Топырақ беткейін жабу арқылы ылғалдылықты сақтау және суару техникасын жетілдіру

0

Су тапшылығы жағдайында ауылшарушылығы дақылдарын өсіп-өндіру бойынша үлкен маңызды шаралардың бірі — ол жүйек аралыққа өсімдік қалдықтары мен полиэтилен пленкаларын төсеу арқылы, топырақтың жыртылатын қабатында ылғалдылықты сақтау және өсімдіктің өсіп-дамуына қарқындылық таныту.

Әртүрлі материалдармен топырақ беткейін жабу, буланудан сақтау топырақтың ылғалдылығын сақтау, оларды ұтымды деңгейдегi ұстау — өте маңызды іс-шара.

Жүйек аралыққа өсімдік қалдықтары мен полиэтилен пленкаларын төсеу арқылы ылғалдылықты сақтауды оңтайландыру мақсатында, Қазақ мақта шаруашылығы ғыдыми-зерттеу институтының тәжірибелік алқабында 7 нұсқадан тұратын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мақта қозасы егілгеннен кейін, жүйек аралыққа өсімік қалдықтары  мен полиэтилен пленкасымен жабу арқылы, топырақ қабатындағы ылғалдылыққа қандай әсері болатынын анықтау барысында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Тәжірибе алқабының жалпы көлемі  3024 м2.  Нұсқалардың көлемі 7,2 м х 20 м = 144 м2 х 7 (нұсқа) = 1008 м2 х 3 (айналым) =3024м2 .

Ұсақ мөлдекті стационарлы тәжірибе алқабындағы зерттеу жұмысы 44 бөліктің 4-ші тәжірибелік алқабында жүргізілді. Зерттеулер мақтамен жүргізілетін далалық тәжірибелер әдістемесі бойынша жүргізілді (Бүкілодақтық МҒЗИ, 1981, А. Имамалиев).

Тәжірибеде, мақта қозасы өсірілген барлық нұсқалардағы топырақтың 0-20 см,20-40 см және төменгі қабаттары, жүйек аралыққа қолданылған заттарды жабуға дейін топырақ қабатындағы ылғалдылықтар өз-ара бір-біріне жақын көрсеткіште болды, ал жүйек аралыққа қолданылған заттарды жабудан кейін топырақ қабатындағы ылғалдылықтар өз-ара нұсқаларға байланысты өзгере бастағанын айқындап отыр.

Өсімдік қалдықтарымен жабылған нұсқалардағы топырақтың 0-20 см терең қабатындағы ылғалдылық, бақылау нұсқасымен салыстырғанда 13,0 пайызға жоғары сақталғанын анықтадық. Ал жүйек аралыққа полиэтилен пленкасымен жабылған нұсқадағы топырақтың 0-20 см терең қабатындағы ылғалдылық, бақылау нұсқасымен салыстырғанда 20,2 пайызға жоғары сақталғаны тәжірибе жүзінде байқалды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, полиэтилен пленкасы төселген нұсқалардағы (нұсқалар 3,5 және 7) топырақ ылғалдылығы, өсімдік қалдақтары төселген нұсқалармен (нұсқалар 2,4 және 6) салыстырғанда топырақты 0-20 см қабатындағы ылғалдылық 7,6 пайызға, ал топырақтың 20-40 см қабатындағы ылғалдылық 3,1 пайызға жоғары болғандығы тәжірибе жүзінде анықталды.

Тәжірибеде бақылау нұсқасында, яғни жүйек аралығы жабылмайтын нұсқадағы топырақтың 0-20 см терең қабатындағы ылғалдылық, жүйек аралық жабылмаған кездегі бастапқы көрсеткішпен салыстырғанда топырақ ылғалдылығы 30,3 пайызға төмендеп кеткені анықталды, яғни бастапқы көрсеткіш топырақтың 0-20 см терең қабатында 13,5 пайызды құраса, кейінен бұл көрсеткіш 9,4 пайызды құрады.

Бақылау нұсқасындағы топырақтың 20-40 см қабатындағы бастапқы топырақ ылғалдылығы 19,3% болса, кейінгі анықтауда 13,5% болды, яғни 30,1 пайызға ылғалдылықтың буланғаны байқалса, төменгі 40-60 см тереңдегі топырақтың бастапқы ылғалдылық көрсеткіші 21,2%, кейінгі жағдайда бұл көрсеткіш 14,8% көлемін құрап, ылғалдылық 30,2 пайызға төмендегені айқындалды (кесте 1).

Тәжірибе барысында топырақ қабатындағы ылғалдылықты тұрақты дәрежеде сақтау жүйек аралаққа полиэтитлен пленккасын жабу арқылы 3,5 және 7-ші  нұсқаларда өте қарқынды байқалды.

Ғылыми-зерттеу тәжірибе барысындағы, мақта қозасының өсіп-дамуына  фенологиялық бақылау жүргізу нәтижесінде, жүйек аралыққа өсімдік қалдықтары мен полиэтилен пленкасын жабу бойынша анықтаулар, бақылаулы нұсқамен салыстырған мақта қозасының өсіп-дамуы әлдеқайда жоғары болғаны айқындалды.

Мамыр айының ішінде бақылаулы нұсқада өсімдіктің орташа бойы 15,2 см, ал өнім бұтақтары 5,6 дана болғанда, жүйек аралыққа өсімдік қалдықтары жабылған нұсқаларда орташа есеппен мақта қозасының бойы 15,4 см, ал өнім бұтақтары 5,7 данаға жетті. Ал өте жақсы қарқындылық, жүйек аралыққа полиэтилен пленкасы жабылған нұсқаларда байқалды, яғни мақта қозасының бойы осы аталған мерзімде орташа есеппен 15,8 см-ге жетіп, өнім бұтақтары 6,0 данаға дейін артқаны зерттеу нәтижелері бойынша айқындалды.

Кесте 1 — Жүйек аралықты жабудың топырақ  ылғалдылығына  және қозаның өнім көрсеткіштеріне әсері, %

Тәжірибе нұсқалары қабат,

см

 жабуға

дейінгі

 жабудан кейінгі көсектер,

дана

өнімділік,ц/га
Бақылау – жүйекаралыққа жабылмайды және кәдімгі жүйекпен суару 0-20

20-40

40-60

13,5

19,3

21,2

9,45

13,5

14,8

 

9,3

 

 

29,5

 

Өсімік қалдықтарымен жабу  Жүйекпен суару 0-20

20-40

40-60

13,1

19,4

21,7

         10,7

15,7

18,0

 

9,5

 

 

31,2

 

Полиэтилен пленкасымен жабу 0-20

20-40

40-60

13,9

19,0

21,0

12,1

15,2

18,5

 

9,7

 

 

31,7

 

Өсімік қалдықтарымен жабу Жүйек тастап суару 0-20

20-40

40-60

13,4

19,5

21,8

10,8

16,0

17,6

9,6  

31,3

 

Полиэтилен пленкасымен жабу 0-20

20-40

40-60

13,1

19,5

21,2

11,4

17,2

18,8

 

9,9

 

32,8

 

Өсімік қалдықтарымен жабу Трубок-сифондарды пайдаланып суару 0-20

20-40

40-60

13,3

19,3

21,5

10,9

16,0

17,6

9,7  

31,8

 

Полиэтилен пленкасымен жабу 0-20

20-40

40-60

13,3

19,3

21,3

11,8

16,8

18,7

 

10,7

 

 

32,8

 

Ең төменгі өнім бұтақтары бірінші бақылау нұсқасында байқалды, тамыз айында  орташа есеппен бір өсімдікке шаққанда  9,9 дана болса, көсектер саны 7,0 дана көрсеткішінде болды.

Мақта қозасының бойы тамыз айында полиэтилен пленкасын қолданған нұсқаларда  — орташа есеппен — 84,6 см болып,  11,3 дана өнім бұтақтары құралды. Бұл өнім бұтақтарының шоғырлануы топырақ ылғалдылығы мен суару техникасының әсерінен жинақталды. Қыркүйек айындағы көсектер санын есептегенде, өсімдік қалдықтары мен полиэтилен пленкасын қолданған нұсқаларда, бақылау нұсқасымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болды.

Тәжірибедегі  3, 5, 7 – ші нұсқалардағы полиэтилен пленкасын қолданып, жүйек тастап және құбыр-түтікшелермен гектарына 0-1-1 тізбек бойынша 500 м3/га, 400 м3/га мөлшермен суарғанда, орташа есепппен көсектер саны қыркүйек айында 10,1 көсек шоғырланды. Тәжірибелік зерттеу жұмысының өнімділік нәтижелері бойынша 3-ші  нұсқадағы полиэтилен пленкасын қолданып, жүйек тастап суарғанда өнімділік гектарына шаққанда 31,7 центнерге жетті. Ал 5-ші нұсқадағы полиэтилен  пленкасын қолданып, жүйек тастап суарғанда мақта қозасының өнімділігі  гектарынан 32,0 центнерден айналса, кейінгі нұсқадағы полиэтилен  пленкасын қолданып, құбыр-түтікшелермен суарғанда гектарынан 32,8 центнерден мақта шикізаты өнімі алынды.

Вегетация кезеңінде жүйек аралық жабылған нұсқаларда 0-1-1 тізбек бойынша 500 м3/га, 400 м3/га мөлшермен, ал 1-ші нұсқада  0-1-1 кесте бойынша 700 м3/га, 500 м3/га мөлшермен суарылды.

Қорыта айтқанда, осы жүргізілген тәжірибе жұмыстары нәтижелері бойынша, жүйек аралыққа полиэтилен пленкасы жабылған нұсқалар, мақта қозасының өсіп-дамуына қарқындылық көрсетіп, топырақ қабатындағы ылғалдылықтың булануынан сақтап, топырақтың жақсы қызуын қамтамасыз етіп, мақта қозасының өсіп-дамуына жақсы тиімділік танытады..

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ