Осман мемлекетінің қаржы жүйесі

0

Осман империясының қаржы жүйесі белгілі бір тұрақты, айқын принциптерге құрылғандығына қарамастан, орта ғасырларға тән құбылыс ретінде, бір конструкциялы жоспармен жұмыс істеген жоқ. Осман бейлігі алдымен бір орталыққа бағынған мемлекетке, сосын алып империяға айналуына байланысты оның қаржы жүйесі де уақыт талабына сай өзгеріп, дамып отырды.

Осман қаржы жүйесінің басында дефтердарлар отырды, олар Ұлы уәзірге бағынды. Османдар өздеріне дейін өмір сүрген түркі-мұсылман мемлекеттерінің, әсіресе Ирандағы Илхандар мемлекетінің (1256-1353) каржы жүйесін аздаған өзгерістермен көшіріп алды; бұл жүйенің аты «Дефтердар-и мемалик» деп аталатын.

Түрік ғалымдарының еңбектері негізінен түркі тілінде жарық көрген, аздаған еңбектер ағылшын және француз тілдеріне аударылған, сондай-ақ, бұған керісінше бұл жөнінде, батыс ғалымдарының бұл мәселеге арналған еңбектерінің басым бөлігі ағылшын тілінде, ішінара француз тілінде жарық көрген, олардың бірқатары түрік тіліне тәржімеленген.

Осман экономикасын көптеген тарихшылар экономиканың жалпы мәселелерімен қатар, оның танымдық салаларын да жеке-жеке тарата қарастырған: мысалы, мына:олар бойынша-Осман мемлекетінің қаржы саласы, ақша саясаты, қазіргі саясаты, пайдалы қазбалар, ішкі-сыртқы сауда, транспорт пен байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында іргелі еңбектер жазылды.

Түрік ғалымдарының еңбектері ғылыми баспалардан шыққан географиялық сипаттағы ірі жұмыстарға және түрліше ғылыми басылым журналдарда шыққан шағын ғылыми мақалаларға жіктеледі.

Осман империясының экономикасын зерттеген ғалымдардың еңбектерін саласалаға жіктеп қарастыру қажет, мысалы, қаржы саласы бойынша еңбектер, ақша және баға саясаты бойынша еңбектер, қазба байлықтар бойынша еңбектер, сауда және кеден саласы бойынша жарияланған еңбектер. Біз Осман империясының өнеркәсібі, транспорт және ауыл шаруашылығын жеке зерттеу қажеттігін түсініп, бұл саланы өз жұмысымызда қарастырған жоқпыз.

Қаржы саласын зерттеген тарихшылар мен экономист-ғалымдардың қатарында: Ө. Л. Баркан, Ж.Х. Бежкер, Я. Жезар, Н. Чагатай және тағы басқа зерттеушілерді атауға болады. Бұл зерттеушілер осман экономикасында қар-жы системасының қалыптасуы мен дамуы; қаржы мекемелерінің құрылымы, оның ерекшеліктер; осман қаржы жүйесінің ислам елдеріндегі осындай жүйелермен ортақ тұстары мен ерекшеліктері; тимарлық, зеаметтік, хасстық, дирликтердің қаржы системасына әсері; вакуфтық, джизьялық, харадждық жүйелердің осман жағдайында жұмыс істеу тәсілдері туралы, дефтердар системасы туралы ірі жұмыстар жариялады.

Осман дәуіріндегі ішкі-сыртқы сауда мен кеден мәселесі де зерттеушілердің назарын өзіне көп аударған мәселенің бірі болды да, бұл проблеманы танып-білу үшін түрік тарихшылары осман архивтерінде сақталған мол тарихи құжаттар мен деректерге, еуропалық мәліметтерге сүйене отырып үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізген. Осман саудасы мен кеден қызметінің тарихын зерттеген тарихшылардың қатарында мына ғалымдарды атап көрсету қажет: 3. Арикан, А.И. Бағиш, К. Беядили, М. Чадирджи, Л. Гучер, М. 3. Күтүкоғлу және бірқатар батыс зерттеушілері.

Осман империясының қаржы жүйесі белгілі бір тұрақты, айқын принциптерге құрылғандығына қарамастан, орта ғасырларға тән құбылыс ретінде, бір конструкциялы жоспармен жұмыс істеген жоқ. Осман бейлігі алдымен бір орталыққа бағынған мемлекетке, сосын алып империяға айналуына байланысты оның қаржы жүйесі де уақыт талабына сай өзгеріп, дамып отырды.

Осман қаржы жүйесінің басында дефтердарлар отырды, олар Ұлы уәзірге бағынды. Османдар өздеріне дейін өмір сүрген түркі-мұсылман мемлекеттерінің, әсіресе Ирандағы Илхандар мемлекетінің (1256-1353) каржы жүйесін аздаған өзгерістермен көшіріп алды; бұл жүйенің аты «Дефтердар-и мемалик» деп аталатын.

XV ғасырдың алғашқы жартысында османдарда тек бір ғана дефтердар болса, артынан мемлекеттің территориясының ұлғаюына байланысты олардың саны көбейтілді. Мемлекетте тағы да екі қаржы мекемесі құрылады: оның алғашқысы сұлтан Баязид II (1451-1512) тұсында империяның Анатолия аймағында қаржы мәселелерімен шұғылдану үшін құрылса, ал екіншісі «Шикк-и сани» (Империяның екінші қаржы басқармасы) атымен XVI ғасырдың бірінші жартысында Стамбул қаласының қаржы мәселесімен айналысу үшін құрылады. «Шикк-и сани» Стамбулдың еуропалық та, азиялық та бөлігіне жауап берді.

Араб елдері империяға қосылғаннан соң сұлтан Селим I Явуз (1512-1520) араб және парсы дефтердар мекемелерін құрады, кейінірек сұлтан Мехмед III (1595-1603) Дунай бойындағы католиктердің қаржы мәселелерін реттеп отыру үшін «Шикк-и салис» (Империяның үшінші қаржы басқармасы) мекемесін ұйымдастырған болатын, бірақ бұл қаржы институттары ұзақ өмір сүрген жоқ, белгілі бір уақыттан соң жұмысындағы берекесіздігі үшін таратылып жіберілді.

Барлық аймақтардың дефтердарлары Башдефтердарға бағынды. Баш-дефтердар мекемесін — «Шикк-и Эввель» (Империяның бірінші қаржы басқармасы) немесе «Румели дефтердары» деп атады; бұл мекеме империяның барлық қаржы істеріне жауап берді. XVI ғасырда аймақ дефтердарларының дәрежесі түскен кезде, керісінше башдефтердардың беделі өсе түсті.

Егер алғашқы ғасырларда сұлтан фермандарында (пәрмендерінде), грамоталарында, сондай-ақ қаржы құжаттарында 3 дефтердардың қолы қойылатын болса, ал XVIII ғасырда бастап тек башдефтердардың қолы ғана қойылатын болды. Башдефтердардың міндетіне: жылдық бюджетті даярлау, оны бекітуге ұсыну, сұлтанға әскерге төленіп жатқан жалақы (улуфе телхислери) туралы есеп беріп отыру кірді. Анатолия дефтердары XVII ғасырдан бастап «Шикк-и сани» атымен белгілі болды да, өзінің статусы бірте-бірте жоғалтып, негізгі қызметін үкіметте-Диван-и Хумаюнда атқарды. Егер осман башдефтер-дары қызмет бабымен алысқа сапар шеккен жағдайлар болса, онда Анатолия дефтердары оның міндетін уақытша атқарды (бұл қызмет «Аситане дефтердары» (Астана дефтердары) деп аталатын). XVII ғасырдың ортасына таман Анатолия дефтердарын «Шикк-и салис» деп атай бастайды да, ол башдефтердардың көмекшісіне айналады. Сұлтан Селим III тұсында (1789-1807) «Шикк-и сани» дефтердарының мекемесі жаңа мазмүнға ие болды, өйткені «Низам-и Джедид» деп аталатын жаңа үкімет әскерін жаттықтырып, қамтамасыз ету үшін «Ирад-ы Джедид» (Жаңа табыс) деп аталатын арнайы қазына қоры ашылған болатын, оның инспекторы — Талимли аскер назыры — бір мезгілде «Ирад-ы Джедидтің» казначейі болып тағайындалған еді; қорытындысында ол «Шикк-и сани» дефтердары ретінде қызмет атқара бастап, «Ирад-ы Джедид назырының» функцияларына ие болады.

Қалыптасқан жағдайда «Ирад-ы Джедидке» откуптық системадан түсетін барлық табыс беріліп, осман башдефтердары оның қаржы жүйе-сіне бақылау жасау құқығынан айырылады.

Осман қаржы жүйесі түсімдер мен шығындарды есептеп отыратын түрліше кеңселерден тұрды. 1567 жылғы деректер бойынша олардың бір бөлігі казначействоның құрамына кірсе, бір бөлігі дефтердарларға бағынды.

Казначействоның «Рузнамче-и эввель» деп аталатын кеңсесінде күнделікті табыс пен шығын тіркелді. Басқа кеңселер түсіп жатқан салық көлемі туралы «Рузнамче-и эввель» кеңсесіне күн сайын арнайы баяндама — тахвиль тапсырып отырды да, ол баяндамалардың мәліметтері арнайы реестрлерге тіркеліп, жүйеленетін еді. Келесі кеңсе «Рузнамче-и сани» кеңсесінде сұлтан сарайының қызметкерлері — капыджилер мен гедикли мютеферриктердің айлық жалақылары тіркелді.

Жалақы төлеу ісіне жауапты кеңсе (Мукабеле) мемлекет қызметіндегі адамдарға (мысалы, капыкулдарға) берілетін жалақының көлемін анықтауға, арнайы тізімдер даярлауға міндетті болды. Кейінгі ғасырларда «Мукабеле кеңсесі» жаяу әскерлерге, атты әскерлерге, сипахилерге, си-ляхдарамдарға жалақы (улуфе) төлейтін бірнеше мамандырылған бюро-ларға жіктелді. Алғашында жаяу әскер бюросы (пияде мукабелеси) жаяу әскермен қатар барлық янычар корпусына, топчу корпусына, топ арабаджилер корпусына, музыканттар, аспаздар, қалам бастықтары — интендант-тарға берілетін жалақының мәселелерін шешіп отырса, ал XVII ғасырдың аяғынан бастап янычарлардың, аджеми огландардың, сарай бостанджилерінің, балтаджилердің жалақы мәселесі «Еничери калеми» деп аталған янычар кеңсесіне берілді.

Дефтердарларға Мукатаа кеңсесі, Мевкуфат кеңсесі (уақытша қазы-наға өткен мүліктерді басқарды), Варидат кеңсесі (табыстарды есеп алу кеңсесі), Кыла Тезкириджилиги кеңсесі (қамал горнизондарының ісіне қатысты тезкире) және Тезкире-и ахкям (қамалдарға қатысы жоқ тезкире) кеңселері бағынды.

XVI ғасырда башдефтердарға бағынатын екі кеңсе: Мукатаа-и эввель және Мукатаа-и сани кеңселері тікелей бағынды. Анатолия мен «Шикк-и сани» дефтердарларына мынадай кеңселер, яғни Мукатаа-эввель, Мукатаа-и сани және Мукатаа-и салис кеңселері бағынды. Бұл кеңселердің әрқайсысы өз территория-ларындағы сатып алу мәселесімен, грамота беру ісімен шұғылданды. Кейінгі кезде көптеген мукатаа кеңселері пайда болғаннан кейін олардың көпшілігі өз ауданының атымен аталатын болды.

Шығынсыз ешбір мемлекеттік бірлестік өмір сүре алмайды. Соғыс жағдайы, экономикалық, саяси дағдарыстар, құрғақ-шылық, жұқпалы аурулардың тарауы сияқты толып жатқан факторлар мемлекеттің табысы мен шығындарына қатты әсер етіп отырды. Сондықтан да мемлекеттің бюджет мәселесі экономикалық ғана емес, сондай-ақ саяси мәселе де болып тағайындалады.

Осман үкіметі әр жылдың соңында келесі жылғы салықтардан түсетін табыстар мен мемлекеттің шығындарын есептей отырып мемлекеттік бюджеттің жобасын жасайды. Бірақ қазір біз түсінетіндей бюджет ұғымы XIX ғасырға дейін Осман мемлекетінде болған жоқ. Осман мемлекетінің классикалық дәуірінде толыққанды бюджет емес, тек бюджет функциясын орындаған бухгалтерлік есеп-қисаптар болды. Бұл бухгалтерлік есеп-қисаптар өткен жылдың мәліметтеріне сүйеніп жасалды, яғни алдағы жылдың шығындары мен табыстарын есептеудің методикасы болған жоқ.

Осман бюджетінің ерекшеліктерін былайша түсіндіруге болады:

  1. XVI ғасырда бюджет күн жылы календарына сәйкес наурыз айының басына таман (22 наурыз) жасалынды. XVII ғасырда бюджет хиджра (мұсылман жыл санауы) календарына сәйкес жасалынды, XVIII ғасырда қайтадан күн календарына оралады да, қаржы жылы наурызда басталатын болды.
  2. XVI ғасырда барлық бюджеттерде өткен жыл мен келер жылдың табыс және шығын статистикасы бірге берілетін еді, осылайша бюджетті жасаушылар бюджеттің жалпы мөлшерін шамалап анықтайды.
  3. Осман бюджеті барлық шығын мөлшерін ешқашанда дәл анықтай алған жоқ. Негізінен бюджетте везирлердің, эмирлердің, басқа да ірі мемлекет шенеуніктерінің табыстары, тимар дирликтерінің табысы тіркелетін еді.

XVIII ғасырдың соңғы ширегіне дейін Осман империясында екі қазына болды. Негізгі мемлекеттік табыстар мен шығындарды реттеп отыратын қазынаны әр кезде әр түрлі, мысалы: Хазине-и Амире (мемлекеттік қазына), Дыш хазине — Ташра хазинеси (ішкі, немесе провинциялық қазына), Бирун хазинеси (сұлтанның сыртқы қызмет қазынасы), Малие хазинеси (қаржы қазынасы), Диван-и Хумаюн хазинеси (ішкі қазына, немесе Диван-и Хумаюнның қазынасы) деп атала беретін.

Сондай-ақ Осман мемлекетінде көмекші қазына өмір сүрді, оның атауы да әр кезде әр түрлі болды, мысалы: Эндерн хазинеси (ішкі қызмет қазынасы), Ич хазинеси (ішкі қазына), Хазине-и Хасса (сұлтанның ішкі қазынасы). XVIII ғасырдың аяғында Эндерн хазинеси қосымша, көмекші қазына деп есептелуіне байланысты. Бұл уақытта бір ғана казначейство болды деп есептеуге болады, ол Хазине-и Амире (мемлекеттік қазына) еді. Мемлекеттік қазына — Хазине-и Амире (XVI, XVII ғасырларда оны көбінесе — Дыш хазине деп атаған еді) сұлтан диванына бағынды.

Соңғы орта ғасырларда осман дефтердарлары мемлекеттік бюджет мәселесімен шұғылданды. Осман бюджеті өткен жылғы табыс пен шығынның мәліметтеріне сүйеніп жасалынды, бірақ бұл жүйеде ғылыми методика болған жоқ. Бюджетте табыс пен шығын жеке-жеке статья болып көрсетілді. Мемлекеттің тұрақты табыстары мен төтенше табыстар, сондай-ақ тұрақты шығындар мен төтенше шығындарға да үлкен мағына берді.

Қаржы мәселесі мен қазына мәселесі үнемі қатар тұратын мәселелер еді. Осман империясында классикалық дәуірде мемлекеттік қазына мен көмекші, немесе қосалқы қазына жұмыс істеді. Мемлекеттік қазынаны «Хазине-и Амире» деп, ал көмекші қазынаны «Эндерн хазинеси» деп атады (бірақ бұл қазына атаулары тарихи даму кезеңдерінде әр түрлі аталған еді).

XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Осман мемле-кетінің қаржы системасында үлкен дағдарыс кезеңі басталады. Бұл тұста Монета Сарайы (дарбханесі) құрылып, ол мемлекеттік қазынаның резерві рөлін атқара бастайды. Танзимат реформалары осман қаржы жүйесінің дағдарысын одан әрі ұлғайтты.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ