Топырақтың агрофизикалық қасиетін оңтайландыру жолдары

0

Топырақ құнарлылығының маңызды элементтерiнiң бiрi оның агрофизикалық күйлерi болып табылады. Топырақ табиғи дене болғандықтан, ол белгілі физикалық қасиеттермен ерекшеленеді.

Топырақтың көлемдік салмағының жоғары болуы, тамырдың  төмен бойлап өсуіне, тұқымның көктеп өсуіп шығуына кедергі жасайды. Топырақтың көлемдік салмағының ең қолайлы мөлшері өсімдіктің биологиялық  ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады. Топырақтың көлем салмағы шамадан тыс жоғары болуынан ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді.

Зерттеу жұмыстарында, ауыспалы егіс тізбектеріндегі топырақтың көлемдік салмағы 30см тереңдікке дейін талдап-анықтау,  әр 10 см-де, яғни      0-10 см,  10-20 см,  20-30 см  топырақ қабаттарында жүргізілді.

Тәжірибе барысында топырақтың көлем салмағы көрсеткіштері вегетация басында жоғары көрсеткіштерде болды. Вегетация басында мақтаның бірегей егістігіндегі топырақтың көлемдік салмағы, орнықты дәрежеден жоғары екені байқалды, яғни 0-10 см қабатта– 1,44 г/см3, 10-20 см — 1,53 г/см3 және 20-30см  қабатта 1,60 г/ см3  көрсеткіште ерекшеленіп отыр (кесте).

Кесте – Топырақтың көлемдік салмағының көрсеткіштері, г/см3

Тәжірибе нұсқалары Дақылдардың орналасуы Қабат,

см

Топырақ көлемі   салмағы, г/см3
17.05. 05.10.
1 Мақтаның бірегей егісі монодақыл 0-10

10-20

20-30

1,44

1,53

1,60

1,43

1,48

1,58

2 (2:1) — 2  жыл жоңышқа  + 1 жыл мақта  

Мақта -1

0-10

10-20

20-30

1,29

1,33

1,38

1,24

1,28

1,30

3 (1:1:1) — 1 жыл мақта, күзде үстіне

бидай егу+1 жыл бидай, агромелиоративті алқап + 1жыл мақта

 

Мақта -1

0-10

10-20

20-30

1,38

1,41

1,47

1,30

1,32

1,34

4 (1:2)

1 жыл үрмебұршақ, сидератқа +

2 жыл мақта

Мақта -2 0-10

10-20

20-30

1,33

1,39

1,46

1,28

1,31

1,33

5 (1:2)

1  жыл қытайбұршақ  сидератқа+

2 жыл мақта

Мақта -2 0-10

10-20

20-30

1,30

1,38

1,43

1,28

1,30

1,31

Жоңышқаның 2 жылдық тұрағынан кейінгі мақта өсірілген топырақта, көлемдік салмақ орнықты дәреже көлемінде ерекшеленді. Мысалы, вегетация басында, топырақтың  0-10 см қабатында 1,29 г/см3 болса, күзге қарай 1,24 г/см3, 10-20 см қабатында -1,33 г/см3 болса,  күзге қарай 1,28 г/см3 және 20-30см  қабатта, көктемде 1,38 г/см3 көрсеткіште болып, вегетация соңында бұл көрсеткіш 1,30 г/см3 болып өзгерсе, орташа есеппен топырақтың 0-30 см қабатта көктемде 1,33 г/см3, күзге қарай құнарлылыққа байланысты 1,27 г/см3 көлемдік көрсеткішке төмендеді. Себебі, топырақтың көлем салмағының орнықты деңгейде орын алуына, жоңышқа дақылының екі жылғы тұрағының қарқындылығы, топырақтың агрофизикалық қасиетіне едеуір оңтайлы тиімділік танытты.

Бір жыл мақта, күзде үстіне бидай егу және агромелиоративті алқаптан тұратын бидайдың 1 жыл тұрағы + 1 жыл мақтадан тұратын ауыспалы егіс тізбек бойынша (1:1:1), вегетация басындағы 0-10 см топырақ қабатында 1,38 г/см3 болса, күзге қарай бұл көрсеткіш 1,30 г/см3 ғана өзгерді, топырақтың 10-20 см терең қабатында, көктемде 1,41 г/см3, күзге қарай 1,32 г/см3 және 20-30 см  қабатта, көктемде 1,47г/см3 көрсеткіште болса, вегетация соңында бұл көрсеткіш 1,34 г/см3  көлемінде ғана төмендеді. Бұл тізбекте, өткен жылы бидай өнімі жиналғаннан кейінгі жүргізілген агромелиоративті іс-шаралар жиынтығы, топыраққа оңтайлы әсер етті.

Үрмебұршақ дақылынан кейін мақтаны екінші жыл өсіргенде, топырақтың орташа 0-30 см қабатында орташа есеппен көктемде 1,39 г/см3 болса, күзде 1,30 г/см3 көрсеткішке оңтайланды, ал қытайбұршақ дақылынан кейін мақтаның екінші жыл өсіргенде, топырақтың терең 0-30 см қабатында орташа есеппен көктемде 1,36 г/см3 көлем көрсеткішінде болса, күзге қарай бұл көрсеткіш тәжірибе жүзінде топырақтың терең 0-30 см қабатында орташа есеппен 1,29 г/см3, болып, топырақтың көлем салмағы орнықты дәрежеде болғаны анықталды (сурет).

Сурет  —  Ауыспалы егістерге байланысты топырақтың 0-30 см  қабатындағы көлем салмағының өзгеруі

Мақтаның бірегей егістігіндегі, мақтаның бір жерге қайта-қайта өсірілуі, топырақтың агрофизикалық қасиетіне, яғни топырақтың көлемдік салмағына кері әсер ететіні айқындалды.

Қорыта келгенде, ауыспалы егіс тізбектеріндегі жоңышқа және агромелиоратвті іс-шаралар жиынтығынан тұратын бұршақ тұқымдас дақылдарының қарқындылық жағдайлары, кейінгі өсірілетін мақта егісіндегі топырақтың көлем салмағына тиімділік танытатыны тәжірибе жүзінде анықталды.

Сондықтан да ауыспалы егіс тізбектерін өз тәртібімен жүргізу,  аралық бұршақ тұқымдас және дәнді-дақылдарды енгізіп, агромелиоративтік — жерді жақсарту жұмыстарын жүргізу бағыты, топырақтың физикалық қасиеті мен құнарлылығын неғұрлым тиімді арттыра түсуге, мақта қозасының қарқынды дамуына, сондай-ақ өнімді  барынша артыруға үлкен оңтайлы әсерін тигізетіні айқындалды.

Түйін

Мақалада, ауыспалы егіс тізбектеріндегі өсірілген ауылшаруашылығы дақылдары және жүргізілген агромелиоративті шаралар қарқындылығы, топырақтың агрофизикалық қасиетіне оңтайлы әсер ететіні сипатталған.

Резюме

В статье приведены данные улучшения агрофизических свойств почв в зависимости от сельскохозяйственных культур и проведенных агромелиоративных мероприятии в севообороте

Summary

In article these improvements of agrophysical properties of soils depending on crops and carried out agromeliorative action are given in a crop rotation

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ