Мектепте халық аспаптар оркестрін жүргізудің жолдары

0

Біз әріге бармай-ақ Оңтүстік өңіріндегі жылма-жыл  өткізіліп отырған мектеп аралық көркем өнер үйірмелерінің өзара шығармашылық жарысын тыңдай бақылай отырып, аңғарғанымыз ондағы ұлт-аспаптар оркестрінің кең өріс алып отырғаны байқалады. Бірақ бұл өз бетімен үйренушілердің көркем және музыкалық білім дәрежелері тиісті көлемде емес, олардың репертуарлары да өте кедей әрі біркелкі. Үйірме мүшелерінің көпшілігінің нота сауаты жоқтың қасы. Оркестр жетекшілерінің де жан-жақты кәсіби дайындығы саяздығы көзге ұрып тұрады. Сол себепті жетекшіге айтар тәліміміз төмендегіше.

Оркестр музыка икемі мен қабілеті бар және халық аспаптарының жақсы көріп, онда ойнағысы келетін оқушылардан құралған музыка ұжымы, оның дұрыс жолға түсіп, қалыптасып кетуі, алғашқы кезіндегі ұйымдастыру мәселелеріне байланысты.

Оркестр ұйымдастырудың негізгі мәселесі — оны жабдықтау. Бұған жататындар: дайындық өткізетін кең бөлме, сапалы музыкалық аспаптар комплексі, пульті, орындық, нота қағазы, тақта т.б., көрнекті құралдардан: нота сауты жазылған схема, композиторлар портреті, грамжазба, магнитофон жабдықтары және видео таспалар.

Жалпы білім беретін және музыка мектептеріндегі арнаулы музыка мектептері туралы әңгіме басқаша. Халық аспаптар бөліміне домбыра, қобызды қай кластан бастап алуға болады деген мәселе туындаса, өлке бойынша көптеген тәжірибелі ұстаздар 3-сыныптан бастап алғанды жөн көреді. Біз де осы тұжырымға қосыламыз. Шындығында 1-2 сынып оқушылары әлі де мектеп өміріне көндіге қоймаған кезеңі. Екіншіден бұл жастағы оқушылардың денесіне шақ музыкалық кішкене аспап әлі жасалынған жоқ. Міне осы жәйттерді ескерсек, 3-сыныптан бастау ыңғайлы. Оркестр ұйымдастыру кезеңіндегі ендігі бір мәселе — оқушыларды аспаптарға бөлу. Бұл оқушылардың музыкаға икемділігі мен дене құрылысына байланысты жүргізілуі тиіс. Дене жағынан ірілеу, саусағы күшті оқушы оркестрдің бас, контрабас топтарына, ал қалғандары қобыз, домбыра топтарына отырғызуға болады. Ал дауылпаз, ұрмалы аспаптарға музыкалық, ритмикалық ырғақтарды жақсы сезіне білетін оқушы таңдалады.

Оркестрді ұйымдастыру сәтіндегі ендігі көңіл аударатын мәселе актив мүшелерінің іріктелуі. Оркестр активін құраудан бұрын жетекші оқушылармен түрлі дайындық, басқада жұмыстар барысында жақын танысып, олардың ұжымдағы қарым-қатынасын, қоғамдық жұмысқа деген икем, ынта-ықыласын байқаған жөн. Өйткені, бұл жұмысқа икемі жоқ мүшелерлің қабылдануы ықтимал. Актив мүшелерін дұрыс іріктеп таңдай білу, оркестр жұмысының ілгері басуынының кепілі. Оркестр активінің құрамын – көркемдік кеңес деп атайды. Кеңес мүшелері оркестр жетекшісі, топ басшы, аспап топтарының концертмейстрі кіреді. Кеңес мүшелері мына жұмыстарға жауап беруге тиіс: дер кезінде әзірліктің басталуы, барлық аспаптардың құлақ күйінің келтірілуі, мүшелердің өз партияларын игеруде жауапкершілігі, тәртіп бұзбау, аспапты күьіп ұстау, орындық пульттерінің қамтамасыздығы және т.б. Актив мүшелері жиі бас қосып,  оркестрдегі жетістік, кемшілікті талқылап, қорытынды шығарып отыруға тиіс. Оркестрдегі алғашқы дайындық оқушыларға үлкен эмоциялық әсер қалдырумен қатар, ұйымдастырылу процесі жоғарғы дәрежеде болуға тиіс.  Өйткені оркестрдің болашақта творчестволық бағытымен дамып, бір тұтас ұжымдық тұрғыда қалыптасуына, алғашқы дайындықтардың, ұйымдық қызметтердің дәрежесімен тығыз байланысты.

Алғашқы дайындықтардың жұмыс барысы:

  • оркестр мүшелерімен танысу, музыкалық қабілеттеріне сай оркестр топтарын бөлу;
  • оркестрдің нормалық тәртібі бойынша отырғызуы оның бірнеше варианттары бар;
  • құлақ күйін келтіру;
  • дирижердің қолына дұрыс түсініп, анамбльдік тәртіпті сақтай білу;

Алғашқы дайындықтағы енді бір ескеретін мәселе – оқушылардың көңіл көтеріңкілігі мен қызығушылық дәрежесін бәсеңдетіп алмай, одан әрі дамыта түсу.

Домыраны игеруегі ойнау аппаратын дұрыс қою кезеңі немесе шығарманы сапасыз қайталай беру оқушыларды жалықтырады. Жетекші мұндай сәттерде олардың жақсы көретін күйлерін ойнап, музыка тарихы, оркестр аспаптары жайлы әңгіме айтып, сейілдіріп отырған жөн. Әсіресе жетекшінің аспапта өзі ойнап беруі оқушыларға эстетикалық құштарлық туғызып, менде осылай ойнасам екен деп ынталанады. Бұл әдістемелік маңызы зор тәсіл. Оны әр сәт оркестр әзірлігінде орынды пайдалану музыкалық дамудың зор кепілі. Психологияда бұны еліктеу дейді.

Оркестрдің алғашқы дайындығында қысқада, көңілді ән-күй, пьесаларды ойнаған жөн. Себебі оқушылардың оркестрге келуіндегі негізгі мақсаты-музыка аспабын тезірек үйреніп жолдастарының алдында, үйінде ойнап, концерттерге шығу, жұрттың назарына ілігу, өз ойынан ләззат алу. Міне алғашқы үйренген ән-күйлер оқушыны көңілдендіреді, қызығушылығын арттырады. Аспапта ойнай алады екенмін деген ынта сезімін туғызады.

Жетекші оқушының осы бір алғашқы талап ұшқындарын сөндіріп алмай, жандандыра түскен жөн. Яғни не ойнағысы келетінін оны қандай жолдармен игеруге болатынын түсіндіру, концертке шығару ойнағысы келетін шығармада үзінділер үйрету, концертке алып бару, ансамблдік ойындарға қатыстыру (дуэт, трио), фортепиано, баян сүйемелімен пьеса, күйлер ойнау т.б. Бұл кезеңдегі енді бір ескеретін жәйт оқушылардың аспапты үйде ойнап жаттығуы. Ұстаз үйдегі жаттығудың әдістемесін, өзі аспапта көрсетіп, мысалдар арқылы айқындаған жөн. Үйдегі жаттығудың маңызы терең түсіндіргенде ғана олардың өз бетімен дайындалғанда ғана белсенділігі арта түседі.

Оркестрге енген музыкалық аспаптарды практика жүзінде игеру–бұл саладағы негізгі және қиындығы көп жұмыс аспапта практикалық игерудегі алғашқы қадам жаттығулар. Ал ол жаттығулар ән-күйге негізделсе тіпті жақсы. Жаттығу әдісін дұрыс пайдалана білсек, көптеген күйлерді тез-ақ үйреніп кетуге болатындығы практикалық дайындық жұмыстарында көрініп жүр. Музыкалық аспаптарды практикалық игеруге мына жұмыс формалары қажет:

  1. Ең алдымен жетекші домбырада оқушылардың жақсы көретін бір күйін ойнап, сол күй немесе жалпы музыка туралы қысқада, қызықты әңгіме айтып беру.
  2. Жетекші оқушылардың домбыраны ұстауын, орындыққа отыруын, қағу тәсілін, дұрыс музыкалық дыбыс шығару т.б. ойнау техникаларын практика жүзінде өзі ойнап, көрсетіп түсіндіреді.
  3. Алғашқы ойнаған жаттуғулардан бастап дыбыстық мәнерлілігіне көңіл аударып, салыстырмалы әдісті пайдалану /сапалы, сапасыз дыбыстарды ажыратып отыру/.
  4. Әр кез ойнау техникасына жаңа элеметтерді қосып, оқыту процесін ілгері дамыта түсу;
  5. Жетекші мен оқушылардың бірігіп ансамблде ойнауы.

Әдебиеттер

  1. Тастанов Х. Домбыра оркестрін қалай ұйымдастыру керек., Алматы,

Казгослитиздата., 1965.-442 б.

  1. Байжұтанов С. Оқушылардың халық аспаптар оркестрі., Алматы., Өнер., 1989 .-160 б.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ