Қазақ халқының сәндік қолданбалы қол өнері негізінің ғылыми теориясы

0

Егеменді еліміз, тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан осы бүгінігі өркендеген заманда өнер-мәдениетінің өзекті салалары мен тарихи дәстүрлі негіздерін, көркемдік эстетикалық теорияның заңдылықтарын, принциптерін зерттеп қалыптасып дамуына, теориялық тәжірибені практикалық жағдайда қорытып іске асырып ары жалғасуына, оны ұлт игілігіне пайдалануына ықпал жасап, мүмкіндіктер туғызып отыр. Оның айғағы президентіміздің мәдени мұраны жандандыру қаулысы.

Атадан балаға мирас болған мәдени мұраны, ата мұраны сақтай отырып бейнелеу, кескіндеме, мүсін, дизайн, өнерлері арқылы қолданбалы қолөнерін басқа жаңа деңгейде қайта жаңғырту, жаңа замануй талабына сай жаңарту, көзін ашу өнер қайраткерлері мен ғалымдардың атқаратын маңызды міндеті болып табылады. Кәзіргі таңда ұлт мәдениетін инновациялық жол мен дамыту, халық ауыз әдебиетін, сөз өнерін, қол өнерін, саз, әуендерінің үдірістерін зерттеу біздің міндетіміз. Ата – бабаларымыздың қолдарымен жасаған өнер түрлерін санамызда ұстап, есімізге алып тарихи бағаларын беріп, оқып дамыту өшпес соқпақты даңғыл жолға айналдырып, болашақ жас ұрпаққа қалдыру халықтық, мемлекеттік іс.

Заманымыз бен уақыт ағымының бір тоғысқа келіп, тарихи ұлттық сана мен танымның оянып, мәдени мұраны халықтық салт-дәстүрді, қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тек үй тұрмысында халық шаруашылығында тәжірибе жүзіңде ғана қолданбай оның көлемінің кең екенінің негізінің теориясын оқып зерттейтін дәлелдейтін, уақыты келді. Бүгінгі таңда Қазақстанда өнер ғылымынан тәжірибесі мол, өнердің теориясының негізін зерттеуші ғалымдарының білім, ғылым деңгейінің кемеліне келіп, тыныс көздерінің молайып биік шыңына шыққан кезі. Марғулан Әлікей,  Байжігітов Болат, Қасиманов, М. Мұканов т.б.

Сондықтан, қолданбалы өнерді, дәстүрлі халықтық өнерді, профессионалды сәндік қолданбалы өнерді, бейнелеу өнерін талдап зерттейтін оны жас буынға, жеткіншектерге жеткізетін, оқырманға дәлелдеп түсіндіретін біз, білім беріп іске асырып өнер мен білімді дамытатын бала бақшаның, бастауыш, орта мектептің арнаулы оқу орндарының үлесінде.

Мәдени мұраны, сәндік-көркемдік эстетикалық  танымды дамыту өнер-тануды, бағалау — бейнелеу, кескіндеме, сәндік қолданбалы қол өнер бағыттарын, композициялық құралымын, шикі заттарының түрін, сәндік әсемдігін  барынша айқындап  көрсететін, дәлелдейтін өнер туындылары, қолдан жасалған шығарма бұйымдары, заттарының өздері. Өнер заттарының бітім эстетикалық сұлулық әсерлері мен бірге — пішінін, түр сипатын, композициялық көркемдігін және тәжірибе іс жүзінде тұрмыста қолдану саласының бір – бірімен ажыраспас тұтастығын, ғылыми теориялық тұрғыдан зерттеу, қажет.

Осындай көлемді, ауқымды мәселелердің, өнер мұраларының тек қана үй тұрмысына, шаруашылық қажетіне, адамның тәжірибелік пайдасына, ғана керек деп қана қараудың қате ұғым, тарөрістілік, шешімін таппаған ой. Оның себебі, қол өнер заттарының өмірде тұрмыста қолданудан басқа да,  эстетикалық әсемдік сипаты, көркемдік бейнелері, туынды образдарының көрерменге тұтынушыға шынайы беретін әсері айғақ.  Бұның бәрін ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, ажырату біздің ғалымдардың, өнер теориясының тарихын зертеушілерінің, практикалық тәжрибе негізінде  суретші-шебер мамандарының үлес еншісінде. Д. Арғынбаев, Дәркенбай Шоқпар ұлы т.б.

Мәдениет адамзат өмірінің тіршілік болмыс бейнесінің рухани байлығының ең маңызды бөлігінің бірі, тірегі, негізі. Бәріміз бүкіл адамзат hауымы өнер әлемінің мәдениетінің тұңғыйық құшағана міңгілікке үнсіз сүңгіп сінгенбіз, одан шығу мүмкін емес. Мәдениет мұхитының толқыны өнер пен ғылымды адамзат игілігіне алақанға салып игеруіне, електеп әкеп ішкі жан дүниесіне сіңдіріп, рухани байлығын дамытып оларды, болжам, ойлау, ақыл, білім, ғылым, арқылы деңгейлерінің өсуіне жол ашып жалғастырып келеді [1].

Мәдениетті игеру қанша күрделі болғаны менен адамзат өмір тіршілігінен бөлінбейтін, өмір мектебінде дәлелденген рухани мұра азықтар. Мәдениеттің қоғамдағы ерекше орын алатынын тәжірибе және ғылыми түріндегі тұжырым мен көрсетуіміз керек.  Бұл арада білім мен ғылыми көзқарастың қатар ұштасып, өнердің сан салалы, әрқилы табиғи ерекше көрністерінен күрделі компоненттерінің адамзат мәдениетіндегі алатын орнынан бастаймыз. Рухани мәдениетінің негізгі компонент көздері саяси ақыл; мораль, этика; эстетика, философия; дін, ғылым; өнер; әдебиет. Ғылым мен білім мәдениеттің өшпес бастуыш көздері және  жеке — жеке мәдениеттің мазмұн мәндерін, сапа — салаларын ашатын сара даңғыл жолының сарапталған соқпақтары, түп тамырлары.

Ғылым мен білім рухани мәдениеттің ең басты компонентерінің негізгі системаларының фундаментінің негізі десек. Олар гуманитарлы ғылымның археология, этнография, тарих, антропология, өнер тарихы, филология, философия секілді көптеген бағыт негіздеріне сүйенеді. Білім мен ғылым тарихы зерттеуші әліппесінің бастаушысы ретінде ізденуші ғалымға жол ашып бағыт береді, дәлелденген ғылыми істердің тиянақты формасы мен формулаларына, концепцияларына бағдарлайды

Гуманитарлы ғылым тарихи ізденіс нәтижесінің формасы ретінде дәлелденген деректері арқылы әлемдік дүние танымның бір концептуалды  бөлігін ғана көрсетеді. Олай болса рухани мәдениет, өнер, білім саласында гуманитарлы  ғылымның алатын орны ерекше. Жалпы әлемдік танымды оқып білмей, үйреніп ұқпай материялдық пәнді, оның физикалық, химиялық, механикалық  кұрылымын жалпы дүниенің өзгеру әсерін танып ұғу қабылдау қиын. Сондықтан ғылым адамзат мәдениетіне көне ғасырлардан сіңіп орнын тапқан күделі де негізгі адам білімін қалыптастыратын білім жүйесінің биік сатыдығы ізденіс қортынды көзі, фундаменті, нақты тиянақты дәлелденген формасы.

Ғылым олар /фундаментальды/  негізгі түпкілікті ғылым және /прикладное/ қолданбалы ғылым деп үлкен екі күрделі топқа бөлініп ары қарай жіктеледі де әр ғылымның сала- саласы бойынша эксперименттен өтіп зерттеліп дәлелін тауып тәжірибе жүзінде іске асады. Біз гуманитарлы ғылымның өнер саласындағы атқаратын ролі мен өнерге концептульды өзгеріс беретін тиянақты түрлеріне теория жүзінде тоқталып нақты дерек дәлелдер келтірмекпіз.

Жалпы бейнелеу, сәңдік  қолданбалы қол өнердің   композициялық құрылымы шығарманың туындылық мазмұн мәні, тарихи болмысы  эстетикалық заңдылықтары, категориялары, принциптері, философиялық сипаттары осы өнердің қайнар, қолдану көзі  айқындаушысы екендігі ақиқат. Сондықтан тас дәуірінен біздің заманымызға дейін жеткен қазақ  өнерінің қайнар көздерін, жас ұрпаққа көркемдік, әсемдік мәдени  мұра ретінде ұсына отырып оны жан-жақты зерттеуіміз керек. Оның бейнелеу, кескіндеме, сәулет, дизайн өнерлері мен заңдылықтарының, бір – бірі мен ұқсастықтарын салыстыра келе, қазақ қол өнерінің көпқырлылығын, маңыздылығын мәнін және адамзат өмір тіршілігіндегі алатын орнын өнер зерттеу ғылымы арқылы көрсетіп анықтамақпыз [2].

Қазақ  халқының қол өнерінің негізінің теориясын зертеу үшін, оның басқа өнер түрлерінің арасындағы алатын орнын, теориялық маңызын мәнін, мағанасы мен мазмұн түрін, құрылымын анықтап ұғып  ақиқатығына көз жеткіп алғанымыз жөн. Сонымен қатар басқа да жер бетіндегі халықтардың да өнер түрлерінен айырмашылығы неде, қандай ұқсастықтары бар, болмаса бір-біріне тигізетін әсерлері қандай деген көптеген сұрақтар жауабын табуды күтуде.

Жаңа заманымызға сай тұрақты дәстүрлі түрде дамып келе жатқан осы ерекше өнерді ары қарай қалай дамытпақпыз? Ал, қолданбалы қол өнері дегеніміз не нәрсе? Дәстүрлі халықтық қолданбалы қол өнері дегеніміз не? Сәндік қолданбалы қол өнері, дегеніміз  не? Осы үш ұғымның бір-бірінен айырмашылығы барма? Бір — бірінен қалай бөліп алып түсіндіруге болады? Әлде бәрі бірақ ұғым ба? Сондықтан осы қолданбалы қол өнердің өздерінің айырмашылықтарын тауып, ғылыми тұрғыдан дәлелдегеннен кейін ғана оларды басқа бейнелеу, мүсін, сәулет, дизайн, графика өнер түрлерімен салыстырып композициялық, конструкциялық, концептуалдық бағыт мақсаттарын ажыратып ерекшеліктерін дәлелдемекпіз. Осындай сан қырлы қолданбалы өнердің маңыз-мәнін ұғу сөзбен істің мәтін, этимологиясын дұрыс түсінуімізді қажет етеді. Сонда, көне заманнан қалыптасқан қолданбалы қолөнер деген тұжырымы мен бейнелеу, кескіндеме өнерілерінің түпкі түйіннің өнер шаңырағының түбірі мен тамырларының кіндігінің бір екенін байқаймыз. Өнердің түпкі тамырының бірлігінің негізін зертей келе, оларды жеке-жеке талдап, өзара ерекшеліктері, ұқсастықтары мен қатар қайшылықтарын тауып көрсетіп, ажыратып болашақ ұрпаққа жаңа үдерістерін жеткізбекпіз. Міне бізді талай жылдар мазалап, қозғаған осындай көптеген ойлар мен сұрақтар осы еңбекті ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеп, ақиқатын тауып талдап жас өспірімдерге, оқушыларға, жалпы өнер тарихын сүюші қаумға, ұсынуымызды мәжбүр етті.

Олай болса, осы еңбекте өнер түрлерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, жалпы методологиялық, композициялық айырмашылық-тарын айқындап, теориялық  және тәжірибе тұрғысынан алатын орындарын, іс жүзіңде атқарылған шығарма- туындылар арқылы дәлелдеп көрсетіп, өнер шаңырағының әлліппесінің негізгі түп қазығы діңгегі қол өнерді дәріптемекпіз.

Өткен ғасырлардан үзілмей бірнеше эволлюциялық тарихи процесстерді басынан өткеріп өшпей жалғасып келе жатқан көне халықтық өнер, шебердің маңдай терімен, шыңдалған қолының шеберлігімен шыққан дәстүрлі қолданбалы қол өнер бүгінгі таңда жаңа заманда кімге керек, неге қажет, оны білудің, әдістерін, жасау технологиясын оқып үйренудің қаншама қажеттілігі бар? Оқып үйренген күнде одан алатын көркем-эстетикалық әсеріміз бен талғамымыз және, ақыл ой парасатымыз қандай дәрежеде, болмақ ? Осы халықтық өнерді танып, білгенде оның жас ұрпаққа беретін, тәрбиелейтін өзіндік жолы, сара жолы, сапар жолы қандай болмақ? Сондықтан осы ғылыми теориялық еңбектің түбегейлі мақсаты, концептуалды бағытты жоғарыдағы айтылған ойларымызды жас буын балаларға, студенттерге, оқырмандарға ғылыми тұрғыдан дәлелденген, зертеу нәтижесін түсіндіру, педагогикалық білім жүйесі арқылы оқытып үйрету. Ал, практикалық еңбектің қортындысын туындыларды көрме залдарынан, музейлерден орын беріп көрерменге көрсету, бағасын алу ал сұраушы, тұтынушыға шығармашы еңбек — тундыны сатып алуына ұсыну.

Әрине қазақ тіліндегі, ой ұғымындағы, сана-сезіміндегі, ақыл-есіндегі қол өнері-дегеніміз ол адамның қолының шеберлігін, ісмерлігін, іскерлігін, көрсету, шебердің-суретшінің ой өрісінің кеңдігін, ақыл парасатының, алған білімін тәжірибе- іс жүзіңде қолдана білуін дәлелдеу, дәріптеу қолынан шыққан туынды шығарманың композициялық шешімін, көркем-эстеттикалық әдемілігін, көркемдігін, конструкциялық құрылымын, технологиялық әдістеме, техника жолдарын туынды-шығармаларда қас шеберлікпен қолданып соны көрермен тұтынушыға көрсетіп  силауы айтылған ойымыздың дәлелі болмақ.

Шығармашылық туындыдан шебердің  философиялық ойлау, көру, есту, болжау, түйсік сзімдерінен туған: — ойдан-ой, сезімнен-сөз, сөзден іс, көруден- эстетикалық сұлулық-әдемілік, шынайы нақты көруді, түбегейлі болжамды шешімінің нәтижесін  көреміз. Ал, ақыл-ес пен ойдың тоғысунан оянған психологиялық сезімнің, философиялық ойлау шыңына ұштасуынан ақыл парасаты, идеяологиялық ойдан жалғасын тауып, материялық дүние туынды-шығармаға айналғанын байқаймыз. Туынды-шығарма, бұл таланттыны толқытып  толғандырған  ақыл мен ойдың тоғысуның парасатты ісі, материялдық дүниеге айналған идеяның, ақылдың жүйелі жемісі, картинадағы, бейнедегі көркем өнердегі сюжет, образдардың, конструкциялы форма пішіндердің жанды  тірі көрнісі, бейнесі. Бейнелеу, қолданбалы сәндік қол өнердегі сюжет, образ, форма, пішін, конструкция, құрылым жалпы композициялық шығарма-туынды, тану-таным процесстері арқылы қабылданады, оқылады, жасалады осы заңдылықтарды суретші шебер жетік жақсы игергенен кейін ғана көрерменге туынды шығармаларын талдап сынауға ұсынады [3].

Ежелгі өнер тану ол-ойлану, естану, елтану, адам тану, тіл тану, тәңір тану, ғарыш тану, табиғат тану, дүние тану олай болса-өнер ғажап әлемнің мәдениеттің рухани бесігі, ізденіспен ашылатын қақпасы ғарыштап биікке көтерілетін шаңырағы, ой мен істің жүзеге  асқан шығармасының жемісі, рухани байлық пен, рухани мәдениеттің мөлдір көздері, септеуші дәнекерлері. Осы категориялардың бәрі адамның қозғалыс іс әрекетінің кеңістігіндегі орнымен анықталып орындалады. Олай болса, дүние танымының ең басты тұлғасы, кейіпкері, қайраткері — адам,  өлшемі де — адам біз бен сіз. Адам, физикалық материялық жанды, саналы дүние ретінде табиғиғаттың бір бөлігін, бірінші өлшемді құрайды, рухани байлық философиялық ойлау, есту, көру, ес, ақыл қасиеттері мен идеяологиялық екінші өлшемді құрайды. Адамның өзін табиғаттың саналы жанды мүшесі десек,  оның материялық дүниедегі орны кеңістік, алды-шығыс, арты — батыс, оң қолы — оңтүстік, сол қолы — сол түстік, табаны — жер, төбесі — көк әлем, аспан ғарыш денесі жерде ойы көкте.

Өнердің тілі сөз де сөйлем де емес, ол көзбен көру арқылы көркем бейнені, образды, ою-өрнекті, кескінді көз арқылы көріп бағалау, сынау, жасау бір десек туындыны паш етіп көрерменді ойға қалдырып сөйлету, ал ой арқылы ақылға салғызып білімді қуат етіп, өнер заттарына жан бітіріп сезім арқылы байланыстырып, адаммен тілдестіру, ұғыстыру оқыту жүйесін жасайды. Өнердің тілі тілсіз тіл, жан қобалысын, жүрек сезімін оятатын ол нақты өнердің өзі жүректің көзі, рухани байлықтың негізі, көзбен көріп, ой мен толғап, ақылға салып сүйеніп, сөз әуені үні мен құлаққа қандырып естіттіп, шебердің қолынан шеберлікпен орындалып шыққан бұйымдар, заттар осы айтылған ойларымыздың жүйелі қортындысы болып табылады.

Рухани байлықтың кәсіби өнердегі көздерінің негізі идеядан, тақырыптан, түсініктен, елестетуден, болжамдық ғылыми теориядан, қөркем образдан, көркем шығармашылық сюжеттен және  әр түрлі композиция заңылықтар мен принциптерінің үйлесуінен қалыптасады. Осы рухани байлықтың жеміс көздерінің негіздері ерекше бір материяалдық дүниеге айналып құнды өнер заттарын құрайды. Олай болса рухани байлық, рухани мәдениет адамның творчествовалық іскерлігімен ой- ақыл парасатының, ішкі жан дүниесінің, көзқарасының, білімінің, шеберлігінің қортынды түйіні жемісі, нәтижесі, олай болса шебердің  туындысы көркем шығарма болмақ.

Ой мен сөз олардан – ес пен ақыл арқылы жүйеге асқан іс, өнердің, жасанды дүниенің түбірі, жүйелі қортындысы, осының бәрін философиялық категориялар деп алсақ, оларды жүзеге асырудың өлшемі уақыт пен кеңістік, қозғалыс, еңбек. Бұдан туатын өзекті ойлар өзіңді-өзің танып білу, олай болса өзтаным өнері бізді ғылыми теория арқылы өзіңді білу-өнеріңді білу, өнеріңді білу рухани азығыңды білу түйсіну, түсіну, ел-жұртыңды білу, ұғыну  туған халқыңды білу, халқыңды біліп туған елің мен жеріңнің өнер реңктерінің диапазондарын әлемдік деңгейге көтеру, таныту. Бар табиғи дүние әлемі /природный мир/ жер, аспан, көк әлем, мұхит, өзен-су, көл, тау-тас, ағаш пен орман, гүл-жапырық, жан-жануарлар, құрт-құмырсқа және адамзат бәрі табиғаттың жаратақан бірінші табиғи мүшелері. Осының бәрі бір жаратушының күшімен ең бірінші табиғи дүние әлемін құрайды. Бұдан шығатын қортынды табиғаттың өзі суретші демекші біздің бәрімізді қоршаған ортамыз табиғат, сол ортаның саналы еңбекқоры адам, арықарай екінші ортаны жандандырып тудыратын да адам, жасайтын да адам. Енді сол адам қолымен жасап тудырған еңбегінің, ақыл ой парасатының жемісін дәлелдеп айтқан ойымызға көз жетізбекпіз.

Жоғарыда айтқандай екіші жасанды дүниені /исскуственный мир/ адам ақыл ойымен тауып, өз қолдарымен сол затты, дүниені  жасап келеді. Сондықтан осы жасанды, жасампаз дүние адамға тәуелді оны адам өзі зерттеп игеріп игілігіне жұмсап өмір-тұрмыс қажеттілігіне пайдаланып отыр. Осы екінші жасанды орта адамның ойлау, ақыл-парасатының, іскерлік еңбегінің, қозғалысынан уақыт өлшемі мен кеңістік әлеміне дүниеге келген жасанды орта, алған білімінің, игерген ғылымының, өзінің қолы мен жасаған екінші дүние әлемінің жүйелі үдірісінің материалдық жемісі.

Жасанды дүние-мүлікке адам еңбегінің жемісіне, қолымен жасап пайдаланып келе жатқан мыналар жатады: ғимарат сәулім үйлер, машина, самолет, поезд, корабель, үй-жиһаздары, мебельдер, диван-төсектер, киім-кешектер, аяқ киімдер, ыдыс-аяқтар, тұрмыс заттары, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері т.б. адам қолымен жасалған барлық дүние мүліктер жатады. Олардың бәрі табиғи шикізаттар мен қоса заман талабына сай жасанды шикізаттарды  игеріп пайдаланудан туады. Осы адам баласы қолданып келе жатқан барлық қолданбалы дүние, заттары қолдану, пайдалану аясына сай әртүрлі шикі заттардан таңдалып, ойланып жасалған жобаға сай алынып іске асады.

Бұдан туатын тұжұрым- қолданбалы қол өнер, дәстүрлі – салтты  қолданбалы қол өнер, сәндік қолданбалы қол өнер  деп адамның қолының таңбасын, белгісін туынды шығармада көрсетілген образдар бейнесін, ою-өрнектерді бір материялық затқа қондыру, көшіру болмаса жеке туынды шығарманы әр түрлі нақышты формаларда, пішіндерде /формообразование/ орындауды,  әртүрлі шикізаттардан көркемдеп өңдеп композициялық ойдың жүйелі қортындысын алуды айтады. Қолданбалы қол өнердің өзін ірі-ірі үлкен үш топқа бөлеміз, енді оларды жік — жіктеп және әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктерін атап көрсетпекпіз. «Қол өнер» — деген сөзі мен  сөйлемінің этимологиялық ұғым түбірі, мәтін мағанасы бір болғаны менен текстологиялық  ұғымы, қол өнерді істе қолдану, тұрмыста  пайдалану аясы әртүрлі, әдістеме-технологиялық дайындау жолдары  бір – бірінен айрықша. Қолданбалы қол өнер салалары әр түрлі шикізаттардан /ағаштан, темірден, жезден, мыстан, алтын-күмістен, теріден киізден, тастан, шыныдан, балшықтан, гипстен, жүннен, қағаздан боялып, киылып, қашалып ойылып, иленіп, өріліп, құйылып, тоқылып, кестеленіп шебер өңделіп, көркемделіп шикізат формасынан  қол өнер туындысына, творчествовалық шығармаға айналады. Заттардың физикалық қасиеттерінің өзгеру процесстерінің заңдылық жолдары мен айтқанда табиғи шикізаттар бір заттық формадан,  екінші жасанды конструкциялық формаға, композициялы эстетикалы көркем-әсемді сәнді бұйымға ұласады. Бұл шикізаттар өңдеу процесстері арқылы осы қол өнердің үш түріне де тәуелді, барлық түрлерінде бірдей қолданылады. Қарап отырсақ, бір қол өнердің өзін- де көбіне қарапайым адам байқап аңғара бермейтін қол өнерді пайдалану ісінде, этимологиялық ұғымда, мәтінде қолданбалы қол өнер деген сөзбен іске жүгінген үш түрлі айқын өнер көрнісі тұр. Оның айқыдаушысы- қолдану, пайдалану деген сөз үғымы, баядаушысы- қол өнері осы екі ой тұжырымынан қолданбалы қол өнердің текстологиялық және этимологиялық процесстерінің негізі туындайды. Мұндай ой елегінің талдауынан өткен ғылыми тұжұрымды, тек осы өнерді терең ұғып түсінетін, оны көре білетін мамандар ғана аңғарып түйсінуі, түсінуі, көруі мүмкін Міне біз сіздерге осы болар болмас айырмашылықтарды айтып  түсіндіруді, көздеріңізге көрсетіп жеткізуді жөн деп білдік.  Бұндай талдаулар бұрынғы өнер зертеушілерінің еңбектерінде айтып көрсетілмеген талданып дәлелденбеген.  Қорыта келгенде қолданбалы қол өнері туралы үш түрлі түсінік, ұғым этноним пайда болды. Біріншісі қарапайым қол өнер зат-бұйымдары, екіншісі атадан балаға мирас болған халықтық дәстүрлі қолданбалы қол өнер, үшіншісі сәндік кәсіби дағдыға айналған қолданбалы қол өнер. Біріншісінен  ұққанымыз қарапайым үй-тұрмысында, ауыл шаруашылық кәсібінде жалпы күнделікті өмірде пайдаланып тұтынып қолданатын құрал жабдықтар мен ыдыс-аяқ секілді күделікті тұтынатын заттар мен сәулет ғимараттары техникалық жабдықтар.

Екіншісі, ол халықтың қолынан шыққан көне ғасырлардан салт-дәстүрмізге айналған ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тіліміз бен мәдениетімізге, қанымыз бен жанымызға сіңген көне дәстүрлі өнер /Традиционное прикладное искусство/ заттары мен бұйым жиhаздары, ал үшіншісі профессиональдық маман суретші-шеберлер өнеркәсіп орындарында, /коллективті/ ұжымдарда өнер заттарын жоспарлы түрде шығаратын кәсіптік деңгейдегі  сәндік қолданбалы қол өнер. /Декоративно-прикладное искусство/ Бұның негізін  арнаулы оқу орындарында суретті, /рисунок/ кескіндемені/ живопись, жобаны /проектирование/ сырлы бояуды, /цветоведение/ композицияны, /шикізатты/ материаловедение өнер туындыларына өз орнымен қолдануды дұрыс меңгеріп, игерген білімді шебер мамандар жасап шығарады. Біріншісінің дәлелі тас дәуірінен бүгінгі күнге дейін сабақтасып  жеткен тас бетіндегі таңбалар петроглифтер, паеолит, неолит заманынан келе жатқан үңгірлері мен жақпартас-құз қойнаулары нан табылған белгі таңбалар жан-жануарлардың бейнелері мен сюжетті картиналар, тас обалар, балаба мүсіндер, көне архитектуралы саз балшықтан салынып қышпен безендірілген сәулетті ғимараттарының бәрі дерлік  Қазақстанның сары далаларында Алтайдан Каспиге дейін, Каспиден Оралға-Оралдан Ертіске дейінгі алқамды аралықты қамтып жатыр олар Алатау, Тарбағатай, Қаратау, Алтай, Баянаул, Көкшетау, Ұлытау, Қарқаралы, Ақшатау, Маңғыстау ескерткіштері. /Шопан-ата, Бекет-ата, Масат-ата, Шақпақ-ата секілді жер асты табиғи ғимараттары [4].

Археологиялық қазбалардан табылған құнды мәдени мұралар көне заман көздері олар қыш- құмыралар, жез-мыс түймелер, тиындар, алтын мен күмістен құйылып жасалған зергерлік бұйымдар,қоладан құйылған ат әбзелдері және Ыстық қорғанынан табылған Алтын киімді жауынгер, киізден, теріден жасалған жиһаз үй мүліктері және т.б. Ыссық қорғаны, Бесшатыр, Шілікті, Бегазы-Дандыбай мәдениет қазбаларынан табылған мәдени заттары,   осы айтылған ойларымыз бен істеріміздің айғақты  дәлелі болады.

Этнографиялық мәдени мұраға жататын көптеген заттарды ғылыми және \творчествовалық\ шығамашылық туындыларды айқындап дәлелдеп түр-түрі мен топтарға бөліп, қолданатын аясына байланысты, жасалған шикізаттарына және өңдеу тәсіл, технологиясын, көркемдеу, бейнелеу образ композициясын тарихи, этнографиялық еңбектер арқылы жазып ғылыми-әдеби мұрағылып елім, жерім деп еңіреген–халқыма деп өшпес мұра қалдырған ата — ағаларымыз бен апаларымыздың ойларын, сөздерін, жасаған ізгі істерін, шығарма туындыларын мәңгі есте қалдырып ары қарай дамытумыз керек. Ең құнды ғылыми этнографиялық тарихи-әдеби еңбектер жазған Әлікей Маргұлан, Халел Арғынбаев, К.Қасиманов, М. Мұқанов, Тәжімұратов.ж.б. айтуы мызға болады.  Негізінен  қол-өнер, этнографиялық бұйымдарды заттарды айтқанда қазақтың ордасы өнер көшінің басы Қазақ-үйден оның ішіндегі үй мүліктері, ыдыс-аяқ, жүк-жиһаздарынан бастап киім-кеш ек, зергерлік бұйымдар ат әбзелдері аяқ-киім, қару-жарақ және де күнделікті тұрмыста қолданат ын заттарды зерттеп, іздеп тауып оларды танып, оқып талқылап тарата білуден бастағанымыз жөн.

Өйткені қазақтың киіз үйі барлық қол өнердің негізін құраушы, топтаушы, бастаушы-өнер, барлық өнердің түрлерінің негізін өз бойына жинаған киелі ұлы көшпенділердің, ошақты ордалы отауы, панасы. Киіз үйдің құрылысынан  ағашты өңдеп жонуды, июді, бояуды шаңырақ, уық, керегеден көрсек, темірді ұсталық дүкендерде балқытып соғып шаңырақ, есікке темірден топса, ілгектер жасағанын байқасақ, жүннен, сырып, тоқып, ойып, бояп, және оюлап басылған текемет сырмақ бау-басқұрларды, туырлық пен үзік-түңлікті кездестіреміз. Сонда киіз үйде жүннен-киіз, арқан, бау-басқыр, алаша, текемет, сырмақ, кілем, түскиіз, сүйектен кебеже, ағаш-сүйек төсек, жүк аяқ, әбдіре-сандық, теріден сүйретпе, торсық, көнек, түскілем, тері сандық, қобди және аға- штан жоғарыда айтылған үйдің ағаш сүйектернің аса шеберлік пен өңделіп жасалғанын дәлелде уші ретінде айтып отырмыз.

Біздің  кәзіргі заманымыздағы бейнелеу, кескіндеме өнерлерінің қарқынды дамуының арқасында суретшілер мен халық шеберлерінің құнды өнер-мәдениет заттары да өз орнындарын әлемдік өнер туындыларының арасынан таба біліп жоғарғы деңгейге көтерілді. Атап айтқанда кескін деме /живопись/ мүсін /скульптура/ қолданбалы өнер /декоративно-прикладное искусство/  және басқада өнер түрлері де кәсіби мамандар мен тұтынушылардан өздерінің тиісті жоғарғы бағалар ын алды. Қазақстан жеке егеменді ел, мемлекет болғаннан бері көптеген өнер түрлері ата мұра халық дәстүрін сақтай отырып, жаңа инновациялық стилдегі көркем туынды шығармаларды дүниеге әкелді. Бүгін тек халықтық салт-дәстүрге ғана байланысты өнер туындылары ғана емес сонымен бірге жаңа заманға сай  кәсіби/ профессионалды/ өнер туындылары пайда болып, сауда-саттық өнер көрмелерінен өздерінің тұрақты орындарын тауып қазақ өнерінің мызғымас берік орнын, фундаментінің негізін қалады.

Міне, жоғарыда айтылған дәлелдерден қазақ өнерінің аса жоғары эвалюциялық, тарихи процес стердің елегінен теориялық және іс жүзінде халықтың практикалық тәжірибе өмір өткел мектебі нен сыналып, шыңдалып өткенін көре келіп, өнердің сарқылмас көзінің, бұлағының қайнар бас- тауының қарқынды сарқылмас ағысының буырқанған толқынының  серпілісін байқаймыз.

Өнердің түрі қандай көп болса қолдану аясы мен пайдалану мазмұн мағанасы да әр қилы сан-саналы егер, қазақ өнерінің ішіңдегі айтыстың, поэзияның құрал күші ой мен тіл-сөз өнері болса әуен-саз музыка өнерінің пірі ол домбыра, қобыз бен сыбызғының сырнайлы үнді сазы, сиқырлы бояудың муза-әуені, бейнелеу, кескіндеме, қолданбалы қол өнерінің құрал күші, ырғақты әуені, сызды назы ол адамның қолының шебелігі мен ісмерлігі. бойына біткен тума таланты.өзіндік қасиеті. Ісмерлік пен шеберліктің бәрі адамның ой-өрісінің өнер саласында білімінің толысуы мен қол  шеберлігінің өнердің әр бағытында жаттығып қалыптасуы арқылы туады. Туынды-шығарма ның  композицялық құрылымы мен мазмұнды мәтін-мағнасын  жоғарғы деңгейде жасау ол-ою-өрнектің, кесте мен өрімнің сиқырлы шырайлы боядың сан қырлы импровозациялық коллорит- тің алмасып бірлесуін қыл қалам мен ине-пышақтың ,балға мен шаппа-шоттың,  үндестігін қалыптасыратын адам баласының болмысына туа біткен талант көзі, нұрлы оты ол-шеберлікпен ісмерліктің ісі. Осы үндестіктің бәрі қол өнерінің құралдары, сиқырлы күші, нақтылы жасанды жаратушылары.

 «Декор»-сәндік, әшекей, көркемдеу /латын тіліңде /прикладное/-қолдану, қолданбалы /орыс тілінен/ яғни, екеуі қосылып Декоративно-прикладное-искусство деген ұғымды білдіреді. Ол дегеніміз адамның пайдасына тиімді қолданатын дүниені, затты өзінің керегіне ыңғайлы етіп жасау мен бірге сол затты нәрлеу, әшекейлеу, өрнектеу әр түрлі техника мен технологиялық әдіс айлалармен өңдеп өнер заттарын жасауды айтады. Былайша айтқанда пайда мен өнерді, сұлулықты әуенді бір өзекке тоғыстра біріктіру. Енді біз қазақ тіліндегі қолданбалы қол өнері деген сөздің текстологиялық мәтінін ұғып, мәнін-мағанасын талдау арқылы оның этнонимін ұқтық, білдік. Сонда қолдану, пайдалану дегеніміз: үш қағидадан тұратын /Пайдалылық Беріктік, Мықтылық-Сұлулық/ тың түп тамыры. Осы қағидалардан адам өміріне тіршілігіне тұрмысына қажет тілігіне пайдаланатын заттар мен бұйымдарды жасау бір болса, екінші осы жасалатын заттар өте берік мықты болу керек ол өмір заңдылықтары, екінші қағида осы заттың бәрі өнер туындылары шығармалары болу үшін өнер заңдылықтарындағы көркемдік, сұлулықтың қасиеттерін пайдалануымыз керек. Олар әдемі пішін /форма/ құрылым /конструкция/ және декор көркем әшекей сұлу формалы затты сырлап, оюлап, өрнектеп, нәрлеп өз қолымыз бен жасап тұтұнушы мен көрермен өнер сүйер қауымға ұсыну, жасап беру.

Қолданбалы қол өнер заттарының жаратылу негізі фундаменті пайда, пайдалану сол заттың, бұйымның ең бірінші адамның тұрмысына қажет екендігін көрсетіп ашатын  пайда деген ұғым, сөз — этнонимы арқылы пайдалануды қолдану процессінде бірінші орынға қойып негізгі айқын- даушы ретінде жеке бөліп танытамыз, пішін мен конструкция және декор- сәндік, әсемдік сұлул ық көзі ретінде жасалған затты, бұйымды көркемдік пен толықтыратын қолдаушы, дәнекер рет- інде мазмұнын баяндап, өнер затарының композициялық құрамынан нақты толық орндарын көр сетеді,  сол әдемі көркем заттардың сыртқы формаларын, пішіндеріннің негіздерін жасайтын  шикізаттардың физика-химиялық, техологиялық қасиеттері беріктіктің кепілі болып олардың табиғи бейне көрністерін күшейте түсіп көрерменге ерекше әсер әпереді. Осы айтылған үш қасиеттерді бір-бірінен ажыратып бөлуге болмайды, бұлар бірін бірі толықтырып бірлік ансаблін құрайды.

Жоғарыда айтылған қолданбалы өнердің өзіне тән ерекшеліктері /спецификасы/ эстетикалық көркемдік талғамы, өңдеу, бейнелеу, мәнерлеу әдіс жолдары  бар дамыған дәстүрге айналған өнер, тұрмыс мәдениет ошағының негізгі тармақ бөліктерінің ажырамас саласы[4].

            Резюме

В этой статье рассматриваются научные теории основы прикладного искусства казахского народа. Особенности прикладного искусства это  эстетика, дизайн, выразительность и оно является неотъемлемой частью бытовой культуры.

Summary

          This article is about scientific theory which is the foundation of applied arts of Kazakh nation. Peculiarity of applied arts is aesthetics, design, expressive and it is the main part of social culture.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ростовцев Н.Н. Методика преподавания изобразительного искусства в школе.- Москва: Просвешение,1980 ж
  2. Нурланова К. Кочевники. Эстетика: Познание мира в традиционном казахским искусством.-Алматы: Ғылым, -1993 ж
  3. Кузин В.С. Методика препадавания изобразительного искуства в 1-3 классах.- Москва:Просвещение,1983.-118б
  4. Жәнібеков Ө. Қазақ қол өнерінің мәдениеті.-Алматы: Өнер,1982.-120б

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ