Ұлттық білім беру жүйесіндегі патриоттық тәрбие мәселелері

0

Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесіндегі, патриоттық тәрбие берудің орны ерекше. Әдетте жер көлемі жөнінен дүние жүзінде тоғызыншы орынды иеленетін, табиғат ресурстарына  бай, халқы аз және көпұлтты Қазақстан Республикасының әрбір азаматтарының  Отаны туралы патриоттық санасын, ой- өрісін дамыту, мемлекетіміздегі ғаламдану үрдісінде бәсекелестікке және ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай отырып, өркениетті елдер қатарына жеткізуге ықпал ететін патриоттық тәрбие беруді ең пәрменді және сенімді идеологиялық құрал ретінде ұлттық білім беру жүйесіне енгізудің маңызы зор. Бұл үшін қажетті шарттар:

  • ұлттық білім беру жүйесінде, мемлекеттік тұрғыдан патриоттық тәрбие берудің басымдық тұстарын қаржыландыру, құқықтық- нормативтік, әлеуметтік статусын көтеру, бүкіл қоғамдық қолдау жүйесін қалыптастыру;
  • білім беру жүйесіндегі ұлттық ерлік дәстүрлерді кешенді пайдалану, патриоттық тәрбие берудің технологияларын жетілдіру, және біртұтас ”Қазақстан патриотизмді” қалыптастыруды жетілдіру;
  • ұлттық білім беру жүйесінде мемлекет тарпынан тікелей әсер ету- негізінен қазақ мектептерінің білім беру мазмұнында париоттық тәрбие беру ісін жетілдіру, материалдық базасын нығайту, яғни отбасынына жоғары оқу орны аралағына дейін үздіксіз білім беру жүйесіне патриоттық тәрбиені дамыту.

    Әлемдегі өркениетті елдердің бәрі де білім беру жүйесін дамыту мәселесін басым бағыты есебінде белгіленеді. Егер білім беру жүйесінде шынайы мемлекеттік бағдарлама аясында ұлттық бірыңғай қаһармандық дәстүрлері мен практикалық маңызы байланысты болмаса, онда мемлекеттің өзін құртуға итермелеуі мүмкін. Мұндай мысалды КСРО кезіндегі білім беру жүйесінен білуге болады. Бұл туралы: “Кеңестік замандағы білім беру жүйесі- ол жоғарыдан басқарылатын, қатал тәртіппен реттелетін қоғам болғандықтан, өзінің мақсат- мүдесіне сай құрсалған, ауыздықталған жағдайда білм береді және сол қоғамға қызмет етуге бағытталған”- деп келтіреді зерттеуші Р.Жашиев.

     Демек, мемлекетіміздің білім беру жұйесінде патриоттық тәрбие беруді жан- жақты жетілдіру ұлттық идеяға, ұлттық құндылықтарға негізделе құралып, ұлт мүдесін басым бағытта ұстай отырып дамытылуы тиіс. Яғни хаклықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім- тәрбиесінен жан- жақты тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды проблемаларының бірі.

  Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005- 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде “Қазақстандық патриотизмді, жоғары мәдениетілікті, адам құқықары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу” қажеттілігі көрсетілген. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап- міндеттер бүгінде жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие болып отырғандығын көрсетеді. Ал мұндай күрделі тәрбие үрдісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйлерінде үздіксіз, кешенді жүргізуді талап  етеді.

  Ағылшын ағартушысы Д. Локк өзінің педагогикалық ойларында өз замандағы джентельмендер тәрбиесін насихаттай отырып: “Ол үшін бүкіл жақсы қасиеттер бойынан табылуы қажет. Әрине ақылды, білімді, дене бітімі дұрыс және өз Отанын қорғай білетін азамат- джентельман болуы тиіс”- деп көрсетеді.

      Қазақстанда әлемдік аренада ұлттық құндылықтарды, қаһармандықты мәңгі сақтайтын және насихаттайтын шынайы патриоттарды, нағыз батырларды тәрбиелеудің маңызы зор.

    Қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын мектепке қойып отырған талап тұрғысынан қарастырғанда, патриоттық білім беру маңызыды мәселе болып отыр. Патриоттық білім, ол қоғамда білімнің тез және шапшаң қарқынмен дамуына байланысты туындауында.

         Патриотттық білім қасиеттілігі осы заманда ақпараттық алмасу үлгісінің қарқындылығымен байланысты.

      Патриоттық тәрбие берудің іс- тәжірибелерін зерттеуде олардың әдістері, формалары мен мазмұны анықталған (С. Ешімханов, С. Иманбаева, Л. Сейдахметова т.б.) ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, патриоттық тәрбиені қалыптастырудың төмендегідей бағыттарын белгіледік:

  1. Патриоттық білім.
  2. Патриоттық сана.
  3. Патриоттық іс- әрекет.

Патриоттық сезімді қалыптастырудың бағыттары.

 Біз баршаға мүмкіндік беретін қоғам: әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне — өзі қызмет теуге жағдайы жоқ жанжарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса, да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерге қамқор болатын, ардагер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз. Бұл- Қазақстанның шынайы патриоттарының басты ісі. Сондай- ақ “қазақстандық патриотизмді” еліміздің әрбір азаматтарының санасына сіңіру- кезек күттірмейтін мәселе. Ұлтына , нәсіліне, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасы мен ұстанған бағыт- бағдарына т.б. ерекшеліктеріне қарамастан.

       Патриоттық сана- сабақта жәнғе сабақтан тыс іс- шарпаларда Отанды сүю. Елін қорғауға байланысты басты ұғымдарды ашып көрсету арқылы қалыптасады.

   Қазақстанда болып жатқан –өзгерістер, бұрынғы идеологиялық бағдардың жаңа, алайда әлі де айқын емес көзқараспен алмасуы патриоттық тәрбиенің мәнін, оның қоғамдық өмірдегі орнын, жастарды Отанына қызмет ету, соның ішінде әскери қызмет атқару міндетіне дайын болуға тәрбиелеу ісінің ролін қайта қарап, ой елегінен өткізуді қажет етеді. Бүгінде қоғамымызда аса маңызды рухани- адамгершілік және әлеуметтік құндылық ретінде шынайы патриоттық сезімді қайта жаңарту, жас адамның бойында азаматтық белсенділікті, әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастыру басты міндет болып отыр. Бұл қасиеттерді жастар қоғамдағы жасампаздық үрдістерді ілгері апаруда, оның негізін нығайту мен жетілдіруде, еліміздің шебін қорғауға байланысты қызметтерде көрсетіп, іске асырады.

   Осы мақсатқа жету бірқатар міндеттерді шешуді талап етеді. Бұл жерде әңгіме ең алдымен жастардың философиялық- дүниетанымдық көзқарасын орнықтыру, оларға өмірдің мәнін айқындауда көмек көрсету, сана- сезімін қалыптастыру, заңды, ұжымдық өмір нормаларын құрметтеуге тәрбиелеу, әлеуметтік жәнғе азаматтық жауапкершілігін дамыту жөнінде болып отыр. Адам бойындағы мұндай қасиеттер өз Отанының әл- ауқаты мен оның іргесінің берік болуына, қорғаныс қабілетін арттыруға қамқорлық танытудан көрінеді. Патриоттық тәрбиенің бүгінгі міндеті оның тиімділігін арттыру, әсіресе оны жастарды жоғары азаматтық және әлеуметтік белсенділік рухында тәрбиелеуді мақсатты түрде жолға қою арқылы арттыру болып отыр.

Әдебиеттер:

  1. Жашиев Р. Білім берудің ұлттық моделін ұсынамыз // Білім- Образование .2006. № 1 (26- 30 бет).
  1. Сейталиев Қ. Б. Педагогиканың жалпы негіздері. Оқу құралы- Атырау. 2004.- 271 бет.
  2. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005- 2010жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // білім және ғылым хабаршысы. 2004. № 2-3 14- 17 бет.
  3. Айталы А. Аптықпағанның асығы  алшысынан. Алматы. “Қазақстан” 2003. 56 бет.

Резюме

    В данной статье рассматриваются проблемы внедрения патриотического воспитания в национальную систему образования и формирования школьников патриотических чувств посредством образов казахских батыров  и героических традиций.

Summary

The problems of  introducing patriotic education into national educational system and formation of patriotic properties by means of the Kazakh heroic images and heroic traditions are proved

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ