Студенттердің білім сапасын бақылаудағы тест түрлері

0

Оқу   процесінде  оқушылардың  пән  бойынша  білім  деңгейінің   өзгеру  динамикасын  бағалап  бару  үшін   периодты  түрде  сабақта  өтілген  материалдар  бойынша   бақылаулар  өткізілуі  қажет.  Студенттердің   білім  сапасын   жоғары  дәрежеде   бақылаулардың  өткізілуі   студенттер   мен  оқытушы   арасындағы  байланыстарды  күшейтіп,  студенттердің   оқу  жүйесіндегі  алған  білім   деңгейін   объектив   бағалауға   мүмкіндік   береді.

          Бақылаулар  саны  қанша  жиірек  өткізілсе,   студенттің  оқуға  болған  жауапкершілігі  мен  қызығушылығын  да  соншалықты  арттырады.  Сонымен  бірге  оқытушы  да  өзінің  оқыту  әдісіне студенттерге  қолайлы болатын өзгертулер  енгізіп  барады.

              Бақылаулардың   бастапқы   тест   нәтижесімен   топтағы  әрбір   студенттің  пән  бойынша  ой-өрісінің   деңгейі   анықталынады.  Өткізілетін  бақылаулар   саны  пән  материалдарының   студенттер  үшін   күрделілігімен де  байланысты  болуы   мүмкін.

          Бақылау  процессі   оқу  семестрі  мерзімінде  үздіксіз,  комплекс  түрде   өткізілетіні  ескерілсе,  тақырыптар  және  тараулардың  материалдарына  түрлі  тест  әдістерін  қолданылу  тиімді  болады.  (таб.1.)

              Қазіргі  кезде   барлық  оқу  жүйелерінде  альтернативтік  тест  әдісі  қолданылады. Пәннің  тақырыбы   немесе    тарауы  бойынша  берілген  сұраққа,  құрамында  бір  ғана  дұрыс,   төрт  бұрыс   жауаптары бар   жүйеге  альтернативтік  тест  деп  атаймыз.  Бұл  тест  түрінің  кемшілігі,  бұрыс  болған  жауаптарды   дайындауға,  студенттердің  жауап беру кезінде  оларды  оқуға  кеткен  уақыттары   босқа  кетуде    және   бұрыс   жауаптар   студенттердің  дұрыс  пікірлеуіне   кері  әсер  етуде  болады.  Сондықтан  альтернативтік  тестті  бақылау  үрдісінде   универсал   тест  түрінде  қолдану біздің  пікірімізше   қолай  болмайды.

          Оқу  үрдісінде  физика    сабағын үш түрде   өту,  яғни  лекция, практика  (есептер шешу) және  зертханалық  сабақтары  түрлерінде  оқытылады.  Лекция  материалдары   бойынша  қолданылатын   тест  түрлері   сабақтың  басқа  түрлері,   материалдары  бойынша өткізілетін  бақылауларда  қолданылуы   тиімді  емес  болады.

              Пәннің   теориялық  материалдары  бойынша   сызықты   тест  (таб.1.) түрін  қолдану    көп  уақытты талап  етпейді  және тестте     бұрыс  жауаптар  болмағандығы  үшін   студенттердің  пікірлеуіне   кері   әсері  болмайды.  Сызықты  тестте  билет  таблица  формасында  түзіліп  оның   бір  жағында  сұрақтар   тәртіппенен   орналастырылып,  таблицаның   оң  жағында   сұрақтар  санына  тең   болған  тәртіпсіз   түрде   дұрыс  жазылған  жауаптар  болады.  Мысалы:  таблицаның   сол  бағанындағы   бірінші  сұрақтың   жауабы   оң  жағындағы   бағанда  басқа  нөмірмен   беріледі.

             Студент  таблицада   әрбір  сұрақтың   жауабының   тәртіп  нөмерін  анықтап,  жауаптың  алдына   сұрақтың   тәртіп  нөмерін   қоюы  керек.

             Пән   материалдарының   формулалары,  графиктері  бойынша   студенттің   білім  деңгейін   бақылауда варианттық  тест  түрін  қолдану  қолайлы  болады. Студент бұл  тест  түрінде   формулада   жеткіліксіз   физикалық  шаманың   әріптік  белгісін,  ал  графиктік  тестте  координата  осіндегі  физикалық  шаманы  анықтайды. (таб.2.а,б,в)

               Пәнді қорытындылау    кезінде студенттің сол  пән  бойынша толық  білім   дәрежесін  бағалауда  тестің басқа   түрі  болған  комплекстік  тест   қолданылады.  Оның   мүмкіншілігі  және  қолайлығы:  теориялық   мағлұмат,  формулалар  және  графиктерді  де өз ішіне  қамтыған болады.  Студент  бір  уақыттың   өзінде  әрі  теориялық   және  заңның    формуласы  мен  материалдың  графигіне  де   жауап  береді. (таб.3.)

             Кредиттік  оқу  жүйесінде  студенттің   өзіндік  жұмысын қысқа  уақытта  бағалау  үшін  сызықты  және  толтыру  тесттерін  қолдану     оңтайлы  болады.

            Түрлі  тест  сұрақтарының  құрылысындағы  таблицалардың  анализін  қорыта  айтқанда   физика   пәнінің   заңдары,  ережелері, постулаттары   бойынша  студенттің  білім  деңгейін  бағалауда   алтернативті  тест  орнына  сызықты  тестті  қолдану  оқытушыға  төрт  есе  уақытты  тежеуге,   алтернатив  тесттің   студентке  кері  әсерін  болдырмауына   жағдай  жаратады.  Формулалар,  физикалық  шамалардың  өлшем  бірліктері   бойынша  сызықты,  заңдардың  графиктері  бойынша  толтыру  тесттерді  қолдану  қолайлы  болады.

            Біздің  пікірімізше   осы   соңғы   тест  түрін  оқу  жүйесінде  қолдану  студенттің  дағдысымен  қатар   ойлану  қабілетін  шыңдауда  таптырмайтын  амал  болып  табылады.

Таблица № 1.

Алтернатив тест Сызықты  тест
Сауалдар Жауаптар Сауалдар Жауаптар
1 2 3 4 5 6
Изохоралық  процесс   А) Тұрақты  қысымда  орындалушы  процесс

Б) Тұрақты  температурада  орындалушы  процесс

В) Тұрақты  тығыздықта  орындалушы  процесс

Г) Тұрақты  көлемде  орындалушы  процесс

Д) Тұрақты  сыйымдылықта  орындалушы  процесс

1.               Изохоралық  процесс

2.               Изотермия лық процесс

3.               Изобаралық  процесс

4.               Адиабаталық  процесс

5. 1.                  Тұрақты  температурадағы  процесс

2.                  Тұрақты  қысымдағы  процесс

3.           Тұрақты  көлемдегі  процесс

4.           Сыртқы  ортаменен  энергия  ауыспай  орындалатын  процесс

Таблица  № 2а

Варианттық  тест

Сауалдар

Жауаптар

Вариант А Вариант В
1.                             Изотермиялық                        процесс

2.                                   Изобаралық процесс

3.                                   Изохоралық процесс

4.                                   Адиабаталық  процесс

  1.

2.

3.

4.

  1.

2.

3.

4.

Таблица-2б.

Сұраулар

Жауаптар

1  
2  
3   R
4  

Таблица- 2в.

Таблица № 3.

Сауалдар

Жауаптар

    Тұжырымдамалар Формулалар Графиктер
1 Бойл- Мариот  заңы   Тұрақты  температурада  газ  қысымымен  көлемі  көбейтіндісі  тұрақты  болады    
2 Гей – Люссак  заңы   Тұрақты  көлемде  газ  қысымы  температураға  тура  пропорционал  өзгереді    
3 Шарл  заңы   Тұрақты  қысымда  газ  көлемі  температураға  тура  пропорционал  өзгереді.    
      Қысым  тұрақты  процесс    
      Көлем  тұрақты  процесс    
      Температура  тұрақты  процесс    

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ