Оқытудың жаңа технологияларын музыка сабақтарында қолданудың ерекшеліктері

0

Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары қоғам өмірінде күннен-күнге өріс алып, казіргі Қазақстаннын экономикалық, саяси және мәдениет салаларыньщ өркендеуіне елеулі үлесін косуда. Сондықтан қоғамды кеңінен ақпараттандыру ісі казіргі тандағы Қазақстанның біркелкі даму жолына ықпал етуші жағдайлардың бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өзінің жолдауында: «XXI ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет кұрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет. Бұл орайда, Қазақстандык жоғары оқу орындарынын міндеті — әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болу қажет. Біз әрбір қазақстандық азаматтардың дұрыс мүмкіндіктермен жоғары білім алуына кепілдік беруіміз қажет, — деген ой айтып өтті.

Білім беруді ақпараттандыру ісі мектептердегі қамтамасыз етілген материалдық-техникалық базаның тәжірибеде қолданылу дәрежесімен анықтальш, түрлі ақпараттық ресурстардың мемлекеттік саясаттан тыс, мемлекеттік білім стандартына сәйкес жасалынуымен, мамандарды соған лайықты адекватты даярлау ісімен анықталуы керек.

Түрлі жаңа технологияларды білім беру ісінде қолдану оқу үрдісін сапалы деңгейге көтеруге, оқушыларға білім көкжиегінде шексіз білім алуға, мұғалімдердің әдістемесін дамыта отырып, білім беру үрдісін қызық және күрделі құбылысқа айналдыруға жағдай жасайды. Қазіргі замандағы оқу үрдісі, оның құраушы субъектілерін шексіз оқу ақпаратының кеңістігіне иелік етуге және әлемдік ақпаратты-білім аймағын меңгеруге баулиды. Осы орайда бұларды жүзеге асыруға кері әсерін тигізетін бірнеше факторларды атап көрсетуге болады. Біріншіден, білім нарығындағы көптеген мұғалімдердің кәсіби деңгейінің қазіргі білім беру ісіне сай болмауы бағдарламалық құралдарды дәріс барысында қолдануға мүмкіндік бермейді. Ресми ақпараттардың мәліметі бойынша, бүгінгі күні мүғалімдер әр түрлі оқу пәндерін жүргізу үрдісінде оқу жоспарынын 1/3-де ғана бағдарламалық құралдарды тек жарым-жартылай ғана пайдаланатын больш отыр. Ал бұл көрсеткіш музыка пәні саласында керісінше, яғни музыкалық педагогика ғылымында жаңа бағдарламалық құралдар жасалып, олардың сабақ барысында қолданылуы біршама дұрыс жолға койылған. Аталған сала бойынша мұғалімдерге музыка пәнін терең меңгерту мақсатында электронды оқулықтармен қатар, мультимедиялық бағдарламалар, телевизиялық оқу телебағдарламаларын ұсынған Ю. П. Аравин, А. Райымбергенов, М. Х. Балтабаев, Ж. Еңсепов сынды белгілі зерттеуші-педагогтардың еңбегін ерекше атауға болады.

Айтылған мәселеге орай, музыка пәні мұғалімі қазіргі білім беруді ақпараттандыру және оқу үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу жағдайында жас ұрпақтың музыкалық-эстетикалық тәлім-тәрбиесінің айрықша міндеттерін шешуді мақсат етуі тиіс деген ой туындайды. Бұл жерде, сан алуан альтернативтік электрондық оқулықтардың пайда болуы, музыкалық тәрбие жөніндегі оқу фильмдері мен мектеп оқу телебағдарламаларының көптеп жарыққа шығуы музыка пәні мұғалімінің жоғары денгейдегі кәсібилігін кажет етеді. Әрине, кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалімдерді даярлау ісі — бұрыннан келе жаткан күрделі мәселелердін бірі. Педагогика ғылымының тарихын зерделесек, онда түрлі ғылыми-педагогикалық зерттеулердін, әр түрлі тарихи кезеңдерде жасалынған жұмыстардың молдығына көз жеткізуге болады.

  Жаңа инновациялық технологияның даму тарихын қарастырғаңда мектеп пәндері бойынша мынадай көз саларлық жағдай анықталды. Ауылдық жалпы білім беру мектептеріне арналған мектеп техникалық орталығының экспериментальді үлгісі жасалған, сондай-ақ оның педагогикалық мүмкіндіктерін жүзеге асырудың әдістемесін Т. Қ. Нұрғалиев ұсынды.

Қазақстан Республикасында жаңа инновациялық технологиялардың негізінде білім беруді ақпараттандыру саласындағы зерттеу жұмыстары Б. Б. Баймұханов, Е. Ы. Бидайбеков, Д. М. Жүсібалиева, Ж. А. Қараев, Г. З. Қазиев, С. С. Құнанбаева, Г. Қ. Нұрғалиева және өзге де ғалымдардың ғылыми мектептерінде белсенді түрде жүргізіліп келеді. Алайда қазіргі танда білім беруді ақпараттандырудың бірінші жеделдетілген үрдісі ретінде педагогикалық кадрлар дайындығының барлық жүйесін дәстүрлі маман дайындау саласының бай арсеналын сақтай отырып, сондай-ақ оған интеградияланған ыңғаймен келе отырьш, жаңа инновациялық технологияларға көшіру міндеті көзделіп отыр.

Ғылыми әдебиеттерге жасалған шолу мен нақты жүргізілген тәжірибелер кадр дайындығының дәстүрлі қалыптасқан жүйесіне, оқыту үрдісіне қазіргі жаңа инновациялық  технологияларды  белсенді түрде енгізу әрекетінде байқалатын басым қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік берді; ал бұл мамандардың кәсіби дайындығының барлық жүйесін жаңартудын объективті жағдайын жасай алады. Бұл жердегі назар аударатын нақты мәселе, бір жағынан, инновациялық технологияның жаңа денгейде дамуы мен оның көбеюі болса, екінші жағынан, болашақ музыка пәні мұғалімдерін дайындаудағы ғылыми-негізделген әдістеменің болмауына келіп тіреледі.

Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі – жаңа технологиялар екені мәлім. Әлемнің бірнеше елінен сынықтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар мыналар:

  1. Модульдік технология.
  2. Рейтингтік жүйе.
  3. Дамыта оқыту технологиясы.
  4. Сын тұрғысынан ойлау.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы, оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекті педагог В. А. Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады», — айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалықтары, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.

Музыка — педагогикалық инновация білім берудің негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталуы қажет. Мектептегі музыкалық инновациялық үрдісті басқару моделі жалпыға бірдей міндетті білім беру мақсаты, мазмұны және оқу-тәрбие үрдісіне ендірілетін жаңалықтар сипаттары арасындағы қисынды байланыстар есепке алынып құрылуы   қажет.

Білім беру стандарттарын жүзеге асыру инновациялық үрдістің қажеттілігін келесі себептерден байқатады:

  1. Сапа менеджмент жүйесі терең, тиянақты білім беруді талап етуіне қатысты озық технологияларды пайдаланып, оқытуда зерттеушілік, шығармашылық, музыка — педагогикалық қызмет сипатын қажет етеді.
  2. Білім беру мақсатына қатысты жеке бағдарлы қазіргі заманғы музыка — педагогикалық қызметті ұйымдастыру, гуманистік тәсілдеме жасау білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығының жалпы дамуын жүзеге асыруға инновациялық үрдістер себепкер болып, сапалы жаңа білімді калыптастыруға ықпал жасайды.
  3. Музыка — педагогикалық шығармашылықтың, құрамды бөлігі есебінде жеке инновациялық қызмет музыкант-педагогтың кәсіби өсуі, тұрақты өзін-өзі жетілдіруі, озық тәжірибелерді зерделеп, игеруі бойынша шығармашылықпен өзінің жауапкершілік   сезімін   арттырады.
  4. Білім берудің сапалануы, бәсекелестікке лайықты болуы, педагогикалық әлемде жаңа кұндылықтарды қалыптастыру, қарым-қатынастың жаңа, жетілдірілген музыкалық мәдениетін көтеріп, қоғамдағы рөлін дамуын арттырады.
  5. Инновациялық үрдістер білім беруді сапаландырудың тасымалдаушы инструкциясы есебінде музыка — педагогикалық саналылық пен белсенділікті қалыптастырып, кәсіби шеберлігін шығармашылықпен үйлестіру арқылы талаптар деңгейінде еңбек етуге жеткізеді.

Қазіргі кезеңде Қазакстанда әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаңа талаптарға лайықты музыкалық білім беру жүйесі жүзеге асып келеді. Бұл үрдіс оқу-тәрбие үрдісінің музыка — педагогикалық теориясы мен іс-тәжірибесін мәнді өзгерістермен халықаралық білім беру деңгейіне жетуді көздейді, сапа менеджменті жүйесімен байқалады. Музыкалық білім беру жаңа тәсілдеме, педагогикадағы озық, жаңа технология­ларды, жаңалықтарды зерделеп, жетілдіріп, түрлендіріп, дамытып жүзеге    асырылуын,  жауапкершілігін  алға қояды. Музыкалық білім беру мазмұны өмірдің барлық салаларының дамуымен жаңа халықаралық деңгейге сай болу талаптарымен білім мазмұны сапасының артуы заңдылық, салыстырмалы түрде озық ойларды, технологияны  зерделеп  шығармашылықпен,  тәжірибе   негізінде музыка — педагогикалық инновациялық технологияның   жетілуі жаңа   белеске көтеріледі.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ