін шаруа қожалығының бизнес-жоспарын жасап, ауылдық кәсіпкерлердің агроэкономикалық сауаттылығын көтеру мақсаты көзделген.Бизнес-жоспар жасағанда ең кемдегенде алдынғы үш жылда алынған өнімнің мөлшері талданып,оған іс-жүзінде қосылатын өнімнің есебі дәл анықталуы керек.

«Дүйсебек-Ш» шаруа қожалығының бизнес -жоспары

Шаруа қожалығы Мақтаарал ауданы «Қарақай» ауыл әкімшілігі Сәтпаев елді мекенінде.

                     Пайдалы жер түрлері Егіндік жер көлемі га  

%

Барлық ауыл шаруашылығы жерінің алқабы

Оның ішінде:

— егістік жері

— суармалы егістік жері

 

       23

 

22

22

100

 

90,9

90,9

Ұзақ мерзімге жалға алынған жердің көлемі – 23 га, оның ішінде егістік жер – 22 га, мақта егілетін жер – 20 га, бақша егілетін жер – 2 га. Болжам бойыншаалынатын мақта шикізаттының шығымдылығы 50 тоннаны, бақшаның шығымдылығы 90 тоннаны құрайды.

«Дүйсебек – Ш» шаруа қожалығының құрамы

 

 

 

 

 

 

 

Туыстық жағдайы Жасы

жыл

Білімі Мамандығы
1

 

Дүйсебеков Дархан

 

Үлкен ағасы 37 Жоғары   Заңгер
2

 

Дүйсебеков Қаныбек

 

інісі 34 Орта механизатор
 

3

Дүйсебеков Жақсыбек

 

інісі 27 Орта Сушы
 

4

 

Спанова Нұржамал

 

 

келіні 32 Орта Жұмысшы
5 Мырзахвнова Замира келіні 23 Жоғары Жұмысшы

Шаруа қожалығның материялдық-техникалық ресурстары

 

 

Атаулары

 

 

Шыққан жылы Саны Қалдық құны теңге
1 Шынжырлы трактор Дт — 75 1996 1 450000
2 Доңғалақты трактор МТЗ – 80Х 1997 1 380000
3 Культиватор КРХ – 4 2001 1 106000
4 Тырма ЗБТ -1 2000 6 12000

Барлық қолда бар техникалар жөдеуден өткен. Техникалардың өздеріне тиісті құжаттар мен белгілері бар.

Каражат кажеттілігі

(Мақгалық жер учаскесі — 20 га, қарбызға бөлінген жер учаскесі — 2 га)

к/с Қаржыландыру баптары Өлшем бірлігі Мақта  өсіру Қарбыз өсіру Барлық сомасы
Норма бой-ынша саны Сомасы тенге Норма бой-ынша саны Сомасы, тенге
1 Макта түқымы (шит) кг 600 2270 22770
2 Жанар-жағар май кг 6000 210000 120 4200 214200
3 Минералды тыңайтқыштар кг X 280500 800 12000 292500
4 Биоматериалдар және химиялық препараттар X X 40000 X 33000 73000
5 Қарбыз түкымы («Ницца» сорты) 1,0 10000 10000
6 Полиэтилен пленкасы кг 16920 90 30600 30600
7 Ағын су га/м3 6000 100000 600 1692 18612
8 Ішкі тасымалдау кызметі т/км 2050   100000
9 Шаруа (фермер) қожалығы-ның мүшелеріне аванс төлемі тг         300000
  Барлығы тг X 670190 X 91492 1061682

Жоғарыда келтірілген есептеулерге сай » Дүйсебек – Ш » шаруа кржалығы екінші деңгейдеіі коммерциялық банктен немесе «Агроқаржы несие серіктестігінен» бір жылдықпайыз мөлшері 10%, ал алты айлық пайыз өсімі 5% — сомасы 1061,7 мың тенге несие алуды жоспарлап отыр

Несие кайтару есептеулері.

Несие қаржыиың есеп шотқа түсу мерзімі: 1 ақпан, 2011 жыл  
Несиені қайтарудың бастау мерзімі: шілде, 2004 жыл  

Көрсеткіштер 1 ақпан 2011 жыл 2011 жылдың айлары 1 қазан 2012 жыл
VII VIII IX X XI XII
Несиенің сомасы, мың теңге 1061,7              
Бір жылдық ставкасы, % 10,0              
Жарты жылдық ставкасы, % 5,0              
Несиені кайтару, мын теңге 1061,7 100,0 100,0 112,1 280,0 239,6 230,0 1061,7
Несиенің өсімін төлеу, мық теңге 53,1 13,1 20,0 20,0 53,1
Несиенің өсімі % қосып төлеуі мың теңге 1114,8 100,0 100,0 112,1 293,1 259,6 250,0 1114,8

Жоғарыдағы кестеде келтірілген есептеулер бойынша бір жылдықнесие өсімінің ставкасы 10,0 % болса, оның сомасы 106,2 мың теңгеге тең болады, ал алты айлық ставкасы 5,0 % болғандыктан оның сомасы 53,1 мың теңгеге тең.

Шаруа қожалығының 2011 жылға өндірістік бағдарламасы

Көрсеткіштер Дакылдар тұрі Барлығы
 

 

Макта Қарбыз  

 

Еіістікжер, га 20 2 22,0
Шығымдылығы ц/га 25 450 X
Жиынтықөнім, тонна 50 90 X
Ішкі шаруашылық шығындары, тонна 10 X
Тауарлы өнім, тонна 50 80 X
Операциялық шығынцар/тг 670190 91492 761682
Оның ішінде: сатып алыиған тұқым, кг 690,0 1,0 X
Сомасы, тенге 22770 10.000 32770
Сатып алынған жанар-жағар май, тонна 6000 120 6120
Сомасы, тенге 210000 4200 214200
Сатып алынған минералдық тыңайткыштар, кг 19700 800 20500
Сомасы, тенге 280500 12000 292500
Сатып   алынған   биоматериалдар және химиялық препараттар 500 жэне 35000 306000 X
Сомасы, тенге 40000 33000 46000
Сатып алынған полиэтилен пленка, кг 180 180
Сомасы, тенге 30600 30600
Ағынсу, га/м3 6000 600 6600
Сомасы, тенге 16920 1692 18612
Ішкі көлік тасмалдау сомасы, тенге 100000 100000

» Дүйсебек – Ш » шаруа (фермер) қожалығы 6 ай мерзімге 1061,7 • мың теңге алады, оның өсімі 5% есебінен 53,1 мың теңгені күрайды. Жалпы несиелер бойынша төлемдер сомасы- 1114,8 мың тенге.

Шаруа қожалығының өнімдерді сатып өткізуден алған пайдасының болжамы (мың теңге)

Көрсеткіштер Сомасы
Сатып-өткізуден түскен түсім 4100
Онліріс шығындарының барлығы 1919,8
Сатып-еткізуден түскен табыс 2180,2
Салықгар сомасы 61,6
Бөлінетін пайда 2118,6
Несиенін өтелуі 1114,8
Таза табыс 1003,8
Ондірістік шығындардың ішінде:  
Түракты шығындар 1158,2
Соның ішінде жалакы авансы 300,0
Аудармалар, әлеуметтік салық 137,8
Оның ішінде зейнетақы қорына 98,5
Міндетті медициналық сактандыру 29,5
Еңбскпеи камту 9,8  ,
Аудармалардан кейінгі таза табыс 1003,8

Шаруа (фермер) қожалығының алдын ала есептелген каржылық нәтижесі.

Бизнес-жоспарын жасауда каржы есебінің орны бөлек. Оның ең маңызды үш нысаны бар. Олар пайда және шығын женіндегі есеп, сонымен қатар ақша айналымы бойынша есеп.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ