Агроқұрылымдарды ірілендірудің экономикалық тиімділігі

0

Мақта өсіретін агроқұрылымдардың  шаруашылықты  интенсивті жолмен және тиімді ұйымдастырудың маңызды шарты–өндірістік факторлардың шоғырлануы, ресурстарды тиімді пайдалану.

Капиталды шоғырландыру  мен өндірісті ірілендіру үдерісі, объективті экономикалық сипатқа ие болып, өндірістік күштерді дамыту және ғылыми–техникалық өркендеудің, шаруашылықтың тиімділігін арттырудың заңдылықтарына негізделеді.

Өндірісті шоғырландыру және мамандандыру үшін агроқұрылымдардың параметрлері мен өлшемдерін, яғни ірілендірілген тауарлы өндіріске өтудін жан-жақты негіздеудің қажеттілігі осылардан туындайды.

Мақта саласында ірілендірілген агроқұрылымдардың өлшемдері барлық өңірде бірдей болмайды. Олар қалыптасқан шаруашылық құрылымы, су жүйелеріне, топырақ–табиғат жағдайына қарай алуан түрлі экономикалық –өндірістік көлемдерде, өлшемдерде құрылуы мүмкін.

Агроқұрылымдарды ірілендіруде шаруашылық – экономикалық негіздеулердің төмендегі шешуші қағидаларын басшылыққа алу тиімді:

– су және мелиоративтік бір жүйенің бойында орналасуы;

  • жерді және басқа да ресурстарды пайдаланудың ең жоғарғы экономикалық тиімділігіне жету үшін олардың параметр мөлшерлерінің оқтайлы арақатынасын сақтау;
  • ірілендірілген агроқұрылымдар: жер, су, капитал және еңбек ресурстарының параметрлеріне байланысты есептеліп анықталады.

Бірінші кезеңде, мақта алқаптарын ірілендіру, оларды кешенді механикаландыруға бейімдеу мақсатында ұйымдастыру және экономикалық тетіктерді қолдануды ендіру жоспарланады.

Мақсат–техника қуатымен орындалатын агротехникалық шараларды бірлесіп, қолда бар техниканы және капиталды шоғырландыру, агротехнологиялық операцияларды дер кезінде жоғары сапада орындап, өнімді арттыру және шығындарды азайту.

Енді осылайша шектен тыс ұсақталып кеткен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді өз еркімен ірілендірудің (бірігудің) экономикалық, құқықтық негізделген жолдарын ұсынамыз. Бәсекелестікке қабілетті және тиімділігі жоғары өндірісті қалыптастыру үшін шағын агроқұрылымдарды орта және ірі тауарлы өндіріске өткізуді ұйымдастыру қажеттілігі бугінде аса жоғары.

Шаруашылықты жүргізудің ірі формаларын дамытуда экономикалық ынталандырудың объективті қажеттілігі бар.

Ауыл шаруашылығын реформалау барысында жердін қайта бөлуінуі  ірі тауарлы өндірістің ұсақталуы, сондай–ақ  ұсақ тауарлы сектордың кеңеюіне байланысты белгілі өзгерістер болды. Көптеген ауыл шаруашылық кәсіпорындары өздерінің қалыптасқан мамандану деңгейлерін жоғалтты.

Жер мөлшері жағынан және жалпы өнім тұрғысынан ауылшаруашылық құрылымдардың қалыптасқан шағын мөлшерлері технологиялық үрдістің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмайды, бұл өз кезегінде өндірістің тиімділігінің,   бәсекелестікке қабілеттілігінің төмендеуіне алып келді.

Қазіргі мемлекеттің аграрлық саясаты ұсақ тауарлылықты жоюға, орта және ірі кәсіпорындарды қалыптастырып  шаруа қожалықтарын біріктіруге, оларды жеңілдетілген тәртіпте материалдық-техникалық ресурс  және қаржымен қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

Жүргізілген зерттеулер ірі және орта агроқұрылымдардың шағын құрылымдарға қарағанда мына төмендегідей артықшылықтары бар екенін көрсетіп отыр:

– оңтайлы мамандандыруды (салалардың үйлесімділігін) және өндірісті шоғырландыруды қамтамасыз етеді;

  • прогрессивті технологияларды қолдану, техниканы тиімді пайдалану және өндірістің тауарлылығының жоғарлату әлеуетін арттырады;
  • өндіріспен және коммерциялық қызметпен кең ауқымда тиімді айналасуға қолайлы, өзін–өзі қаржыландыру, инвестиция салу мүмкіндігіне ие болады;
  • ішкі және сыртқы рынокқа шығару үшін бәсекелестікке қабілетті өнімдер өндіруге қол жеткізеді;
  • жыл бойына ауыл тұрғындарын жұмыспен толық қамтиды;
  • ұжым қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша шараларды іске асыруға мүмкіндіктер пайда болады.

            Бәсекелестікке қабілетті және тиімді кәсіпорныдар құру мақсатында орта және ірі тауарлы өндірісті қалыптастыру мына төмендегілерді жүзеге асырудың  қажеттілігін көрсетеді:

  • ірі ауыл шаруашылық құрылымдарын құрыллып олардың жұмыс істеу барысында мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қабылдау.  Шаруашылықтарды үлғайтудағы негізгі жол – оларды заңдар мен нормативтік актілер негізінде өз еріктерімен біріктіру;

– өндірістің оңтайлы мамандандырылуын нақтылы өңірлерде табиғи– экономикалық және рыноктағы сұраныс жағдайларын ескере отырып қалыптастыру;

  • жер пайдалану мөлшерін оңтайландыру, егістік жерлердің рынокқа бейімді тиімді құрылымын енгізу;

– мақта кешенін әртараптандыру (диверсификация), соның ішінде азық-           түлік, мал шаруашылығы өнімдерін арттыру.

            Мақта саласында еңбек өнімділігін арттырудың маңызды шарты — өндірістік факторлардың шоғырлануы, ресурстарды тиімді пайдалану.

            Ауыл шаруашылығы ұсақ тауар өндірушілерді біріктіру өндірістің жоғары өнімді технологиямен және пайдалылық деңгейін өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз ете алатындай шаруашылық құруға мүмкіндік береді.

Мақта өсірудің экономикасынан белгілі болғандай, ірілендірілген шаруашылықтардың ұсақ агроқұрылымдардан артықшылығы сол, барлық өндіріс факторларын -жерді, капиталды және еңбекті пайдалануда озық және тиімді экономикалық, басқа да тәсілдерді қолдануға кең мүмкіндік береді.

Мақта өсірудің экономикасынан белгілі болғандай, ірілендірілген шаруашылықтардың ұсақ агроқұрылымдардан артықшылығы сол, барлық өндіріс факторларын -жерді, капиталды және еңбекті пайдалануда озық және тиімді экономикалық, басқа да тәсілдерді қолдануға кең мүмкіндік береді.

Соңғы кезде Оңтүстік Қазақстан облысының мақта саласындағы агроқұрылымдардың жалпы өнім көлемі, егістік жер өлшемдері және өнімділігі күрт қысқарды (кесте-1).

Кесте-1 Агроқұрылымдар санаты бойынша мәліметтер.

Барлығы: 2005 2006 2007 2008 2009 2010 % өсімі
1. Мақта алқабы мың, га 204,0 200,1 206,1 179,0 140,0 137,0 67,1
2. Жалпы өнім, мың тонна 464,3 435,4 441,6 317,5  

270,0

 

240,0

51,6
3. Өнім шығымы, 1 га-дан центнер 23,1 22,2 22,1 18,2  

 

19,6

 

 

17,9

77,4
Соның ішінде:                               Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
1. Мақта алқабы мың, га 15,0 17,1 16,9 11,3 7,3  

7,2

48,0
2. Жалпы өнім, мың тонна 22,3 22,6 25,0 14,5  

10,4

10,8 48,4
3. Өнім шығымы, 1 га-дан центнер 15,5 13,7 15,8 13,7  

14,9

16,2 104,6
Шаруа (фермер) қожалықтары
1. Мақта алқабы мың, га 187, 7 182,5 188,8 167,2 132,7  

130,0

69,2
2. Жалпы өнім, мың тонна 439 ,6 411,3 415,9 302, 8  

259,4

229,0 52,0
3. Өнім шығымы, 1 га-дан центнер 23,7 22,9 22,6 18,5  

19,9

 

18,0

 

76,0

Жұртшылық шаруашылығы
1. Мақта алқабы мың, га 1,3 0,40 0,25 0,46 0,47  

0,30

23,0
2. Жалпы өнім, мың тонна 2,4 1,4 0,7 0,11  

0,11

0,9 37,5
3. Өнім шығымы, 1 га-дан центнер 17,2 35,1 28,3 23,2 22,8 30,5 177,3

            Жоғарыдағы кестеде көріп отырғандай, мақта шаруашылығымен айналысатын ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мақта алқаптарының жер көлемі жыл санап кемею үстінде. 2005 жылы 204,0 мың га құраған болса, 2010 жылы 137,0,0 мың гектарға азайғанын,сөйтіп керісінше 67,1% көрсеткен. Яғни, ірі кәсіпорындардан шаруа (фермер) қожалықтарының бөлініп шығу үдерісі аяқталмағанын көрсетеді. Ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарында тұрақты шаруашылық экономикалық жағдай қалыптаспаған. Сондықтан олардың экономикалық- қаржылық жағдайы айнымалы, жалпы өнімнің төмендеуі орын алған.

       Сонымен қатар шаруа (фермер) қожалықтарының мақта алқабы 188,0 мың гектардан 130,0 мың гектарға дейін азайған, яғни 69,2% га.

       Жалпы өнім көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 2 есеге азайғанын көруімізге болады. Егістік көлемінің ұсақталып қалыптасуына байланысты 1 (бір) гектардан алынған өнім көлемі жыл санап төмендеуде, яғни 2005 жылы орташа көрсеткіш гектарынан 23,7 центнер болса, 2010 жылы 18,0 центнерді құрады.

       Жер көлемінің 31%-ға қысқаруының өзі ірілендіруді кезексіз шешімін табуды талап етеді. Сондықтан ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру арқылы еңбек өнімділігін көтеру мүмкіндіктері туындайды.

Ұсақ шаруа қожалықтарының жерден пайдалану тиімділігі төмен болғандығына орай, ауданда шаруа қожалықтарын ірілендіру жүйесі қалыптасты.

            2009 жылы Мақтарал ауданындағы агроқұрылымдар саны 20037 құраған. Оның 3424 ұсақ шаруа қожалықтары 27601 га егістік жерімен 257 іріленген жай серіктестіктерге біріккен.

            2010 жылы агроқұрылымдар саны 16871 құраған. Оның 7433 ұсақ шаруа қожалықтары 32477 га егістік жерімен іріленген 379 агроқұрылымға бірікті (361 жай серіктестік, 16 СТК, 1 ӨК).

            2011 жылы барлық агроқұрылымдар саны 13533 құрады. 7688 ұсақ шаруа қожалықтары   41162 га егістік жерімен 58 іріленген агроқұрылымға бірікті.

Кесте-2 Мақтарал ауданында 2011 жылы шаруа қожалықтарының мақта өндіру бойынша көрсеткіштері

Барлық түрдегі шаруашылық Ұсақ   шаруа қожалықтары Іріленген шаруа қожалықтары
  га Жалпы өнім,тн Өнімділігі га Жалпы өнім,тн Өнімділігі га Жалпы өнім,тн Өнімділігі
  101261 220748 21,8 60099 127909 21,2 41162 92839 22,5

2011 жылы аудан бойынша мақта өндіру гектарына 21,8 центнер болған болса, ұсақ шаруа қожалықтарында 22,5 центнерді құрады, бұл жалпы тауар өндірушілер көрсеткішінен 0,7 центнер, ал ұсақ тауар өндірушілерге қарағанда 1,3 центнер артық нәтижені берді.

Өндірісті ірілендіру арқылы оның тиімділігін арттыру агроқұрылымдарға бәсекелестікте төмендегідей артықшылықтар береді:

  • ғылыми негізделіп мақта саласына мамандандырылған шаруашылықты ұйымдастыру және ауыспалы егіс жүйелерін ендіру арқылы топырақтың құнарын арттырады;

– еңбекті бөлу және кооперация жолымен ұйымдастыру мүмкіндігі;

  • еңбек өнімділігі мен өндірістің пайдалылық деңгейін арттыру арқылы салада бәсекелестікке қабілеттілігі жоғары мақта кешенін қалыптастырады;
  • озық инновациялық технологияны және жоғарғы өнімді ауыл шаруашылық техникасын қолдану мүмкіндігін береді;
  • өндіріске капитал үшін инвестиция салуға, қомақты несие алуға және қорлар мен ресурстарды тиімді пайдаланып,  қайтарымын жоғарылатуға жол ашады;
  • өндірістің экономикалық және қаржылық тиімділігін арттырып, агроқұрылымның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді;
  • агролизинг жолымен мақта саласын жаңа техника және технологиямен жабдықтау мүмкіндігіне негіз қалайды;
  • ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жалпы қоғамдық пайдалану нысандарын – тұрғын үй, ауыз су, мектеп, бала-бақша, емхана, жол, тағы басқалардың тұрақты қызмет көрсету әлеуетін арттырады.

Жоғарыдағыларды қорытындылай келе агроқұрылымдарды ірілендіру: қазіргі заманғы жоғары өнімді, бір кезеңде бірнеше операцияны орындайтын, кең қанатты агрегаттарды қолдануға,еңбек өнімділігін, өнімді арттыруға және шығындарды қысқартуға өндірістік-экономикалық мүмкіндік туындатады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ