Шағын және орта бизнесті дамыту бағыттары

0

Қазір біздің елімізде бизнесті дамытудың бұрын – соңды болмаған қолайлы ахуалы туып отыр. Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бастап, аталмыш салаға айрықша көңіл бөліп отыруы, сол арқылы республикадағы банктердің оны қаржыландыруды жақсы жолға қоюы тікелей мұрындық болуда. Бұлай болатыны, Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің кез келген елдің экономикалық жағынан өсуі мен өркендеуінің негізі екенін өте жақсы біледі. Ал бұл тектес кәсіпорындар өз ретінде орасан зор ақша айналымы мен жұмыс орындарын жасап қана қоймайды, сонымен қатар өндіріске жаңа технологияны бірінші енгізіп, бизнесті жүргізудің соны тәсілдеріне батыл қол создырады. [1,2,3]

Егер мемлекет ырғақты және тұрақты даму долына түскісі келсе, оның әлеуметтік – экономикалық бағдарламасына міндетті түрде шағын және орта бизнесті ынталандыру шараларының енгізілу қажеттігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бүгінде дамыған елдерде ішкі жалпы өнім көлемінің 40 – 90 пайызы шағын және орта бизнестің үлесіне тиеді. Себебі, бұл мемлекеттердің үкіметтері аталмыш секторды жолға қоюға алдыңғы кезекте мән береді.

Шағын және орта бизнес – тұрақты азаматтық қоғамның діңгегі. Барша қазақстандықтар әл – ауқатының көтерілуі оның дамуымен тығыз байланысты. Статистика агенттігінің үстіміздегі жылғы мәлімет бойынша, қазіргі таңда елімізді 627779 белсенді компания мен жеке кәсіпкерлер тіркелген. Шамамен олардың 99 пайызы шағын және орта бизнестің шаруасын шалқытып жүргендер болып есептелінеді. Соның ішінде барлық субъектілердің 61,1 пайызын жеке кәсіпкерлер, 27,1 пайызын шаруа (фермерлік) қожалықтары, 10,4 пайызын шағын кәсіпкерліктің, ал 1,4 пайызын орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары құрайды.

Шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері саны жөнінен екі облыс алда келеді. (кесте 1) Солардың ішінде осындай 119246 құрылымымен еліміздегі жалпы көрсеткіштің 18,99 пайызын құрайтын Оңтүстік Қазақстан облысы бірінші орында тұр. Екінші орындағы Алматы облысы жалпы көрсеткіштің 16,44 пайызын қамтитын 103241 субъектіге ие. Ал бұдан кейінгі орындардағы аймақтардың үлес салмақтары бұлардан едәуір төмен. Бұған көз жеткізу үшін үшінші – төртінші орындарға жайғасқан Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласында тиісінше 61995 және 56221 шағын және орта бизнес құрылымдары бар екенін айтсақ та жеткілікті. Қызылорда облысы кестенің соңында. Сыр бойындағы кәсіпкерлік құрылымдардың 12917 деген цифрмен шектеледі. Соңынан санағанда екінші болатын, халқының саны аталмыш өңірдегіден екі еседей аз Маңғыстау облысындағы көрсеткіш бұдан біршама биік – 15941. артта қалушылардың көшін атырау облысы 17700 деген цифрмен тиянақтайды. Кәсіпкерліктің жекелеген тармақтарына келсек, заңды тұлғалы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша Алматы қаласының алдына түсетін ешкім жоқ. Оңтүстік астанада бұл көрсеткіштер тиісінше 18215 және 2335 сандарын көрсетеді. Қалған аймақтарда бұл цифралар едәуір төмен. Сол сияқты жеке кәсіпкерлік пен шаруа (фермерлік) қожалықтарының саны жөнінен Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары шығандап алға шығып кеткен. Ал осылардың шаруа (фермерлік) қожалықтарынан басқалары бойынша Қызылорда облысы көштің ең соңында орын тепкен. Енді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны жөнінде (кесте 1) мәліметтер, ол мынадай көріністерді ұсынар еді. Статистика агенттігінің биылғы жылғы 1 қазандағы мәліметі бойынша, еліміздегі шағын және орта бизнес құрылымдарына 2156901 адам жұмысқа тартылған. Олардың 552445 – і заңды тұлғалы шағын бизнес, 422464 – і заңды тұлғалы орта бизнес құрылымдарында есепте тұрады, 728682 – сі жеке кәсіпкерлікпен шұғылданады, 453310 – ы шаруа қожалықтарында жұмыс жасайды.

1 – кесте. ҚР шағын және орта бизнес жөніндегі мәліметтер

Аймақ атауы Кәсіпкерлік субъектілер Шағын бизнес Орта бизнес Жеке кәсіпкерлік Шаруа (фермер) қожалықтары
Оңтүстік Қазақстан 119246 4455 474 55496 58821
Алматы облысы 103241 4256 520 49454 49011
Шығыс Қазақстан 61995 4517 499 41580 15399
Алматы қаласы 56221 18215 2335 35664 7
Қарағанды 41756 4875 747 30161 5973
Жамбыл 35042 1518 171 17967 15386
Қостанай 33114 2602 509 24978 5025
Астана қаласы 24843 5859 810 18172 2
Ақмола 24724 1964 428 18632 3700
Павлодар 22400 2520 340 16684 2856
Ақтөбе 21441 2769 448 14585 3639
Солтүстік Қазақстан 19080 1763 397 13745 3175
Батыс Қазақстан 18118 1989 240 12339 3550
Атырау 17700 2168 374 13502 1656
Маңғыстау 15941 4303 374 10518 746
Қызылорда 12917 1754 210 9801 1152

Шағын және орта бизнес құрылымдарында күнкөрісін ажыратып жүрген жұртшылықтың саны жөнінен де Оңтүстік Қазақстан облысы 285308 көрсеткіштерімен алда келеді. Осы салалар арқылы әл – ауқаттарын көтерушілердің қатары Алматы қаласы мен облысында да едәуір. Оларда бұл деңгейлер тиісінше 275447 және 255321 мөлшерінен қайтады. Ал оларды субъектілер түрлеріне қарай бөліп қарастырғанда, заңды тұлғалы шағын және орта бизнесте Алматы қаласының үлесі айрыұша көп. Онда бұл салалар тиісінше 126330 және 71791 адамды асырап отыр. Сол сияқты 89658 адамға жұмыс тауып берген Шығыс Қазақстан облысы жеке кәсіпкерлікті дамыту жөнінен көш басында тұр. Ал шаруа (фермерлік) қожалықтарында нәпақа айырып жүргендер қарасы Оңтүстік Қазақстан облысында бәрінен де көп, олар 141403 адамды құрайды.Көрініс мейлінше түсінікті болуы үшін кесте – 2 де төмендегі мәліметтер келтірілген.

Кесте – 2. Шағын және орта бизнеспен жұмыспен қамтылғандар саны, адам

Аймақ атауы Кәсіпкерлік субъектілер Шағын бизнес Орта бизнес Жеке кәсіпкерлік Шаруа (фермер) қожалықтары
Оңтүстік Қазақстан 285308 43900 25273 74732 141403
Алматы қаласы 275447 126330 71791 77269 57
Алматы облысы 255321 36885 24531 71006 122899
Шығыс Қазақстан 199578 44297 34146 89658 31477
Қарағанды 167212 46860 33424 62180 21748
Жамбыл 128779 20310 10841 27621 70007
Қостанай 123105 26859 32373 52557 11316
Астана қаласы 109869 44492 27794 37579 4
Ақмола 99565 19645 30309 38943 10668
Солтүстік Қазақстан 90318 15723 28251 38805 7539
Павлодар 85911 22135 15657 40725 7394
Ақтөбе 84911 23750 21968 29256 3175
Батыс Қазақстан 72027 18505 15553 27314 10655
Маңғыстау 64549 28044 17643 17622 1240
Атырау 62243 18510 16957 23099 3668
Қызылорда 53232 16200 15953 17316 3763

Ал кез – келген еңселі елдің экономикалық өсімі мен өркендеуінің негізі болып табылатын осы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері әкеліп жатқан табыстар қандай, енді соған тоқталайық. Статистикалық агенттік ұсынған 2010 жылдың қаңтар – қыркүйек айлары аралығындағы мәліметтерде оның республика бойынша 4 трлн. 108млрд. теңге болғаны байқалады. Бұлардың арасында заңды тұлғалы шағын кәсіпкерліктің табысы – 1 трлн. 114 млрд. 843 млн., заңды тұлғалы орта кәсіпкерліктің үлесі – 2 тлрн. 450 млрд. 288 млн., жеке кәсіпкерлердің қосқаны – 336 млрд. 344 млн., ал шаруа (фермерлік) қожалықтарының әкелгені 206 млрд. 605 млн. теңге маңынан қайырылады.Аймақтардың жайына келсек, мұнда Алматы қаласының десі бәрінен басым. Осы субъектілер әкелген барлық табыстың 27,64 пайызы, яғни 1 трлн. 135 млрд. 482 млн. теңгесі оңтүстік астананың үлесіне тиеді. Келесі орындағы Астана қаласына тиесілі қаржының қоржыны бұдан екі еседен де төмен, ол – 504 млрд. 569 млн. теңге. Үшінші орындағы Батыс Қазақстан облысчының еншісіне 334 млрд. 967 млн. теңге жазылсы, төртінші орынға табан тіреген Атырау облысында 273 млрд. 877 млн. теңге бар. Бұдан соңғы бесінші орынды – Алматы (255409 млн.), алтыншы орынды – Оңтүстік Қазақстан (206367 млн.), жетінші орынды – Шығыс Қазақстан (193747 млн.),  сегізінші орынды Қарағанды (188068 млн.), Ақмола (122443 млн.) және Павлодар (114048 млн.) облыстары 11 – 13 орындарға жайғасқан. Кестенің соңын Қызылорда (113144 млн.), Солтүстік Қазақстан (108537 млн.) және Жамбыл (85450 млн.) облыстары аяқтайды.

Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, үстіміздегі жылдың қаңтар – қыркүйек айларында өнім өндіру көлемі республика бойынша 5,3 пайызға өскен. Соның ішінде шағын және орта бизнес белсенді субъектілерінің саны 1,1 пайызға артып, оларда жұмыс жасайтындардың қатары 2,5 пайызға көбейген. Мұнда өнім өндіру мөлшерін  113,8 пайызға өсірген Ақтөбе облысы көш басында тұр. Үздік үштіктің үзірі бұдан басқа Палодар (106,9%) және Қарағанды (106,8%) облыстарына тиесілі. Көштің соңында Алматы (101,9%), Қызылорда (102,7%) және Солтүстік Қазақстан (102,1%) облыстары қалып қойған.

Қазақстан алдағы жылы Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуге талпыныс жасауда. Ал бұл ұйымға мүше болу банк саласын, шағын және орта бизнесті дамытуды талап етеді. Сондықтанда болар, аталмыш салаларға қолдау көрсету Президент пен Үкімет саясатының басты бағыттарының біріне айналды. Енді осы қамқорлық пен қолдауды мүмкіндігінше тиімді пайдалана білу аймақтардағы әкімдіктер мен осыған қатысты басқармалардың қаншалықты дәрежеде іскерлік пен шалттық таныта алып жүргендердің нақтылы бағасы мен өлшемін байқата алады.Елімізде шағын және орта бизнес мониторингі төмендегідей (кесте – 3

Кесте – 3. Шағын және орта бизнес мониторингі

ШОБ негізгі көрсеткіштері ШОБ белсенді субъектілері 627779 ШОБ субъектілерінде жұмыс істеушілер 2156901 ШОБ өндірген өнім 4108079 теңге
Белсенді субъектілер өсімі 101,1 % Заңды тұлғалы шағын кәсіпкерлік 65527 Заңды тұлғалы шағын кәсіпкерлік 552445 Заңды тұлғалы шағын кәсіпкерлік 1114843 млн. теңге
Қамтылған адамдар өсімі 102,5 % Заңды тұлғалы орта кәсіпкерлік 8876 Заңды тұлғалы орта кәсіпкерлік 422464 Заңды тұлғалы орта кәсіпкерлік 2450288 млн. теңге
Өндірілген өнім (қойылған баға бойынша) өсімі 105,3% Жеке кәсіпкер 383278 Жеке кәсіпкер 728682 Жеке кәсіпкер 336344 млн. теңге
  Шаруа (фермерлік) қожалығы 170098 Шаруа (фермерлік) қожалығы 453310 Шаруа (фермерлік) қожалығы 206605 млн. теңге

Қорыта айтқанда, Қазақстан экономикасын алға жылжытуда және әлеуметтік, макроэкономикалық мәселелерді оңтайлы шешуде шағын және орта бизнесті орны маңызды. Ендігі мәселе шағын және орта бизнесті ұйымдастыру және дамыту бойынша Заңнамалық базаны нығайту болып табылады. Осы орайда: «Меншікті тіркеу», «Лицензиялау туралы», «Инвесторларды қорғау», «Салық салу» өлшемдері бойынша Заңдарды оңтайлы нәтижелері көрініс болады.

Шағын және орта бизнес ел тұрақты тығыны, ондағы саяси және әлеуметтік экономикалық жағдайдың орнықтылығының тірегі ретінде атап көрсетуге болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ