Мұғалім мен оқушылардың әдістемелік әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері

0

        Бүгінде қоғамды дамыту факторы ретінде түсіну жағдайында білімнің сапасын қамтамасыз ету өзекті проблема. Оқушыларды жалпы мәдени құндылықтармен таныстыру, мектеп деңгейінде қоғамдық идеалдармен сәйкес келетін тұлғалық  сапаларды қалыптастыру мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады. ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау айқындалуда. Осыған байланысты дүниежүзілік өркениеттілік қауымдастықта қазіргі адамгершілік тәрбиесінің негізіне оқушылардың және ересектердің тұлғалық дамуына ықпал жасайтын принциптер мен әдістер алынған. Атап айтатын болсақ оларға: байқау, әңгімелесу, шығарма, сұрақ-жауап, тест жүргізу, анкета алу т.б. әдістер жатады.

       Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласындағы түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындады:

-Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударды;

-Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғарғы адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты;

-Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеру негіз болатын проблема-ол білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты екенін айтты.

       Жас жеткіншектің өмірге белсенді позициясын, оның адамгершілік мінез-құлқының қажетті нысанасына айналатындай етіп қалай қалыптастыру қажет? Жеке бастың белсенділігінің қалай қырларын осы қасиеттермен байланыстыруға болады? Бұл сұраққа танымал психолог Т.И.Шамова оқушының әдістемелік әрекеті алдымен қиял мен ойлаудың және ішкі белсенділіктің нығаюына сыртқы әсер себепші деп жауап береді. Академик А.Д.Александров бұл орайда мектеп балаларға тек білім беріп қоймай, өз бетінше қиялдау мен ойлауға да тәрбиелейтіндігін, ал мұның өзі қоғамның саналы мүшесіне аса қажетті қасиет екендігін атап айтады.

         Ойлау процесінің негізгі қызметі – қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың мәнін, олардың арасындағы байланыстарды тану болса, естің негізгі қызметі – адамзат жасаған тәжірибені сақтау және үнемі жаңғыртып отыру. Ал қиялдың мәні осы тәжірибені жетілдіріп қайта жасау.

            Елбасымыз өзінің биылғы жолдауында білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесі жайлы сөз етті. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет екенін айтқан. Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында одан әрі оқуды таңдағысы келетіндерге он жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды. Адамның өмір бойы білім алуына жағдай жасауымыз керек делінген.

            “Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады” ( Қазақстан-2030 бағдарламасы). Әрине, “Келешектің иесі-жастар”, олар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді. Сондықтан, қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.

            Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсынов “Қазақша оқу жайлы еңбегінде”- “… әуелі бізге елді түзетуді бала  оқыту ісін түзетуден бастау керек. Неге десек, болашақ та, билік те, халық та оқумен түзеледі” деген болатын. Бұл ұлағатты ойдың құндылығы бүгінгі таңда барған сайын айқын сезілуде.

            Қазақтың ғұлама ағартушы демократтары Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, т.б. ұрпақ тәрбиесін көңіл көзінен таса қалдырмай, еңбектері мен шығармаларын балаларға, оның болашағына арнағаны баршаға аян.

        Ұлт мұраты, ұрпақ қамы хақында қазақ зиялылары, Алаш арыстары ерең еңбек етті. Айталық, М.Жұмабаев “Педагогика” атты еңбегінде тәрбиенің төрт түріне тоқталған. Атап айтсақ, дене тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі. Тәрбие мәселесіне назар аудара отырып, М.Жұмабаев: “Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сияқты тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік, денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын, дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне, осындай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын”, -деп келешек бала болашағының жарқын болуы бүгінгі берілетін тәрбиеден басталатынын айтып кеткен. Ал, Р.Қоянбаевтардың авторлығымен жазылған “Педагогика” оқулығы дамыта оқытуға бағытталған. Әрбір беттің материалын төрт бағытта пайдалануға болады:

-білім мен дағдыны қалыптастыруға;

-бұрын өтілген білімді жүйелі түрде тиянақтауға;

-жаңа тақырыпты меңгеруге;

-пысықтауға.

          Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың миына құйғанмен, ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға да мүмкіндік бермей, шығармашылық, арман, қиял қанатын байлап қояды. Көптеген жағдайларда баланың ой еңбегі өзі де ойлап үлгермеген, санасына ерекше әсер етпеген баланстарды жаттап алуына әкеледі. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау және бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл-баланы топастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік. Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек.. (В.А.Сухомлинский).

            Оқу-мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.

            Баланың оқу-әдістемелік әрекеті-күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б. Психикалық үрдістерімен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек.

            Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланы өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Егер бала әрбір оқу жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен керектігін, ол қандай нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы өте зор.

      Баланың оқу-әдістемелік әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіндіру және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды менгеруі олардың оку әрекетінің негізгі мақсатымен нәтижесі болып табылады. Оқу әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:

  1. Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар);
  2. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл-амалдары);
  3. Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы);
  4. Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы).

            Осындай күрделі әдістемелік әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қаблетін қалыптастырады. Ойлау-баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушлар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы іске асырады. Ойлау-нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау-белгілі міндетті, теориялық немесе практиалық мәселелерді шешуге  бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды.

            Олардың ойлау әрекетінің ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық амалдардан (операциялардан) тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдар жасау  т.б.

            Оқушының оқу-әдістемелік әрекетінің жемісті болуы  ойлаудың осындай амалдарын қолдана алуына байланысты болады. Ойлаудың түрлері: көрнекі-амалдық, көрнекі-образдық, сөздік -логикалық..

    Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: “Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау-жанның өте бір қыйын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың  ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс”.

Істеу керек. Өркендету жолдары мыналар:

            1.Баланың жанында дұрыс  әсерленулер һәм ашық суреттенулердің көп болуына иждаһат қылу керек. Әсерленулер, суреттеулер өздері аз болып және дұрыс һәм ашық болмаса, баланың  ұғым, хүкім жасауы ой шығаруы қажет болады. Ойдың өзінің терең болу үшін әсерлену суреттеулердің көбі ашық болуы керек. Қанша дегенмен адам суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір затты ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш айтуға қажеті жоқ. Бала пікірді суреттеудің өзінен шығарып аласың.

  1. Бала заттардың, көріністерді ұқсас сындары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін. Мысалы, дыбыстарды, өсімдіктерді, жануарларды топ-топқа бөлу сықылды. Бірақ баланы, заттарды көріністерді топ-топқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек.
  2. Көріністердің, ойлардың араларындағы байламды һәм олардың қатынасының себеп екенін тауып үйренсін. Бұл мысалдардан ереже заң шығартқызып үйрету сықылды істермен болады”. (М.Жұмабаев. Педагогика, Алматы, 1993, 70-71б.).

            Балалардың дамуына ең алдымен, оқыту мазмұнының ерекшіліктері (оқу материалының нақтылық және теориялық сипаты, жеңілділігі мен күрделігі т.б.) әсер етеді.

Әдебиеттер

  1. <Валиева ><М., ><Білім ><беру ><технологиялары. ><- ><Алматы, ><
  2. ><<Көмекбаева >< >< >< ><Л.К. >< >< >< >< ><Психологиялық >< >< >< ><қызметті >< >< >< ><үйымдастыру. ><Алматы, ><>

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ