Фонетика сабақтарында тест тапсырмаларын қолдану

0

    Фонематикалық есту қабілеті дегеніміз адамзат есту мүшесінің сөйлеу кезіндегі дыбыстарды сол тілдегі фонемалар негізінде ажырата білу және сонымен қатар оларды анализдеу мен синтездей білу мүмкіндігі деп түсіндіріледі.

   Ол ауызша қарым-қатынас қызметінің барлық түрінің жасалуы мен дамуында үлкен роль атқарады.

  Шетел тіліндегі фонемалар мен дыбыстарды ажырата білмеушілік – сөз мағынасының өзгеріп кетуімен қатар, фонетикалық,  фонологиялық қателіктерге, ақыр соңында сөйлеу барысы мен

тілдік қатынас кезінде, оқуда және жазуда қателіктерге алып келеді.

Фонематикалық ұғынуды оқытуды әдеттегідей дыбыс ырғағын ажырата білу мен тани білу жаттығулары көмегімен бір мезгілде ауызша кіріспе курсында оқытылуы керек. Дегенмен, қысқа мерзімді, керек десеңіз ең қызықты жаттығулардың өзі де есіте білу қабілетін қажетті  даму дәрежесінде қамтамасыз ете алмайды.

   Сонымен қоса көптеген оқушылардың тыңдағанын есте сақтай білу қабілетінің төмен болуына байланысты, жүйелі түрде жаңа пысықтау жаттығуларын орындатуды керек етеді.

    Сондықтан есіткенді ұғына білу қабілетін толық меңгеруді жоғарылату үшін, барлық оқу курсы барысында жүйелікпен қоса (қатаң) ұдайы бақылаумен оқытылады. Бұл жұмыстың барысында әдеттегідей жаттығулармен қатар, тест жүйесінде (де) бақылап – оқыту тапсырылады.

                          Фонетикалық   Тест

   Мұндай тестер тек бақылап оқытумен қатар, зерттеу функциясын да атқара алады. Ол бізге жаттығу уақытын қысқарту немесе ұзарту куәлігін береді. Фонетикалық тестерді бақылап- оқыту жүйесінде пайдалану үшін бірнеше тест мысалдарын келтіреміз.

  Тестер төмендегі талғамдарға сай жасалады-

  1. Тест фонетикалық типтегі қиындықтарды бақылау жүйесінде немесе мағыналы бағытта болуы тиіс;
  2. Тест жүйесін құрғанда қиындықтарды сатылай өсіру негізінде жасалады;
  3. Тест тапсырмаларын құрастырғанда мағыналы болуымен қатар, оқушылар анық және дәл орындай алатындай болуы керек;
  4. Тестер мектеп оқулығынан алынып құрылуы керек, ( мектеп бағдарламасына сай құрылуы керек);
  5. Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін тест тапсырмаларында 21- ден 25 ке дейін қиын сөздер болуы керек .

  Тест№1 Ажырата білу [i:–i]. Оқытушы тест тапсырмаларын құрайды. Келесі сөздерді тыңдаңыз: жауап парағындағы реттін жанына ұзақ дыбыс есітсеңіз “+” белгісін, ал егер қысқа дыбыс есітсеңіз “– “белгісін қойыңыз. Мысал :

  • It 1)   —
  • Pete        2) +
  • meet 3) +

 Содан соң оқытушы тест сөздерінен таспа арқылы немесе өзі оқып таныстырады, (осы бақылау түрі алғаш жүргізілгенде оқушыларға түсінікті болғанша оқытушының өзі тест сөздерін оқығаны дұрыс.  Соңында таспаны қолдануға болады).

  • in, 2) live, 3) tree, 4) little, 5) read, 6) please, 7) this, 8) sit, 9) thin, 10) milk, 11) speak, 12) field, 13) spring, 14) eat, 15) sheep, 16) season, 17) which, 18) six, 19) ship, 20) these, 21) clean.

    Оқытушы сөздерді 2 рет оқиды: бірінші рет кәдімгі кітап оқығандай сөйлемнің сөз ұйқасына қарай, тыныс белгілеріне мән бере оқиды; екінші рет мұғалім оқушылар жауап (паузамен) жаза алатындай етіп, үзіліспен оқиды.

    Бірінші оқығанда оқушылар сөзді мұқият тыңдайды. Екінші оқығанда жауап жаза бастайды. Содан соң оқытушы (перфо шаблонның) көмегімен бақылау жүргізеді: немесе тақтаға жазылған шаблон арқылы өздерін тексере алады.

  • –, 2) -, 3) +, 4) -, 5) +, 6) +, 7)- , 8)-, 9)-, 10)-, 11) +, 12) +, 13) -, 14) +, 15) +, 16) +, 17) -, 18) -, 19) -, 20) +, 21) +.

  Тест  соңында оқытушы келесі нұсқау негізінде бағалау жұмысын жүргізеді:

80% -дан жоғары болса «5» деген баға,

60% — дан жоғары болса «4» деген баға,

40% -дан жоғары болса «3» деген баға,

40% — дан төмен болса «2» деген баға қойылады.

    Ажырата білу мен таңдай білу сондай-ақ, ұқыпты тыңдау арқылы тест тапсырмаларын өте жоғары және мұқият айтып

жеткізе білу шыңдалады.

        Тестер тыңдай білу қабілетінің екі деңгейіне негізделіп жасалады:

  • Ажырата білу (ұқсас дыбыстарды ажырата білу);
  • Тани білу (дауыс ырғағын тани білу);

 Test №2. Ажырата  білу [a:-^] тест тапсырмасы №1-ші тестегідей құрылады.

Сөздер: 1)arm, 2)park, 3)come, 4)father.

Кілті: 1) + , 2)+, 3)-, 4)+.

 Test №3.  Ажырата  білу [u:-u] тест тапсырмасы №1-ші тестегідей құрылады.

Сөздер 1) do, 2) book, 3) soup, 4) two.

Кілті:  1) +,  2)+, 3) -, 4) +.

  Test   № 4.  Ажырата  білу [S:-  S]

Сөздер:  1) fall, 2) form, 3) not …

 Кілті: 1) +, 2) +, 3)- .

  Test   № 5   Ажырата  білу [i: — i], [a: -L], [u:- u], [ :-  ]

Келесі жұп сөздерді тыңдаңы: жауап парағында нөмір жанына тек (егер жұп сөздер) бірыңғай созылыңқы немесе бірыңғай қысқа «+», ал біреуі созылыңқы біреуі қысқа болса  «-» белгісін қоямыз.

  1) fall – sheep                         1) +

  2) give – it                              2)  +

  3) read – if                              3)  —

Қос сөздер: 1) tall – wall, 2) watch – water;

  Кілті: 1) + ,  2) -.

Test   № 6   Табу үшін:( тани білу үшін)

       Жауап парағында жеті  қатар сөздер бар. Әр қатардан оқыған бір сөзді аламыз да, сол сөзді білдіретін әріпті қатар санының жанына жазамыз.Үлгі:

  Оқушылар көреді:

        A                        B                            C

1) what                 2) water                     wall

Олар естиді:   water.

Олар жауап парағына белгілейді:  1) b

        А                         B                         C

1 sheep                   she                       ship

2 task                     path                      ask

3 took                    true                       two

4 watch                 what                      wall

5 doll                    draw                      door

6 still                    eat                          ill

7 stood                 suit                         soup

Олар тыңдайды:  1) ship, 2) path, 3) two, 4) watch, 5) draw, 6) ill, 7) stood.

Кілті: 1) c, 2) b, 3) c, 4) a, 5) b, 6) c, 7) a.

Test   № 7   Aжырату үшін: [U  ; е ]

  Келесі сөзді тыңдаңыз: Егер сіз [U ] дыбысын естісеңіз жауап парағындағы нөмір жанына «+» белгісін  қойыңыз, егер [ е] дыбысын естісеңіз «-»белгісін  қойыңыз.

   Назар аударыңыз  [ U ] дыбысы [ е ] қарағанда ашық , кең. Оны дыбыстағанда жақ төмен түседі.

 Менімен бірге қайталаңыз ( мұғалім 5-6 сөз айтады):

  Сөздер: 1) bad, 2) red, 3) left, 4) friend, 5) flat, 6) text, 7) bug, 8) lamp, 9) ten, 10) dress, 11) man, 12) pen, 13) apple, 14) hat, 15) absent, 16) twelve, 17) head, 18) that, 19) cap, 20) men, 21) stand.

 Кілті: 1) +; 2) -; 3) -; 4) -; 5) +; 6) -; 7) +; 8) +; 9) -; 10) -; 11) +; 12) -; 13) +; 14) +; 15) +; 16) -; 17) -; 18) +; 19) +; 20) -; 21) +.

Test   № 8   Aжырату үшін: [е; U]

Келесі жұп сөздерді тыңдаңыз: жауап парағына жұп сөздердің  біреуінде[U ] дыбысын  екіншісінде де[U ] дыбысын  естісеңіз жауап парағында нөмір жанына «-» белгісін  қойыңыз, ал егер екі түрлі дыбысталатын сөздерді есітсеңіз жанына «+» белгісін белгілеңіз. Үлгі:

    1)bed-bad                          1)-

    2)flag-flat                          2)+

     Жұп сөздер:  1)head-hat, 2)back-black, 3)lamp-left, 4)flat-friend,                                  5)shelf-twelve, 6)man-men, 7)bread-red, 8)desk-dress, 9)stand-sell, 10)lad-led.

Кілті:

         1)-, 2)+, 3)-, 4)-, 5)+, 6)-, 7)-, 8)+, 9)-, 10)-.

   Алдын атап өткеніміздей мақалада ұсынылған тестер бірнеше мәрте сабақ барысында қолданылды. Оларды пайдалану тәжірибесі

келесі нәтижелерді көрсетті:

1.Тестер — оқытуды және білімді тексеретін жаңа бір әдістердің түрі;

2.Ол ойнау элементтерінің бір түрі болғандықтан жарысқа түсу  оқушыларды   эмоцианльды өріске ( сфераға) тартып тұрады;

3.Фонетикалық тестер оқушылардың тыңдау және дыбыстау қабілеттерін артады. Тестерді оқу процесіне оңай енгізіп сабақ барысында жиі қолдануға  болады. Тесті өткізу методикасы оқытушылар арасында  оңай және жеңіл меңгеріледі.

 Қорыта келе тағы бір айта кететін жайт, осындай фонетикалық тестерге сүйене отырып, оқытушылардың өздері осыларға ұқсас тестерді құрастыра алады.

  Біз берілген мысалдар мен нұсқаулар оларға осы жұмысына көмек береді деген үміттеміз.

            Әдебиеттер:

  1. Педагогикалық энциклопедия — М.,1966.- 3т 678 б.
  2. Рогова Г. Ағылшын тілін оқыту методикасы –М. 1983
  3. Старков А.П. Обучений английскому языкув ср.школе .-М.,-1978
  4. Ляховицкий М.В., Кошман И. М. Технические средства в обучении иностранным языкам.- М.,1981.-51б.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ